Психологиялық тренинг

Тақырыбы: «Өзіңді –өзің тани біл»

Педагог-психолог: Ж.Б.Мамадиярова

Шымкент -2016 ж

« Өз жұлдызыңызды табыңыз ?» жаттығуы

Мақсаты: Босаңсу мүмкіндігі және өзін сенімділікпен оптимизмге бағыттау.

Нұсқау: Дөңгеленіп отырыңыздар және көздеріңізді жұмыңыздар. Үш рет терең демалып, оны шығарыңыз ... музыка ойнайды.

Ал енді жұлдызды түнде елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созып жерде жақындаған нүктелер.

Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін бұл балалықтағы сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін ол сіздің бақытты, қуанышты, шабытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да өз жұлдызыңызға сүйсініп, оған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз! Сіз міндетті түрде өз жұлдызыңызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз, жақыннан қараңыз және оның көрінісін қандай сәуле, жарық шашқанын есте сақтауға тырысыңыз.

Ал енді алақандарыңызбен тізеден төмен қарай тобықтың тұсына дейін денені созып, көздеріңізді ашыңыздар, қағаз алып, түсті қарындаштармен өз жұлдызыңызды салыңыз. Оны қиып, біздің жұлдызды аспанымызға іліп қойыңыздар. Енді жұлдыздар әр тренинг сабағында бізге жарығы мен нұрын шашып, мейірім, достық, өзара көмек қолдау сезімдерін бойымызға ұялатады.

Ал соңғы сабақта оны өздеріңізбен алып кетесіздер. Олар сіздерді білім жолында нұрландырып, өмірде сүйемелдейді.Жұлдыздарға мұқият қараңыздар : оладың арасында бірде –бір ұқсасы жоқ. Олар барлығы әртүрлі , сіздер мен біздер сияқты.

Кактус

Сурет салынғаннан кейін 5 сұрақ қою керек:

1. Кактус басқа қандай өсімдіңтің қасында өседі?

-«әртүрлі» десе - әртүрлі саладағы адамдармен қарым қатынас құра алады

-«өзі сияқты гілдермен» - десе өз саласындағы адаммен жақсы араласады.

2. Кактустың топырағын қопсытып, су құйып күтуге болады ма ?

- «Иә» десе, өзіне назар аударғанды жақсы көреді, көңіл бөлгенді қалайды.

-«Жоқ» десе, мүсіркегенді ұнатпайды.

3. Кактус өскенде өзгеріс болады ма? Болса қандай?

- өзгерісті көрмесе – жақын арада өзгергісі келмейді.

- тікенегі болса – жақын арада агрессия болмайды.

- өзгеріс болады – жақын арада өзгергісі келеді.

4. Үлкен өсімдіктердің арасында кактус өзін қалай сезінеді ?

- бірдей болса - өзін бір қалыпты ұстайды.

- «қысыламын», «қалып қалдым» десе , - өзінен тұрмыстық немесе қызметтік жағынан жоғары тұрған адамдардың қасында қысылады.

5. Кактус қайда өседі ? Қайда өскенін қалар едіңіз ?

- құмның ішінде – жалғыздықты білдіреді.

- терезенің алдында, телевизордың қасында, үйде –жылы сезімді позициясын сезінеді.

Құмырадағы кактус - жанұяға сенімділік, қорғаныш, тіреу.

Егер 2-3 кактус салынса – туыстар, достар.

Егер 1 кактус салынса – жалғыздық.

Егер көп кактус салынса - қарым – қатынасшыл.

Тікенегінің көптігі – агрессияның жоғарлығын білдіреді.

Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары» психологиялық жаттығу.

Мақсаты: Зейін мен есте сақтауын дамыту.

Су – қолымызды созамыз.

Ауа – қолымызды көтереміз.

От – қолымызды айналдырамыз.

Жер – қолымызды түсіреміз.

Тақырыбы: «Менің профилім» жаттығуы.

Мақсаты: Жеке тұлғаның өзіндік талғамын арттыру.

1. Сенің көзіңнің түсі қандай ?

2. Шашыңның түсі қандай ?

3. Сүйікті пәнің қандай ?

4. Сүйікті жануарың қандай ?

5. Сүйікті тағамың қандай ?

6. Сүйікті жыл мезгілің қандай ?

7. Сүйікті түсің қандай ?

8. Сүйікті ісің (хобби) қандай ?

Мына ілінген гүлдер қандай әдемі болса, біздің жан дүниеміз де осындай керемет. Біз өзіміздің жан дүниемізге көңіл бөлгеніміз өмірімізді жандандырады. Сондықтан өз бойыңдағы қасеттер, ерекшеліктер, құндылықтарды бағалау қажет.

Логикалық сұрақтар.

1. Сіз өзіңізді бақыттымын деп ойлайсыз ба, неге?

2. Қуанғанда алғаш айтатын сөзіңіз, неліктен?

3. Қиын сәттеріңізді кіммен бөлісесіз,не үшін ?

4. Дүниеге не үшін келдім деп ойлайсыз?

5. Бақытты болу үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

«Эксперимент» жаттығуы

Мақсаты: стресс жағдайында өзін ұстауға үйрету.

Өткізу техникасы: әрбір қатысушы бейтарап түрде жазылған әріптерден құралған мәтіні бар топтама таратылады. Сол мәтінді оқуға тапсырма беріледі.

Нұсқау: Сізге 30 секундтың ішінде 3 үзіндіні оқу қажет:

МАРИЯМҮЙГЕБАРЫПГҮЛДЕРГЕСУҚҰЙЖӘНЕТАМАҚЖАСАЖАРАЙМА?

АсЫқпаАтүспЕДІдепҚОлымаТЕзДамЫЛСЫзіздЕУІнеЕРІнбеСеҢкеРегіңӨМіріңДебоЛадыКез.

ЗерТТЕУдеАРнайыБЕлгіРетінДЕҚазаҚертЕГІСІнқОЛдаНдЫқҚаЗақЕрТегіЛерІарҚЫЛыБалаЛаРдЫҢжАсеРЕкшЕЛікТЕріНЕқАРАйқИЯлДЫқШылдЫҚкөРсетКІшІнАНықтАУкЕрЕК.

Талдау:

Тапсырманы бірден орындадыңыз ба ?

Жылдам орындау үшін сізге не қажет болды?

Сіздің көзқарасыңызша өзін ұстау деген не?

Өзін ұстауды қалай дамытуға болады?

Төмендегі өлең жолдары сияқты материалдарды пайдалануға болады:

Шапағатты ойға беріл,

Шапағатты сөзге беріл,

Шапағатты іске беріл.

Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман.

Психолог:Құрметті ұстаздар!

Мен сіздерді жақсы күйде көргеніме қуаныштымын. «Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отан сүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады » - деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Осыдан бірер жыл бұрын еліміздегі мұғалімдердің орташа жасы 45 жас болып, мұғалімдікке жас талапкерді тарту қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналдырған еді. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап,

Наши рекомендации