Артаю мен қарттық шаққа сипаттама беріңіз.

Леуметік геронтология: мазмұны мен түсінігіне анықтама беріңіз.

Әлеуметтік геронтология – бұл егде және қарт адамдардың әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-психологиялық, және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешу мен зерттеумен айналысатын ғылым.

2.Қартаю әлеуметтік-демографиялық процесс ретінде: әлеуметтанулық талдау жасаңыз.

Соңғы 50 жылда соғытан кейінгі жылдары экономикалық, медициналық, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктер арқасында, маңызды әлеуметтік-экономикалық табысқа жеткен барлық мемлекеттерде жаңа демографиялық құбылыс пайда болды – Тұрғындардың қартаюы. Яғни бұл демографиялық қартаю, халықтың жалпы құрылымындағы егде адамдардың санының көбеюіне негізделген.

Демографиялық қарттық – тұрғындардың прогресті күйі, өйткені ол қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейінде ғана мүмкін. Әлеуметтік геронтологияның маңызды құрамы ДЕМОГРАФИЯ - өзіне сандық әдістер тән, тұрғындардың құрамы мен оны аймақтық орналасуын, олардың өзгерісін, бұл өзгерістердің себеп-салдарын, әлеуметтік-экономикалық процестер байланысын, тұрғындардың көбею заңдылықтарын ашатын ғылым.

Тұрғындар – бұл нақты бір аймақта өмір сүретін адамдар жиынтығы. Халықтың көбеюі – бұл халық қозғалысының үш түрі нәтижесіндегі ұрпақтың әрқашан жаңару процесі:

- Жаратылыс (туу мен өлудің өзараәрекет салдары);

- Механикалық немесе миграциялық (аймақ арасында адамдардың қозғалыс салдары);

- әлеуметтік (адамдардың бір әлеуметтік топтан екінші бір топқа өту салдары).

Тұрғындардағы динамикалық өзгерістерді талдау үшін әдетте келесі көрсеткіштердің кешені қолданылады:

· тұрғындар саны;

· тұрғындар тығыздығы;

· тұрғындардың жасаралық құрылымы;

· тұрғындардың жыныстық құрылымы;

· тұрғындардың білімдік құрылымы;

· тұрғындардың отбасылық құрылымы.

артаю мен қарттық шаққа сипаттама беріңіз.

