ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 6 страница

Үгіттеу – қандай да пікірдің немесе ой қортындысының логикалық негізін келтіру, жеке тұлғаның эмоцианалды әрі рационалды қыры арқылы оның өзіне немесе бүтіндей топқа әсер ету. Түсіністік пен күйзелістің бірлігіне жетуді мақсат етуді көздеген екі немесе бірнеше адамдардың ашық немесе жасырын айтысын яғни талқысын үгіттеу процесі деп атауға болады, демек үгіттеу монолог бола алмайды, бұл міндетті түрде диалог түріндегі пікірталас. Басқа сөзбен айтқанда үгіттеу тәрбиенің ең күрделі түрі. Тыңдаушылардың санасына жол табатын ерекше қисынды әңгіменің ырғағын таба білген жөн. Үгіттеу — үгіттеушінің хабарындағы мазмұнды ақпараттың болуымен бірге қабылдаушының саналы қатысын болжайды.

Еліктеу — индивиттің қандайда бір мінез-құлық көріністерін, мәнерлерін, әрекеттерін, қылықтарын қайталау.

Иланушылық (сендіру) адам психикасына тән қасиеттердің бірі. Әдетте, сенгіштік қасиет балаларда басымырақ келеді. Сендіру қарым-қатынастағы адамдардың өзара әсер ету процестерінің бірі ретінде ырықты немесе ырықсыз, тікелей немесе жанама болуы мүмкін, педагогикалық тұрғыда сендіру амалы дұрыс пайдаланылатын болса, ал өте күшті тәрбие құралына айналар еді.

Адамзат өміріндегі өзара қатынастардың шеңберінде өзара әсер етудің барлық әдісі қолданылғанымен сендіру жетекші орында. Әлеуметтік психолог В.Б.Ольшанский адамдардың бір-бірінің іс-әрекетіне өзара әсер етудің төмендегідей түрлерін келтіреді:

· Өзара жеңілдік, яғни сол серіктердің қатысы екеуінің де іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.

· Өзара қиналу, яғни өзара қатысу әрқайсысының іс-әрекетінде қателердің пайда болуына ықпал етеді.

· Бір жақты жеңілдеу – бір серігінің қатысы басқасының іс-әрекетін жеңілдетеді. (мысалы, ересек пен бала ).

· Біржақты қиналу – біреуінің қатысы екіншісінің жұмысына кері әсерін тигізеді.

· Тәуелділік — екеуінің қатысы, ешқайсысының іс-әрекетіне әсер етпейді.

Мұндай ұжымдардың негізгі ерекшеліктері — қысқамерзімділігі, құрамалылығы және дербестілігі.

Ұжымның қысқа мерзімділігі барлық әлеуметтік психологиялық, әсіресе әлеуметтік-прецептивті процестер ағымының қарқындылығын, қозғалмалылығын қамтамасыз етеді. Ұжымның құрамалылығы баланың айналасындағы құрбыларын тану құралы іспеттес. Осы ұжымға балалар осыған дейінгі ұжымның негізінде сіңірген тәжірибелерін алып келеді. Әрқайсысының ұжымның нормалары жайлы жеке көзқарасы бар. Санаторий (шипажай) жағдайында қалыптасқан ұжымда, баланың сол өткен тәжірибесімен алмасып, ендігі жолда жаңа ұжымның қарым-қатынас нормаларының қалыптасуына ықпал етеді.

Әрине, осындай қысқа мерзімде ұжымның толық қалыптаспауы мүмкін. Алайда, балалар арасында, қанық байланыстардың негізінде, балалардың әртүрлі іс-әрекет түрлерінде тәрбиешілермен қарым-қатынасының арқасында уақытша ұйым берік ұжымға айнала алады.

Біріккен іс-әрекет әлеуметтік–перцептивті процестердің детерминанты ретінде балалар ұжымындағы тұлғалардың өзара қабылдауында ерекше көрініс береді.

Л.И.Уманский біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың үш түрлі үлгісін келтіреді:

· Біріккен –дара

· Біріккен— жүйелі

· Біріккен — өзара әрекеттестік

· Шынайы өмірде біріккен іс-әрекетті ұйымдастырудың осы үш үлгісі де бірдей кешенді түре көрініс беретіндігіне қарамастан, оның қандайда бір басым түрін бөліп алуға болады.

34,Қарым-қатынас іскерлігін дамыту жолдары.Шешендік өнер. Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.

... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».

Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады. Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.

Сөйлеу әдебі.

Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.Тыңдай білу әдебі.Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:

Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.2. Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.Мәдениет мәйегі.Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді. Ойдың және сөйлеудің дамуы.Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу.2. Монологтық сөйлеу.Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
Өзара тілдескенде, лекция, баяндама жасағанда мәнерсіз сөйлеу – ол қаншама мазмұнды ойға толы болса да, әсерсіз, жансыз болып шығады. Ауызша сөйлеудің эмоциялық реңкі интонациямен, мимикамен, ишаралармен білдіріледі. Жазбаша сөйлеуде мұндай мүмкіндіктер жоқ. Сол себепті қағазға жазушы адам өз сөздерін барынша қиыстырып, оларды өз орнына тауып қойып, ойын мәнерлі түрде жеткізе алады. Иә, сөйлей білу – өз ойыңды кемстіріп тұрып айтып бере білу, оның мазмұнын ғана баяндап қоймай, нәзік сырларын сол қалпында жеткізіп, тыңдаушының етжүрегін елжірете білу.

35,Қарым-қатынастағы қиындықтар. . Қарым-қатынастағы кедергі, қиындық – бұл субьективті құбылыс, белгілі бір субьектінің жағдаяттардың қарама-қайшылығын күрделілігін сезінуі. Сондықтан бір адам үшін туындаған қиындықты басқалардың байқамауы да мүмкін. Іс- әрекеттегі кедергілер деп адамның жоспарланған қарым-қатынасты жүзеге асырудағы іркіліске кезігуін айтады. Нәтижесінде мұндай іркіліске ұшыраған адам басқаның әрекетін қабылдамайды. Қиындықтар іс-әрекеттегі үзіліс, аялдау оны әрі қарай жалғастырудың мүмкін еместігінен байқалады. Мұндай қиындықтардың туындауы проблемалық жағдаяттардың пайда болуына ықпал етеді. Яғни, С.Л.Рубинштейн айтқандай, қиындықтар ойлауды қозғаудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетте кедергілер адамның интелектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы деп қаралады. Өйткені адам туындаған «қиын» жағдаяттан шығу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, осыған орай педагогикалық психологияда қиындықтардың атқаратын функциясы позитивті және негативті деп екіге бөлінеді. Педагогикалық әрекеттестіктегі қиындықтар немесе кедергілер жалпы психологиялық тұрғыдан алғанда мағыналық, эмоционалды, когнитивті, тактикалық болып бөлінеді. Мағыналық кедергі оқушының белгілі бір әрекетіне байланысты жасалған ескертуге құлақ аспауы, берілген тапсырманы түсініп тұрып, орындамауы салдарынан туындайды. Мұндайда оқушыға қолданылған педагогикалық шаралар әсер етпейді.

