Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 8 страница

«ӨМIР ҮЙI» - ежелгi египеттiктер медицина мектебiн осылай атаған.

«ӨТКЕНДI ҰМЫТПА, ОЛ - БОЛАШАҚТЫҢ ҰСТАЗЫ» - қытай мәтелi. Қытайлықтар өз елiнiң тарихын бiлуге құмартты, сондықтан олар өз заманының тарихшыларының шығармаларын қайта көшiрiп, ұрпақтарға қалдырып отырды.

П

«ПАНАМА» - лауазымды адамдарды парамен сатып алуға байланысты iрi алаяқтық әрекетті бiлдiретiн бейнелi сөз. «Панама» деген термин Панама каналын қазу жөнiндегi француз компаниясының 1889 жылы күйреуiне байланысты және осы күйреу арқылы бiрқатар саяси қайраткерлер мен газеттердiң сатылғандығын әшкерелеу шатағымен байланысты туды.

Бұл қанатты сөз пара алушылық туралы айтқан кезде қолданылады.

ПАРИЖ КЛУБЫ – 1962 жылы Парижде Халықаралық валюта қоры мен қарыз, несие туралы Бас келісім орнатқан «Топтар-10» (Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Нидерланды, АҚШ, Германия, Франция, Швеция және Швейцария) айналасына шоғырланған қарыз-беруші мемлекеттердің бейресми бірлестігі. Қазір құрамында 19 мемлекет бар.

ПАРНАСҚА АПАРАТЫН БАСПАЛДАҚ - Парнас Аполлон мен Муздың жүрген жерi, яғни «өнер сүйер адамның шығатын жолы» деген мағынада қолданылады.

ПАРТИЯ ҚАЙДА БОЛСА – ЖЕҢIС СОНДА – Кеңес Одағы коммунистiк партиясына деген ерекше iлтипатттан пайда болған сөз.

Бұл Б.Байқадамов пен Е.Брусиловскийдiң «Бейбiтшiлiк туы берiк қолда» деген әнiнен алынған:

«Барлық халық, бақыт үшiн,

Тартқан алға, алға.

Бiздiң ту - Совет туы, берiк қолда,

Партия қайда болса,

Партия қайда болса –

Жеңiс сонда, Жеңiс сонда, Жеңiс сонда.»

ПАТРИОТТАР ОЙЫНЫ –американ жазушысы Том Клэнсидің (1947 жылы туған) халықаралық терроризммен күрес туралы детективтік романының аты.

ПЕТРБОР - Петербург қаласын қазақтар осы ғасырдың басында өздерiнiң астанасына ұқсатып (Орынбор) Петрбор деп атаған.

«Мысалы, Бекет өлеңiн алсаң мұның iшiнде аталатын «Орынбор, Петрбор» деген қаласы бар».

(М.Әуезов, Әдебиет тарихы, 147 бет, Алматы, 1991 жыл).

ПИРРДIҢ ЖЕҢIСI– бұл қанатты сөз Эллиндiк дәуiрдiң талантты қолбасшысы Пиррдiң есiмiмен тығыз байланысты.

Рим әскерлерi мен Пирр әскерлерi арасындағы шайқас кезiнде ол 15 мың адамынан айрылсада да, жеңiске жеттi. «Ендi осындай бiр жеңiс болса, мен әскерiмнен түгел айрыламын», -дедi Пирр.

«Пирр жеңiсi» деген қанатты сөз құрбандықты көп талап ететiн күманды жеңiс туралы айтқан кезде қолданылады.

ПЛАТОНДЫҚ МАХАББАТ - сезiмге емес, тек қана жан, рухани ойға негiзделген махаббат. Ол Платонның атымен (шамамен 427-347 жылдар) байланысты.

Бұл сөздi алғаш рет Павзаний өзiнiң «Пир» деген диалогында үлгiлi махаббат ретiнде мысалға келтiрдi.

«ПЛАТОН МЕНIҢ ДОСЫМ, БIРАҚ ШЫНДЫҚ ОДАН ДА ҚЫМБАТ» – Аристотельдiң аузынан шыққан қанатты сөз. Шындықтың достықтан да қымбат екенiн бiлдiру үшiн қолданылатын бейнелi сөз.

