Радионың эстетикалық міндетін сипаттаңыз

Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның 3 қыры назар аударуға тұрарлық.

1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардыц психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялыи қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. Журналист неғұрлым радионың бейнелеуші құралдарын дұрыс қолданып, тыңдарман санасына күшті әсер ете алса, соғұрлым эмоциясын күшті тітіркендіреді және әдетте көңіл аудара бермейтін деректің өзі қатты тебірентеді. Қазіргі радионың көркемдік және құрылымдық мүмкіндіктері шексіз. Ол белгілі әдіс-тәсілдерді құбылта пайдалану арқылы деректі, оқиғаны соншалықты жанды, әрі әсерлі тыңдарманына жеткіэуге қабілетті. Оның үстіне, қазір тікелей эфир тәсілі, яғни «жанды» эфир тәжірибеде кең қолданыс табуда. Мұның өзі журналистке көп артықшылық береді, әсіресе интерактивті режимде диалогтар құрып, шексіз импровизация жасауға, сөзді тауып айтуға, тыңдарманды қызықтыруға, бірге қуанып, күйінуге, сөйтіп, эмоциялық ахуалды күшейтуге ешкім шектеу жасай алмайды. Эфир уақытын дұрыс пайдалансаң, өзіңнің бағың, танымалдығың артып, рейтингің өседі, кәсіби білігің мен эмоциялық күйің нашар болса, уақытты зая кетіргенің, тыңдарманды жоғалтқаның. Эфир заңы, осындай қатал.

2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. Сонымен бірге, радионың өзі де басқа өнер салаларынан көп жайды үйреніп, әдіс-тәсілдерін байытты, рухани, мәдени және эстетикалық құндылықтарды бірге меңгерді. Радио арқылы небір үздік спектакльдер, актер үндері жазылып, «Алтын қорда» сақталды. Қазір де радиода жиі әні естілген сайын әншілердің танымалдығы арта түсуде. Бұдан шығатын қорытынды, радио өзінің эстетикалық дамуында басқа өнер салаларымен бірге өсті, осындай бірлікте аудиториясы кеңейді және биік талғамы қалыптасты.Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер меи жанрлар дерлік түрленген радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радиопоэмалар, фельетондар мен очерктер, трагедиялар, психологиялық драмалар, комедиялар, фарс пен радиоцирк, тіпті радиобалет әр жылдары эфирге тарап тыңдарман қиялын шарпығанын қалай ұмытармыз. Қазір де «ауызша радио естеліктер», «дыбыстық кітап» дегендер кездесіп қалады.Сөйтіп, радио өзінің көп жылғы тәжірибесінде басқа өнер салаларын насихаттап қана қойған жоқ, сонымен бірге жеке дара өмір сүре алатын қабілеттілігін, өзгелермен тең екендігін, шығармашылық әдіс-тәсілдерінің сан қырлы екендігін дәлелдеді.Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақгар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларлы әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады

