Педагогикалық зерттеу

Бұл зерттеуді мұғалім жүргізеді. Оларға әр пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру жатады.

Сөйлеу қабілетін байқау:Суреттегі заттардың атын атау, сурет бойынша сөйлем құрау, заттардың жекеше, көпше түрлерін атау, әріптерді тану.

Жазу қабілеті:Әріп элементтерін жазып көрсету

Қазақ тілі мен пәні бойынша:Көркем жазу, анықтама, мәтінді меңгеру, талдау

Осы зерттеулерді жүргізу арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтап аламыз. Осыдан сабақ үрдісінде оқушылардың сабаққа қабілеттері, ынтасы ашыла бастайды.

1. Оқушының үлгірмеу себептері?

Үлгірмеуші оқушы деген кім? Ол не себепті үлгірмейді? Оларға нендей факторлар әсер етеді? – деген сұрақтар туады, енді соны анықтауымыз керек. Үлгірмеуші оқушының ата-тегіне, тұқым қуалау себептері бар ма, нағашы жұртына, отбасы жағдайы, ата-анасына баласының еліктеуі, отбасындағы тәрбие соларды зерттеуіміз керек. «Тәрбие – отбасынан басталады» деген нақыл сөздің мағынасына тереңірек үңілетін болсақ, оқушы тәрбиесі – отбасы тағылымына байланысты деген ұғымға да тірелеміз.

Отбасы – Ата-бабасы – Ата-анасы – Нағашы жұрты – Бала

Оқушының үлгірмеу себептері мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

1.Оқушының денсаулығының нашарлығы (жазылмайтын дерт, туа бітті, кейін пайда болған ауру т.б.)

2.Отбасындағы жағдайлар:

- анасының болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- әкесінің болмау себебі (қайтыс болуы, ажырасуы)

- ата-анасының ішімдікке салынуы

- әлеуметтік жағдайының төмен болуы

- отбасындағы қайғы-қасірет

- баланың қамқоршысының қолында болуы.

3.Алыстан келіп оқитын балалар.

- жатқан үйінің жайсыздығы;

- жатқан үйіне үйреніспеу.

4.Достарының әсері:

- досының ауқатты тұруы;

- досымен қарым-қатынас жасай алмауы т.б.

Міне, осы жұмыстардың бәрі зерттеліп, қабілеті төмен балаларға психологиялық, педагогикалық, физиологиялық талдау жасап, оларды дамытуға, тәрбиелеуге жағдай жасап отырылу керек.

Үлгірмеуші ата-аналардың кейбіреулерінің баласына, ұстазына деген көзқарастары да сан алуан. Оқушының үлгіріміне тек мұғалім ғана емес «Отбасы + оқушы + мектеп», яғни үштік одақ бірлесе отырып шешуге ықпал етуіміз керек. Бұл – үлгірмеуші баланы болдырмаудың бір жолы.

1. Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыс түрлері

Үлгірмеуші оқушымен жүргізілетін жұмыстың түрлері өте көп. Оларды оқушының қабілетіне байланысты материалды жеңілдетіп, күші жететіндей етіп беру керек. Олар:

1.Тестің түрлері (жеңілдетіп алуға болады). Мысалы, өтілген материалға байланысты «Толықтыру тестін» былай алдым.

Қазақ тілі 4-сынып – Жат жерде көзге _____________өлгенше, мұз да болса, анамның тапқан жерінде өлемін! (Қалған сөзін – «түрткі болып» деген сөзді орнына қояды).

2.Ана тілі: Шаруаның бір түлік пірі – ………….

Келтірмей, қу, пір ата, қойға топан.

Қойды аңдыған бәленің бәрі құрып,

……………………., үні өшсін қасқыр апан… (Шопан, Бықпырт тиіп)

4.Сурет бойынша сөйлемдер жазу, шағын әңгімелер құрастыру.

5.Жазу коллеграфиясына да назар аудару (көшіріп жазу, жатқа жазу т.б)

6.Үйге тапсырма бергенде де қабілетіне байланысты беріп, оны күнделікті қадағалап отырсақ, үй жұмысын орындауға оқушы тыңғылықты дағдыланады.

