Халыққа,оның ішінде балалар мен олардың ата-аналарына ауру туралы толық мәлімет беру.
Профилактикалық шаралар:
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар пофилактикасы-ата-аналарға балаларын аурудан сақтау үшін,үй-жайды таза ұстауын(бөлмені күніне 2 рет желдетіп отыруын,ылғалдап бөлмені күніне 1 рет желдетуін)түсіндіру.Баланың киімі ,ойыншықтары таза болуын бақылауды ескерту.Балалар жедел респираторлы аурумен ауырған жағдайда дереу дәрігерге көрініп толығымен емделу қажеттілігін түсіндіру.
- қосарланған ауруларды анықтау жəне санациялау;
- организмді шынықтыру-баланы күніне кем дегенде 1 рет таза ауада серуендету,түрлі спорт түрімен айналысуына мүмкіндік жасау керектігін ата-анасына түсіндіру.
- бақылау реттілігі ауру кезеңінің ауырлығына байланысты, ремиссия кезінде 6 айда бір рет, орташа ауырлықта 3 айда бір рет.
Диспансерлік бақылау – кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші пневмония мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демкпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.
Əрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері:
- антигендік режим;
- гипоаллергендік;
- диета, дренаждық функцияны жақсарту жəне бронх терегін санациялау үшін массаж жəне ЕДШ қолданылады;
-
Ақпарат көзі ; http://kazmedic.kz/archives/4681;
http://www.myshared.ru/slide
https://diseases.medelement.com/disease/view;
http://sestrinskoe-delo.ru
http://agartu.com
Пайдаланған әдебиеттер:
§ Б.Х. Хабижанов, С.Х. Хамзин «Педиатрия» Қазығұрт баспасы, 2005 жыл
§ Қ.А. Жаманқұлов «Ішкі аурулар» Астана-Ақтөбе 2010 жыл
§ Б.Н. Айтбембет «Ішкі аурулар пропедевтикасы» Алматы Ғылым баспа орталығы 2003ж.
§ М.Я.Яровинский Лекция по курсу “Медицинская этика”
§ Интернет жүйесі Google.kz.
Зерттеу әдісін таңдау және сипаттау:
Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.
Пікір сұрауды дұрыс жүргізу үшін мынадай ұсыныстарды орындау қажет:
1. Сұрақтарды құрастырудың талаптарын орындау:
— Сұрақ тек бір мәселе төңірегінде болуы тиіс. Бір сөйлемде екі жауапты талап ететін, екі ұшты сұрақтар болмауы керек.
— Сауалдар түсінікті, бір мәнді, нақты және анық сенімді жауап алуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
— Сауалнама зерттеу мақсатына және міндеттеріне сәйкес сұрақтардан тұруы тиіс. Сұрақ дұрыс қойылмаса, респондент жауап беруден бас тартуы мүмкін.
— Сұрақтар логикалық сәйкестікпен қойылуы керек. Жеке сипаттағы немесе күрделі сұрақтар сауалнаманың соңында тұруы тиіс. Жағымсыз сезім, наразылық тудыратын сұрақтар тікелей түрде емес, жанама түрде қойылуы керек. Мысалы, «Сізде автомобиль бар ма?» деген сұрақтың орнына «Сіздің үйде кімде автомобиль бар?» деп сұрақ қоюға болады.
— Сауалнамада нақты терминологияны, күнделікті тілді, түсінікті, терминдерді пайдаланып, жаргондарды қолданбаған жөн.
— Респондент тәжірибесінен тысқары жайт туралы сауалдарды қоймаған жөн. Ол хабардар болған сұрақтарды қойған лазым. Негізгіні қоймас бұрын сұрақтарды ой сүзгісінен өткізіп алған пайдалы. Мысалы, темекі нарығын зерттеп тұрып, шылым тартпайтын жанға сұрақ қоя алмайсыз.
-Сұрақты қисындастырып мазмұндау респонденті зерттеушінің көңілі қалайтын жауапқа жетелеп, көндіруге тиісті емес.