ПОНТИЙДАН ПИЛАТҚА ЖОЛДАУ – сұрақ қойған адамның сұрағына жауап қатпай, басқаға жолдау деген мағына беретін бейнелі сөз. Шын мәнінде «Понтий Пилат» бір ғана адамның аты-жөні болатын.

ПЛЕБЕЙ - қала кедейлерiнiң қалын тобын орта ғасырларда осылай атаған. Жанама мағынасында - «халықтан шыққан адам» деген ұғымды бiлдiредi.

ПРАЙД ТАЗАЛАУЫ - 1646 жылы Англияда Азамат соғысы аяқталған соң, парламент армияны тарату жөнiнде шешiм қабылдады. Оны сезiп қалған полковник Прайд 1648 жылы парламенттi қоршап алып, онын мәжiлiсiне депутаттарды жiбермей қойды. Беделден айрылған депутаттар парламенттен қуылды. Осы әрекет тарихта «прайд тазалауы» деген атпен белгiлi болды.

«ПУАНКАРЕ-СОҒЫС» - 1913 жылы Р.Пуанкаре АҚШ президентi болып сайланды. Ол Германияға қарсы қарымта қайтару соғысын уағыздағаны үшiн «пуанкаре-соғыс» деген атақ алды.

«ПЫСЫҚТАУ, ҚАЙТАЛАУ - БIЛIМ НЕГIЗI» (Repetito est mater studiorum) - латын мәтелi.

Р

РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ АЛГЕБРАСЫ - А.И.Герцен Гегельдiң философиясына анықтама бергенде, оны «революцияның алгебрасы» деп бағалаған.

«РЕВОЛЮЦИЯЛАР – ТАРИХТЫҢ ЛОКОМОТИВТЕРI» - К.Маркстiң «1849 жылғы 13 шiлденiң салдары» деген мақаласында: «...Ал шаруалар табының сайлау құқын пайдаланған кезде алған тәжiрибенiң тiлi, революцияның екпiндеп дамуында шаруаның үстiне бiрiнен соң бiрi құйылған түңiлушiлiктер тiлi бәрiнен де гөрi түсiнiктi сөйледi. Революциялар - тарихтың локомотивтерi». (К.Маркс, Ф.Энгельс, Шығармалары, Т.1, 282-бет, Алматы,1976).

«РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ ТЕРРОР» - Париж Коммунасы өзi құрылған күннен бастап iшкi жаулармен күресуiне тура келдi. Сол жағдайдың ерекшелiгiне байланысты және жаулардың әрекеттерiне жауап ретiнде орынды әрi қажеттi деп табылған «революциялық террор» iске асырылды. Тарих бұдан басқа «ақ террор» мен «қызыл террорларды» да бiледi.

РЕВОЛЮЦИЯНЫҢ ДАУЫЛПАЗЫ - М.Горькийдiң «Дауылпаз туралы жыр» атты шығармасы жарыққа шыққан соң пайда болған бейнелi сөз. Дауылпаз - iрi теңiз құсы. Ол ауа-райы жайсыз күндерi, қатты желге қарсы ұшуды аңсайды. Құстың осы қасиетi М.Горькийдiң шығармасына арқау болған. Шығарма жарық көрген соң, дауылпазды революция символы ретiнде қабылдай бастады, ал М.Горькийдi «революция дауылпазы» деп атады.

Бұл қанатты сөз газет беттерiнде, публицистикада алдыңғы қатарлы революциялық идеялар үшiн күресушi адамды бейнелеу үшiн қолданылады.

РЕЛЬССIЗ ТРАМВАЙ - 1933 жылы Мәскеу қаласында тролейбустар пайда болды, оны халық осылай атады.

«РЕСЕЙ ҰЛАН - БАЙТАҚ, БIРАҚ ШЕГIНЕРГЕ ЖЕР ЖОҚ - АРТЫМЫЗДА МӘСКЕУ» - 1941 жылдын 16 қарашасы күнi Волоколам тас жолы бағытында таң сәрiде ауыр шайқас басталды. Клочков бастаған рота ұрыста немiстiң 18 танкiсiн қиратты. Бiрақ күш тең емес едi. Тағы да жау танкiлерi қаптап келе жатты. Сол сәтте ротаның саяси жетекшiсi В.Г.Клочков жауынгерлердi жiгерлендiру үшiн осы сөздi айтты.

