Ертханалық жұмыс №19-20

Тақырыбы:Бағдарламалық жүйемен өзара қатынастың директивті-диалогты

пішіні. Командалық жол интерфейсі (Command Line Interface - CLI).

Жұмыс мақсаты: Командалық файл негізінде бағдарламалық жүйемен өзара қатынастың директивті-диалогты пішінін құру дағдыларын игеру.

Берілген жұмыста командалық файлдар арқылы өзара қатынастың командалық-директивті пішіні қарастырылған. Диалогты өзара қатынастың диалогты пішіні дайындығы бар қолданушыға арналған және бағдарламалардың орындалу алгоритмдерін, сондай-ақ жеке командалар мен олардың параметрлерін білуді қажет етеді. Команданы іске қосу немесе жеке директивалардың орындалуы командалық жолдан орындалады.

Қолданушының бағдарламалық жүйемен диалогты өзара қатынасында хабарламалардың 2 типін көрсетуге болады: ақпаратты енгізу құралдары көмегімен қолданушы пішімдейтін кіріс хабарламалар және ақпаратты шығару мен бейнелеу құралдары көмегімен жүйе пішімдейтін шығыс хабарламалар. Диалогтың бірінші қадамы жүйенің бір немесе бірнеше хабарламаларды беруінен басталады. Шығыс хабарламалар процедуралық бөлімнің орындалу нәтижесін немесе жүйе мен диалогтың күйін белгілейді.

Диалог реттілігі өз алдына инициатива жүйеге және қолданушыға меншікті болатын реттіліктерге бөлінеді. Сондай-ақ инициативаның үшінші типі бар – аралас инициатива, яғни басқарушы сигналдар көмегімен инициативаның қайта үлестірілуі. Өзара қатынастың директивті пішіні жүйе туралы және операциялық жүйенің басқарушы командалары туралы арнаулы білімді талап етеді.

Тапсырма:

Берілген жұмыстың орындалуы қолданушының бағдарламалық жүйемен өзара қатынасының директивті-диалогты пішімін орындайтын төрт командалық файлды құрудан тұрады.

Жұмысты орындағанда келесі командалық файлдарды (bat-файлдар) құру қажет:

1-нұсқа – символ-параметрлермен;

2-нұсқа – файл атын қолданатын параметрлермен;

3-нұсқа – сыртқы “CHOICE” командасын қолдану арқылы (өзара қатынастың директивті-диалогты пішіні).

4-нұсқа – бірнеше параметрлерді қолдану арқылы.

Командалық файлдармен орындалатын қолданылатын параметрлер мен функциялардың санын студенттер өздері таңдайды.

Мұндай файлдардың мысалдарын қарастырайық.

1-нұсқа.

Мұнда «р» параметрін қолданғанда, «stud» каталогының мазмұны қаралады.

@echo off

if -%1==- goto konez

if %1== p goto work

: work

dir c:\stud

pause

goto konez

: konez

echo Жұмысты аяқтағыңыз келе ме?

pause

goto exit

: exit

2-нұсқа.

Бұл жағдайда параметр ретінде a.txt файлы қолданылғанда, осы файлдың мазмұны қаралады.

@echo off

if -%1==- goto konez

if not exist %1 goto mess

echo Файлды қарап шығу

type %1

pause

goto konez

: mess

echo Файл табылған жоқ

pause

goto konez

: konez

echo Жұмысты аяқтағыңыз келе ме?

pause

goto exit

: exit

3-нұсқа.

Бұл мысалда өзара қатынастың диалогты-директивті пішіні қарастырылады, берілген жағдайда командалық файл келесі функцияларды орындайды: “y” альтернативасын таңдағанда, “stud” каталогы қаралады, “n” баламасын таңдағанда, бағдарламадан шығады, егер де қолданушы таңдау жасамаса, ДЭЕМ 10 секундтан кейін өзі таңдау жүргізеді, берілген жағдайда жұмыс аяқталады.

