Жастар арасында акккультурация және әлеуметтену мәселесін анықтаңыз
Аккультурация (лат. adkultura - білім, даму) — қандай да бір халықтың мәдениеті жоғары дамыған басқа бір халықтың мәдениетін толық немесе жартылай қабылдауы нәтижесінде болатын мәдени өзара ықпалдасу. Аккультурация ассимиляция және этникалық бірегейлену мен тұтастану процестерінің әркелкілігіне қатысты қарастырылады. Аккультурация ұғымы алғаш рет Солтүстік Американың үндіс тайпаларындағы мәдени өзгерістерді зерттеген мәдени антропологияның американдық мектебінде XIX ғ. соңынан бастап қолданылды. Алғашқы тар мағынасында бұл ұғым үндіс тайпаларының ақ нәсілді американдықтардың мәдениетін біржақты қабылдап, ассимиляцияға ұшырауына байланысты пайдаланылды. XX ғ. 30 ж. Аккультурация ұғымы мәдени антропологиялық мектептің басты ұғымдарының біріне айналды. Аккультурация процестерін зерттеуде Линтонның 1940 ж. жарияланған «Американ үндістерінің жеті тайпасындағы аккультурация» еңбегінің үлкен теориялық маңызы болды.
Бұл еңбекте Аккультурацияның екі түрі аталады:әскери-саяси өктемдік жоқ жағдайындағы өзара қарым-қатынасқа түскен мәдениеттердің бір-бірінің құндылықтарын еркін қабылдауы;әскери немесе саяси басым топтың бағыныңқы мәдениетке өз құндылықтарын нысаналы және күшпен танытуы.
1950 жылы дейін Аккультурация процестерін зерттеу Батыстағы мәдениеттің басқаларына тигізген әсерлерін қарастырумен байланыстырылды. Басқалары батыстандыру аймағы болып табылады делінді. 1950-1960 жылдары бастап Аккультурация аумағы кеңірек қарастырылды. Батыстық емес мәдениеттердің өзара байланысы және олардың Аккультурациялық қуаты сараланып, испандандыру, жапондандыру, қытайландыру процестері ғылыми талдаудың пәніне айналды. Аккультурация тәсілдері күрделі қоғамдардағы урбанизация процесін зерттеуде пайдаланылды
Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға болады, әсіресе, ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың “Социолог көзқарасындағы студент” еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасалынды. Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін туғызды. Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді. Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды, себебі сұралғандар өздерін “оқытқандарына қарай” – қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.
Алайда, уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды. Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да, Батыс елдерінде де – жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады. Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап, өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады. Мұндай ахуалдың итермелеуші күші (эпицентірі) Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы, өзіндік құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік, саяси солшыл радикалды топтар бірлестіктері 1968 жылдары – “студенттер ревалюциясы” деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты. Осындай өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей қоймады, бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып – сенген қағидалар бойынша өмір сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті. Кеңес Одағындағы жастар субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген қызығушылықтар көбейіп, шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары, әдеби және көркем андеграундтары, кеңестік эстраданың ресми және идеологияландырылған эстрадасына қарама – қайшы, түрлі әндер дүниеге келе бастады. Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт – насихаттан тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті: нашақорлық, жезөкшелік, құндылықтық вакуум, білім және мәдениет дағдарысы, біртіндеп тереңдей берген, үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене, тереңдей түсті, әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті.Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай қоғамтанудың жаңа, ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды. Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты 1970 жылдан бастап 1982 жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып отырды. Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы саласының бірі болып табылады. Оның мәні өте ауқымды, жастар категориясына қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды.
23.Қазақстандағы іскерлік мәдениетінің ерекшеліктерін ашыңыз (тарихи және заманауи)
Мемлекеттік қызметте негізінен ресми-іскерлік стиль қолданылады. Ресми-іскерлік қатынас деп адамдардың кәсібі, мамандығымен байланысты қызмет орындарында, мәдени-көпшілік мекемелерде жүзеге асатын қарым-қатынастың түрін айтамыз. Мұндай орындардағы қарым-қатынастың түрі ресми сипатта болады. Мемлекеттік қызметшілердің, оқытушы мен магистрантың арасындағы қарым-қатынас ресми-іскерлік қарым-қатынасқа жатады.
Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша және ауызша түрлері болады.Ресми-іскерлік қатынастың жазбаша үлгілеріне жеке адамдардың құжаттары, түрлі мекемелердің іс қағаздарынан бастап мемлекеттік мәндегі заң актілері, ережелер, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік тұжырымдамалар, Конституция, т.б. қоғамдық-кұқықтық мәні аса зор құжаттар жатады.
Ресми-іскерлік қатынаста қолданылатын жеке басқа тән іс қағаздары күнделікті өмірде жиі кездеседі. Ресми-іскерлік қатынастағы жеке бастық құжаттардың а) тілдік емес, ә) тілдік, б) сөз әдебіне (этикетке) қатысты жақтары бар.