7.Сабақта ойын түрлерінің де маңызы ерекше (дидактикалық ойын, рөлдік ойын, қимыл-қозғалыс ойындары). Ойынның бала дамуына, мінез-құлқына, физикалық даму ерекшелігіне және эстетикалық тәрбиесіне үлкен әсерін тигізеді.

К.Д.Ушинский: «Ойын балалар үшін шындық. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, дамиды» – деп баланың сағатқа қызығушылығы ойын арқылы дамитындығын дәлелдеген. Бір ойын түрі ойлау және қабылдай білуін жетілдірсе, ал екінші бір ойын есте сақтау қабілетін жетілдіреді.

ІІІ. Қорытынды

А.Байтұрсынұлы: «Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде – оқумен түзеледі» – дегендей оқушыны зерттеу онымен жұмыс жүргізу, үлгірмеушіні болдырмау – оқу, іздену, еңбектену арқылы келетіні дәлелденіп отыр. Үлгірмеушіні болдырмау үшін мұғалім үзіліссіз бірінші сыныптан бастап жұмыс істеу керек. Ал мен 4- сынып тан бастадым. Мұндай оқушыны бір сәт те назардан шығармауымыз керек. Сонда ғана жазылмайтын, туа біткен дерті болмаса нәтиже берері анық. Оқушы бойында әйтеуір бір жарық сәуле болуы мүмкін. Соны үлкен нұрлы шуаққа айналдыру мұғалімнің үлесінде деп ойлаймын. Мысалы, Бекназар Перизит та, Қарабек Өмірбек те бастауыштан келгеннен ертегіні айтуға, түсінгенін, естігенін айтуға шебер. Ал, жазу коллеграфиялары төмен болатын. Түрлі жұмыс дәптерлері мен көркем жаздыру арқылы, оқыған шшағын шығармаларын талдауға үйрету арқылы қазір екі оқушының оқуға қабілетіндігінің артқанын айта аламын. Осындай дәрежеге олар көп жұмыс жүргізу арқылы келді. Дегенмен, олар әлі де тынымсыз жұмыс жүргізуді қажет етеді.

Ең бірінші мұғалім тарапынан оқушыға деген үлкен сенім керек. «Сен жасай аласың», «Оқи аласың», «Әлі-ақ үйреніп кетесің» – деген сенімді сөздерді оқушы бойына дарытып, қиыннан емес жеңілден қиынға қарай ауысу жолын қажет деп ойлаймын. Сол кезде білімге деген қызығушылық пайда болады.

Сөзімді қорыта келе, өз тәжірибемде әріпті таныған бала ақыл-есі дұрыс болса, әрі қарай ол баладан үміт күтуге болады екен. Ал кей балалардың қабілеті баяу дамитыны да болады. Олармен де тынымсыз жұмыс жүргізіп, күдер үзбей, ерінбей жалықпай іздену, үлгірмеушіні болдырмау – ұстаздың міндеті. Және сыныпта үлгірмеушінің болмауы – ұстаз бақыты, – дер едім.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. «Жаңа мектепке – жаңа мұғалім». 12 жылдық білім беру журналы. №6.2005 – 4 бет

2. Дамыта оқыту технологиялары. Авторы: Б.А.Тұрғынбаева. – 2000 ж

3.Әдебиет. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық/ Ә. Дайыр,

Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.ҚҰрманбай . Алматы: Атамұра, 2005.