@echo off

echo Егер сіз “stud” каталогын қарап шыққыңыз келсе, “Y” басыңыз

choice /c:YN /t:N,10

if errorlevel 2 goto vyhod

dir C:\stud

pause

goto exit

: vyhod

echo Жұмыстың соңы

pause

:exit

4-нұсқа (бірнеше параметрлер)

@ECHO OFF

if /%1==/ goto konez

if not exist %1 goto error

if %2==u goto udal

if %2==c goto copu

if /%2==/ goto konez

:copu

md AAA

echo Katalog cozdan

pause

copy %1 AAA

pause

goto exit

:udal

del %1

pause

goto konez

:error

echo file ne ukazan

:exit

Есептеме мазмұны:

а) Диалогты өзара қатынастың пішін жөнінде қысқаша мағлұмат келтіру.

б) Командалық файлдар және оларды қолданушының бағдарламалық жүйемен диалогын ұйымдастыру үшін қолданылуы жөнінде негізгі мәліметтерді келтіру.

в) Құрылған bat-файлдардың мәтіндерін келтіру.

1 – ескерту. Есептеме ЖОО-да қабылданған талаптарға сәйкес болу керек.

2 – ескерту. Бағдарламалар кодтары әрбір студентте ерекше болу керек.

3 – ескерту. Студенттің MS DOS жеке командалары жөніндегі білімін және бағдарламалардың жұмыс қабілетін оқытушы тексерген соң, студент зертханалық жұмысты қорғауға жіберіледі.

СОӨЖ 12-13

Ақпаратты енгізу құралы – локаторлар

Тапсырма:

1) Локатор типтес ақпарат енгізу құрылғысының қызмет принципін

білу.

2) Локатор типтес әртүрлі құрылғылардың қолдану ерекшеліктері.

СОӨЖ-ны өткізу түрі – тренинг.

Әдістемелік ұсыныс: Локаторға жататын бірнеше ақпаратты енгізу құралдарын қарастырайық. Кодтау планшеті. Кодтау планшетінің беті тегіс жазықтық, ол арқылы оператор курсорды саусақ ұшымен немесе карандаш тәрізді құралмен жылжыта алады. Планшеттің бетінің астында өткізгіштердің торы орналасқан, олар арқылы үзіліссіз электр импульстері өтеді. Импульс курсордың қиылысу нүктесі арқылы өткенде сигнал пайда болады. Осындай екі сигнал алғаннан кейін – бірі горизонталь, ал екіншісі вертикаль өткізгіш – компьютер курсордың қиылысу координатасын анықтайды, содан соң ол экран бетіндегі нүктенің координатасына ауысады. Мөлдір экранмен айқын қиылыс аймағы, сонымен бірге планшетті астынан жарықтандыру арқылы қағаздан экран бетіне сызулар мен суреттерді түсіруге мүмкіндік береді, ол үшін курсордың қиылыс нүктесі арқылы сызудың немесе суреттің контурын айналып өту жеткілікті.

Тышқан. «Тышқан» атты құрал экран бетіндегі курсорды басқаруға арналған. Тышқанды беті тегіс жазықтық бойымен жүргізген мезетте тышқанның түбіне бекітілген домалақ шар екі фрикционды роликті айналдырады. Роликтердің бұрыштарында орналасқан қабылдағыштар белгілі бір бұрышқа бұрылған сәтте импульстер тудырады, олар компьютерге енген мезетте курсордың қозғалысына айналады. Тышқанды үстелдің үстінде пайдаланған тиімді. Оператор тышқанды қозғалта отырып экран бетіндегі курсорды қалаған бағытта асқан дәлдікпен жылжыта алады. Тышқанның корпусында екі-үш батырма орналасқан, олардың атқаратын жұмысы әртүрлі.

Джойстик. Джойстик – жоғары ұмтыған сабы бар құрал. Бұл құралды әртүрлі төрт жаққа (оңға, соға, ілгері, кейін) немесе сегіз жаққа (сол төрт және төрт диагоналды) жылжытуға болады. Джойстиктің жылжуы потенциометрдің көмегімен электр сигналдарына түрленеді, ол курсорды сәйкес бағытта жылжытады. (және де, курсордың қозғалу жылдамдығы көлбеу бұрышына тәуелді).