· 4.Жас бойынша зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету ерекщеліктеріне талдау жасаңыз
Республикамыздың барлық азаматтарын мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырылу мәселелері үнемі қызықтырады: зейнеткерлікке қалай дұрыс шығу керек, болжамды зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қалай есептеуге болады және жалпы зейнетке шыққан азаматтарды мемлекеттік қолдау қалай іске асырылады? Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы барлық сұрақтарға неғұрлым толық жауапты осы мақаладан табасыз. Көпшілігімізге белгілі болғандай, біздің республикамызда жұмыс беруші немесе салымшының өзі ерікті негізде аударылған зейнетақы аударымдарының есебінен зейнетақы төлемдері көзделген. Елдің әр азаматы алатын зейнетақы әр азаматқа мемлекеттен кепілдендірілген базалық зейнетақы және зейнетақы аударымдарынан (немесе ерікті жарналардан), сондай-ақ зиянды немесе қауіпті өндірісте жұмыс істейтін немесе экологиялық апат және т.б. орындарда тұратындарға әр түрлі үстеме ақылардан тұрады. ЗейнетақыныҚР аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар ала алады · ҚР зейнеткерлік жас · Ерлерге арналған зейнеткерлік жас 63 жастан, әйелдер үшін – 2018 жылға дейін 58 жастан басталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін жарты жыл сайын 63 жасқа жеткенше көтерілетін болады. Осылайша, 1964 жылы туған әйелдер зейнеткерлікке ерлермен бірге 63 жаста шығады. Әйелдердің зейнеткерлік жасының кезеңдеп ұлғаюы: · 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа жеткенше; · 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанша; · 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанша; · 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанша; · 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанша; · 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанша; · 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанша; · 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанша; · 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанша; · 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанша. · 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін (5 жылдан кем емес) экологиялық қауіп аймақтарында тұрған, Семей ядролық сынағында ядролық қару сынақтары салдарынан зардап шеккен азаматтар зейнетақыға неғұрлым ерте шығуға құқылы: · ерлер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 25 жылдан аз емес еңбек өтілі болғанда 50 жасқатолуы бойынша; · әйелдер – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 20 жылдан кем емес еңбек өтілінде 45 жасқатолуы бойынша.Зардап шеккендерге төленетін барлық өтемақылар туралы неғұрлым толығырақ «Экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға өтемақылар» мақаласынан біле аласы.Қазақстанда ынтымақтастық (еңбек), жинақтау жүйесі және базалық зейнетақыдан тұратын аралас зейнетақы жүйесі қызмет етеді. 18.06.2014 жылы "2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту концепциясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің №841 Жарлығына қол қойылды. · Мемлекеттік базалық зейнетақы · 2014 жылы 9 983 теңгені құрайтын мемлекеттік базалық пенсия зейнеткерлікке шыққан барлық азаматтарға еңбек өтіліміне және бұрын жүргізілген аударымдарына қарамастан ұсынылады. Басқаша айтқанда бұндай зейнетақыны «Президенттік зейнетақы» деп атайды. Яғни егер сіз осы жылы зейнеткерлікке шықсаңыз, сіздің зейнетақыңыздың бірінші қосылғышыңыз 9 983 теңгеге теңеледі (жыл сайын сома өзгереді).