Жиырмасыншы жылдардаҒы проза 5 страница

Алдамшы да, екі жүзді де, тұрақсыз да, сатқын да «жаңашылдар» мен коммунистер болып шыққан. Сол арқылы Жүсіпбек Аймауытов коммунистер басқарған кеңестік қүрылысты, жаңадан қаз тұрып келе жатқан жас әдебиетті қатты сынға алады да, жаңа өмірді құру жолында орын тепкен қате-кемшіліктерді тезге салып, жөнге келтіруді кездейді. Шындықты қалтқысыз айтқан Жүсіпбек Аймауытовтың «Төңкерістің» «идеясын» ұстай алмай, «айқайын ұстап жүрсің» деуінде философиялық үлкен ой, терең астар жатыр. Бұл тәрізді сын пікірлерге зер салып, қүлақ асудан көрі ол кезде шоқпар көтеріп, тарпа бас салу әдетке айналған-ды.

Асыра сілтеушілік үстем болды. Халық мұрасын, елдің ұлттық дәстүрін қорғап келген ұлағатты, білімді қайраткерлер қуғьшға ұшырап, олардың ой-пікірлері, алған ізгі мақсаттары бұрмаланып, қисық айнадан көрсетілді. Түс-тұстан жасалған шабуылға бой алдырмаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер өздерінің талант көзін тұншықтыруға қарсы болып, дүрбелең дүниенің шаң-тозаңдарының арасында қалып қоймай, жиырмасыншы жылдардың алғашқы жарымында проза жанрының қанаттанып, қалыптасуына үлестерін қосты.

Қазан төңкерісінің жеңісі нәтижесінде өзгерген ауыл мен өндірісті калалардағы жаңа адамдардың бейнесін жасау деген тақырып пайда болды. Поэзиядағы Мырқымбай мен Шоқпыттар өзгере келіп, өндіріс орындарынан табылады. Демократиялық идеяны көтеретін шығармалардағы азаттықты аңсап, армандап кеткен Ғайша, Қамар, Шұға тәрізді қазақ қыздары жаңа әдебиетте өзгеше сипат, жаңа қасиеттерге ие бола бастады, әлеуметтік- коғамдық істердің басы-қасынан көрінетін болды. Прозалық шығармалардан танылатын Айша, Ақбілек, Раушан, Жәмилә, Рабиға осы бір үлкен өзгеріс, зор оқиғаның айғағы ретіндегі бейнелер.

Қазақ прозасының қалыптасу, әрі қарай даму дәуірінде туған шығармалар идеялық көркемдік мазмұны мен тақырыбы жағынан әр алуан. Оның бірінде натуралистік көрініс басты болса, енді бірінде схематизм орын алды. Жұмабай Орманбаевтың «Жылқышыларынан» (1927), Өтебай Тұрманжановтың «Қошан кедейінен» мұны айқын көруге болады. Смағұл Садуақасовтың «Күлпәш», «Күміс қоңырау», «Салмақбай» сияқты әңгімелерінде қала мен ауыл өмірінің өзгеше сипаттары суреттеледі. Сейілбек пен Қошқарбай хаттары, Сәлиманың аянышты тағдыры «Күміс қоңырау» повесінің сюжеттік желісін құраған. Сәлима еркіндікті аңсаған қыз. Орысша оқып, күміс қоңыраулатып келген Сейілбектің етегінен ұстағанда Сәлима қолы бостандыққа жеткендей өзін еркін ұстайды. Бірақ, ол үміті ұзаққа бармаған. Сейілбектің жылтыраған сыртқы көрінісіне алданған Сәлима жәбір көріп, ойлаған мақсатына жете алмай, орта жолда қалып қояды. Қошқарбайдың оқытпақ болғаны, Нағиманың қамқорлыққа алуы ғана Сәлима үмітін біржола кесіп тастамаған, жаңа өмірдің жылы лебін сезінген.

Енді бір топ шығармаларда ауылдағы батырақ жалшылардың бейнесін жасау тәсілдері ірі байларды конфискелеумен байланысты болып келеді. «Ер Шойын» мен «Қошан кедей» осы тақырыпқа жазылған. Көптеген шығармалардан коллективті шаруашылықтың басы-қасында жүрген жаңа адамдарды, азамат соғысының қиын күндерін бастарынан кешірген әр алуан қаһармандарды табасың. Бұл салада Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мен «Жер қазғандарынан» бастап, Бейімбет Майлиннің әңгімелері, Сєбит Мұқановтың «Адасқандары» мен Абдолла Асылбековтың «Біздің де күніміз туды» атты очерктік сипатты повестері бірі мен бірі жалғасып келеді де, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мүстафин, ¤тебай Түрманжанов, Сабыр Шәріпов сияқты жас жазушылар әр алуан тақырыптарды көтеріп, әдебиеттің арнасын кеңейтті. Бұлармен бірге Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек», «Қартқожа» романдары жиырмасьшшы жылдар прозасын биік белеске кетеріп, кемелдендіре түсті.

Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылған «Қартқожа» мен «Әйел теңдігі» журналында шыққан «Ақбілек» романы жиырмасыншы жылдардағы проза жанрының қанаттануы мен қалыптасуын танытатын тынысы кең, тың шығармалар. Жүсіпбек Аймауытовтың бұл романдары соңғы жылдарға дейін ауызға алынбай келгені мәлім.

Казақ халқының өмір-тіршілігін, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын терең барлаған жазушы «Қартқожа» романында Қазан төңкерісі, азамат соғысы сюжет арқауы болып келеді де, Қартқожаның өсіп, ержету жолдары Хасен, Андрей, Полидубпен сабақтас шығады. Ел ішін бүлдіріп келген болыс пен 1916 жылғы дүрбелеңді тудырған патшаға қарсы күреске Қартқожа белсене қатысады.

«Ақбілек» - нағыз керек тақырыпты көтерген роман. Оқушыны бірден баурап ала жөнелетін шиеленіс, тартыс, қат-қабат оқиға шығарма құрылымын тұтастырған, сюжеттік арқауын ширықтыра түскен. Қойын қоралап, өрістегі малдарын жайғастырып, енді ғана тыныс алған бейбіт. ауылдың әп-сәтте алай-түлейін шығарып, дүрбелеңге салған ақтың офицерлері ойына келгендерін істейді. Тонау да, ұру да, жазалау да мылтық кезенгендердің әмірінде. Қарсы келгендердің бастарына қылыш ойнатып, Ақбілекті қолға түсірген Қара мұрт пен Сары мұрттының кімдер екендігін жазушы баяндап жатпай-ақ, олардың іс-әрекеттерінен, мінез-құлықтарынан қараниет өзімшілдігін ашқан.

Феодалдық-рушылдық ортаның ауыр салмағы Ақбілекке түскен. Әкесі Мамырбайға өшіккендер Ақбілекті қорлау арқылы кектерін алмақшы. Жүсіпбек Аймауытов осы тәрізді сала-сала болып келетін тартыстың түпкі түйінін аша келе, Қазан төңкерісінің қазақ даласына әкелген жаңалығы мен жеңісін шынайы суреттеген, Ақбілек кеңес өкіметінің арқасында теңдікке қолы жетіп, азаматтық алады.

Бұл романдарда ру арасындағы тартыс, ағайын ішіндегі алакөздік кебірек суреттелгенімен жазушы меңзеген негізгі мақсатын ашқан. Көркемдік түйіндеу мол.

Жүсіпбек Аймауытов қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласып, қабырғасын көтерісті, проза жанрының қанаттанып, қалыптасуына үлкен үлес қосты. Әділін айтқанда, «Ақбілек» пен «Қартқожа» Сәбит Мұқановтың «Жұмбақ жалау» романының тууына бірден-бір ұйтқы болған кезеңді шығармалар.

Проза жанрының жиырмасыншы жылдары қанаттана бастауына әсіресе жер-жерден шыға бастаған қазақ тіліндегі газет, журналдардың көп себі тиді. Жана өмірдің туын көтере келген газет-журналдар қазақ даласында болған ұлы өзгерістерді әр алуан жақтарынан танытуда очерк, әңгімелерді үздіксіз басып, жас ақын жазушыларды баспасөз төңірегіне берік топтады. Бұл салада Ақмоладағы «Тіршілік» (1918-1919 ж.), Ордадағы «Дұрыстық жолы» (1919 ж.) Семейдегі «Қазақ тілі» (1919 ж.), Ташкенттегі «Жаңа өріс» (1920 ж.), Омбыдағы «Кедей сөзі» (1920 ж.), Орынбордағы «Кедей сөзі» (1920 ж.), Оралдағы «Қызыл ту» (1920 ж.) газеттерінің беттерінде қазақ байларының мүшкіл халі сықақ етіліп, жан ұшырып, жалт бермек болған айла-тәсілдері әңгіме, фельетондарда әшкереленіп отырылды.

