Бақылау сұрақтары. 2. Аударма стратегиясы туралы түсінік

2. Аударма стратегиясы туралы түсінік

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 3, 5

Тақырып. Аударма нәтижесіне талдау жасау

Мақсаты: Аудармаға мәтіндік тұрғыдан талдау жасау. Жалпылай немесе жобалай аудару. Таза аударма. Мәтінді аударғаннан кейінгі мәтінге талдау жасау ерекшеліктері мен кездесетін қиындықтар.

Кілт сөздер: аудармашы, мәтін, аударма нәтижелерін талдау

Жоспар:

1. Аударманы тексеру жүмыстары және талдау

Аудармашы мәтінді аудару кезінде міндетті түрде мына талаптарды орындау керек:

Аудармашы аударма кезінде мәтіннің мәнін, құрамын және оны қысқартуға немесе ұлғайтуға құқығы жоқ, егер тек тапсырыс берушімен қосымша бейімделу мәселелерін, таңдаулар қосымшалар, т.б. қойылмаса.

- аударма кезінде аудармашы түпнұсқа мәтінін өзіне белгілі кәсіптік іс-қимылдар арқылы барынша жеткізуге тырысу керек.

- аудармашы аударма жағдайында элементтің жеке бас бостандығын сыйлап және оның абыройына қысым көрсетпеуі тиіс.

- кейбір ауызша жүйелі және ілеспе аударма кезінде аудармашы жоқ болады. Егер дипломатиялық сенім аудармашыға арналған болса, ол түпнұсқа мәтіннің туралығына қарсылығын білдіруге құқылы. Бірақ аудармашы қай-қайсы жақтың болмасын мүддесін қоғауға міндетті емес.

-басқа жағдайларды аудармашы жақтардың қарым- қатынасына араласуға құқығы жоқ, сол сияқты аударатын мәтіннің мазмұны жайында өзіндік ұстанымын айқындауға құқығы жоқ.

Ауызша аудармашының жұмысы, жалпы тілді иелену сияқты тұлғаның сенімді қызмет етуімен байланысты. Егер аудармашыға жұмыс істеу алда тұрған болса, ол жақсылап ұйқысын қалдыруға міндетті. Сыртқы және жеке бас жағдайлары жұмыстың сапасына кедергі келтірмеуі үшін, аутотренинигтің және өзін-өзі күйге келтірудің негізгі әдістерін билеуі қажет. Ол жұмысқа дені сау болып шығуға міндетті. Тек осы жағдайда ғана информацияны жеткізуші ретінде, оның сенімділігі қамтамасыз етіледі.

Кәсіптік этика ділмардың тілдік ерекшеліктері мен жеке бас серпілісін анықтайды. Ділмардың сөзі әр қашан қағидалы емес қой. Ауызша мәтіннің авторы нормадан түрлі ауытқулар жасауы мүмкін.

- ол диалетте сөйлеуі мүмкін

- оның сөзінде жергілікті норма нұсқаларының түрлі сипаттары кездесуі мүмкін

- оның жеке басының тіл ақаулары, яғни сақаулық кекетшіл, мысқылдықтың т.б. болуы мүмкін.

- ол ендеше, сонымен былай т.б. деген сөздерді қолдануы мүмкін.

- ол тілдерді араластырып, сынған тілде сөйлеуі мүмкін.

Аудармашы тірі адам екені белгілі және ол бір нәрсені білмей қалуы не түсінбей қалуы мүмкін, соның өзінде аудармашы уақыттың жеткіліксіз кезінде жұмыс істеп отырып, сөздікке қарауға не анықтамалық кітапшаны парақтауға мұршасы болмайды. Бірақ бұл да кәсіби этиканың маңызды ережесі, яғни аудармашы өзінің компетенттілігінің жеткіліксіз екенін және бастапқы мәтінді түсінбегені жайында қабылдауы қажет Тура осы жағдайларда аудармашы өзі туралы хабар беруге құқылы, яғни ол анықтау сұрақтарын қоюға, қайталап жіберуді сұрауға, айқындауды , егер естіміей қалса, есінде сақталмаса немесе терминдермен таныс болмаған жағдайда.