36) Бүгінгі радиожурналист эфирдегі бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп, өзгеше табиғаты - акустикалық ерекшелігіне қанық болуы аса қажет. Себебі, Эстония ғалымдарының зерттеулері бойынша радиохабарлардың көпшілігіне тән олқылықтар осы ерекшелікті білместіктен, немесе оған дұрыс мән бермегендіктен туады екен. Радиохабардың бейнелеу құралдары аз зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер аз емес. Мысалға алғашқы кезде оның дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа, келесі зерттеушілер бейнелеуші құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге тырысты. /А.А. Музыря/. Ал, Ю.Д. Баранеевич сөз бен музыка-негізгі, шулар-қосалқы құралдар деп қарастырады. Біздіңше, радионың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топқа - құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен шу және музыка кіреді. Бұлар - табиғи бейнелеу құралдары. Екінші топқа - техникалық бейнелеу құралдары: түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді жылдамдату, баяулату т.б. жатады. Радиожанрларын зерттеуші В.Н. Ярошенко да осы бағытты ұстайды. Мәселен, сөз бен монтажды қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті шамалы. Өйткені, олардың табиғаты да, радиохабарындағы орны мен ролі де екі бөлек, ерекше. Сол сияқты бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес. Мысалы, радиоочерктің идеясын тек музыка мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Яғни өзінің түрлі дыбыстық эффектілерімен негізгі идеяны толықтырып, дамытып отырады. Сонымен, бұл бейнелеу құралдары /музыка мен шу/ сөзге бағыныңқылы. Дәлелдеу үшін екі команданың арқан тартысы жарысынан жүргізілген репортажда бейнелеу құралдары қалай қызмет бөліскендігіне тоқталайық. Хабардың басында репортер немесе диктор түсініксіз шуларды ұғындыратын қажетті сөздерді айтады. Әрі қарай оның фонында естіліп тұрған шулар сюжет желісін жалғастырып кетеді. Ондай кезде комментарий беру де міндет емес. Қайта тартыс кезіндегі табиғи шу арқылы “көріп”, тамашалап отырған тыңдаушының елестету творчествосы іске қосылады. /Егер осы жарысты телевизиядан берсе, көрініс нақты болғандықтан көрерменнің қиялы, фантазиясы өз-өзінен сейіліп, жұмыс істеуді қояды, ой еріншектігі басады. М.Баринов/. Жарыстың аяқталғанын оркестр орындауында туш жеткізеді. Бірақ қай команданың жеңгенін, қандай жүлде алғанын репортердің сөзінсіз анық білу мүмкін емес. Ендеше, радиохабарындағы музыка мен шу автор идеясын өз бетінше толық жеткізе алмайды. Тіпті олардың түсініксіз дыбыстар жиынтығы ғана болып қалуы әбден мүмкін. Олай болса, радиода да негізгі рольді адамдардың қатынас құралы - сөз орындайды. Ал, музыка мен шу тек сөзбен байланысты ғана өз міндетін атқара алады екен. Әрине, бұл эфир журналистикасындағы музыка мен шудың қызметін бағаламау немесе шектеу деген сөз емес.

37)Қазақ радиосы – Қазақстан тұрғындарына, ТМД елдерінде және шет елдерде тұратын қазақ тыңдармандарына хабар тарататын радио желі. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радио станциялаы арқылы таратылады. Қазақ радиосы қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, Әзірбайжан, түрік, корей, татар тілдерінде хабар береді. Ол жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады. Ұлттық ақпараттық-музыкалық “Шалқар” бағдарламасы жұмыс істейді.Республиклық радио хабары 1931 жылы 4 мамырында өлкелік “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” радио газеттерінің алғашқы нөмірлерінің мақалаларын берумен басталды. Оның 60-тан астам қоғамдық-танымдық, жиырмаға жуық музыкалық ойын-сауық бағдарламасы бар (2003) Қазақ АССР Халық комиссарлары Кеңесі 1921 жылдың 29 қыркүйегінде Республикалық радиохабарларын таратуды құру жөнінде шешім қабылдады. Қазақстанның сол кездегі астанасы - Орынбор қаласынан 1921 жылдың қазан айынан бүкіл Республикаға трансляция беріле бастады.