«РЕСЕЙ ҮШIН ОРЫС ТАРИХЫН АШТЫ» - Н.М.Карамзиннiң(1766-1826) «Ресей мемлекетiнiң тарихы» атты кiтабын жарыққа шығарған кезде, ол туралы А.С.Пушкин осылай деген болатын.

«РИМДЕ ЕКІНШІ БОЛҒАННАН, АУЫЛДА БІРІНШІ БОЛҒАНЫМ АРТЫҚ» –рим императоры Юлий Цезарь (б.э.д. 100-44 жылдар) Альпі тауынан асқан кезде жағдайы нашар бір ауылға тап болады. Жолдастары оған «атақты адамдар осындай жерге бола даңқ қуып, бір-бірімен жарысып бас араздығына келіп жатады», - дейді. Сол кезде Цезарь бар ынтасымен «Маған келетін болсақ, Римде екінші болғаннан осы жерде бірінші болғанды қалар едім» деп жауап береді.

Ауыспалы мағынада белгілі бір адамның өмірлік мұраты туралы сөз болғанда немесе өз табыстарына амалсыздықтан риза болған, өзін-өзі жұбатқан адам туралы айтқанда қолданылады.

РОБИН ГУД –басқыншыларға қарсы күресте кедейлер мен халықты қорғаған халық батыры. Оль туралы В.Шекспирдің, В.Скоттың шығармаларында кездеседі.

Ауыспалы мағынада байларды тонап, олардан алынған заттарды кедейлерге үлестіріп беруші деген мағынада қолдданылады.

РОДОС МІНЕ, ОСЫ ЖЕРДЕН СЕКІР – Эзоптың «Мақтаншақ» атты шығармасынан алынған бейнелі сөз. «Родостың үстінен секіре аламын деп мақтанғаннан гөрі, одан секіріп көрсету қажет».

РУХ АРИСТОКРАТИЯСЫ - өзiнiң мәдени дамуы жағынан өзiн басқалардан жоғары қоятын адам туралы айтқанда қолданылатын бейнелi сөз.

Авторы - немiс жазушысы Г.Стеффенс (1773-1845).

С

САБАН ТОЙ – егінді орып, бастырып болғаннан кейін өткізілетін мереке.

Әдеті Дағыстанның болған салты,

Жылында – егістен соң барлық халқы,

Жиналып бір тамаша өткізеді,

Сабан той аталатын мұның аты (И.Байзақов).

САН-СУСИДЕН ШЫҚҚАН ФИЛОСОФ – Пруссияның 1740 жылдан королi 11 Фридрих(1712-1786) Сан-Суси замогын жақсы көргендiктен, оған көп келетiн. Кейiн оның «Сан-Сусиден шыққан философтың шығармасы» атты жинағы жарық көрдi.

«САПАРЫҢ ОҢ БОЛСЫН, АУЫЗ СУЫҢ МОЛ БОЛСЫН» - Ежелгi Грецияда достарын жолға шығарып саларда «сапарын оң болсын, ауыз суың мол болсын» деп тiлек айтады екен.

Өйткенi онда жылдың қыстан басқа мезгiлiнде бұлтсыз аспанда күн нұрын шашып тұрғандықтан, өзендерi кеуiп қалатын болған.

САРЫ БАСПАСӨЗ (Желтая пресса) – АҚШ-та қалыптасқан «сапасы төмен, өтiрiк, арзан да түкке тұрмайтын оқиғаларды жазатын баспасөз» деген ұғым.

Шығу тарихы: 1895 жылы американ суретшi-графигi Ричард Оутколт Нью-Йорктегi «Те Уорльд» газетiнiң бетiнде әзiл-шыны аралас әңгiме-суреттер басты. Осы суреттердiң басты кейiпкерi сары көйлек киген бала болатын.

Бiршама уақыттан соң, осындай суреттi «Нью-Йорк журналы» да баса бастады. Кейiн осы екi газет арасында «сары көйлек киген балаға» тартыс болды.

Осы қақтығыс туралы 1896 жылы Э.Уордмен мақала жазды да, екi газеттi де жалпы атпен - «сары баспасөз» деп атады.

