Арт адамдармен әлеуметтік жұмыс: жасаралық, психологиялық және өнегелі- деонтологиялық проблемаларға талдау жасаңыз
Психологияда өмірдің кеш кезеңінің анықтамасы жоқ. Ереже бойынша ғалымдар барлық психологиялық және медициналық жағдайы бірдей емес, егде кезең тобына 60-тан 75-ке дейінгі жасты жатқызады. Бұл топқа кіретін адамдар үшін белсенділік деңгейі айтарлықтай жоғары сақталған, ал олар үшін әлеуметтік-психологиялық бейімделуді және осы арқылы психологиялық өзін жақсы сезінуді бұзу маңызды проблемалардың бірі болып табылады.
Қартаю процесінде байқылайтын психикалық өзгеріс орталық нерв жүйесіндегі инновация процесімен байланысты. Қартаюдың басталуының жан-жақты және жалпы белгісі болып реакция беру уақытының айтарлықтай ұлғаюы болып табылады. Бұл мынадан көрінеді: күштің азаюында және өмір сүргіштіктің негізгі процесінің қозғалысында, сенсорлық функцияның көбін жаулап алғандықтан моторикада да, жаңа қабылдауда, егде адамдардың барлық мінез-құлқында, өзгермелі жағдайда бейімделуінен психологиялық өзгерістредің себептері (Биррен).
Қартаюдың алғашқы кезі (сыртқы) – бұл хроникалық аурулармен ауланбайтын орташа процесс. Қартаюдың екінші кезі (ішкі) – қартаю мидың функцияларына әсер ететін денсаулықтың патологиялық нашарлауы мен және әртүрлі хроникалық ауруларымен байланысты.
Бұл процестің екеуіне де өмір стилі стресстер моральды-этикалық принциптер әсер етеді.
Қартаю кезіндегі күштің өзгеруі мен психикалық процестердің қозғалысы нашар индивидуальды мінездің психикалық қызметінің өзгеруі негізінде қартаюға гетерохрондық сияқты естің интеллекттің, өмірлік тәжірибенің индивидуальды сананың, тұлғалық сапаның бұзылуы жатады. Бұл жеке мехнизм компенсациясы мен жасерекшелік өзгерістерін бейімделудің формалдануына әкеледі.
Қарттық жас – қартаю процесі ашық көрінетін, онтогенездің аяқталу кезеңі.
Қазіргі кезде қартаюдың әртүрлі анықтамалары бар. Авторлардың кейбіреулері қартаюды клеткалық заттың физико-химиялық құрылым өзгерісі есебінен реактивті клеткалардың біртіндеп әлсіреуі деп қарайды. Басқаларының ойынша, қартаю ішкі және сыртқы ортадан қорғанудың мінез-құлықтың физиологиялық, биохимиялық төмендеуі. Сондай-ақ, қартаюды өмір сүруінің және қорғанудың төмендеуіне әкелетін мінез-құлық пен организмнің есейген сайын өзгеруі.
Қартаю – бұзушы процесс. Ол организмнің адаптациялық мүмкіндіктерінің азаюына әкеледі. Қартаюшы организмның адаптациясының төмендеуінің себебі барлық функциялдардың жүйесінің әлсіреу – нервтік, эндокриндік, иммундық, тыныс алушы, ас қорытушы және тағы басқа.
Қартаю процесі организмге аталған жасерекшелік өзгерістерге әкелетін, генетикалық проблемаланған процесс. Геронтогенез кезеңінде біртіндеп организмдерінің әсіресе, ішкі тітіркендіргіш процесі әлсірейді. Ең көп сақталғаны тамақ рефлексімен салыстырғанда қорғану шартты рефлекс екен. Қартаю кезеңінде барлық өзгерістердің индивидуальды мінез-құлық болады.
Жеке тұлға ретінде қартайған адамның мінезінің қиын және қарама-қайшы болуы биологиялық құрылымы және жаңа білімнің сандық және сапалық өзгерістерімен байланысты. Организм жаңа шарттарға бейімделді, оның өмір сүру қызметін, қартаюын деструктивті (бұзушы, қарама-қайшы) көріністерін өткізуге мүмкіндік беруін сақтайтын организмның әртүрлі жүйелері белсене түседі [15, 56б.].
