Ертханалық жұмыс №7-8

Тақырыбы:Мәзір түрінде және «иә-жоқ» жүйесі түрінде диалогті зерттеу.

Жұмыстың мақсаты:ЭЕМ-мен мәзір түрінде пайдаланушының өзара әрекеттесу диалогын өндіру, пайдаланушының «иә-жоқ» қарапайым жауаптарын талап ететін ЭЕМ-мен жүйе түрінде өзара әрекеттесуінің диалогын құру.

Теориялық бөлім

Диалог деп - ойлау процесінің жылдамдығымен өлшемдес, нақты мақсатқа жету үшін екі субъектінің арасындағы хабарламалардың тікелей айырбасын түсінетін боламыз. Сол нақты мақсат арқылы уақыттың кез келген сәтінде ақпаратшы мен реципиент (ақпарат қабылдағыш) ролдерінің ауысымы мүмкінді болады.

Мәзір – диалогтің аса тараған типі. Қарау барысында жүйе диалогті инициализациялайды. Осылайша, диалогтің қадамы жүйенің ену қалыбын беруінен басталады. Пайдаланушымен шығу хабарламасын бергеннен кейін және оның жүйесін өндіргеннен кейін диалогтің қадамы аяқталады.

Берілген диалог типінің машиналық іске асыруының бірнеше формалары мүмкінді. Барлық жағдайда ену хабарламасы ретінде дисплей терезесінде жүйенің көптікке байланысты көптік функциялары (ереже бойынша нөмірленген) көрінеді, олардың жүзеге асырылуы диалогтің жүріп жатқан қалыбында мүмкінді. Мұндай ену хабарламасын мәзір деп айтатын боламыз.

Пайдаланушымен нақты функцияны таңдауы мыналармен іске асырылуы мүмкін:

1. пернелік тақтада талап етілетін директиваны немесе оның қысқартылған атауын терумен;

2. талап етілетін ақпараттың нөмірін пернелік тақтада терумен;

3. керекті директивасы бар терезе жолына курсор апару;

4. берілген функцияны іске асыру үшін бағдарламаланған функционалды пернелерді басу арқылы.

Қолданбалы диалогтік жүйеде екі функционалдық компонентті бөліп көрсетуге болады:

- пайдаланушы жұмыс жасайтын қолданбалы жүйені;

- пайдаланушы мен қолданбалы жүйе арасындағы диалогті басқаратын диалогтік компонент.

Қолданбалы жүйелердің мысалдары ЭЕМ-мен профессионалды сферада пайдаланушылардың жұмыс жасайтын барлық жүйелері болып табылады, басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің әр түрлілігі, автоматтандырылған жобалаудың жүйелері, қолданбалы бағдарламалардың пакеттері және т.б. Бұл жүйелер диалогтің мәселелік облысының терминдерінде жүруімен сәйкесті және шығуда пайдаланушының есептеуіш машинасымен қатынасуының мақсаты болып табылатын соңғы нәтижені сол пайдаланушы алады.

Диалогтік компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушыға мәселелік есептің қойылымын дәлелдеуге көмектеседі. Ол үш сәйкес лингвистикалық формалар мен сервистік функциялар жиынтығын ұсынады. Бұл жағдайда диалог диалогтік жүйенің терминдерінде жүреді және метадиалог деп аталады. Қолданылып жатқан терминология іс жүзінде мәселелік облыстан тәуелсіз. Қолданбалы жүйеде жетілдірілген метадиалогтің бар болуы тек мәселелік облыспен таныс пайдаланушыға талап етілетін нәтижелерді алдын ала толық зерттеуінсіз диалогтік жүйе алуына мүмкіндік береді. Сондықтан қолданбалы жүйенің рұқсатты болуы және тарауы көбінесе диалогтік қондырманы құру сапасынан тәуелді болады.

ИӘ-ЖОҚ жауаптарын талап ететін сұрақтар, диалог қадамында балама ретінде пайдаланушыға ИӘ және ЖОҚ жауаптары ұсынынылған кезде «мәзір» типіндегі диалогтің жеке жағдайы болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Диалог анықтамасын беріңіз.
  2. Диалогтің түрлерін атап шығыңыз.
  3. Мәзір түрінде іске асырылған диалог ерекшеліктері.
  4. Метадиалогтің анықтамасын беріңіз
  5. Диалогтік жүйенің қанша және қандай функционалдық компоненттерін құрайды?
  6. «Иә-жоқ» жауаптарын талап ететін жүйе түрінде іске асырылған диалог ерекшеліктері.

Тапсырма:

    1. Пайдаланушының ЭЕМ-мен мәзір түрінде диалог құрайтын бағдарлама құрыңыз.
    2. Күнге байланысты аптаның күнін анықтауға мүмкіндік беретін бағдарламама құрыңыз.

СОӨЖ 4

Түрлі-түсті бейненің CRT мониторларында пайда болуы

Тапсырма:

1) Электрондық сәулелі түтікшесі бар мониторларда түрлі-түсті бейне тұрғызудың принципін білу.

2) Электрондық сәулелі түтікшесі бар мониторларды жасауда пайдаланылған, түрлі-түсті бейнелерді қабылдайтын, оператор-адамның көру қасиетін білу.

3) Электрондық сәулелі түтікшесі бар мониторларда пайдаланылатын түстік моделдердің негізгі компененттерін білу.

Наши рекомендации