«САЯСИ ОЙ-АҒЫМЫ РЕТIНДЕ ЖӘНЕ САЯСИ ПАРТИЯ РЕТIНДЕ БОЛЬШЕВИЗМ 1903 ЖЫЛДАН ӨМIР СҮРIП КЕЛЕДI» - В.И.Лениннiң «Коммунизмдегi «солшылдыктың» балалық ауруы» атты шығармасынан алынған бейнелi сөз.

СЕМИРАМИДА БАҒЫ - Бабыл қаласында Ассирия патшасы Семирамида әлемнiн жетi кереметiнiң бiрiнен саналатын - аспалы бақ салдырды.

Ауыспалы мағынада: «ерекше бiр ғажайып» деген мағынада қолданылады.

«СЕМСЕРЛЕРIМIЗ БЕЛБЕУДЕ АСУЛЫ ЖҮРЕДI» - 1520-1566 жылдары Осман империясын құдiреттi І Сүлеймен сұлтан басқарды. Оның басып алған аумақтарында үлкен империя құрылды. Соғыс түрiк феодалдарының баюының көзi болды. Сондықтан да ол: «Күндiз-түнi бiрдей бiздiң атымыз ерттеулi тұрады, семсерлерiмiз белбеуде асулы жүредi», - дедi.

СЕМСЕРДЕН СОҚА СОҒЫП, БЕЙБIТ ӨМIРДI БАСТАУ (Перековать мечи на орала) - Библиядан алынған қанатты сөз. Мағынасы: жаугершiлiк пен соғыстан шаршаған халықты, бейбiт өмiрге оралту үшiн айтылатын, яғни «семсердi еңбек құралына айналдырайық» дегендi бiлдiретiн сөз.

1957 жылы Е.Вучетичтiң Нью-Иорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб-пәтерiнiң алдында орналасқан «Бостандық» ескерткiшi осындай символды меңзейдi.

СЕНБІ АДАМДАР ҮШІН, АДАМДАР СЕНБІ ҮШІН ЕМЕС – Иисустың сөзі. Еврей халқының ескі заңы бойынша сенбі күні адамдар жұмыс істемеуі тиіс болатын.

«Адамның игілігіне қарсы заңдарды орындамауға болады» деген ойды білдіру үшін қолданылады.

«СЕН ӨЗ ЕРКIҢМЕН ЖАЗЫЛДЫҢ БА?» - 1918 жылы суретшi С.Мордың осы плакаты жарық көрдi. Автор Кеңес өкiметiнiң адамдарының қол жеткен табыстарын қорғау үшiн жауға қарсы күреске аттануға шақырды.

«СЕН ТОСТАҒАНДЫ ОСЫЛАЙ IСТЕГЕНСIҢ» - Франктер әдеттегiдей соғыстан түскен олжаны бөлiсiп жатқан кезде, король Хлодвиг аса қымбат бағалы тостағанды өз үлесiне берудi сұрады. Сол кезде бiр батыл жауынгер топтан шығып, тостағанды шауып қақ бөлдi де: «Сен тек жеребе бойынша тиген нәрседен басқа ешнәрсе ала алмайсың», - дедi. Король iштен тынды, әйтсе де кек алуды ойлады.

Бiрнеше айлардан кейiн батыл жауынгердiң қаруының күтiмi нашар деп кiнә тағып, айбалтамен оның басын қақ айырып, осы сөздi айтып, айқайлап жiбердi.

«СЕНIҢ СӨЗДЕРIҢНЕН МАЙДЫҢ ИСI АҢҚЫП ТҰРАДЫ» - данышпан Демосфен туралы айтылған сөз. Өйткенi ол, «сөйлейтiн сөзiн күнi бұрын жазып алып, жаттап алатын; шамның жарығымен түнi бойы дайындалатын, әрбiр сөзiн мұқият ойлап пiшетiн». Сондықтан оны дұшпандары шабыты мен табиғи қабiлетi жоқ деп кiналайтын да, осы сөздi айтып келеке қылатын.

СИЗИФТIҢ ЕҢБЕГIНДЕЙ (Сизифтiң тасы) – «ауыр да бiтпейтiн, зейнетi жоқ жұмыс» деген мағынада қолданылатын қанатты сөз. Грек мифологиясынан алынған.