Жоғарыда айтылған моральді-этникалық принциптердің кәсібі жазбаша аудармаға да маңызды. Бірақ бұл жазбаша мәтін болғандықтан, оның этникалық нормасына құрамының шағылу ережесі және жазбаша мәтіннің хаттау ережесі кіреді. Егер жазбаша аударманың алдына ерекше мәселе қойылмаса, ол мәтіннің барлық құрамын жеткізуге міндетті, яғни барлық тілдік бірліктерді түпнұсқа тілінде: аты, автордың лауазымы, қосымшалар, суреттеулер мен қолдар т.б. Түпнұсқа тілінен басқа тілдердегі мәтіннің сөздері мен көріністері аударма мәтініне өзгеріссіз көшіріледі. Бірақ көп жағдайларда мәтіннің жалпы мәнін түсіну үшін, аудармашы мамандардан осы бір фрагмент қандай мағына білдіретінін анықтап сұрау керек.

Бақылау сұрақтары

2. Аударманы тексеру жүмыстары және талдау

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 2, 7

№11 Тақырып. Жазбаша аудармадағы мәтін талдау

Мақсаты: Аударма түрлеріне сәйкес мәтін талдау. Жазбаша аудармадағы мәтін талдау қиындықтары мен кемшіліктері. Жазбаша аудармадағы мәтін талдаудағы мәтін түрлері бойынша талдау жасау жолдары.

Кілт сөздер: жазбаша аударма, жазбаша мәтін түрелі, аударма ерекшелігі.

Жоспар:

1. Жазбаша мәтінді аудару ерекшелігіне тоқталу.

Түпнұсқаныжазбаша немесе ауызша қабылдау және оларды аудару олардың жазбаша немесе ауызша аудармаларына сәйкес келеді, бірақ олардың әрқайсысында басқа аударма түрлерінің элементтері қолданылады. Жазбаша аудармашы өз мәтін түпнұсқасын магниттік лентаға жазылған түрде алуы мүмкін және өз аудармасын машинисткаға немесе диктофонға жазуына болады. Кез келген жағдайларда да аударма жазбаша болып қалады, себебі мәтін түпнұсқасы және аудармалар нақты бір жерде сақталады және оларды Рецепторға тапсырмайынша қайтадан қарап түзетуге, әр түрлі сәйкес өзгертулер енгізулерге болады. Ауызша аудармашы аударма алдында оқылатын мәтіндерді көмекші құрал ретінде алып дайындалып, ілеспелі немесе ізбе-із аудару барысында қолдануына болады. Тағы бір ауызша аударманың жазбаша формадағы ерекше түрі «қағаздан аудару». Мұнда аудармашы Рецепторларға қағазда жазбаша жазылған мәтін түпнұсқасын аударады. Мұндай аудармаларда ауызша аудармалардың негізгі белгілері сақталады: Рецепторлардың алдына апарғанша мәтінді түзету және сәйкес мағыналарын қою мүмкіншілігі жоқ..

Ауызша және жазбаша аудармалардың арасындағы үлкен бір айырмашылық – уақыт факторы. Жазбаша аудармалар кезінде аудару процесі қатаң шектермен шектелмеген. Аудармашы кез келген уақытта аударуын тоқтатып, басында аударған мәтіндерге орала алады, мәтін бөліктерін аударуда ойлануға қосымша уақыт бөле алады, сөздіктер немесе анықтамаларға қарай алады және мықты мамандардан қосымша сабақ ала алады және т.б.Бұл өте қиын аудару мәселеріншешуге қолайлы жағдай туғызады және кез келген көркемдік немесе ақпараттылық аудармаларды жоғары деңгейде аударуға мүмкіншілік жасайды. Жазбаша аудармаларда эквиваленттіліктің ең жоғары деңгейі талап етіледі және соған жетеді. Ауызша аудармаларда аудармашының іс-әрекеттері оратордың сөйлеуіне байланысты уақытпен шектелген, ол оратормен бірге аударманы беріп үлгеруі керек немесе лезде ол тоқтағаннан кейін. Соған байланысты аудармашының ойлануға, басқа варианттарды қарастыруға және сөздіктерді пайдалануға мүлдем уақыты болмайды. Аударма тілінде аудармашы жартылай автоматты дағдыға үйренеді, орнықты сөз орамдарын қолдана алу білімі өседі, айтылған сөздерді тез орамдастырып бір жүйеге келтіруге дағдыланады. Осындай жағдайларға байланысты кейде аудармашыларға адаптивті транскодтау элементтерін енгізуге тура келеді, онда аудармашы кейбір айтылған сөздер бөліктерін тастап, ол мәтіндерді қысқартып төменгі деңгейдегі аудармалар эквиваленттілігімен қанағаттанады. Ілеспелі аудару кезінде аз уақыт мөлшерінде тез айтылған сөздер аудармашыға үлкен физикалық және психологиялық жүксалмақ түсіреді, соған байланысты аудармашы-синхронист өз міндетін 20-30 минут уақыт аралығында ғана толық орындай алады.Сондықтан ілеспелі аудару кезінде әр кабинада кезектесіп жұмыс жасайтын бірнеше аудармашылар қызмет көрсетеді.