— Сұрақтар екі мағыналы сипатта болмауы керек. Мысалы, «кейде», «жиі», «анда-санда» деген сөздер көп мағыналы болғандықтан, олардың орнына нақты сөздер қолданылуы керек. «Сіз» деген сөз кейде ұжымдық сипатта болуы мүмкін, сондықтан сұрақты құрастыру кезінде оның орнына «Сіз өзіңіз» деген сөз нақтылау болады.
2. Сұрақтарды: қарапайымнан – күрделіге, жалпыдан – арнайыларға (тар ауқымдағы), міндеттемейтіндерден — сыпайыларына көше отырып қою керек дегендей қағидаларды сақтау қажет.
3. Сұрақтардың қисынын келтірудің бірізділігі: алдымен кіріспе, таныстырма сауалдар немесе респонденттің зерттелетін мәселе бойынша хабардарлығын анықтауға жәрдемдесетін сұрақтар қойылады. Мысалы, ашытқы нарығы туралы зерттеу жүргізу керек болса, респондент ашытқыны қолдана ма, жоқ па, соны анықтау қажет. Содан соң зерттеуге тікелей қатысты сұрақтар және бақылау сұрақтар болуы мүмкін, ең соңында жеке сипатты сұрақтар қойылады.
4. Сұрақтар саны сұрақты сауалнамаға кіргізбей тұрып, оның қажеттілігін анықтау керек. Зерттеуге қажет емес артық сұрақтар қойылмауы керек. Зерттеу мәселесіне қатысты емес сұрақтар сауалнаманы тым созады. Сұрақтар аз болған сайын, оларға жауап алудың мүмкіндігі мол.
5. Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.
Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.
6. Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.
Маркетингтік зерттеулерде стандартты ашық сұрақтар жиі пайдаланылады, мұндағы сұрақтар да, жауаптар да стандартты және көп нұсқалы болып келеді. Олардың басты артықшылығы – сауалнамадағы жауаптар кестеге қатысты бастапқы ақпараттарға онша қажет емес, бірақ адамдардың талғамы, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары жөніндегі мәліметтерді жинау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Стандартты жабық сауалнамалар бірыңғайландырылған әдіспен алынған жауаптарды рәсімдеу мен айқындау және жасырын себептерді (мотивтерді) табу артықшылықтарын біріктіреді. Стандартты емес ашық сауалнамалар зерттеу мақсаты айқын болған кезде қолданылады, алайда сұрақтарға жауап ашық түрде қалады. Ашық жауабы бар сұрақ нысанды емес тереңдетілген сұхбатқа әкеледі. Терең сұхбат – бұл респондентпен жеке әңгімелесу, мұнда ол ойы мен жауаптарын өз еркінше білдіреді. Стандартты емес жабық сауалнамалар кезінде респондеттер ашып айтпайтын мотивацияны зерттеуде пайдаланылады. Мұнда жобалық әңгіме, яғни әңгіме құрастыру және сөйлемді аяқтау әдістері қолданылады.
7. Жауап түрін анықтау. Әрбір сұрақтың мазмұнын анықтаған соң, респондент өз еркімен жауап беруге тиіс пе, әлде оның екі не одан да көп нұсқаны (вариантты) қолдануы керек пе немесе белгілі бір шкаланы пайдалана ма, алдымен соны шешіп алу керек. Жауаптардың көп нұсқалы тәсілі ұсынылатын болса, респондент оның ішінен тек біреуін ғана таңдап көрсетуі қажет. Сондықтан мұндай сауалнамада жауаптар мәселені толық қамтуы және оған «білмеймін», «ойым жоқ», «ойым басқаша», деген жауаптар да кіруі керек. Дихотомшалық сұрақ қарапайым және ыңғайлы, оны кестеге енгізу оңай, өйткені ол «Иә» немесе «Жоқ» деген қысқа жауаптардан тұрады. Басқаша қойылатын сауал түрлері бар сауалнамада «ешқашан», «кейде», «жиі», «сирек», деген сөздерден тұратын шкала пайдаланылады.
Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.
САЛЫСТЫРУ
Салыстыру - объектілердіңұқсастықтары және немесе айырмашылықтарын белгілеу арқылы жүргізілетін зерттеу әдісі болып табылады.