Еңбек өтілі бойынша зейнетақы (тек 1998 жылға дейін жұмыс істеген азаматтар үшін ғана)Ынтымақтастық зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтарына және жұмыс өтіліне байланысты есептеледі. Зейнетақыны есептеу үшін қызметкердің пайдасына зейнетақы аударымдары 1998 жылға дейін жүргізілмегендіктен 1998 жылға дейін жұмыс істеген азаматтарға тек жұмыс өтілі ғана ескеріледі. Заңнамаға сәйкес жұмыс өтілі 1998 жылға дейін мыналарды құрауы тиіс: · ерлерге - 25 жастан; · әйелдерге - 20 жастан. · Зейнетақыны есептеуде толық жұмыс өтілі ескеріледі. Жасы бойынша ынтымақтастық толық зейнетақы қалай тағайындалады? 3 фактор ескеріледі — жасы, 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілі және кез келген 36 ай үшін (3 жыл) қатарынан аударымдары. Ерлер үшін де әйелдер үшін де аз жұмыс өтілінде бар жұмыс өтіліне пропорционал жүргізілетін болады.Яғни сізде 1998 жылдың 1 қаңтарында 6 айдан артық жұмыс өтілі болса, онда сіз екі жүйеден зейнетақы алатын боласыз – ынтымақтастық (өмірлік), ол 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етті және қазірге дейін әрекет ететін жинақтау. Егер сіз 1980 жылдың 1 қаңтарына дейін тусаңыз, онда сізде 1998 жылдың 1 қаңтарында кем дегенде 6 ай болуы тиіс. Егер 6 айдан аз жұмыс өтілі болса, онда ынтымақтасты зейнетақы есептелмейді.ЗТЖМО зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс 41 АЕК аспайды. Яғни 2015 жылдың 1 қаңтарында бұл келесіні құрайды: 1 982 теңге х 41 = 81262 теңге.Басқаша айтқанда, егер сіздің орташа айлық табысыңыз 3 жыл (36 ай) үшін 81262 теңгені құрайды, сіз ең көп ынтымақтасты зейнетақыны ала аласыз. Егер сіздің табысыңыз аз болса, онда сәйкесінше ынтымақтасты зейнетақы сәйкесінше азаяды. · Жасы бойынша жәрдемақы · Жасы бойынша жәрдемақы ең төменгі күнкөрістің 0,5 мөлшерінде төленеді, яғни 2014 жылғы жағдай бойынша - 0,5*19 966 = 9 983 теңге.Жасы бойынша жәрдемақы қандай жағдайларда төленеді? Егер азамат өзінің жұмыс өтілін құжаттамалық растай алмағанда немесе 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін 6 айдан кем емес болғанда осындай адамдарға мемлекет жасының келуіне байланысты жәрдемақы төлейді. Өмірлік жағдайларды негізге алар болсақ, жәрдемақының бұл түрін бұрын 53 жаста зейнеткерлікке шыққанда көп балалы аналар алды, бұдан әрі 58 жасқа толған кезде жұмыс өтілі бойынша қайта есептеу жүргізілді және толық зейнетақы төленетін (базалық, жұмыс өтілі бойынша және зейнетақы аударымдары бойынша), бірақ «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңындағы жаңалықтарға байланысты әйелдерге бұл жағдайларда аталмыш жәрдемақы төленбейді, ал зейнеткерлікке шығуда жұмыс өтілі, зейнетақы жинақтары және базалық зейнетақы негізінде есептеледі. · 5.Ұзақ өмір сүру: әлеуметтік және индивидуалдық байланысын анықтаңыз
· Бұл сұраққа түсінбедім.Сол үшін тапқанымды қоя салдым. · Дүниежүзіндегі елдердің экономикасының дамуында негізгі рӛлдердің бірін атқаратын топтың бірі – аға ұрпақ, қарттар. Қарттар бірінші кезекте жалдамалы еңбектің ӛкілдері ретінде негізгі ресурс кӛзі болып табылады. Қарттар деп – адам организмінің мүмкіншілігінің, денсаулығының, ақыл-ой қабілетінің, ағза қызметінің тӛмендеуінің басталған кезеңін айтамыз. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне байланысты қарттық бірнеше кезеңге бӛлінеді: Егде жас – ерлер үшін 61-71 жас, әйелдер үшін 65-74 жас;· Қарттық жас – ерлер үшін 71-90 жас, әйелдер үшін 74-90 жас;· Ұзақ ӛмір сүру жас шамасы – 90 жылдан астам. Әлеуметтанушылар адам· ӛміріндегі мұндай жастарды «үшінші жас кезеңі» деп атаса, демографтар «үшінші» (60- 75) және «тӛртінші» 75-тен жоғары жастарды есептейді [1]. Қарттық шақтағы маңызды мәселелердің бірі – қарттардың әлеуметтік белсенділігін сақтап қалуы. Әлеуметтік белсенділік – мәселелерді шешуге саналы түрде бағытталған іс- әрекет. Әлеуметтік белсенділік арқылы жеке адамның мәдени дәрежесіне, білім деңгейі мен икемділігіне, қоршаған ортамен қарым-қатынасына мән беруге болады. Әлеуметтік белсенділіктің тӛмендігі адамдардың қоғамдық ортақ іс-әрекеттерден тыс қалғандығын, білімсіздігін және жігерсіздігін кӛрсетеді. Қоғамдағы ӛзгерістер адамдардың әлеуметтік белсенділігіне тікелей байланысты болып келеді [2]. Әлеуметтік белсенділік – адамның отбасының, қоғамның, мемлекеттің ӛміріне араласу деңгейі, әлеуметтік позициялық кӛрінісі. Әлеуметтік белсенділіктің кең тарап, нығаюына қоғамдағы басқару жүйесі, іс-әрекетті шектен тыс бақылау т.б. кері әсер етеді. Әлеуметтік белсенділік қоғамның ӛтпелі кезеңінде жаңа объективті жағдайлар қалыптасып, оны жүзеге асыру бағдарламасы анықталғанда халықтық сипат алады. Тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің келесі түрлері бар: · қоғамдық-саяси қатынас саласындағы әлеуметтік белсенділік – тұлғаның саясатқа, · мәдениетке қызығушылық деңгейін жоғарылатуы және қоғамдық саяси ұйымның жұмысына араласуы; мәдениеттегі, бос уақытты ӛткізу саласындағы әлеуметтік белсенділік – тұлғаның· бос уақытын қолдану деңгейі, денсаулығы мен демалысқа деген қатынасы, рухани потенциалын жоғарылатуы, болашақ ұрпаққа тәрбие берудегі қатынасы; әлеуметтік-экономикалық қатынас саласындағы белсенділік – тұлғаның кәсібін,· еңбегін нақты орындауына байланысты. Әлеуметтік белсенділіктің қарт адамда байқалатын түрлері: еңбектік белсенділік – жалақы тӛленетін кез келген кәсіби қызмет немесе· жұмысбастылық; қоғамдық-саяси белсенділік – рухани қанағаттанушылық, ӛзін қоғамның толық,· тең құқылы мүшесі ретінде сезінуі; бос уақыттық белсенділік – егде адамдардағы ӛмірге деген қызығушылықтың· сақталып қалуы; отбасылық-тұрмыстық белсенділік – отбасы аясындағы қарттардың рӛлінің,· қызметінің болуы [3]. Белсенді ӛмір сүретін, жалпы қандай да бір салада қызмет атқаратын зейнеткерлерді келесідей топқа бӛлуге болады: 1. Жұмыстан айырылып қалуға қорқады, сондықтан жұмысқа барады; 2. Ӛзін жұмыстан шығармайтынын біледі, сондықтан ӛзіне сырқаттанып қалуға мүмкіндік береді; 3. Ӛзін іс-әрекетсіз, еңбек белсенділігінсіз елестете алмайтын зейнеткерлер: жұмысқа, тіпті, сырқаттанып тұрса да шығады, себебі үйде отырса ауруы одан сайын асқынып кетеді деп ойлайды. Қазіргі қоғамдағы қарттардың орны мен рӛлі келесі факторларға: кәсіби белсенділігіне, тұлғалық мүмкіншілігіне, қызығушылығына, физикалық белсенділігіне, ӛмір сүру үлгісі мен шартына байланысты анықталады. «Қарттардың әлеуметтік белсенділігі, ӛзін-ӛзі жетілдіруі» мәселесі бойынша «Бауыржан» қайырымдылық қорының қаржыландыруымен Алматы қаласында қарттар арасында жүргізілген социологиялық зерттеуімнің (2013 ж.) қорытындысына талдау жүргізсем: Сіз белсенді ӛмір сүресіз бе? Бұл сұрақ бойынша зерттеу нәтижесі келесідей кӛрсеткішті анықтады. Зерттеу нәтижесі бойынша Алматы қаласының зейнет жасына жеткен тұрғындарының жартысынан астамы 54,3% белсенді ӛмір сүреді. Олар белсенді ӛмір сүретіндерін дене шынықтырумен айналысатындықтарымен, газет, кітап оқитындықтарымен және т.