Кәсіби таңдау және кадрларды іріктеу

Республикамызда кәсіптік бағдар беру – күрделі әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Ол халық шаруашылығының дамуын, техника мен өнеркәсіптің өркендеуін, жас кадрлардың даярлығына тұрақты көңіл бөлуін талап етеді. Жалпы білім мен кәсіптік білім беретін мектептің реформасы жас жеткіншектердің еңбекке саналы орналасуына, біртұтас еңбек, политехникалық оқу жөніндегі принциптердің жүргізілуіне, оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке сүйіспеншілігін арттыруға, олардың дүниетанымын кеңейтуге бағытталған.

Әлеуметтік қызмет. Оқушыларға кәсіптік бағдар беруді, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындау тұрғысынан қарау керек.

Экономикалық қызмет – жұмыс күшінің сапалы құрылымын арттыру, ұл-қыздардың жұмысқа деген қанағаттануын арттыру, жұмыс өнімділігі және кәсіби ынтасын арттыру, жұмыс уақытын үнемдеу болып табылады.

Психологиялық – педагогикалық қызмет. Ол ең алдымен, оқушылардың бейімділігін, ынтасын, қызығуын қалыптастырады. Жеке бастың өзіндік ерекшелігіне сәйкес мамандық тандау кезінде оларға көмек көрсету қажет. Сонымен қатар оқушылардың кәсіби танымдылығын басқара білу және оның жолын анықтау жөн.

Медициналық – физиологиялық қызмет.Бұл денсаулыққақойылатын талап пен жеке адамның физиологиялық ерекшеліктерін ескеру, сол саладағы кәсіби қызметті жүзеге асыруға көмектесу деген сөз. Мектептерде оқушылардың денсаулығының ауытқуын дер кезінде байқап, олардың мамандық таңдауға жоспарын дұрыс таңдап, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауларына жағдай жасалуы керек.

Кәсіптік бағдар – бір-бірімен тығыз байланысты салалардын тұратын бірыңғай жүйе. Атап айтсақ, олар : кәсіптік ағарту, іс-әрекеттің саласында оқушылардыңынтасын, икемділігін, талабын байқап, әрі қарай дамыту; кәсіптік ақыл-кеңес; кәсіптік таңдау; кәсіптік бейімдеу (адаптация).

А) Кәсіптік ағарту– оқушылардың әлеуметтік-экономикалық, психикалық физиологиялық ерекшеліктері бар түрлі мамандықтар туралы білім жиынтығы; сол кәсіптердің біреуін дұрыс таңдауға жағдай жасау; оқушылардың кәсіби және қоғамдық қызметтерге деген көзқарас дұрыс тәрбиелеу, психикалық-физиологиялық мүмкіндіктерін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін дұрыс түсіну қалыптастыру. өз кезегінде кәсіптік ағарту кәсіптік хабарламадан, кәсіптік насихат пен кәсіптік үгіттен тұрады. Мысалы, оқушыларға ауыл шаруашылығының кейбір салаларына қажетті мамандар жайында хабарлама және сол мамандықтарды оқып-үйренуге жағдай жасау, сонымен қатар ауыл шаруашылығына қажетті мамандықтар туралы насихат жүргізу.

Ә) Оқушылардың жеке басын зерттеу. Жеке кісіге әсер ету оның психикалық ерекшеліктеріне қарай жүргізіледі. Балалардың ой-өрісі, мақсаты, мұраты, пәндерді саналы оқытуда қалыптасады. Адамдардың белсенділігінің жоғары болуы да пәндерді оқыту арқылы іске асады. әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру – адамдар арасындағы қарым-қатынастың дамуына әсер етеді. Пәнді, практикалық білімді игеруде, оқушылардың өмір тәжрибесінде, қоғамдық қатынас жүйесінде адамгершілік нормалары орнығады.

Б) Кәсіптік ақыл-кеңес (консультация) беру арқылы оқушының өзіне тән ерекшелгігіне, таңдаған кәсібінің талаптарына баса назар аударылады. Бұл төмендегідей формада өткізіледі:

- диагностикалық ақыл-кеңес оқушылардың жеке басын зерттеуге, оның қызығуына, қабілетіне сәйкес және соған жақын мамандықты таңдауға бағытталыған;

- анықтама ақыл-кеңесте оқушыларды жұмысқа орналастыру, оқуға не жұмысқа қабылдау, түрлі мамандықты игеру мүмкіндігі, дайындық мерзімі, еңбек-ақы төлеу жүйесі, кәсіптік біліктілікті арттыру жолдары хабарланады;

- қалыптастырушы кәсіптік ақыл-кеңес оқушылардың мамандық таңдауын басқаруды көздейді, ол ұзақ уақытқы созылуы мүмкін және оқушылардың кәсіпті таңдауға қатынасының өзгеруіне байланысты болады.

- дәрігерлік ақыл-кеңес оқушылардың денсаулығын, оның психикалық- физиологиялық құрылымының таңдаған мамандыққа сәйкес келуін анықтауға бағытталған: оқушыны басқа мамандыққа үгіттеу немесе таңдаған мамандығына жақын психикалық – физиологиялық көрсеткішін анықтайды.

Консультация оқушыларға әлеуметтік-кәсіптік жоспар жасауға көмектесумен ғана шектелмей, олармен бірігіп, жоспарды іске асыру, жаопы және кәсіптік білім алу деңгейін көтеру мәселелерін, мамандық таңдауда идеялық, ождандық негіздердің қалыптасуын, сол сияқты оқушылардың мәдени өсіп дамуын қарастырады.

Мамандық туралы консультацияны жүргізуден бұрын, бастауыш кластан бастап бірнеше жылдар бойы оқушы ерекшеліктерін зерттеу қажет. Ол үшін оқушы және оның отбасы туралы жалпы мәліметтер : оқушының таңдайтын мамандығына сәйкес дәрігерлік мінездемесі, оқу және мамандық таңдау себептері, оқу үлгерімі, белгілі бір пәндерге қабілеттілігі, оқудан тыс уақыттағы іс-әрекеттерін қадағалау мен бақылау туралы мәліметтер болу керек.

1-4 класс оқушылары үшін жыл cайын кәсіптік бағдар қатарлары толтырылып, кейін олар класс жетекшілеріне өткізіледі. Оның үлгісі мынандай:

· Оқушы туралы жалпы мәліметтер.

Аты-жөні ___________________________________________

Туған жылы мектебі класы

· Пәндер бойынша үлегрім бағалары (оқу жылдарына байланысты толтырылады)Ана тілі, Орыс тілі,Математика,Табиғаттану,Еңбек,Сурет,Дене шынықтыру,Ән

· Қандай пәндерді ұнатады

· Қандай пәндерді ұнатпайды

Сабақтан тыс уақытта немен айналысады (керектісінің астын сызу керек) Кітап оқиды,сурет салады, конструкциялар құрастырады, тоқиды, ән-күймен шұғылданады (қай аспата ойнайды), қандай үйірмелерге қатысады, қандай ойындарды ұнатады?

Кім болғысы келеді?

Наши рекомендации