36,Қарым-қатынастың гармониясы және дисгармониясы пән ,мақсаты мен міндеттері Бұл Гармониялы не дисгармониялы әлемнің заңды түрде пайда болуына әсерін тигізеді. Әрине, бұл жерде өз қиыншылықтары болады және де ұзақ мерзімге созылуы да мүмкін.
Көп қырлы, тамаша «Гармония» түсінігі адам­ның жеке бақытын,қоғамның жан-жақты (сүйіспеншілік пен бауырластықтан өмірді сүю мен гумманистікке, тұлғалардың еңбекқорлығынан экономика­ның тұрақ­ты дамуына дейін, т. б.), яғни шынайы руханилылық негізінде жасалған алуан түрлі: игілік, қара­пайымдылық, кеңпейілділік, жақсылық, сана­лылық, шыншылдықты өзіне алуан түрлі қамтитын ұғым. Керісінше, жеке азамат пен әлеуеттегі дисгармония жағымсыздыққа толы, тұнып тұр (сараңдық пен пайызқұмарлықтан маскүнемдік пен бейбастыққа, елдің жалпы кедейлігінен бір адамға шаққан табыс мөлшерінің жер мен көктей айырмашылығына, құқықтың шексіз бұзылуынан қатал әкімшілдікке, некесіздіктің басымдылығынан этностардың жойылуына дейін, т.б.). Әртүрлі әлеуеттерде дисгармонияның белгілері телегей теңіз. Бүкіл ғаламды, не жеке тұлғаны алсақ та Гармония барлық жерде бар. Оны зерттеу руханилық ілімді, әсіресе, Исламдық доктринаны, қазіргі ғылыммен, мысалы, метажүйелілік талдау теориясымен ұштастыруды талап етеді. Рухани деңгейі жағынан жеке тұлғалар, әсіресе, әлеуеттер әр алуан. Олар Жаратушыны мойындамайтын қараниетті материалистен (нөлдік көрсеткішпен) дін қызметшісіне дейін болады. Көбісі руханилығы жағынан әртүрлі деңгейдегі тұлғалар. Дуальдылықтың екі жағы да өзгеріп тұрады. Қатып қалған материалдық әлемнің болмайтынын жұрттың бәрі біледі. Ал, керісінше, рухани өмірдің эволюциясы, біздің пікірімізше, көп азаматтарға анық байқалмайды. Сондықтан да, осыны дәлелдеу қажет болып отыр. Күрделі өмірді бірқалыпты емес түрде қабылдау «руханилы-материалды» дуальдылықтың неге және қалайша қалыптасатынын түсінуге мүмкіншілік береді. Руханилылықтың деңгейінің көтерілуі Гармонияның негізін нығайтады, ал оның төмендеуі, керісінше, Гармонияны әлсіздендіреді, сөйтіп, дисгармонияны күшейтеді. Әлбетте, руханилылықты ғылымда жалпы қарайды, ал оның шынайылығына көңіл аудара бермейді.
Бұл жерде шынайы рухани ілімдердің рөліне өте жоғары баға берілуі керек. Содан кейін адамдардың дінмен қарым-қатынасы маңызды. Осы руханилылық ұғымның екі жағы дуальдылықтың қайнар көзін (генезисін) зерттеу қажет. Бізге белгілісі, монотеизмде, оның ішінде, Исламда руханилылық пен материал­дылық маңызы жағынан тең емес. Рухани жетілудің дамуынан тұратын адам өмірінің мақсаты Қасиетті «Құран» кітабында, сонымен қатар басқа да Қасиетті Кітаптарда анықталған. Бұл діни сенімдегі тұлғалардың рухани қажеттілігіне өмір мақсатының ұстанымын, ал материалдық байлықтарға – осы жетістіктерге жету рөлін береді. Кез келген жүйенің иерархиясы бойынша, мақсат оған жеткізетін жолдардан, маңызы жағынан, биік тұрады. Әр заттың орны бар емес пе? Бұл кешенді талдаудың аксиомасы.Руханилық пен материалдық бастамалардың өзара тартыс диалектикасы, әсіресе қазіргі кезде, күрделі және құбылмалы. Рухани құндылық пен материалды байлық деңгейінің құбылмалылығының әдістемелік және тәжрибелік мәні зор, материалдық байлық шексіз емес уақытша осы өмірдің қызықтырушысы, ал рухани құндылық ол шексіз мәңгілік, сондықтан оны, яғни даму үдерісін ескермеуге болмайды. «Гармония-дисгармония» дуальдылығы – барлық дүниенің, оның ішінде руханилық пен материалдылықтың өзгеруінің туындысы, руханилықтың материалдықтан немесе, материалдықтың руханилықтан басымдылығын анықтаудың нәтижесі.Рухани негізде, адамдардың сана-сезімінде, содан кейін экономикада (сана тұрмысты анықтайды) әлеуметтік-экономикалық Гармония және оның заң­дары қалыптасады, сондықтан жеке тұлғалардың сана-сезімдерінің шынайы руханиға және өнегелілікке қарай өзгеруі өте жоғары дәрежелі. Сананы Гармониялау – жеке тұлғалардың экономикалық істерінің бастамасы. Бұл әр елдің экономикасының даму деңгейіне және халқының тұрмысына, демография мен демо­кра­тиялық жағдайына тәуелді емес. Гармониялы экономиканың мақсаты – халықтың барлық орынды материалдық қажеттілігін қамтамасыз ету. Эконо­микалық жүйеде рухани-өнегелілігі, парасаты және мәдениеті жоғары қызметкерлер көп болған сайын, бұл мақсат ойдағыдай орындалып отырады. Натижесінде қоғамдағы және оның экономикасындағы Гармонияның қалыптасуы жеделдетіледі.
Дисгармония адамның жан дүниесі кемелден­бе­ген­діктен (парасаттылығы жоғары болса да) туады. Нәтижесінде адам атеист немесе агност болып қалады. Және де кейбір кезде діндарлар Дінтұтужарғысынан ауытқып, теріс қылықтар жасауы мүмкін. Осы діндарлар тәубасына келіп, Жаратушыдан кешірім сұрап, Гармония әлеміне қайтып келеді.
«Гармония-дисгармония» дуальдылығы «Руханилы-материалды» дуальдылықпен басқа себеппен де қа­быспайды. Әлеуметтік Гармония өзінің негізі – рухани­лықпен (демоэтика) қатар қоғамның басқада өрістерін (демография, демократия, демоэкономика) қамтиды. Сондықтан, өзінің мазмұны жағынан руханилылықтан әлдеқайда кең, өйткені Гармония материалдылықты да қамтиды. Қарама-қайшылықтардың тартысы және тұлғалар­дың дамуының натижесінде бастапқы «Руханилы-материалды» дуальдылық «Гармония-дисгармония» дуаль­дылығына жиі ауысып отырады. Сондықтан да екінші ұғым құрамы жағынан күрделілеу. Бұны біліп жүргеніміз абзал. Халыққа кең таралған «игілік» пен «зұлымдық» сөздері «Гармония» және «дисгармония» ұғымына толық сәйкес келмейді. Себебі шынайы сенуші адамның игілігі Гармонияға жатады, өйткені ол оны Жаратушыға құлшылық ету үшін жасайды. Ал, атеистер мен политеистердің жасаған істері Гармонияға жатпайды, себебі олардың рухани негізі жоқ, жақсылықты олар өздері үшін немесе басқалар үшін ғана жасайды. Бірінші жағдайдағы игілікті іс нағыз бақыт көзі, өте құнды, себебі ол Жаратушының разылығына жеткізетін тура жол ғой. Орындылық, бір қалыптылық, әділеттілік, адалды­лық және ашықтылық, адамның міндеті мен құқығын құрметтеу, әлемдік сүйіспеншілік, азаматтардың өзара сенімділігі және тағы басқа рухани-өнегелілік құндылықтар Гармонияға деген әлеуметтік эволюция­ның мәнін, маңызын құрайды. Гармонияға жол ашылған жерде кедергілер жойылады, қоғамның барлық қорлары адамның игілігі және қоршаған ортаны сақтау үшін ерекше тиімділікпен жұмсалады. Ысырап, мақсатсыз шығын сияқты теріс іс-әрекетке тосқауыл қойылады.
Біздің өркениетімізде бір аса маңызды жайттың болып жатқанын, осыған байланысты қазіргі өмірге басқа көзқараспен қарау керек екенін, менімше, көптеген адамдар қатты сезінуде. Осы бір жаңа сезім, алдымызда болашақ өзгерістердің болу мүмкіндігі адамдардың көңіліне жаңа үміт тудырады.