б. кӛрсетеді. Зейнеткерлердің 45,7%-ының әлеуметтік белсенділігі тӛмен. Әлеуметтік белсенділігі тӛмен зейнеткерлердің 1/2-і қарттар үйінің тұрғындары. Денсаулықтың нашар болуы, материалдық қаражаттың жеткіліксіздігі зейнеткерлердің белсенді ӛмір сүруіне рұқсат етпейді. Айта кетерлік жағдай, зерттеу қарттар үйі мен тұрғылықты ӛз үйінде тұратын тұрғындарға жүргізілгендіктен, бұл екі түрлі жағдайда ӛмір сүретін зейнеткерлердің ішіндегі белсенділігі тӛмен респонденттердің кӛпшілігі қарттар үйінің тұрғындары. Қарттар үйі зейнеткерлерінің белсенді ӛмір сүруіне кедергі келтіретін нәрсе: олардың жалғызбастылығы, яғни, «жалғызбасты қарттар ешкімге керексіз болғандықтан» белсенді ӛмір сүру қажет емес деп есептейді. Ал, тұрғылықты үйде тұратын зейнеткерлерде отбасы бар болғандықтан, әлеуметтік заңдылық ретінде салыстырмалы түрде біршама белсенді ӛмір сүреді. Олардың балалары және немерелерің ӛмірі қарттардың егде жастағы белсенді ӛмір сүруінің мәні болып табылады. Сауалнама жүргізу барысында Алматы қаласының қарт тұрғындарының басым кӛпшілігі «әлеуметтік белсенділік» ұғымын толыққанды түсінбейтіндігі анықталды. «Егер де, сіз белсенді ӛмір сүретін болсаңыз, оны қалай кӛрсетесіз?». Бұл сұрақтың нәтижесінде Алматы қаласының зейнеткерлерінің белсенді ӛмір сүру бейнесі – дене шынықтырумен айналысу 7,3%, әр түрлі үйірмелерге қатысу 3%, теледидар кӛру 41,7%, қызмет атқаратындар 1%, зейнеткерлердің қалған 47%-ының әлеуметтік белсенділігі тӛмен. Қарт адамдардың еңбек белсенділігі барлық уақытта, адам ӛркениетінің дамуындағы кезеңдерде де қоғамдық, мемлекеттік мәнге ие болды. Ӛткен жүз жылдықта, 90 жылдардың басында экономикалық дамыған елдерде қарт адамдардың ӛмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы мәселе кӛтерілген болатын. 1994 жылы БҰҰ қарттардың қоғамдағы орнын, рӛлін сақтап қалу үшін зерттеушілерге олардың ӛмір сүру сапасын, мобильділік мүмкіншіліктерін жоғарылату және психологиялық жағдайын, саясаттың психологиялық тұрғыда қалай әсер ететінін, адам құндылықтарын сақтауды зерттеуді ұсынылды. ІІ Дүниежүзілік ассамблеяда БҰҰ (Мадрид, 2002 ж.) қарт адамдар мәселесі жайында «қартаю процесін кедейшілікпен күрес мәселесімен тең қою керек» деген ортақ шешім қабылданды. Қарт адамдар тек қана әлеуметтік қамсыздандыру объектісі ғана емес, сонымен қатар, қарттар – экономикалық саясат пен қоғамның әлеуметтік дамуымен тығыз байланысқан субъект [4]. Кейінгі жылдары қарт адамдардың экономикадағы және нарықтағы еңбек белсенділігі айтарлықтай назар аудартып жүр. Алматы қаласы бойынша зейнеткерлердің еңбек белсенділігін анықтау мақсатында келесі сұрақ қойылды. Зейнет жасына шыққаннан кейін қандай да бір салада қызмет атқардыңыз ба? Зерттеу нәтижесі бойынша, зейнет жасына жеткеннен кейін қарттардың 32%-ы әртүрлі салада қызмет атқарған. Зейнеткерлердің қызмет атқаруына себепші болған жағдайлар: олар секілді тәжірибелі, белсенді мамандар мекемеде қажет болғандықтан, мекеме басшысының ӛтініші арқылы, материалдық қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты. Зейнеткерлердің 68%-ы зейнет жасына шыққаннан кейін еш жерде жұмысқа тұра алмаған немесе жұмыс атқаруға ешқандай да себеп болмаған. Зерттеу нәтижесінен Алматы қаласының зейнеткерлерінің шамамен 1/4-інің ғана зейнет жасынан кейін белгілі бір салада қызмет атқаруы еңбек белсенділігінің тӛмендігін кӛрсетеді. · 6.Егде және қарт адамдарға әлеуметтік қызметтің принциптері, формалары, ұйымдастыру арасындағы байланысты көрсетіңіз