Шын мәнінде бұл тұстағы әңгіме, очерк повестердің идеялық мазмүнында революцияның лебі айқын аңғарылып, көркем шығармалардың көпшілігінде азаматтық бас бостандық айрықша көтерілді. 1917 жылы жазылған Сәкен Сейфуллиннің «Жұбату» атты қысқа әңгімесінде қазақ қыздарының басында болған ауыртпалықтарды Мүслимажан басынан көрген. «Мен білемін қаусаған шалдың қүлдығында, күңдігінде жүріп сарѓайған қазақ қызын, мен білемін наданның қаюан нәжісі үшін екі-үш катынның бірі - болып қыспақта жылап жүрген қазақ қызын. Мен білемін шын махаббатпен сүйген ғашығына қосыла алмай сарғайып, «а» дегенде көкірегі қарыс айрылып жүрген қазақ қызын»1 деп терең толғанатын Сәкен Сейфуллин жас жанын өртеген өктемдіктің ауыр салмағын нақтылы суреттеп, әлеуметтік сырын ашады. Сол бір қиянатқа тап болған жас зарына тұнып тұрған түн түнегі де түнере түскендей. Мұндағы «мен білемін» деген сөз тіркестері мен «қазақ қызын» деп отыратын сөйлем шумақтарын жазушы жайдан-жай қолдана салмаған. Қазақ қызынын еңсесін басып келген ақсақалдық ғұрып-дәстүрдің ауыр салмағын жеткізе суреттеу үшін пайдаланған, мұның өзін шығарманың стильдік өзгешелігі десе де болғандай. «Қарындасым, шерлі қарындасым Мүслимажан! Жылама, тый көзіңнің жасын! Өтер қайғының қара түні! Міне рауандаған таң белгісі! Ашылар бақытың! Зұлмар қара түнді қуып, жарқырап таң атар! Дүниеге алтын нұрын шашып жер-көкті шаттандырып, қарсы алдыңнан күн шығар! Міне ақырындап өскен, беттен сүйген майда жел. Бұл - таң хабаршысы!

Бұл - бақыт хабаршысы. Міне, жарқырап атып келе жатқан ерік таңы... Міне бұл - бақыт таңы, қара алдыңа, күтіп ал бақытыңды»2 - дейді жазушы.

Міне, бұл нағыз революционер жазушының және сол революцияға сенген жазушының аузынан айтылған сөз.

Жалын атқан жүрек те, өмірге деген құмарлық та, жеңіс күнін сеніммен күтушілік те осы бір қысқа әңгіменің ішінен табылғандай. Болашаққа зор үмітпен қараған жазушы рауандаған таң шапағына қарап, азаттық күннің-алыс еместігіне айқын көзі жетеді. Сондықтан да «Күтіп ал бақытыңды!» деп түйеді жазушы.

Сонымен бірге алғашқы кездегі әңгіме, очерктердің қайсы бірі публицистикалық мақалаға ұқсап жататындығы да бар. Міне, бұл осы аталған әңгіменің өзінен де байқалып қалады. «Жұбату» әңгімесінің стильдік, сюжеттік жағында Мүслиманың характерін жасаудан көрі оның басындағы ауыртпалықты автор тарапынан баяндау басым.

Мұны Сәбит Мұқановтың 1922 жылы тұңғыш рет баспа бетінде жарияланған «Түсімде» атты әңгімесінен де көруге болады. Әңгімеде «байшыл-ұлтшылдарды» шенеп, айла-тәсілдерін бетіне басу бар да, суреттеу жоқ.

Шын мәнінде жиырмасыншы жылдың бас кезінде әдебиет майданына жаңадан келген ақын-жазушылардың шығармаларында көркемдік бояудың жетіспей жататындығын көру қиын емес. Бұл тұстағы прозалық шығарманың олқылығы да негізінде осындай біржақтылыѓынан сезілетін. Мұны А.Асылбектовтың «Біздің де күніміз туды» атты повесінен көруге болады.

Солай бола тұрса да повестің сюжеттік желісінде жаңа дәуірдің лебі ескен. Өзгерген өмір, келген жаңалық повестің сюжеттік желісін құрған. Повесте Ақжол басында болған ауыртпалықтар реалистік жақтарынан алынып берілген.