Бүгінде хабарларын тәулік бойы тарататын Қазақ радиосы – еліміздің ең ірі ақпарат жүйесі. Ұлттық арна республика радиотыңдаушыларының көп бөлігін қамтып қана қоймай, одан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралас аймақтарына жетеді. Сондай-ақ, «Шалқар» Ұлттық арнасының хабарлары еліміздің ірі қалаларына таратылады. Ал, қазіргі кезде интернеттегі http://kazradio.kz сайтымыз арқылы әлемнің кез келген түкпірінде Қазақ радиосының хабарларын онлайн режимінде тыңдауға болады.Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету - Ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді-мекендердің барлығына, алыс түкпірлерге шапшаң жеткізу міндеті тұр.Қазақ радиосы жас мемлекеттің құрылысы мәселесіне жете көңіл бөліп келеді. Мұнда ең әуелі жаңа жұмыс орындары, отандық өндірістің дамуы, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес мәселелері, Қазақстан экономикасының ілгері басуы және отандастарымыздың тұрмыс-жағдайының жақсарып келе жатқандығы жан-жақты қамтылады. Радио Қазақстан халқының достығын нығайту мақсатында қазақ, орыс, неміс, корей, ұйғыр, Әзірбайжан, түрік және татар тілдеріндегі бағдарламалары әуе толқынына шығады.Электронды БАҚ қатарында Қазақ радиосы көрнекті орын алады. Радио ұжымы әр сағаттың басында берілетін жаңалықтар топтамасына айрықша көңіл бөледі. Тыңдаушылар арасында күн сайын қазақша және орысша берілетін таңдамалы бағдарламалар, Қазақстанда шығатын газеттер мен журналдарға жасалатын шолулар кеңінен танымал. Бүгінгі таңда Қазақ радиосы өзінің форматы жағынан тақырыптық бағдарламаларды жүргізетін республикадағы бірден-бір радиостанция.Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді.

38)

39) Таспа жылдамдығы мен түріне байланысты 15 минутқа дейін 3 сағат болып табылады, 2,4 немесе 1,2 см/с жылдамдығы, жазу уақытта өндірілген жазу сөйлеу диктофондар microcassettes көпшілігі дауыс жазу автономды энергетикалық электрохимиялық ұялы А.А. және ААА 1-2 элементтерін, г, ондаған немесе жүздеген батареяларды салмағы (мысалы OLIMPUS L400, 90 г) қамтамасыз етеді және өлшемдері рекордері оларды орналастырылуы мүмкіндік береді киімінің ішкі қалтасынан. Металл корпусының рекордері және қосымша тұрғын үй-экран айтарлықтай электромагниттік сәулелену коммутатор қозғалтқыш әлсіретуге, бірақ см ондаған қысқа қашықтықта оны анықтау жоққа шығармаймыз. Сандық диктофондар таспа жетегінің механизмі жылы жоқ, және жартылай өткізгіш жады құрылғысына өндірілген цифрлық нысанда дауыстық ақпаратты жазу. IC магнитофон таспа тетігін болмауы акустикалық шу жояды, бірақ айқын жоғары радиациялық серпін маска оның Қосымшалар сағат ұқсас-сандық құрылуы және жартылай өткізгіш жады жинақталатын ретінде.

40) Бүгінгі күнде дамыған мемлекеттер қатарындағы елдерде сандық радиохабар тарату технологиясына көңіл бөлінуде. Оның кәдімгі аналогтық радиохабардан немен ерекшеленетінін көрейік: Компьютерде дыбысты өңдеу тәжірибесі күн өткен сайын толыға түсуде және бұл бағытта мыңдаған адамдар ізденістер жүргізіп, жаңа мүмкіндіктерді ашып, бар технологияны жетілдіруде, көптеген арнайы мектептер мен жоғары оқу орындары мамандар даярлау ісімен айналысуда. Болашағы зор нарық ретінде де қалыптасып үлгерді.Радиотехнологиялар да бір орнында қалып қоймай күнделікті даму үстінде. Соңғы кезде ол жаңа бір технологиялық секіріс жасады. Бұған дейін радио ҒМ диапазонына көшуіне байланысты дыбыс сапасы едәуір жақсарып, жаңа деңгейге көтерілген еді. Болашақта барлық радиохабарларын тарату цифрлы форматқа көшпекші. Бұл үрдіс шетелдерде жаппай қолға алынуда. Мұндай жағдайда цифрлы радиоқабылдағыштар арқылы қазіргіден жоғары сапалы тіпті ауқымды естілетін дыбыс сапасына қол жеткізуіміз мүмкін. Шағын ғана радиоқабылдағыш құралдар сізді қай жерде жүрмеңіз ақпаратпен қамтамасыз етіп, болып жатқан оқиғаларды, ауа райын, ақша бағамдарын біліп отырасыз және сазды музыкалық шығармаларды тыңдайсыз.Интернет арқылы радиотаратудың да кең колданысқа енетіндігі сөзсіз. Қазір оның екі мүмкіндігі бар. Оның біріншісі, реал-аудио яғни нақты уақытпен жер шарының кез келген нүктесіндегі әуе толқынына тарап жатқан станцияларды тыңдау. Екінші, веб-серверлерде сақталған радиохабарларын тыңдау, Оларды тікелей, болмаса өз компьютеріңізге көшіріп алып тыңдауга болады. Осыған байланысты өз радиохабарларыңды Интернет арқылы тарату қаражат шығынын талап етпейтін мол мүмкіндік ашады. Кез келген журналист, музыкант Интернетке өз хабарларын орналастырып, ешқандай радиожиілік сатып алмай-ақ, тендерге қатыспай-ақ хабар тарата алады.