Қартаю — өте қиын процесс. Оның пайда болуы организм қатарының барлық деңгейін де бақыланады.
Ең бірінші, жалпы организмның бұл деңгейін біз адамдармен қарым-қатынаста визуальды байқаймыз. Қартайғанда адамдардың шашы сиреп, терісі әжімделіп және серпілгіштігін жоғалтады, бойы кішірейіп, көру мен есту нашарлап, дауысы «отырып», қорлыққа болады да, жоғары мидан бөлінгіш жоғалтады, төс клеткаларының формалары өзгереді.
Психологияда мінез де, құлық та – ал бұның бәрі организмге жататындықтан нәтижесіз қарым-қатынаста бақыланатын өзінің өзгерістері пайда болады. Қызығушылық біркелкі және уақыт пен ақыл-ой не дене еңбегіне көп күш жұмсалуымен байланысты болады.
Сараңдық, тәуелділік, сыйымдылық, өмір сүруге қабілетсіздік сияқты кемшіліктер жас кезінде де болып, бірақ алдындағылар оған шыдамды болған болса, енді ол үлкейіп оған ортасы шыдамсыз болып келеді.
Егде кісінің зейіні өзінің санасы мен уайымынан қысқарады да, және сол арқылы басқаларды қызықтырғысы келеді
Тұрғындардың демографиялық қартаюы жылдам өсіп келеді. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселесін шешу олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, темпераментін, мінез-құлқын жинақтауын, осы жастағы адамдардың жеке қасиеттерін барынша назар аудара зерттеу қажеттілігін анықтайды.
Тұрғындардың осы категориясынң көптеген әлеуметтік мәселелерін түрлі ғылымдарың зерттеу нысаны болып табылады. Бұл мәселені әртүрлі тарихи кезеңде философтар мен педагогтер, әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер өз заманында қозғап отырды.
Егде жастарғылардың ең белснеді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 – 43 б.э.д.) болды, ол «Үлкен катон немесе қартық туралы» 44 жылы диалог жазды. Цицирон адам үшін өмірдің бүкіл қоғам үшін аса құнды деп қарттық жасты шебер қорғай білді жәнемадақтады. Цицирон тілімен айтқанда, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кезңде адам ақыл ойын эмоция мен құндылыққа жеңілдірмейді. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибе сияқты байлыққа ие болады [25].
Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді мінез күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ой арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі.
Тарихшы-философтар егде жаста жастық шаққа қарағанда аса құнды, асыл текті кезең деп санады, осы себепке байланысты қарттық әлсіздікті тәкаппарлықпен көтере білу керек деп білді.
Сонымен қарттар өздерін қоғам үшін пайдалы деп есептеуді атап өтті, адам өмірі бірқатар мынадай факторларға бағаланады және анықталады деді: саяси, экономикалық және мәдени даму, материалдық өзара қатынас, жергілікті және ұлттық дәстүрлер.
Жас ерекшелігі құрамның оның басқа сапасы жақтарынан сипаттауы үшін осы кезеңде өмір сүріп жатқан түрлі ұрпақтар жиынтығын қарастыру керек. Осы ұрпақтардың әрқайсысы белгілі бір әлеуметтік санаға ие. Олар былай құралады: біріншіден, өткен өмір қорытындысы, сол ұрпақтың жеке өмір тәжірибесінің сомасы; екіншіден, осы ұрпақ қоғам өмірінде қандай нақты тарихи оқиғаларды бастан кешіргеніне байланысты.
Қарттықтың басталуы денсаулық пен тән күшінің нашарлауы, әлеуметтік-кәсіби рөлдер құрылымы санаының азаюы және өзгеруі, отбасының өмірден айрысуымен сипатталады. Адамның есеюі де, қартаюы да біркелкі жүрмейді. Бұл оның геронтологияда психо-физиологиялық процестер және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі жақсы зерттелінеді де, ал олардың өзіндік санасы мен ішкі дүниесі аз зерттелген.