Сизиф патшаны құдайларға тiл тигiзгенi үшiн Зевс құдай мәңгi азапқа салуға бұйырды. Сөйтiп ол үлкен тасты тауға сүйреп шығуға тиiс болды. Әрине, ол тасты қайта-қайта төменге құлатып алатын.

Бұл сөз алғаш рет рим ақыны Прокерцийдiң шығармаларында колданылды.

«СОҒЫС АТАУЛЫНЫ БӘРI САЯСАТТЫҢ ТЕК ӨЗГЕ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖҮРГIЗIЛЕТIН ЖАЛҒАСЫ» - прусс әскери теоретигi Карл Клаузевицтiң (1780-1831) «Соғыс туралы» атты шығармасынан алынған қанатты сөз.

СОҒЫС БІТКЕН КҮНІ КЕШКІ САҒАТ АЛТЫДА (В шесть часов вечера после войны) – чех жазушысы Я.Гашектің (1883-1923) «Сайыпқыран солдат Швейктің бірінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі басынан кешкендері» (1923) романының басты кейіпкері Швейк өз достарына осылай деп арнау айтып, кабакқа шақырады.

Бітпейтін тұрған мәселеге қатысты алдын ала дәл мерзім белгілеу деген мағынада қолданылады.

СОҒЫСТЫҢ ЖАНЫ (Nezvw belli) – соғыс жүргiзу үшiн ең қажеттi нәрсе - ақшаны - осылай атаған. Данышпан қолбасшы Н.Бонапарттың «Соғыста жеңу үшін үш-ақ нәрсе керек: ақша, ақша және ақша» дегені де бекер емес-ау.

«СОҒЫСТА ЖЕҢУ ҮШІ ҮШ-АҚ НӘРСЕ КЕРЕК – АҚША, АҚША ЖӘНЕ АҚША» – Н.Бонапарттың сөзi.

«СОҒЫС ДЕГЕНІМІЗ ӨТЕ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕ, СОНДЫҚТАН ОНЫ ГЕНЕРАЛДАРҒА СЕНІП ТАПСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ» – Н.Бонапарттың сөзi.

«СОЛДАТ-ИМПЕРАТОРЛАР» - Ежелгi Римде II ғасырда өкiмет басшысы өте тұрақсыз болды. Легионерлер кiм көп ақша берудi уәде етсе, соны император қылды. Олар оны «солдат-императорлар» деп атады.

«СОЛДАТТЫҢ АНАСЫ – РОССИЯНЫҢ АНАСЫ» -даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының бейнелі сөзі. Ол мұны өзіне берілгелі тұрған пәтердің басқаға тиесілі екендігін байқап, одан бас тартып, пәтерді бұрыңғы иесіне қайта бергізеді.

- Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

- Ол солдаттың анасы ғой. Солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе? Солдаттың анасы – Россияның анасы. Енді ұғынықты ма сізге? (Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог, «Жазушы» баспасы, 1992 жыл, 30-бет)

СОЛОМОННЫҢ СОТЫ - «әдiлқазылық, тез және данышпандық шешiм қабылдау» деген мағынада қолданылатын Библиядан алынған қанатты сөз.

Бiрде Соломон патшаның алдына екi әйел келiп шағым айтты. Бiрi:-Бiз бiрге тұрамыз. Бiрде мына әйел өз баласын абайсызда өлтiрiп алып, оның орнына менiң баламды алып қойды, - дедi. Ал екiншiсi оны терiске шығарды. Сонда Соломон қолына қылышты алып тұрып: «Екеуiне бала керек екен. Олай болса, қақ бөлiп берейiн», - деп қылышты көтере бергенде, баланың нағыз шешесi:- Өлтiрмеңiз, соған-ақ бара қойсын, - дедi. Ал екiншi әйел болса: - Маған да болмасын, оған да болмасын, өлтiре берiңiз, - дедi.

Соломон әдiл шештi. Бала туған шешесiне қайтарылды.

СТОЛЫПИННIҢ ГАЛСТУГI - «дар ағашы» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз.

1907 жылдың 17 қарашасында министр П.А.Столыпин 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалысқа қатысқандарды жазалау үшiн қатаң жазалар қолдану туралы заң ережелерiнiң нұсқасы туралы баяндама жасады. Қатаң жаза - өлiм жазасы болатын.