Ауылдағы қазақ байларынан қорлық көріп, күні көрудін, қамын көздеген Ақжол қаладағы орыс байына барып жалданады. Жетім бала ауыр бейнеттің зардабын тартып, қаналған үстіне қаналып жүрген кезде қалаға Қызыл Армия келіп, кеңес өкіметі орнайды. Митингілерге қатынасып, жаңалықтардың жайын білген Ақжол өзгерген өмірдің иесі өздері екендігін түсінеді. Қалада құрылған кеңес өкіметінің мүшелігіне сайланып, капиталистердің қолынан завод, фабриктерді ала бастайды. Завод иелерін ығыстырып, капиталистерге соққы беруге Ақжол белсене қатысады да жұмысшы, батырақтармен бірге теңдікке қолы жетеді. Завод қожасының сәнді, салтанатты үйіне Ақжол ие болып, бірнеше жыл есігінде жүрген байдың үйі өз меншігіне айналғанда «Біздің де күніміз туды» деп шаттана түскен. Повестің тақырыбы мен идеялық мазмүны осылай ашылады.

Кеңес үкіметінің Ақжол сияқтыларды бұғаудан азат етіп, өкіметті өз қолдарьша алғандығын жазушы шығарма сюжетіне арқау еткен де, оны қаһармандар образы арқылы танытпақ болған. Солай бола түрса да Ақжол бейнесі повесте айқын ашылмайды, Ақжолдың үлкен істің басы-қасында көрінуі тым үстірт, ой-өрісі завод қожасының үйіне ие болып, соны меншіктеуден әрі аспаған. Шығарма бояуының өңсіздігі бейнелердің де сүреңсіз шығуына себеп болған. Бұл сол тұстағы ақын-жазушылардың прозаға келу сапарында кездесетін кемшіліктер болатын. Жиырмасыншы жылдың басындағы прозалық шығармаларда көркемдік бояуы жетпеген, олпы-солпы болып келетін жайлар жиі ұшырайды, шығарма арқауы босап, айтылмақ ой шашыраңқы болып, бір ізділікке жете алмай жатқан баяндаулар көп. Сәбит Мұқановтың 1924 жылы жазылған «Әсия» әңгімесінен де осы бір жайды аңғарамыз. Әсия кеңес өкіметінің арқасында теңдікке қолы жеткен қазақ қызы, оның өмір жолы, дүние танымы жаңадан туып жатқан жаңалықтармен тікелей сабақтас.

Бұл дәуір әдебиетінде прозаны белгілі бір белеске көтерген шығарма - Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романы. Бүл роман әдебиет өмірінде екі ұдай тартыс өршіп түрған кезде жазылды да, жаңа әдебиеттің бағыт, бағдарын байқатты. Әлеуметтік, қоғамдық істердің жаршысы болып келген жазушының керген-түйгендері романда әр саладан суреттеліп, өзімен дауылды күндерді бірге өткізген Угар, Майкотов тәрізді көптеген революционерлердің іс-әрекеті және басқа толып жатқан әртүрлі көзқарастағы адамдардың қимылы көрсетілген.

«Тар, жол, тайғақ кешу» романы ұлт-азаттық қозғалыс пен азамат соғысының және революция жылдарының қиын күндерінен хабар беретін, нақтылы тарихи фактілерге сүйенген мемуарлық шығарма. Ақ әскерлері, іштен шалмақ болған ұлтшыл-байшылдар, қазан төңкерісінің жеңісін мойындамай жан ұшырып арпалысқан қарама-қарсы күштер - романның негізгі кейіпкерлері. Сәкен Сейфуллин күрес-тартыстарды сипаттай отырып, әлеуметтік, қоғамдық өрістің ішкі қайшылықтарын ашады. Тың күш, жаңа адамдар лек-легімен қосылып жататындықтан романның сюжеттік арқауы әлсін-әлсін үзіліп кететін кездері де бар. Бұл бірақ жеке эпизодтарға тән құбылыстар ретінде бой көрсетеді де, романның сюжеттік бітімін бұзбайды. Осы жақтарынан алғанда бұл шығарма қазақ кеңес әдебиетіндегі мемуарлық романның алғашқы үлгісі, жиырмасыншы жылдар прозасының бір белесі болып калды.