Жас өскен сайын адам өзін-өзі бағалуы да өзгеріп оытрады. Егде адамдар өзінің сырқты бейнесіне аз назар аударады, бірақ ішкі және тән қалпына, өзін-өзі сезінуіне жете мән береді. Олар өздерінің зейін қабілетін жастарға қарағнада дұрыс бағалай біледі. Егде адам басқлардың қылығына дұрыс баға береді. Кейбір егде адамдар басқа біреулердің адамгершіліктін тыс қылықтарына жауапкершілік мінез танытады. Кейбір егде адамдар кең дүниетанымға ие бола отырып, жасы келген сайын жұмсақ бола бастайды. Олар өздері бұрын өмір сүрген жағдайдан басқаша өмір сүру принципіне жол береді. Әсіресе, өздерінің немерелеріне жасына байланысты өзіне деген жалпы сенім де азая түседі, мұның өзі психо-физиологиялық (жадының, дене күшінің, сыртқы диапазоонының тарылуы) өзгерістермен байланысты болады. Бұл адамдардың жеке ерекшеліктерімен қзымет саласына да байланысты. Егде адамдар олардың қоғамдағы өмір жолын кезеңдестіру және соған байланысты жас ерекшелігі стереотиптерін есепке алады. Алайда, өздерін көбі «кәріміз» деп есептемейді, көпшілігі өздерін «орта жастағылармыз» деп есептейді. Өздерін кәрі деп санау көбінесе ауру адамдарда я болмасы соңғы жылдары жағдайы нашарлаған адамдарда кездеседі [27].
Қартаюшы адамдардың зейнеткерлікке шығуы қиын кезең болып табылады, мұның өзі олардың өмір салтының түпкілікті өзгеруіне әкеледі. Жалпы уақыт бюджетінің қайта құру процессі өтеді. Еңбек қызметін тастай отырып, егде адамдар бос уақыты сияқты байлыққа ие болады. Осыған байланысты егде адамдардың бос уақытын үнемді өткізуі өзекті мәселеге айналды.
Бос уақыт мазмұнына түрлі анқытамалар беруге болады. Біздің көзқарасымыз бойынша, В.И.Пименованың классификациясы нақты болып табылады. Бос уақыт қызметінің үш тобын атап көрсетеді: бірінші – қоғмадық пайдалы қызмет, осының негізінде рухани құндылықтар жасалады. Оған қоғмадық жұмыс, өнертапқыштық, көркем шығармашылық түрлері оқу жатады; екінші топ – рухани құндылықтардан тұтыну, кітап, газет, журнал оқу, теледидар көру, театр, кинотеатрға бару; үшінші топ – түрлі демалыстар, яғни дене тәрбиесі, спорт, туризм сияқты, белсенді түрі мен пассив демалыс түрі.
Г.А.Евреева бос уақыты пайдаланудың негізгі үш деңгейін атап көрсетті: біріншісі – қабілетті дамыту мен шығармашылық мүмкіндіктерін жасаушы әрекеттер; екіншісі – рухани және тән қажеттеліктерін қанағаттандырушы әрекеттер; үшінші – шығрамашылық және әлеуметтік потенцияны арттыру, және деструктивті (антимәдени) әрекеттер.
Бос уақытты егде адамдар қызметін ұйымдастыру жүйесі олардың қажеттіліктері, мүдделерімен, мәдени мақсаттары және идеялары арқылы анықталады. Бір қажеттілкті қанағаттандыру басқа бір қажеттілікті тудырады. Мұның өзі демалыс түрін байыта түседі [28].