Дыбыстық планшет. Дыбыстық планшетте позицияны таңдау құралы ретінде карандаш немесе сілтеме пайдаланылады. Алайда планшеттің жан-жағына жол тәрізді пішіні бар микрофондар бекітіледі. Ал қарындаштың ұшында электр разряды болады. Әрбір микрофонның разряды мен дыбыстық толқын арасындағы уақытша кідіріс қарындаш пен планшеттің шетіне дейінгі қашықтыққа пропорционал болады. Осындай принцип бойынша үш өлшемді дыбыстық планшеттер жасауға болады.

Лекция №21. Тестілеу

Диалогты жүйе пайдаланушыдан түсетін берілгендерді дұрыс енгізбеуден қорғайтын құралдар болу керек.

Әдетте қатарлар бағдарламалар кірісінде үш себептен туындайды:

1. Кіріс берілгендерінің дұрыс берілмеуі. Кіріс берілгендерінің дұрыстығын талдауға арналған жақсы құралдар бар болса, бұл қателер азайтылады;

2. Бағдарламада логикалық қателердің жіберілуі, сондай-ақ кездейсоқ қатарлар;

3. Алгоритмнің дұрыс таңдалмауы. Тестілеу қателерді орындау этабында анықтайты. Бірақ бұл қателерден құтылуға болады.

Верификация – бағдарлама жобасын, құжаттамаларын және талаптарын, бағдарламаларды жобалау этабында келісілмеген және нақты емес қателерді табу мақсатымен бағдарлама бөліктерін тексеру процесі.

Тестілеу – бағдарламаны функциялау кезінде қателерді табуға қатысты бағдарламаның верификация процесінің бөлімі. Алайда ең жақсы тестілеу кез келген жүйенің эксплуатациясы болып табылады. Нақты шарттарда диалогты жүйенің ұзақ эксплуатациясы нәтижесінде бағдарламадағы қателерді шығаруға болады.

Кіріс берілгендерінде пайда болатын қателердің себептерін қарастырайық. Ең алдымен, жүйе дұрыс емес кіріс берілгендерінен қорғалуы керек, яғни берілгендердің дұрыстығын талдайтын бағдарламалары болуы керек. Бұл «талдаушыны» тестілеу дұрыс емес берілгендерді енгізу арқылы жүзеге асады.

Жүйеде енгізудің қателер диагностикасы алдын-ала қарастырылуы керек, яғни талдаушылар берілгендердің кірісіндегі қателерге тәуелді хабарламаларды беруі керек.

Маңыздысы, бұл хабарламалардың пайдаланушыға нақты және түсінікті болуы. Тестілеу кезінде талдаулар қателер жайлы барлық хабарламаларды беруін талап ету керек, яғни кірістік тестік берілгендерде қателер жайлы барлық хабарламаның қорытындысына алып келетін қателер үйлесімі болуы керек. Тесттік берілгендер – бұл кіріс берілгендерін өңдеудің дұрыстығын тексеру үшін арналған және талдау бағдарламасын тексеру үшін дұрыс емес берілгендерден тұратын берілгендер жиынтығы.

Логикалық қателер диалогты жүйені жүзеге асырудың барлық сатыларында кездеседі: арнайы және диалог сценарийін өңдеу кезінде, жобалау және бағдарламалау кезінде. Логикалық қателерді байқау үшін бағдарлама листингін қолдану қажет.

Бағдарламалардың кеңінен тараған логикалық қателер болып келесілер табылады:

· айнымалылардың бастапқы мәндерін дұрыс бермеу;

· циклды дұрыс ұйымдастырмау, соның ішінде циклдан кезегінен бұрын шығу;

· бағдарламаның ішкі берілгендеріндегі, берілгендер типтеріндегі қателіктер;

· тармақтануды ұйымдастыру кезінде бір немесе бірнеше шарттарды өткізіп жіберу;

· тармақтанудағы дұрыс емес логикалық шарттар;

· дұрыс есептелмейтін мәндер;

· айнымалылардың мәндерін бұрмалау.

Жобалаудың логикалық қателеріне, сонымен қатар дұрыс емес немесе нақты емес алгоритмді таңдау, бағдарламалар арасында байланыстар жайлы келісімдердің сәйкес келмеуі және т.б. жатады.