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер Қазақстан Республикасының Конституциясы бекіткен, сондай-ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика конституциясы бекіткен әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құндылық ориентирлерінің трансформациясына, өмір салты мен қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады. Қарт адамдар мен мүгедектердің өмір қызметінің шектелуі – ең өткір мәселе болып табылады. Өмір қызметінің шектелуі барысында адамда өзіне қызмет көрсету мүмкіндігінің, қимыл-қозғалысының, жөн сілтеуінің, қарым-қатынасының, өз мінез-құлқына бақылау жасауының , сондай-ақ еңбек қызметімен айналысу мүмкіндігінің болмайтындығы байқалады.Бұл мәселені шешуде бірінші деңгейдегі мағынаға қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек пен әлеуметтік реабилитация жүйесі жоғары деңгейге жетіп отыр. Әлеуметтік реабилитация әлеуметтік-экономикалық, медициналық, юристік, кәсіби және басқа шараларға әкеледі. Олар қажетті шарттарды қамтамасыз етуге және осы топтардың қоғамда толыққанды өмірге келуіне бағытталады.Қарт адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық шарттарға әкелетін критикалық өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді.

Сонымен, әлеуметтік қамтамасыз ету дәстүрлі формасын жеткізу: ақшалай төлем (зейнетақы, жәрдемақы); табиғи қамтамасыз ету; қызмет пен жеңілдік, қызмет көрсетудің стационарлы және стационарлы емес түрі - әлеуметтік көмектің шұғыл формасында еңбекке қабілетсіздерге, Қазақстанның мұқтаж азаматтарына беріледі. Қарт адамдарға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; ротездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету.Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды. Соңғы жағдайда фондтан төлеу еңбек салымы немесе стажы арқылы емес, төлем көлемі арқылы анықталады. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде кең таралған.1995 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.Әлеуметтік қызметтің ең кең дамыған жерлері Тараз қаласында барлығы 140 қарт адам бар. Олардың 28 адамы қазақтар. Алматы қалалық қарттар мен мүгедектер интернат үйі бар. Оның ашылғанына 37 жыл, 120 қарт бар.Автор жұмыстың мазмұны әлеуметтік қызмет орталығын (қарт жастағы және мүгедек азаматтар үшін) қарастыруды ұсынады.Оған бірнеше бөлімдер кіреді.Күндізгі бөлімде (кемінде 30 зейнеткер мен мүгедектерге есептелген) тамақтану, медициналық және мәдени қызмет көрсету ұйымдастырылады.Қосымша шаруашылықта немесе шеберханада шамаға шақ еңбек қызметіне қатыстыру қарастырылған.Уақытша болу бөлімі (кемінде 15 адамға есептелген) емдеу-сауықтыру және реабилитациялық шараларды, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді, тәулік тамақпен қамтамасыз ету шартын жүзеге асырады.Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде (ол қалада 120 адамға, ауылды жерде 60 адамға қызмет көрсетеді) үнемі немесе уақытша (6 айға дейін) зейнеткерлер мен мүгедектерге, басқаның көмегіне мұқтаж адамдарға (ақылы немесе ақысыз түрде) үйде әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетеді.Үйде әлеуметтік көрсетудің негізгі тапсырмасы еңбекке қабілетсіз азаматтарды, үйде қызмет көрсетуге мұқтаждарды табу болып табылады.Әлеуметтік көмек орталығының шұғыл қызметі қызметтің кең тізімін қарастырады. Тегін астың тамаққа немесе азық-түлік жиынына мұқтаждарды қамтамасыз ету; киіммен, аяқ киіммен және бірінші қажеттілікпен қамтамасыз ету, әр түрлі материалды көмек көрсету; уақытша баспана алуға көмектесу; шұғыл психологиялық көмек, соның ішінде «сенім телефоны» арқылы: өз компенсациясында юристік көмек көрсету; региондық және басқа ерекшеліктермен шартты көмектің басқа түрлерін және формаларын көрсету.Қарт адамдарды адресті қорғау Қазақстанда айтарлықтай дағдарысты жағдайда. Ол біріншіден ең көп қажетсінулерге: жалғыз басты зейнеткерлерге, мүгедектерге, 80 жастан жоғарыларға көрсетіледі.Біздің еліміздегі әлеуметтік зерттеулер қарттарға жағымды жағдайды қамтамасыз етудің негізгі бағыттары: зейнетақының көтерілуі, зейнеттік қамтамасыз етудің жоғары деңгейге жетуі, оларға үйде қызмет көрсетуді дамыту қарттарға арналған үйлердің көбеюі және өмір сүру жағдайының жақсаруы.Қазіргі мемлекетте әлеуметтік қамтамасыз етудің басты бағыттарының бірі зейнеткерлік қамтамасыз етудің жоғарлауы болып табылады.Қарттарға әлеуметтік-тұрмыстық қызмет етушіге баса назар аудару керек. Бұл жерде, өзіне қызмет ету қабілетін жоғарлатқандықтан арнайы жайлы аяқ киіммен, киіммен, қарт адамдарға көшедегі қозғалыстарды жеңілдететін, үй шаруасын жүргізетін, кейбір гигиеналық процедураларды орындайтын әртүрлі құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.Бұл мәселені шешу үшін, архитектуралар, дизайнерлер, гереонтологтар баяғыда-ақ осыған сәйкес тұрмыстық техника жасап шығаратын перспектива бағыттарын анықтаған.Бұл ұсыныстар мыналардың туындауына әкеледі.