Романда жазушы әлеуметтік жағдайға деген көзқарасын айқын танытып, әрбір оқиғаның куәсі ретінде шыншыл баяндаулар жасайды. Революцияға шын берілген жазушы турашыл, дұшпандарына деген бітіспес ой-пікірін айқын білдіріп отырады. Роман оқушы жұрттың бәріне бірдей ұнаған жоқ. Оны сынға алғандар көп болды. Сол кездегі белгілі қоғам қайраткері Н.Төреқұлов «Тар жол, тайғақ кешу» жөнінде: «Қайдағы бір Тәтімовтардың Дүйсекеевтердің, Угарлардың, Мухеевтердің, Шариповтардың және-басқалардың ақтармен, алашордамен майдандасқанын айтты, өзінің төңкеріске қатысқанын, өзінің қыздарды көргенін айтыпты, бір жерлерде қымыз ішкенін айтыпты. Өзін мақтапты. Алашорданың қашқанын мазақтай суреттепті,- дей келеді де,- алашорда министрлерінің қашқанын несіне жазған»1.

Әрине, бұл роман табиғатын түсінгісі келмеуден туған дөрекі социологиялық сын болатын. «Тар жол, тайғақ кешудің» идеялық көркемдік ерекшеліктерінің өзі - ең алдымен революцияның жалынды күндерін суреттеуінде. Міне, сол ұлы оқиғаға толы күндерді күрескерлер өмірімен тығыз ұштастыра білуінде.

Н.Төреқұлов сынының дұрыс жақтары да бар еді. Таптық жалауды биікке көтеретін жазушы көп жағдайда «Алаш» партиясын мінеп, сөгіп, «ұлтым» деушілерді ұлтшылдар қатарына қосып, жасанды схемаға ұрынды. Сол бір тұста ұлт тағдырын сөз еткен тарихи зиялы тұлғалардың ой-пікірлері көлеңкеленіп, бұрмаланып отыратындықтан романның реалистік бояуы қайсыбір жағдайда күңгірт тартады. Міне, бұл «Тар жол, тайғақ кешудің» өн бойында байқалып отыратын негізгі кемшіліктер.

«Вагонға мінген соң, жұрттың ойы күштірек қозғалған тәрізді,- деп, бастайды Сәкен өз сөзін,- ылғи бір орында еріксіз көп отырған адам не қылғанда да, жүруге құмар болады. 1918 жылдын январының бесіне шейін Ақмола түрмесінде отырдық. Жеті ай... жеті ай қапаста... Оның екі айында қол-аяғымызда «қандал», темір шынжыр болады. Екі айдай күн сайын өлім күтіп отырдық. Жеті айда күн сайын төрелердің қорлығын, әрбір қылыш, мылтық асынған «батырдың» кәрін көріп отырдық. Ақырында, 1919 жылдың январынық бесінде, Қызылжарға айдап жөнелді. Ақпан мен қаңтар. Қызыл шұнақ аяз: Қызылжар мен Ақмоланың арасы 500 шақырым1.

Азап вагоны десе дегендей. Қыстың қызыл шұнақ аязды күндерінде саңылауынан үскірік борап уілдеген, от жақпаған вагонның ішінде айлап-апталап қамалып отыру ер-азаматтарға оңайға соқпайды. Азапты өлім, не өмір, екінің бірі. Революционерлер осыны терең сезінген. Аш-жалаңаш қамап, вагонды кез келген станцияға апарып тұйыққа тіреп тастаса да, атаман Анненков жендеттері азаптап өлтірмек болып әуре-сарсаңға түссе де, революционерлер алған бетінен бірде-бір қайтпайды.

Қызылжар қаласы және Нілді, Спасскі, Қарағанды заводтарымен байланысты күшейтуде жүмыскерлер арасынан шыққан Кәрім Дүйсекұлы,-Прудов, Қызыл әскер штабының мүшесі Зимимен Капалов аз жұмыс атқармайды, оқ, дәрі, қару-жарақ жинауда бірлесе отырып күш жұмсайды. Спасскінің 70 мың пұт мысын қазынаға алу жөнінде Совдептің шығарған қаулысын іс жүзіне асыру жолында күрес жүргізушілер де осылар.

Ақмолада кілең бай-саудагер, шонжарлардан құрылған комитетті талқандауда «Жас қазақ» ұйымының атқарған ісі мол. Елді алдап, байлардың сөзін сөйлеп отырған «комитетті» таратуды талап еткен «Жас қазақ» ұйымының мүшелері бүкіл дала халқын, қала гарнизонын өз төңірегіне топтайды. Байсейіт пен Жұмабай уездный комиссардың алдына барып комитетті тарату жөнінде талап қойса, Дүйсенбайұлы мен Серікбайұлдары халық арасында жаңа өкіметтің жайын түсіндіріп, байлар басқарған комитетті таратуға аттанған.