Барлық бұл қателер жеке модульдерді және жүйені тұтастай тестілеу деңгейінде байқалуы қажет. Егер қолмен тексеру қателерді әрі қарай байқауға рұқсат етпесе, онда тестілеу кезінде ЭЕМ пайдаланылады. Тестілеу тапсырмасы қателерді байқау болып табылады, ол бағдарлама жұмысының дұрыстығын көрсету емес. Тесттік берілгендерді бағдарламаны жүзеге асыруға қатыспаған адам дайындағаны дұрыс.

Модульді тестілеу процесі өзіне келесі этаптарды қосады:

· модульдің өту жолдарын тестілеу;

· циклды тексеру;

· тармақтануды тексеру;

· ішкі айнымалылардың дұрыстығын тексеру.

Модульді тестілеуде үлкен көмекті бағдарламаның жалған орындалуын қабылдау көрсетеді. Диалогты жүйелерге бұл қабылдауды қолдану жұмыстың «жалған» сеансы деп аталады, бұндай сеанс кезінде пайдаланушының әрекеті тестілеу сценарийімен сәйкес алдын-ала дайындалған тестік файлмен ауыстырылады. Егер модульді және жүйені тұтастай тестілеу сценариін алдын-ала өңдесе, онда тестілеу процесі қарапайымдалады.

Диалогты жүйені енгізу

Диалогты жүйені енгізу – жүзеге асырудың көптеген қиын этаптарының бірі, бұл этапта өңделген жүйе соңғы пайдаланушыға рұқсаты болатындықтан, яғни адамға немесе адамдар тобына арналып құрылған диалогты жүйе. Яғни осы жерде керегі мен нақтысының сәйкес келмеушілігі пайда болады. Бұл жүйенің функционалды тағайындалуына жүйені өңдеушілер мен оны пайдаланушылардың көзқарастарының әртүрлілігімен түсіндіріледі.

Әдетте мұндай жағдайда ұжымдық қолдану үшін жүйені жобалау және диалогты жүйені өңдеу процесінде соңғы пайдаланушы қатыспаған жағдайда туындайды. Дегенмен көптеген диалогты жүйелердің соңғы пайдаланушылары болады. Сондықтан диалогты жүйеді пайдаланушымен қатынасты қамтамасыз ететін құрылғылар болуы керек. Бұндай жүйелерді пайдаланушымен достық жүйелер деп атайды.

Диалогты жүйені енгізудің табысы көбіне пайдаланушы талаптарына адаптация бойынша мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл жүйеде кіріс қателерінің диагностикасының дамыған жүйесі болу керектігін және қажет жағдайда пайдаланушыға «көмек» және көмек беруі керектігін білдіреді.

Егер диалогты жүйеде қатынасты қамтамасыз ету құрылғылары және дамыған болса, онда пайдаланушы бәрібір терминал алдында отырып барлығын шешуге болмайтындықтан, жүйе бойынша басылған құжаттаманы алуға талпынады. Бірақ терминалдан тыс жұмыс кезінде де жүйе бойынша анықтамалық басқарушылық маңызды көмек көрсетеді.

Енгізуде дұрыс құрылған және жеткілікті толық құжаттаманың үлкен мәні бар. Пайдаланушылар құжаттамасы екі мақсатқа қызмет көрсетеді: анықтама үшін және оқыту үшін. Әсіресе жүйенің мүмкіндіктерін қысқаша түрде жазатын анықтамалық басқарушылыққа үлкен сұраныс. Әдетте анықтамалық басқарушылық кіріс бөлімнен, нұсқаудан және қосымшадан тұрады. Кіріс бөлімі функциялар және жүйе белгіленуі, сонымен қатар оны пайдаланушылар жайлы түсініктеме береді. «Кездейсоқ» пайдаланушы кіріс бөлімін оқығаннан кейін диалогты жүйемен жұмыс істеуден бас тартуы мүмкін.

Анықтамалық басқарушылықтың негізгі бөлімі пайдаланушымен орындалатын нұсқаулар және процедуралар жазбаларынан тұрады. Соңында орналасатын қосымша тестіге жүйемен басқаратын командалар, пайдаланушымен енгізілетін ақпарат формаларына талаптар тізімінен және т.с.с тұрады.

Енгізу этаптарында жүргізілетін негізгі жұмыстарды қарастырайық.

1. Жаңа жүйеге көшуді жобалау (жаңа жүйе ескіні алмастырады, ал егер алдында ешқандай жүйе болмаса, онда қарастырылатын жүйені толығымен жаңа деп атауға болады).