37,Қарым-қатынастың тұлғаның коммуникативті потенциалының белгісі.Тілді оқыту барысында коммуникативтік қарым – қатынас орнату, сөйлеу қабілетін дамыту оқушылардың өзара немесе оқытушымен сөйлесуіне, сұрақтарға жауап іздеуіне құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілінің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру жаңа технологиялар арқылы жүзеге асырылады.

38,Қарым-қатынастың эмоционалды қызметтеріЭмоция психологиялық кейіптің ерекше к-рнісі, ол адамның қоршаған ортаға деген қатынасы, жағымды және жағымсыз түйсіктер мен белгілі жағдайға тікелей әсерлену формасында көрніс береді. Эмоциялар класына сезім, көңіл-күй, аффектілер, стресс және құмарлықтар жатады. Және бұлар адамның барлық психикалық поцестері мен кейіпімен жалғасады. Бұлардың кез-келген белсенділігі эмоционалдық әсерленумен жүзеге асырылады. Эмоция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейді, оның жүзеге асырылуын жеңілдетеді. Біз адамның көңіл-күйін, оның қуаныш, ыза, қайғы, қорқыныш, таңдану, жиіркену немесе сүйсіну сияқты психикалық кейіпін сөзсіз түсіне аламыз, эмоцияның көмегімен бірлескен нақты іс-әрекет түрлерін жүзеге асыра аламыз. Бұндай фактілер негізгі эмоциялардың тіршілік иелерінің бір-бірін түсіну қабілеттерімен генотиптік тұрғыдан шарттас екендігін дәлелдейді. Психикалық жоғары дамыған жануарлар мен адамдар арасындағы бет әлпетінің көрінісі арқылы өзара бірін-бірі қабылдап, бір-бірінің эмоциолналдық кейіптерін бағалауға қабілетті екендігі белгілі. Сонымен, эмоциялардың негізгі атқаратын қызметтері:

Наши рекомендации