- тамақ дайындауда операцияларды бағдарламалайтын автоматтандырылған асханалық комплекстер.

- Төсек тартып жатып қалған ауруларға қарауда көптеген тететіктер жүйесі және оларға санитарлы-гигиеналық көмек көрсету.

- Қарттардың жасерекшелік спецификасы тіркелген бастаманың тазалайтын арнайы жинақ және механизмдер, сондай-ақ қарт адамдарға тұрмыстық іс-әрекеттің қауіпсіздігін жоғарлататын және оларға жайлы тиетін қарапайым, бірақ өте керекті құрылымдар.

- Қарт адамдарға ванна қабылдауға арналған тұтқалық және тірегіш тұтқа жүйесі.

- Аяқ киімді киетін арнайы тіреулер.

- Табалдарықтың орнына жалпақ пондустар қою.

Ұсыныстар жақсы, алайда біздің елімізде олар қанағаттанарлықсыз жағдайда жүзеге асады.

Біздің елемізде 1986 жылдан бастап, құрамына үйде әлеуметтік көмек көрсетумен қатар, тіпті жаңа бөлімдер күндіз келіп кететін бөлімдер кіретін зейнеткелерге қызмет көресету орталығы деп аталатын орталықтар ашыла бастады.Мұндай бөлімдерді ұйымдастырудың мақсаты – жанұясымен бірге тұратын немесе жалғызбасты қарттардың қолыбос кездеріне арналған өзіндік орталықтар жасау. Мұндай бөлімдерге адамдар таңертең келіп, кешке үйлеріне қайтады деп қарастырылған: олар күні бойы жайлы ортада болуға, қарым-қатынас жасауға, уақытты мағыналы өткізуге, әртүрлі мәдени іс-шараларға қатысуға, бір мезгіл тамақ және керек болған жағдайда дәрігерге дейінгі медициналық көмек алуына мүмкіндік алады.Мұндай бөлім қызметтерінің негізгі тапсырмасы қарт адамдарға жалғыздықты өткеруіне, тұйық өмір сүру салтына, жаңа мағыналардың пайда болуына, белсенді өмір сүруінің қалыптасуына көмектесу болып табылады.Басында мұндай орталықтар қарттарға арналған интернат-үйлерінде пайда болды, өйткені бұл мекемелердің келушілерді ыстық тамақпен қамтамасыз ететін жабдығы бар, бөлімге сәйкес алаңы бар.Бөлім күніне 25-50 адамға есептеген. Алғашында бөлімде уақыт өткізу уақыты шектелмеген еді. Тамаққа төлейтін ақша зейнетақы байланысты әртүрлі болды.Алғашқы орталықтар ашылған кезде олардың келіп кету уақыты белгіленбеді. Бірақ, бұл мекемелердің тәжірибесі оларды зейнет жасындағылары арасында әйгілі етті, бөлімге күндіз келіп кеткісі келетіндер көбейді. Орталықтың қызмет көрсету зонасында тұратын және бөлімге келіп кетуге арыз беріп тіркелген зейнеткелердің санына қарап, көптеген территорияларда жыл бойына барлық қолдаушылар орталықта 2 немесе одан да көп рет болу үшін, бір топ жиналатын мерзім есептелді.

