Темперамент және мінез арақатынасы туралы пікірлерді талдаңыз

Көп жағдайда мінез бен темперамент салыстырылып түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады. Ал іс жүзінде олай болмауы керек. Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке жүйесіне болған тәуелділіктен. Қандай да мінездің қалыптасуында белгілі жүйкелік сипаты темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге, темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері қалыптасады. Темперамент-мінез дамуына негіз. Мінездегі ұстамдылық-ұстамсыздық, қозғалғыштық-салғырттық тікелей темпераментке байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей тәуелді емес. Біркелкі темпераментке ие адамдарда әрқилы мінез белгілері болуы мүмкін.Темперамент ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып, басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен жүректілікті дарытуы қиянға соғады. Ал холерик флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик сангвиникке ұқсап көпшілікпен тез тіл табысып кете алмайды, т.с.с. Мінезі тұрақталған адамда темперамент дербес әрекет көрінісі болудан қалып, мінез бітістерінің сай әрекет-қылықтардың іске қосылу динамикасын айыруға көмектеседі. Мінез және темперамент бітістері адамның біртұтас келбет кейпінде өзара байланысқа түсіп, тұлға даралығының интегралды сипаттамасын береді. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшелкітерін және адам мінез-құлқын, олардың күшін, жылдамдығын, пайда болуын, тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Темперамент қасиеттерін адамның тұлғалық қырларына шартты түрде жатқызуға болады. Өйткені, олар биологиялық тәуелді болғандықтан адамның дара ерекшеліктерін құрайды. Мінез-бұл тұлғаның адамдарға тұрақты белгілерінің жиынтығы. Мінез іс-әрекетте және қарым-қатынаста көрініс береді және ол адамның өзіне ғана тән құлық ерекшелігін белдіреді. Қарым-қатынас мәнері тәрбиелі, инабатты немесе ұстамсыз, сыпайы не дөрекі болуы мүмкін. Темпераментпен салыстырғанда мінез жүйке жүйесінің қасиеттеріне ғана ба ланысты емес, ол адам мәдениеті, оның тәрбиесіне де тәлеуді

10, Темпераменттің рөлі мен мәнін, оның психофизиологиялық негізін анықтаңыз.

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темпераменттің рөлі оның ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Темпераментіне қарай адамдар белгіл бір нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан оқу-тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді. (Р.М.Грановская) Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың , боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемеленбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер болу кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерешеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады. Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетке сылбыр, енжар көрінгенімен, жай , бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик тіпті де шыдамайды.

Наши рекомендации