Бірізді салыстыру əдісінің мәні келесіде. Эксперт зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы ретімен орналастырады. Әр объектіге алдын ала белгілі бір балл беріледі, мысалы, 0-ден 1-ге дейінгі шкала бойынша. Ең маңызды объектіге 1 балл, ал қалған объектілерге олардың маңыздылығының кему реті бойынша 1-ден 0-ге дейінгі балл беріледі. Содан кейін эксперт 1 рангі бар объектінің маңыздылығы қалған объектілердің баллдық бағалануының қосындысынан артық болады ма деген сұраққа жауап береді. Егер болса, бірінші объектінің баллдық бағалануының шамасы осы шарт орындалғанға дейін артады, ал болмаса, эксперт сол шаманы барлық қалған объектілердің бағасының қосындысынан кем болатындай сандық мәнге дейін
кемітеді.
Екінші, үшінші және содан кейінгі объектілердің маңыздылығы бойынша бағасының шамасы рет-ретімен, бірінші объекті сияқты анықталады.
Бірізді салыстыру әдісі эксперт үшін өте қолайсыз, әсіресе зерттелетін объектілердің саны 6-7-ден артық болған оны жүргізу үшін өте көп уақыт пен еңбек жұмсау керек.
Сыңарлармен салыстыру кезінде зерттелетін объектілерді олардың маңыздылығы бойынша сыңарларымен салыстырып, әр сыңардан маңыздырақ объектіні таңдап алады.
Кей жағдайларда эксперттер сыңардың әр объектісінің эквиваленттілігі туралы шешімге келеді. Әр сыңардағы реттеу барлық қарастырылатын объектілерді реттеуге мүмкіндік бермейді, сондықтан, салыстыру нәтижелерін кейіннен өңдеу қажеттілігі туындайды. Объектілердің барлық мүмкін болатын сыңарларын эксперт әр комбинацияның жазбасы ретінде (объект 1 — объект 2, объект 2 — объект 3 т.б.) немесе матрица түрінде келтіреді.
Сыңарлармен салыстырудыжәне оларды өңдеуді құрал ретінде матрицаны қолданып жүзеге асырған ыңғайлы.
Зерттелетін объектілердің саны өте көп болғанда нәтижеге психологиялық факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, таңдау матрицада жоғарырақ орналасқан немесе сыңарлардың тізімінде бірінші жазылған объектіге түсуі мүмкін. Сондықтан, психологиялық әсерді жою үшін кейде қос сыңармен салыстыруды, яғни жалпы объектілердің немесе әр сыңардағы объектілердің керісінше орналасуын жүргізеді.
Сыңарлармен салыстыру әдісі өте қарапайым және объектілердің үлкен көлемін, үлкен дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді.
Зерттеуді жүргізу
Зерттеу объектісі:Қызылорда медициналық жоғары колледжінің студенттері.
Сауалнама
Рметті студент!
Біз балалардағы пневмонияның таралу жиілігін анықтау мақсатында жүргізілетін әлеуметтік сауалнамаға қатысуға шақырамыз.Сауалнама сұрақтарына жауап беру үшін сұрақты мұқият оқып шығып,өз пікіріңізге сәйкес келетін жауапты (+) белгісімен белгілеңіз.Сіздің берген бағалауыңыз бен пікірлеріңіздің құпиялылығын сақтауға кепілдік береміз.
1.Сіздің жасыңыз
___________________________
2.Сіздің жынысыңыз
Ер Әйел
3.Сіз пневмония туралы білесіз бе?
Иә Жоқ Аздап
4.Пневмония туралы мәліметті қандай да бір ақпарат көздерінен оқып көрдіңіз ба?
(оқып көрсеңіз мәлімет алған жерді көрсетіңіз _______________)
Иә Жоқ
5.Туыстарыңыз пневмониямен ауырады ма?
Иә Жоқ
6.Жылына жедел респираторлы аурумен неше рет ауырасыз?
Жылына 1 рет Жылына 3 реттен көп Ауырмаймын
7.Сізде себепсіз жөтелу ,тұншығу сезімі болады ма?
Иә Жоқ
8.Қалыпты жағдайда тыныс алу жиілігі қанша болатынын білесіз бе?
Иә Жоқ Толық емес
9.Жиі тұмаумен ауырасызба?
Иә Жоқ
10.Сіз пневмонияның алдын-алу шараларын білесіз бе?
Иә Жоқ Толық емес