СОҢҒЫ ҚЫТАЙЛЫҚ ЕСКЕРТУ –1958 жылы 7 қыркүйекте Қытай Үкіметі Тайванға қатысты АҚШ Үкіметіне ескерту жасады. 1960 жылдың орта шенінде ескертулер саны 400-ге жетті. Ескерту талабының орындалмау себебі сол уақытта Қытай АҚШ-қа күш көрсетуге әлсіз болатын.

CӨЙЛЕУ – КҮМІС, ҮНДЕМЕУ – АЛТЫН – А.Риварольдың «Революцияның ұлы тұлғаларының кішкентай сөздігі» атты кітаптан алынған сөз. Көп жағдайда, үндемеген үйдей бәледен құталытын шындық қой.

СҰРАЙ-СҰРАЙ КИЕВКЕ ДЕ ЖЕТЕРСIҢ (Язык до Киева доведет) - ерте заманда Киев «орыс қалаларының анасы» саналған. 988 жылы Киев Русi христиан дiнiн қабылдаған соң, онда iрi шiркеулер салынды. Оған жер-жерден адамдар ағылып келе бастады. Оның жолын бiлмейтiндер қалаға сұрай-сұрай жететiн едi.

СҰР КАРДИНАЛ (Серый кардинал) –XVII ғасырда кардиналь Ришельенің (1585-1642) көмекшісі капуциндік монах Жозеф Франсуа де Клерк дю Трамбей әкейді сұр кардинал деп атады, ол кардиналдың оң қолы болып, өзі көрінбесе де, оған көп көмек жасады. Жозеф әкей негізінен сұр матадан тігілген киім киетін болғандықтан «сұр кардинал» аталды, ал Ришелье алқызыл матадан тігілген кардинальдық мантия киетін. Әдетте Король жанындағы кеңесті басқарған Ришельні де сұр кардинал деп атаймыз, ол XII Людовик тұсында корольге ықпалы зор болып, шын мәнінде Францияны басқарды.

Басқа мағынада нақты басшының орнына шешім қабылдап, оған оң ықпал жасап, әсер етіп отыратын тұлғаны айтамыз.

СҮЛЕЙМЕННІҢ ЖҮЗІГІНДЕЙ – «ерекше бір күші бар зат» деген ойды білдіргенде қолданылатын бейнелі сөз.

«Ол тастың Сүлейменнің жүзігіндей, Мұсаның асасындай, Дәуіттің қоржынындай қасиеті бар».

«СУ ЖОҚ ЖЕРДЕ, ЖЕР ДЕ ЖОҚ» - VІІІ ғасырда құрылған Араб халифатында егiншiлiкпен тек суарылған жерде ғана шұғылдануға болатын едi, сондықтан да оларда «су жоқ жерде, жер де жоқ» деген сөз тарап кеттi.

«СІЗ САЯСАТПЕН АЙНАЛЫСПАСАҢЫЗ БОЛАДЫ, АЛАЙДА САЯСАТ СІЗБЕН ӨЗІ АЙНАЛЫСАДЫ» –француз жазушысы және саяси қайраткері Шарль Форба де Трион де Монталамбердің (1810-1870) сөзі. Мағынасы: саясаттан тыс болуға болмайды, егер сіз сайлауға бармасаңыз, онла сіз саясаттың объектісіне айналасыз.

СФИНКС ЖҰМБАҒЫ - «өте күрделi, әрi қиын, аскан алғырлық пен ақылдылықты қажет ететiн мәселе» деген ойды бiлдiретiн бейнелi сөз.

Грек мифологиясынан алынған: Сфинкстiң кеудесi мен бетi -әйелдiкi; денесi - арыстандiкi; қанаты құстiкiндей адам бейнелi алып жануар. Ол Фиваны мекендеп, жергiлiктi тұрғындарға жұмбақтар айтып отырған. Егер әлдекiм жұмбақты шеше алмаса, өлтiрiлген. Бiр күнi Сфинкс Фив патшасы Эдипке мынадай жұмбақ айтты: «Таңертең - төрт аяқтап, күндiз - екi аяқпен, ал кешке үш аяқпен жүретiн кiм?». Сонда Эдип: «Бұл - адам, ол таңертең, яғни балалық шағында еңбектейдi; ал күндiз, яғни есейген шағында екi аяғымен жүредi; ал кешкiлiк, яғни картайғанда сүейнiш үшiн таяқ қолданады». Өз жұмбағына алғаш рет жауап естiген Сфинкс ызадан жарылып, өзiн-өзi өлтiрдi.