1.1. Жаңа жүйеге көшудің әдістемесін өңдеу, яғни жаңа жүйеге көшуді қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-техникалық құрылғылар жиынтығының жазбасы.

1.2. Жүйені алып жүретін пайдаланушылар мен қызметкерлер үшін нұсқауларды өңдеу.

1.3. Жүйені функциялауды бақылау әдісін өңдеу (түрленген бақылау мысалдары мен берілгендер файлы негізінде).

2. Жаңа жүйені әрекетке енгізу.

2.1. Жүйені сынау (олар жан-жақты болуы қажет).

2.2. Жүйені пайдаланушылар мен алып жүруші персоналды оқыту.

3. Жүйені функциялауды бақылау, енгізу этабында байқалған қателерді түзеу.

Лекция №22. Алып жүру. Жүйені алып жүрушілік

Жаңа диалогты жүйені енгізу қажетті болып табылады, бірақ оны функциялау жеткіліксіз шарт. Жүйеде қателіктер болуы мүмкін немесе қандай да бір дәрежеде әркезде өзгеріп тұратын талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін.

Бірінші жағдайда қателіктерді жою қажет. Алдымен диалогты жүйемен өңдеушілер айналысады. Одан кейін берілген өндірісте жүйені алып жүруге жауапты адам тағайындалады. Ол жүйені өңдеуші болып табылмайды және оны алып жүру процесінде онда белгілі қиыншылықтар туындайды. Жүйені табысты алып жүру үшін алып жүрушілік құжаттаманың үлкен мәні бар. Жақсы құрылған құжаттама санын жүйені алып жүретін бағдарламалаушыға жүйе құрылымын жеткілікті тез талдауға және байқалған қателіктерді жоюға мүмкіндік береді.

Екінші жағдайда жүйенің дамуы ескеріледі. Шыныменен, біршама уақыттан кейін жүйе тез өзгеретін талаптарға сәйкес келмеуі мүмкін. Жүйенің дамуы қысқарады, егер ол ашық болып келсе. Ашық жүйе функционалдық мүмкіндіктерді үлкейтуді қамтамасыз ету құрылғыларынан тұрады. Бұл үшін диалог сценарийін өңдеуге ерекше назар аудару қажет.

Алмастыру деп диалогтық жүйе сұранысына жауап ретінде пернетақтадан берілгендерді шығарумен байланысты операцияны түсінеміз.

Анықталған функциялар жүйесінің орындалуы бойынша алмастырулар жиынтығы процедура деп аталады. Шынымен де, процедура бір алмастырудан да тұра алады. Диалог сценарийін жобалауда есепке алынатын бар факторларды қарастырайық:

Диалогтың соңғы мақсаты. Бұл мақсаттар диалогтың есебінің қойылуынан шығады. Бәрінен бұрын диалог графы түрінде көрсеткен жөн.

Диалог графы:

Әдетте мұндай құралдардың бағдарламасы бар, олар ашық жүйе ортасында қызмет істеуге негізделген және пайдаланушы немесе шығарып салушы бағдарламалаушы диалогтың бағдарламаларды жазуға мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мұндай құралдар жүйеге жаңа командалар енгізуге мүмкіндік береді.

Егер жүйе жабық болса, онда оның құрамына жаңа модульдер кіргізу практикалық тұрғыдан мүмкін емес, сондықтан жүйелерді жобалауда оның кеңеюінің мүмкіндіктерін қоюымыз керек.

Бірақ шығарып салу процесі тек қана қателіктерді жоюды және дамуына негізделмеген. Жүйені шығарушы тұлға мынадай функцияларды орындау керек:

· Жүйені жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау;

· Жүйені функциялауға бақылау жасау;

· Жүйені администрациялау.

Алғашқы екеуі негізінен мыналарды береді:

  • Резервтік магниттік дискіде бағдарламалық қамтамасыз етуді және жүйе берілгендерінің көшірмесін жасау;
  • Пакеттік мысалдарда және есептерде функционалдық жүйенің дұрыстығына периодтық бақылау;
  • Жүйенің жағдайы мен арнайы журналда табылған қателердің фиксациясына бақылау.

