Й – ағаш – адам » әдістемесін жүргізуге қойылатын талаптар мен оның интерпретациясы

Адамның суретін салып келесі интерпретация арқылы талдау жасау

суреттің әлсіз басылуы – босаңдық, әлсіздік, сылбырлық, көңіл-күйдің басыңқылығы,

суреттің қатты басылуы – әсердің шиеліністілігі, қызбалық, серпімділік

қарындаштың қағазды жыртып салынуы – ашу-ызалық, жанжалдық, шектен тыс белсенділік

қарындаштың басылып салынуыны қатты өзгермелі нұсқада – әсердің тұрақсыздығы

суреттің бәсең салынуы – алаңдаушылық, үрейлік, фрустрация

қиылысқан штрихталуы – аса қатты бақылаушылық, шым-шытырық ойлар

айрықша, тым ұқыптылықпен салынған сызықтар немесе сызықтардың өшірілуі және түзетілуі – өз үрей, қорқынышын қадағалау, перфекционизм

соңына дейін жүргізілмеген сызықтар – алқыну (астения) немесе серпімділік (импульсивность)

Үй және ағаш салынып оның интерпретациясының берілуі

үй басқа суреттерден үлкен – жанұядағы тұйықтық

басқа суреттерге қарағанда кіші – жанұялық байланыстардың бәсеңдігі, «үйге деген сезімнің» жоқтығы

көп түзетулер мен штрихтар – жанұялық тауқыметтер

сарай (мешіт, шіркеу, вилла) – қыр көрсетушілік

көрініс үйдің үстінен салынған – үйге деген сезімнің жоқтығы немесе отбасылық атмосфераны көз алдына елестете алмау

қағаздың төменгі шет жағына қарай салынуы – жанұялық немесе сырластық, ашыналық сезімде қауіпсіздіктің жоқтығы

кем дегенде нормада бір есік, бір терезе, бір қабырға, бір шатырмен труба, ал оларға қосымша элементтері (қоршау, бұталар, соқпақ) – қауіпсіздік сезімінің жоқтығы немесе өзаралық дау жанжалды бақылау ынтасы

өте үлкен соқпақ — “қол жеткізу” шектеулі

үйдің маңында тар соқпақ, соңында кең – адам татулыққа үстіртін қарайды

үйдің фундаментінде баспалдақ жоқ – өзара қатынастар оңайлықпен болмайды

ашық есіктер – сыртқы дүниеден жылылық алуды қатты қажет етеді

өте үлкен есіктер – басқаларға шектен тыс тәуелділік

құлыппен немесе тұтқамен есіктер – қорғаныш ұстанымы

есіктің жоқтығы — адамдармен шектен қиын байланыс

терезе тек бірінші қабатта – нақтылықпен қиял арасындағы бөлініс

форточкамен терезе – өз-өзін бақылау, қор (резерв)

пердесіз терезе – ашық, тікелей мінез-құлық

терезелерде тор бар – тәуелділік агрессия қорқынышы, сезіктенушілік

терезе қақпағының жабық болуы – шектен шыққан қорғаныш позициясы

терезе қақпағының ашық болуы – коммуникабельность

бос терезе (рамасыз) – аутизация, байланыстардың немқұрайлылығы

терезенің жоқтығы – өшпенділік, қашуға бетбұрыс

кішкене терезе үлкен есік, әсіресе ашық есік — қалай болса солай қарым-қатынас

үлкен терезелермен кішкене есік немесе терезе жоқ – байланыстарды абайлап қарау, созерцательность

жазық шатыр (екі қабырға арасындағы бір түзу сызық) – елестетудің жоқ болуы немесе көңіл-күйдің тежелуі

үлкен шатыр – қиялдан қанағаттанушылық іздеу

шатырды қарындашпен қатты басып салу немесе сызықтары көп – қорғанышты қажет етуі, алаңдаушылық, аса қамқорлық, интеллектуализация, арманшыл, қорғанышты қиялдау

мұржа – жылы сырласты, ашыналық қатынастың белгісі, кейде фаллос белгісі

мұржаның жоқтығы – көңіл-күйде жылулықтың жоқтығы немесе маңызды бір ер адаммен жанжалда