а) Тілдік емес жақтары. Анықтама, мәлімхат, бұйрық, жолдаухат, акт, түсініктеме, т.б. құжаттар стандартқа (үлгіге) сай әзірленеді. Тиісті мәліметтер, деректер толық түрде беріледі. Мысалы, өтініш жазған адам адресаттың (мекеменің, мекеме басшысының) аты-жөндерін және өзінің аты-жөнін, қызметін толық көрсетуге тиіс және қағазды (а-4 формат) оң жағын жоғарылау тұсқа жазуы керек. Мекеменің, жеке адамның іс кағаздары қалыптасқан стандарт, үлгі бойынша жазылады. Әсіресе іс қағаздары мәтінін құрастыруда еркіндік бола бермейді, аса қажетті дерек, мәліметпен шектеліп отыруға тура келеді.
ә) Тілдік жақтары. Ресми-іскерлік қатынастың тілдік құралдары, негізінен, бейтарап немесе ресми болады. Сезім күйге байланысты сөз, тұрмыстық мазмұндағы сөздер қолданылмайды. Көбінесе күн тәртібінде, шешім қабылдансын, қамтамасыз етілсін, алғыс жариялансын, ескерту жасалсын, өзгеріс енгізілсін, орындау міндеттелсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, ескеріп отыратын болсын және т.б. дайын үлгідегі сөздер, әкімшілік терминдер жиі қолданылады. Ойдың логикалық жүйелілігі мен бірізділігі қатаң сақталады. Сөз, сөз тіркестері тілдегі өз мағынасына сай қолданылады. Мысалы, ресми стильде жазушыны сөз зергері, қаламгер демей, жазушы деп атайды.
б) Сөз әдебіне (этикетке) қатысты жақтары. Ресми іс қағаздары мәтінінде марапат, кемсіту, қорлау, т.б. мазмұндағы сөздердің қолданылуы тым шектеулі болады.
Егер адресаттың құрметті атақтары мен дәрежелері болса, оларды атап көрсету іскерлік қатынастағы этикеттік нормаға сай келеді: Қазақстан Республикасының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор т.б.
Бетпе-бет отырған бір адамға қарата айтылған сөзден бастап, сөйлеушінің көпшілік қауымға қарата айтқан сөзі ресми-іскерлік қатынас тілінің ауызша түріне жатады.
Мемлекет, қоғам, өнер, ғылым қайраткерлерінің, саяси партиялар жетекшілерінің жұртшылық алдында сөйлеген сөздері немесе бұқаралық ақпарат арналары арқылы қоғамдық-әлеуметтік мазмұнда сөйлеген сөздері, жоғары оқу орындары оқытушыларының студенттерге, магистранттар мен докторанттарға оқыған дәрістері, мектеп мұғалімдерінің оқушыларға сабақ түсіндіруі, сот процесінде адвокаттың сөзі, дін басыларының діни мазмұндағы сөздері, т.б. ресми-іскерлік тілдің ауызша түріне жатады.
Әріптестердің жұмыс, қызмет бабымен телефон арқылы сөйлесуі де ресми-іскерлік қатынастың түріне жатады. Іскерлік қатынаста телефонмен сөйлесудің де сөз мәдениетіне қатысты жағы бар. Әдетте, телефон тұтқасын көтерген адам мен тыңдап тұрмын демейді. Алдымен өзінің аты-жөнін, одан кейін лауазымын айтады. Кейде телефон соғушы тұтқаның аржағындағы адамға бұл кім? бұл кім екен өзі? деу іскерлік қатынастағы сөз әдебін бұзу болып табылады. Телефон соғушы адам алдымен аты-жөнін, лауазымын айтып таныстырады, содан кейін сұрағын, іздеген адамының аты-жөнін айтады. Тиісті жерінде кешіріңіз, өтінемін дегендерді қосып айту сөзге сыпайылық береді. Әрі қарайғы байланыстың үзілмеуін қамтамасыз етеді.
Қоғамдық өмірдің әр саласында қызмет етіп жүрген адамдардың еңбегіне лайық әр түрлі атақ дәрежелері болады. Мәдениетті елдің дәстүрінде ондай атақ, дәрежелерді кісі фамилиясымен қоса атайды [2, 105-б.].
Бүгінгі қоғамда сенімді сөйлеу өнерін меңгеру әрбір адамға керек. Шешен сөйлеу өнері, әсіресе, іскер адамдарға қажет: кәсіпкерлер, менеджерлер, өндіріс басшылары, билік орындағы лауазым иелері, журналистер, қоғам қайраткерлері, оқытушылар, ғалымдар, сот ісіндегілер, саясаткерлер, т.б. тұлғалар шешен сөйлеу әрекетінсіз табысқа жете алмайды. Адамдарды қызу іске жұмылдырудың бір-ақ жолы бар: ол – тіл табысу. Сенімді, әсерлі сөйлеуден туындаған шешендік сөз ғана тіл табысуға жеткізеді.
Халқымыздың «жүзден біреу – шешен, мыңнан біреу – көсем» деген мақалынан шебер сөз өнеріне үлкен көңіл бөлінгені байқалады. Ерекше сөз сөйлеу қабілеті бар кісілер елді аузына қаратып сөйлеген. Халық оларды ұйып тыңдаған. Қазақта ондай адамдарды «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, қас шешендер сөз айтар» деген. сөйлеу өнері қазір де жоғары бағаланады.