Әдетте барлық 3 функцияларды бақылау администраторын біріктіреді және орындайды, ол – бүтіндей алғанда жүйені функциялауда жауапты адам.

Жүйені администрациялау мынадай функцияларды орындауды талап етеді:

  • Жүйеге жаңа пайдаланушыларды енгізу. Жаңа пайдаланушылар жүйенің есте сақтауына өзінің фамилиясы арқылы тіркеледі. Олар администраторға өзінің паролін жүйеге кіру үшін хабарлайды. Администратор жаңа пайдаланушыға жүйенің сол немесе басқа функциясына приоритет немесе кіру деңгейін тіркейді. Әдетте фамилиясы және парольден басқа топ немесе бөлімше көрсетіледі, онда пайдаланушы, телефон, туылған күні, қайда жұмыс істейді (жүйе пайдаланушыны туған күнімен құттықтай алады және сыйлық есебінде дискіде қосымша орын тағайындау мүмкін немесе уақытша 1 күнге приоритет жаңалықтарына кіру);
  • Пайдаланушы арасында жүйе ресурстарын жіктеу. Администратор ресурстарды тарату ғана емес, жүйені пайдаланушылар арасында ресурс бойынша қайшылықты жағдайларға рұқсат беру қажет;
  • Жүйені функциялау туралы ақпаратты өңдеу және жинақтау. Жинақтау және өңдеу функцияларының ақпараттары автоматтандырылған болуы мүмкін және жүйе құрамына кіре алуы да мүмкін. Бұл құралдың жұмысшының қорытындысы жүйе администраторы арқылы және пайдаланушылар арасындағы ресурстарды жайғастыру бойынша шешім қабылдау үшін шығыс нүктесі, жүйеге жүктеуішті қайта орналастыру және тағы басқа қызмет атқарады;
  • Резервті көшірмемен немесе басқа әдістермен авариялық кедергіден кейін жүйенің жұмыс қабілеттілігін қайта орнату (әрине, жүйе администраторы қажетті резервтік көшірмелер санының құрылымын бақылау керек);

Көрініп тұрғандай жүйені алып жүру процесі – жеткілікті күрделі көлемді және жауапты этап. Диалогты жүйелерде алып жүруші пайдаланушылар әдетте жүйе мүмкіндіктерінің және кеңінен қолданылатындықтан, әртүрлілер мен әрекеттерді терминалдан тыс орындайтындықтан, көбіне ақпаратқа мазмұнды және көлемді өзгертіп және қосатындықтан ерекше маңызды. Мұндай жағдайларда сенімді алып жүрушілік ақпарат. Жоғалуын болдырмауды рұқсат етеді, ал функциялау кезінде жүйенің ресурстарын дұрыс жобалау жүйесінің техникалық тұрақтылығын ұстауға және қайшылықты жағдайларды болдырмауға көмектеседі.

Адамның ЭЕМ-мен мәлімет алмасуы құрылғыларының дамуы – есептеуіш техникасының негізгі даму бағыттарының бірі.

Диалогты жүйелердің күнделікті дамудың функцияналдық қуаттары кезінде қарапайым мәлімет алмасу – «адам-ЭЕМ» жүйесіне басты талап. Диалогты жүйе жұмысын басқаруды қысқарту оны пайдаланушылар ортасын мәнді көбейтуге мүмкіндік береді. Пайдаланушы терминалдан тыс жұмыс істей алады – ал есептеуіш техника облысында кәсіби емес.

ЭЕМ-мен мәлімет алмасу құрылғыларының дамуының негізгі бағыттарының бірі аппаратты және бағдарламалық құрылғыларын жасайтын, интеллектті-кешенін құру болып табылады, шешімді қабылдаудың күрделі логикалық есебін шешуді қамтамасыз етеді. Интеллектуалды қасиеттерге бөлінген ЭЕМ-мен өзара іс-әрекет дыбыстық кіріс және дауыс синтезі құрылғыларын қолданумен табиғи тілде ұсынады. Машиналық графика құрылғыларымен үйлесуі бұл мәлімет алмасу процесі кезінде дисплей экранында нақты әлемнің объектілерін яғни, шешілетін есептерге сәйкес келетін мүмкіндікті болдырмайды.

Наши рекомендации