үлкен мұржа (труба, дымоход) – сексуалды алаңдаушылық, қамкөңілділік, эксгибиционистикалық бетбұрыс

түтіннің көп болуы – ішкі шиелініс

мұржаның үстіндегі бір ғана сызық – отбасылық өмірде көңіл-күйдің бостығы

Билет

1.Мини – Мульт сұраулық(опросник)

Мини – Мульт сұраулығы ММРІ-дің қысқартылған варианты. Ол 71 сұрақтан , 11 шкаладан (оның ішінде 3 – бағалық ) ( Адаптация Ф. Б.Березина және М.П.Мирошникова )

Бірінші 3 бағалау шкаласы зерттелетін адамның шындығын өлшейді. Қалған 8-і негізгі деп саналып тұлғаның қасиеттерін бағалайды. Бірінші шкала астено-невротикалық типті зерттелетіннің тұлғалық қасиеттерін өлшейді. Екінші шкала зерттелетіннің социопатикалық вариантты тұлғалық деңгейге басымдылығын көрсетеді. Бесінші шкала бұл вариантта қолданылмайды 4-тен кейін бірден 6-шы қолданылады.

6-шы шкала зерттелетіннің өкпелегіштігін сипаттайды.

7-ші шкала күдікті типті тұлғаны зерттеуге қолданылады.

8-ші шкала эмоциональдық алшақтықтың дәрежесін өлшейді.

9-шы шкала тұлғаның гипертимдік түріне жақындығын көрсетеді,белсенділікті өлшейді.

Сұраулықты өткізу уақыты шектелмеген.

Сіз денсаулығыңызға және мінезіңізге қатысты тұжырымдамалармен танысасыз. Әр тұжырымдаманы оқып , өзіңізге қатыстысын шешесіз. Көп ойлауға уақыт бөлмеңіз. Ең бірінші келген шешім – ең дұрысы болады.

Сұраулыққа арнайы бланк беріледі, оның бір жағында зерттелетіннің жауаптары жазылады. Егер зерттелетін адам тұжырымдаманы мақұлдаса , онда + қойылады , мақұлдамаса – қойылады. Бланктың арғы жағында экспериментатор коррекция шкаласын есепке алып зерттелетіннің тұлғасының профилін құрайды. Бланкта бұл өлшеулер таблицада берілген.

Д шкаласының өлшеулері № 1,4,7,8,9 негізгі шкалаларға қосылады. Мысалы , егер Д шкаласы бойынша 9 ұпай жиналса , онда №1 шкаласының өлшеулеріне , таблицаға қарап 5 ұпай қосады, №4 ке -4 ұпай, №7 мен 8-ге – 9 ұпайдан , №9 – 2 ұпай қосады.

Шкалалардың сипаттамасы :

1. Өтірік шкаласы (L) зерттелетіннің шындығын анықтайды.

2. Шын шкаласы (F) өтірік жауаптарды анықтайды.

3. Kоррекция шкаласы (К) . Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіштері әрекетті санасыз бақылау туралы айтады.

2.Эксперименттік материалды өңдеу тәртібі :

1. Барлық жауаптар мен сипаттамалар , ойлар , алғашқы хаттамада жазылғандар, екінші хаттаманың пунктілеріне сәйкес жайғастырылу мақсатында анализден өткізіледі.

( Қосымша 1,2,3)

2. Жауаптар мен олардың қатынастарынан ( сәйкестік қарама қайшылық ) «проекцияның құрылымы» шығарылады.

3. Кез келген категория жауаптарының көпшілігінің негізінде тұлғаның психологиялық нақты тенденциясы шығарылады.

4. Тұлға туралы жалпы қорытынды құралады. Оның ішінде тұлға жасайтын орта туралы ойлар, позиция, сапа туралы мәліметтер , тұлғаның динамикалық сабы (строй) туралы , эмоциялық және жігерлік сфера туралы, іс-әрекет әдістері, тұлғаның бөлек қасиеттері және оның бағытталуы туралы қорытынды жасалады.

Экспериментатордың негізгі зейіні мәтінін өңдеу барысында қорытындыға, оның дәлелдеу жағына көп көңіл бөлу керек.

Наши рекомендации