Осы жұмыстарды атқаратын компьютерлік бағдарламалардың сипаты төмендегідей:

Ең көп тарағаны музыкалық редакторлар болып табылады, олар қарапайым дауыс жазудан бастап, монтаждау, жекелеген эффектілерді қолдану сияқты кең ауқымды шараларды компьютерде атқаруға мүмкіндік береді. Солардың қатарында, Аdobe Аudition, Сооl Еdit WaveLab Sound Ғогgе бағдарламалары кең тараған. 8аmplitude Маster бағдарламасы көп араналы дыбыс жазуға, әр арнаны жеке өңдеуге және соның барлығын біріктіріп тұтас музыка, не хабар жасауға көмектеседі.Көп арнаны жазудың артықшылығы әрқайсысын жеке өңдеп, сан рет өзгертуге болатындығы, ал нәтиженің басқа жолдарға әсер етпейтіндігі. Осындай тәсілмен көбіне музыкалық аранжировка жасалады, яғни музыка мен дауысты сәйкестендіру, деңгейлестіру жүзеге асырылады, минусовкалар, фонограммалар даярланады. Мұндай музыкалық құралдар МIDI редакторлар деп аталады. Оның бір мысалы, Cakewalk бағдарламасы.Компьютерде дүниеге келген музыкалық шығарманы нотаға түсіретін арнайы Finale сияқты бағдарламалар да бар, онда компьютер өзі әуеннің ырғағын, жиіліктерін, деңгейін бағалап нота сызығына түсіреді, қағазға бастырып алуға мүмкіндік жасайды.Ең алдымен дыбыс сапасындағы ерекшелік көзге түседі, естілуі ешқандай кедергісіз әрі айқын. Сандық технологиямен жасалатын радиохабарларының тағы бір артықшылығы – қозғалмалы радиоқабылдағыштарға келетін сигналдың сапалы болуы. Оның үстіне сандық радиоқабылдағыштар сигналдардың ішіндегі күштісін автоматты түрде таңдай алады. СРХ-ға (сандық радиохабар) қоса «радиомультимедия» түріндегі хабарлар да жүреді. Олар тыңдарманға қосымша ақпаратты радиоқабылдағыш дисплейіне береді. СРХ компьютерлермен және ұялы телефондармен де тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде радиоқабылдағыштар мен GPS және ГЛОНАСС сияқты іздестіру жүйелері толқындардың бір диапазонында жұмыс істейді. Бұл мүмкіндіктің автомобилистерге тигізер пайдасы зор. СРХ-ын бір-біріне кедергісіз сандық қабылдағыш та, ескі аналогты қабылдағыш та қабылдай алады. Қазір СРХ-ға байланысты көптеген технологиялар дайындалуда. Оның біреуі — американдық Command Audio компаниясының жеке (персональді) радио технологиясы. Яғни, тыңдарман қажетті ақпаратты өзіне ыңғайлы уақытта ала алады. СРХ мен ұялы телефондардың тығыз байланысып дамуы көзге түседі. Ұялы телефондардағы барлық мультимедия файлдарының жіберілуі мен қабылдануы осы СРХ арқылы іске асады. Оның себебі — СРХ-ның ақпарат тарату жылдамдығының айтарлықтай үлкен болуы (2 Мбит/с).

Наши рекомендации