СЫРТҚЫ КИIМ ҚАТПАРЫНДА СОҒЫС ПЕН БIТIМДI АЛЫП ЖҮРУ (Носить войну и мир в складках тоги) - рим тарихшысы Тит Ливийдiң (б.э.д. 54-17 жылдар) шығармаларында екiншi Пуни соғысы туралы айтылған жерде кездеседi.

Б.э.д. 218 жылы рим хабаршысы Карфагенге келiп, өз киiмiнiң сыртқы қатпарын қолына жинап тұрып, былай дептi: «Бiз сiздерге бiтiм не соғыс ұсынамыз: қай қалағандарыңызды алыңыздар».

Карфагендiктер оған өз қалауыңды бiлдiр дегенде, хабаршы сыртқы киiмiнiң қатпарын жазып жiберiп, соғыс ұсыныпты.

Т

ТАБАН ЕТ, МАҢДАЙ ТЕРIҢМЕН - «бiр үзiм нанды қажырлы еңбекпен тауып жеу» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз. Библиялық аңыздан алынған. Құдай Адамды жұмақтан қуған кезде: «Бiр үзiм нанды табан ет, маңдай терiңмен табатын боласың», - дептi.

«ТАБИҒИ ШЕКАРАЛАР» - саяси ойды бiлдiретiн бұл бейнелi сөздi алғаш рет 1793 жылы француз саяси қайраткерi Жозеф Сийес (1748-1836) Франция мен Германияның арасын бөлiп тұрған Рейн өзенi туралы айтқан.

ТАБЫСТАН БАС АЙНАЛУ - «өз күшiн асыра бағалау, бiлгiшсiну» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады, оны 1930 жылдың 2 наурызында «Правда» газетiнде И.В.Сталин ауылшаруашылығын коллективтендiру кезiнде жергiлiктi ұйымдардың жiберген өрескел қателерi туралы айтқан.

ТАЛАНТТЫ ЖЕРГЕ КӨМУ (Зарыть талант в землю) - Iнжiлден алынған бейнелi сөз.

Бiр бай адам басқа жаққа кетiп бара жатқанда, өз үйiн қарауылдауды 3 адамға тапсырды, оның алғашқысына - 5 талант, екiншiсiне - 2 талант, сонғысына 1 талант бердi (талант - ежелгi еврей күмiс ақшасы, оның біреуi екi мың сомға теңестiрiлдi).

5 және 2 талант алған құлдар өз ақшаларын айналымға жiберiп, пайда тапты. Ал 1 талант алған адам оны жерге көмдi. Кейiн қожайын келген соң, олардан есеп сұрады. Пайда көргендер алған ақшасын екi есе қылып қайтарды. Әлбетте, қожайын талантты жерге көмген адамға налыды.

«Талант» деген грек сөзi алғашқыда «салмақ» деген мағынада қолданылғанмен, кейiнiрек «адамдардың ерекше кабiлетi» деген ойдың синонимi ретiнде қалыптасты.

«Талантты жерге көму» деген қанатты сөз «таланттың өсуiне жағдай жасамау, оны өшiру» деген мағынада қолданылады.

«ТАҢДАНДЫРУ – ЖЕҢIСКЕ ЖЕТУ» - А.В.Суворовтың қанатты сөзi. Ол 1789 жылы жеті мың әскермен одақтас австриялық 180 мың солдат қоршауға түсiп қалған кезде, 100 мыңдық түрiктерге қарсы шабуылды бастап, сәттi аяқтады.

Осы ерлiгi үшiн императрица оған құрметтi «Рымникский» деген қосымша ат жалғады.

«ТАҢ ЖҰЛДЫЗЫ» - Ж.Арыстановтың Ғ.Мұратбаев туралы кiтабының аты. Бұл кiтапта шығыс жастарының «таң жұлдызы» атанған, Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшiсi Ғ.Мұратбаевтың қысқа өмiрiн барынша мағыналы, аса жарқын өткiзгендiгi баяндалады.

Наши рекомендации