Шаршы топ дегеніміз көпке арналып сөз айтылатын жер, яғни сол сөзді тыңдайтын адамдар тобы. Шаршы топ алдындағы сөз аз болсын, көп болсын әлеуметтік мәні бар, жұртшылық назарына ұсынылған, қоғам мүддесіне арналған әңгіме болуы керек... Мұнда көзделетін мақсат – көпшіліктің тыңдауына арналған сөздің жатық, ұғынықты болуы, әңгіме желісінің дұрыс құрылуы болмаққа керек», – дейді академик Р.Сыздық [3, 47-б.].
Адам баласы табиғатында темірдей төзімді, гүлдей нәзік. Бір ауыз сөзбен кісіні ренжіту де, қуанту да оңай. Сөйлеу этикетін әдеппен қолданып, мүмкіндігін аша білсек, ізеттілікке бастайтын жақсы жақтарын жетілдіре берсек, адамдар арасындағы қарым-қатынас адамгершілік пен ынтымаққа бастау алары сөзсіз.
Сөйлеуге қойылатын талаптар мен ережелерді Бөлтірік шешеннің мынадай сөзімен қорытындылауға болады. «Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ, сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл, кімге сөйлейтініңді біл, қашан сөйлейтініңді біл, қайда сөйлейтініңді біл, қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады», – деп бір ауыз сөзбен түйіндейді.
Қорыта айтқанда, мәдени ортада қарым-қатынасқа түсетін, көпшілік алдында сөйлейтін мемлекеттік қызметшілер сөз мәденитетінің негізі болып саналатын әдеби тіл нормаларының талаптарын толық меңгеруді және сөздік қорларын үнемі байытып отыруды басты назарда ұстаулары қажет.
24.Қарым-қатынастың ақпарат алмасу құралы ретінде мағынасын аш Қарым-қатынасты жалпыны өндіру, өзара әрекет ету мен бірлескен іс-әрекет процесінде адамдарды біріктіру ретінде түсіну, бұл жалпының ең алдымен қарым-қатынас құралы ретінде тіл болып табылатындығын жорамалдайды.
Тіл қарым-қатынасқа түсушілер арасында коммуникацияны қамтамасыз етеді, өйткені хабарды айтушы (хабарды сөз мағынасында кодтайды) және сол хабарды қабылдаушы декодировка жасайды, яғни сол мағыналарды ашып, сол хабардың негізінде өзінің мінез-құлқын өзгертуі қажет.
Ақпаратты басқа адамға беруші адам (коммуникатор) және оны қабылдайтын адам (реципиент) қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекет мақсаттарын іске асыру үшін мәндер кодификациясы мен декодификациясының бір жүйесін пайдалануы, яғни «бір тілде» сөйлеуі тиіс. Егер коммуникатор мен реципиент кодификацияның әр түрлі жүйесін пайдаланса, онда олар өзара түсіністік пен бірлескен іс-әрекет табысына қол жеткізе алмайды. Егер қолданылған белгілер (сөздер, жесттар, иероглифтер және т.с.с.) арқылы бекіген мәндер қарым-қатынасқа түсуші адамдарға таныс болса ғана, ақпарат алмасу мүмкін болады.
Мән (мағына) – бұл қоршаған болмысты тануға көмектесетін элемент ретіндегі белгінің, таңбаның мазмұндық жағы. Құрал арқылы адамдардың еңбек іс-әрекеті іске асады, белгілер (таңбалар) олардың танымдық іс-әрекеті мен қарым-қатынасын жүзеге асырады.
Сөздік белгілер жүйесі қоғамдық тарихи тәжірибені меңгеру және беру құралы ретіндегі тілді құрайды.
Тіл қоғамдық тәжірибені жинау мен беру құралы ретінде еңбек процесінде пайда болды және қоғам тапқа бөлінбей тұрған кезеңде дами бастады. Айтарлықтай маңызды ақпараттарды бір-біріне беру үшін адамдар белгілі бір мағынаны құрайтын ыбыстарды пайдалана бастады.
Қарым-қатынас кезінде дыбыстарды пайдалану әсіресе, адамдардың қолдары еңбек заттары мен құралдарынан босамай, ал көздері сол заттарға қадалған жағдайларда қолайлы болды. Дыбыстар арқылы ойларын жеткізу сондай-ақ, қарым-қатынасқа түсушілер арасындағы қашықтық айтарлықтай болған жағдайда, қараңғыда, тұманда ыңғайлы болды.
Тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау арқылы жеке адамның миындағы әлемнің бейнесі басқа адамдардың миында бейнеленетін немесе бейнеленіп қойғандармен толығып отырады – ойлармен алмасу, ақпараттармен алмасу.
Сөздің белгілі бір мағынасы, яғни заттық әлемге қатысы болады. Мәндер (мағыналар) жүйесі адамның бүкіл өмірінің барысында дамып және байып отырады, оның мақсаттытүрде қалыптасуы – орта, сондай-ақ жоғары білімінің орталық звеносы.ыңыз