Егде жастағы тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың принциптері, түрлері, заңдық-құқықтық негіздерге талдау жасаңыз

Әлеуметтік қорғау — бұл өмірлік қажетті игіліктердің белгілі бір деңгейін (қарттық, денсаулық жағдайына, асыраушысынан немесе жұмысынан айырылуына және басқа да заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенділік көрсете алмайтын) және тиісті ақы төленетін еңбекке қатысу арқылы өзін қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға белгілі бір жақсы тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету шараларының жүйесі. Жалпы науқастарға уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанда әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады. Әлеуметтік жәрдемақылар, сондай-ақ жүктілікке және бала тууға байланысты, тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) тағайындалады. Бұл жағдайда әлеуметтік жәрдемақы бала асырап алған күннен бастап баланың туғанына 56 күн өткенге дейінгі барлық кезеңге тағайындалады.

Егде адамдарды әлеуметтік қорғау проблемалары 1948 жылдан бастап БҰҰ-да бірнеше рет қаралуда, онда «егде адамдардың құқықтары туралы декларация» дайындалды.Қарт адамдарды әлеуметтік қорғаудың құрамды элементі – заң қабылдаушы үкімет бекіткен әлеуметтік кепілдеме есебімен, әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша қызмет немесе жеңілдік түрінде, ақшалай немесе табиғи формада қамтамасыз ету. Оған ереже бойынша, зейнетақы мен жәрдемақыға периодты және бір мезгілде қосымша төлем осы категорияларға дифференцияланған, адресті әлеуметтік қолдау көрсету мақсатындағы қызмет табиғи сома, жағымсыз әлеуметтік – экономикалық шарттарға әкелетін критикалық өмірлік жағдайлардың жойылуы немесе бейтараптылығы кіреді. Қарт адамдарды әлеуметтік қолдаудың нақтылы шаралары:

· Қарт адамдарға қатысты ұлттық саясат негізінде, осының нәтижесінде халықтың буындары арасындағы байланысты нығайту;

· Қайырымдылық көрсеткен ұйымдарды қолдау;

· Қарт адамдарды экономикалық күзелістерден қорғау;

· Қарттарға арналған мамандандырылған мекемелерде тұратын өмір сүру деңгейін жоғарлату;

· . Егде адамдардың дамуға қатысуы.

· Ересек жаста денсаулық қорғау мен әл-ақуатты қамтамасыз ету.

· Қолайлы жағдай жасау.

Қарттарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға, олардың экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мен Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидалары мен нормаларында кепілдік берілген. Қарттарды әлеуметтік қорғау шараларының бірі жасқа қарттық келіп немесе жоғалған қарекетін өзіне-өзі қызмет ету жалпы қызметтің әртүріне қабілетін қалпына келтіруге және орнын толтыруға бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық іс-шаралар кешенін тұратын, сондай-ақ қарттардың толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін әрі олардың құқықтары мен қабілет, мүмкіндіктерін іске асыруын қамтамасыз етуін оңалту болып табылады. Қарт адамдарға әлеуметтік қорғаудың құрамына зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы, жергілікті арнайы әлеуметтік қорғау орган мекемелерінің қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсетуі және оларды асырауы; протездеуі; мүгедектерге жеңілдік; үйсіздерге көмек көрсету. Әлеуметтік қамтамасыз етуді мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, жеке адамдар еңбек етушілер есебінен жасайды.

2003 жылы әлеуметтік қорғау жүйесінде біздің елімізде қарт адамдар мен мүгедектерге арналған 959 стационарлы мекеме, 700-ден аса әлеуметтік қызмет орталығы, үйде әлеуметтік көмек көрсететін 900 бөлім, сонымен қатар, басқа да әлеуметтік көмек көрсететін мекемелер қатары (психолого-педагогикалық, шұғыл психологиялық көмек және тағы басқа) болды.

Наши рекомендации