4.Морфологияны дамыта оқытуға арналған жаттығулар жүйесі. Авторы: Н.Құрманова – 2006 жыл

5.«Психология в школе». Журнал «12 летнее образование» – №6,2005 (Стр 66)

6.Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер (Ақтөбе. Облыстық кадр біліктілігі) – 2001

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҮЛГІ ЖОСПАРЫ

Кезеңдер Жұмыс түрі Орындаушы Мерзімі
Бақылау Зерттеу: сынып оқушыларының білім деңгейі тексеріледі; психологтар тарапынан тест, тренингтер ұйымдастырылады; отбасы жағдайы зерттеледі. Пән мұғалімдері, Психолог, ата-ана.   ІХ
Нәтижемен жұмыс: дарындылықтың түрлерін анықтап білу; балаларды дарындылық түрлеріне қарай жіктеу немесе топтастыру; ата-анамен жұмыс. Пән мұғалімдері   ІХ
Дамыту жұмыстары: бала біліміндегі кемшін тұстарды анықтап, толықтыру; қызығушылықтары мен қажеттіліктерін анықтау; бейімділіктері бойынша жұмыс тақырыптарын белгілеу; әңгімелесу-түзету (коррекциялау) жұмыстары. Пән мұғалімдері   Психолог   Х
Практикалық Жұмыстың жүргізілу барысы: тапсырма-күнделігін толтырту; оқушының жұмысын жүйелі тексеру, көмек көрсету; коррекциялық жұмыс. Пән мұғалімі, психолог   ХІ
Оқушыларды : мектепішілік байқауға қатыстыру; аудандық (қалалық) байқауға қатыстыру; мектепішілік конференция, жобалар жарысы, пікірсайыстар өткізу; түрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаға қатыстыру; өзіндік рефлексия, тренингтер. Пән мұғалімдері, психологтар, тәлімгер, ата-аналар, оқу ісінің меңгерушісі.   ХІІ – ІІ
Нәтижесін жариялау, жарыққа шығару, презентациялау: ақпарат құралдарының көмегімен жариялау; облыстық деңгейдегі байқауларға жеңімпаздарды ұсыну; «Жас ғалым» республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, түрлі деңгейдегі форумдарға қатыстыру. Пән мұғалімдері, әкімшілік, психолог.   ІІІ – ІҮ
Қорытынды Мектепішілік жалпы қорытынды: Диагностикалау; Мониторингілеу; Оқушылардың шығармашылық есебі; Жазғы тапсырма беру. Пән мұғалімдері, ата-аналар, психологтар,әкімшілік.   Ү

Тағы да бір айта кететін жайт , балаға «сен дарындысың,осындай жетістіктерге жетесің» деп алдын ала айтуға болмайды. Өйткені,бала алдына қойған мақсатына жете алмаса,ынталығы төмен түсіп,бұл жағдай психологиясына кері әсер қалдыруы әбден мүмкін.

Оқушылардың даралық қабілетін танып білу ,дамыту үшін 1.Балалардың қабілет деңгейі,құрылымы әр алуан болатынын ескеру керек.Оны анықтауға психологиялық тестілер ,зерттеу,бақылау, дамыту жұмыстары көмектеседі.2.Әр балада қабілеттің бірнеше түрі болатынын ескере отырып, баланың жетекші қабілетін анықтап, арнаулы шығармашылық жұмыстарын жүргізе білген жөн.

Шығармашылық пен өнер егіз ұғымдар. Сондықтан ,шығармашылықтың қозғаушы күші – әр алуан өнердің түрі болып табылады.Шығармашыл бала өзінің қабілетін , күш –қуатын ,бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.Сыныбымнан 2 оқушы Халықаралық , Республикалық өнер байқауының жүлдегері атанды.

Мектепішілік патриоттық ән байқауы (бас жүлде)

Мектепішілік «Сүйкімді ару» байқауы (бас жүлде)

Аудандық «Бозторғай» өнер байқауы (алғыс хат)

Облыстық «Ботақан» ән байқауы (дипломант)

Республикалық «Ақ көгершін» өнер байқауы ( 3-орын )

Мектепішілік «Шәмші әндері» ән байқауы (бас жүлде)

Мектепішілік «Сүйкімді ару» байқауы (1-орын)

Аудандық «Бозторғай» өнер байқауы (алғыс хат)

Аудандық «Патриоттық әндер» байқауы (2-орын )

Халықаралық «Ақ көгершін» өнер байқауы ( 3-орын )

Наши рекомендации