Романда көзге түсетін бір жай, тарихи адамдардың күрес жолдарын әлеуметтік, қоғамдық құрлыстың аясынан алуы.

Съезден қайтқан Абдолла: «Қызылжарда біраз жұмыскерлер қолдарына мылтық алып, жарақтанған, бұлардың бастығы Ысқақ Қабенұлы, бұлар тіпті жақсы екен. Онан соң Омбы жұмыскерлері де жақсы. Жиырма шақты қазақ жұмыскер Қызыл әскерге тіленіп жақында кіріпті. Көзі ашық бастықтарын көрдім. Угар Жәнібекұлы, Мұхаметқали Тәтімұлы, Зікірия Мүкейүлы...» деп баяндаса, жазушы «Бұлар қазақ жұмыскерлерінің кәдімгі өзімізге белгілі, ең алдымен, бір қолымен қызыл ту көтерген, бір қолымен пулемет көтерген шын- батырлары»2 деп түйген.

Оқиғаның қоюлығы сонша, аздаған детальдің өзіне» көп нәрсені аңғарасың. Ақмола төңірегіндегі ғана емес, Ніл, Спасскі, Екібастұз заводтарын былай қойғанда революционерлер Қызылжар, Омбы, Семей қалаларына дейін қүлашын кең жайған.

Совдеп жұмысындағы жеке қателіктер мен революция күндерінде саяси қырағылықты әлсіретуге апарған қайсы бір жайбарақаттықты да жазушы бүкпейді.

Шын мәнінде жазушы үлкен істің, зор оқиғаның ұйтқысы болған революционерлер күресін бейнелеуді мақсат еткен. «Көкшетауда Сабыр Шәріпұлы, Омбыдағы қазақ жүмыскерлері: Тәтімұлы, Жәнібекұлы, Мүкейұлдары және Шәймерден Әлжанүлы, Қызылжардағы қазақ жұмыскері, Есмағамбетұлдары, Дүйсекейұлдары және олардың бастығы уездік комиссар Ысқақ Көбекүлы және Омбыдағы оқушылардың «Демократ советін» жасаған жас большевиктер» (201-б.) жөнінде көп тоқталатындығы сонан.

Рас, Сәкеннің революциялық күресі, үлы оқиғаға тікелей қатынасы романда үнемі көрініп отырады. Шығарманың жанрлық өзгешелігін бұл айқындай түседі. Тарихи шындыққа негізделгендіктен мұның өзі жазушының өз басын дәріптеу де болып табылмайды. Мемуарлық шығармада орталық геройға айналып отырған жазушы образының іс-әрекеті мен психологиялық тебіреністерін, сәтті, сәтсіз сағаттарьш ескермей шығармада аты аталатын адамдардың төңірегінде ғана сөз қозғаса, романның жанрлық табиғаты ескерілмей артық талаптар қойылған болар еді.

«Тар жол, тайғақ кешу» романы үш рет басылды. Роман идеялық, көркемдік жақтарынан алғанда сол бір кездің шындық жайын байқатты. Әңгіме, очерк, публицистикадан туындаған проза мемуарлық роман жанрын тудырды.

«Тар жол, тайғақ кешу» романы соңғы жылдары біраз зерттеліп, идеялық, керкемдік қасиеттері ашыла түсті. Мысалы: С.Қирабаев «Тар жол, тайғақ кешуде» очерк емес, роман белгілері мол. Онда суреттелетін оқиғалардың байлығы әлеуметтік күрес картиналарының кеңдігі күрес заманының эпикалық бейнесі одан нағыз роман белгілерін танытса, автордың уақиғаға өзі араласа отырып, әлеуметтік күрестің жуан ортасында жүруі романға мемуарлық сипат береді»1 деп тұжырымдады.

Қазақ халқының қабырғалы ел болып, өзін-өзі басқару мәселелері күн тәртібінде түрғанда жаңа заман адамдарының мінез-құлқын, өткенге көзқарасын, өмірге деген қүштарлығын прозада реалистікпен бейнелеу шынайы шындықты тіледі. Мұхтар Әуезов «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері» мен «Қорғансыздар күнінде» қазақ өмірінде болған әлеуметтік қайшылықтардың бетін ашты да, «Жуандық» әңгімесінде ауыр бейнеттің табы батқан жақсылық еңсесін көтеріп, сілкіне бастайды. Еңбегін еш қылып келген байдың қиянат қыспағын оның бетіне басып, ашық қарсы шығады.

Наши рекомендации