Жазбаша аударма мен ауызша аударманың арасындағы тағы бір айырмашылық бар, аудармашы осы аудармалардың әрқайсысын орындай отыра түпнұсқаның бірдей емес үзінділерімен ұшырасады. Жазбаша аудармада аудармашы айтылымдарды бірінен кейін бірін аударады, оның қолында барлық мәтін бар болғандықтан, әрбір айтыллған сөздер берілген мәтіннің бір бөлігі болып саналады. Аудармашы жеке айтылымдарды аударғанда алдында аударған немесе кейін аударылатын мәтін мазмұндарымен байланыстырып аударады, ол сол айтылым қандай мағынада және қандай формада айтылып тұрғанын білу үшін қосымша ақпараттарды қарастырып, әр айтылымдардың бір-бірімен қисынды байланысуын реттеп, логика мазмұнымен ілесіп отырады және т.б. Ауызша аудармаларда аудармашы оратордың сөздерін бөлшектеп қабылдап, бөлшектеп аударуына тура келеді, сондықтан да ол мәтіннің басына қайта оралу немесе мәтіннің ақырғы ойын білу мүмкіншілігінен айырылады. Тізбектелген аудармаларда аудармашы бір немесе бірнеше айтылымдарды бірге орындап отырады. Синхрондық аударма кезінде параллельді қабылдау және аудару жүргізіледі,қатаң уақыттың жетіспеушілігіне байланысты аудармашы айтылған түпнұсқаларды сегменттерге бөледі , осы бөлшектеліп аударылған сегменттермен аяқталған ой жасайды.

Жазбаша және ауызша аудармалар оған қатысатын қатысушылардың тіларалық байланыстарына байланысты өзгешеленеді. Ереже бойынша, жазбаша аудармада аударма процесі «кабинеттік жағдайда» өткізілетіндіктен, аудармашының коммуниканттармен тура немесе кері байланысы жоқ. Аудармашының түпнұсқа авторымен немесе потенциалды Рецепторлармен таныс болуы аударма процесінен тыс жерде жүзеге асады. Бұл жерде тұлғааралық байланыстар ешқандай рөл атқармайды, ең негізгі көңіл аударылатын объект ол - аударылатын текст, коммуниканттар аудармашының кез келген іс-әрекетін (аудармасының сапасын) тіларалық байланыс процесі біткеннен кейін бағалай алады. Ауызша аударма кезінде аудармашы коммуниканттармен тікелей сөйлесу арқылы қатынасады және олар кері (жауап алу) байланыстарда біреуімен немесе екеуімен де тіларалық байланыста болады. Ол ауызша айтылған сөздердің дұрыстығына, ырғағына, айтылу ерекшеліктеріне қарамай қабылдап, түсініп және оратордың сөйлеу мәнеріне қарамастан, сөйлеуші мен тыңдаушы арасында өзара түсінушілікті қамтамасыз ету керек. Бұндай қиындықтар аудармашының мәтін түпнұсқасын аудару кезінде мынадай жағдйларды бөлісуге тура келеді: байланысу жағдайларының мүмкіндіктерін есепке алу, жіберіп алған ақпараттардың орнын пән білімінің негізінде және сөйлесу мақсаттарының келесі сатыларында толықтырады. Кері байланыстарда кейде оратордан айтқан сөзін қайта сұрау, айтылған ойының мағынасын толықтыруды, бөтен терминдердің негізгі мағынасын талқылау мүмкіншілігі туады. Тыңдаушымен кері байланыс кезінде олардың реакцияларын бақылау, аударманың жетелілігін, аудармашының, кейде оратордың сөйлеу ырғағын бақылау керек және т.б.

Наши рекомендации