Э.В.Соколов демалыс құрылымын «қабат» немесе бір-бірімен ерекшеленетін деңгей түрінде елестеді. Мұнда бір деңгей екіншісінен нақты қызмет мазмұны, ақыл-ой дәрежесі, эмоциясы, рухани белсенділігі арқылы ерекшеленеді. Э.В. Соколов демалыс құрылымында келесі деңгейлерді қарастырады: бірінші саты – демалыс ол шаршауды басады. Мұндай демалыс алыс мақсатқа мөлшерленбейді, ол өте пассив. Пассив демалыс шексіз түрде жалғаса аламайды. Ол анағұрлым дамыған демалыс деңгейіне көтеріледі, оны көңіл көтеру деседе болады. Көңіл көтеру өзін-өзі жеңіл сезіну қажеттілігінен туындайды. Көңіл көтеру формасы ойын деп те аталады. Демалыстың бұдан да жоғары деңгейін ағарту деп атайды. Ол өзінен үлкен деңгейін шығармашылыққа өтуді талап етеді. Шығармашылық — қызметтің ең еркін түрі. Демалыс, көңіл көтеру, ағартудан өзіндік бағасы арқылы ерекшеленеді [16, 85б.].
Егде адамдардың бос уақытын өткізуі туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір авторлар (Н.Н.Сагун, Г.Н.Москалес) тұлғаның қартаюы объективті жағдайлармен өмір салтындағы өзгерістер әсерінен егде адамдар кейбір қасиеттерін жоғалатып, оның жаңасына ие болып отырады деп есептеледі. Ал басқалары (Н.Н.Щербакова) егде адамдарға өмір бойы қалыптасқан сенім сақтап қалуға ұмтылу тән деп біледі.
Басқаларға қарағанда біздің еліміздің қарттары екі-үш есе босуақытқа ие. Ірі қалаларда қарттар көп бос уақытқа ие болады. Орта есеппен алғанда әр аптада 30-50 сағатты иемденеді. Сөйтіп олар зейнеткерлікке шыққан кезде демалысын қалай өткізу керектігін дұрыс болжай алады. Цицерон «Қарттық туралы» былай деп жазады: егер ол (жан) әрекеттен білімнен қорек алса, онда демалыстан артық ешнәрсе жоқ.
Демалысты дұрыс өткізуге қаржы тапшылығы кедергі болса, онда ол олардың өмір салтына әсер етуі мүмкін.
Өз өмір салты бірыңғай, қозғаыссыз, пассив өтетін егде адамдарға демалысқа онша құлшыныс тудырмайды. Егде адамдардың аз бөлігі ғана өз демалысын таныстары, достары, бұрынғы әріптестері, туыстарымен қарым-қатынас жасау, түрлі мәдени нәрселерге (спектакель, музей, лекция) сондай-ақ түрлі әуесқойлықпен шұғылданады.
Сөйтіп, олар кенеттен бос уақыттың пайда болуын, оған бейімделуін және оны дұрыс өткізуді ұйымдастыра алады. Егде адамдар босуақытың өткізуге сенімсіздік танытса, олардың бойында депрессия болып және өзін-өзі дұрыс сезінбейді. Егде адамдардың бос уақытты қалай өткізуі мәдени білім деңгейіне де байланысты болады. В.В.Никитенко жүргізген демократиялық талдау мынаны көрсетті: басқа жас ерекшелігі топтарына қарағанда егде адамдардың білім дәрежесі елеулі түрде төмен екендігін көрсетті. Бірақ, зейнеткерлікке шыққан адамдардың білім деңгейі бірте-бірте тұрақты түрде жоғарлайтындығын атап өтуі қажет.
2003–2009 жылдары жүргізілген зерттеулер мұны дәлелдей түседі. Зерттеулер мәдени-ағартушылық шақта демалыс түрлеріне шығынды аз жұмсайды, әсіресе ер зейнеткерлер. Кинода, театрда тіптен болмайтындар 44,5%-ды құрайды.
Бұл еңбек етуші ер адамдарың пайызынан 3,5 есе артық екендігін көрсетеді. Сауал жүргізу нәтижесі мынаны көрсетті.
Егде адамдардың қызығушылығына талдау жасау олардың клуб мекемелеріне жай келе алу мүмкіндігін көрсетті.
Алайда, тәжірибе эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңінде егде адамдар барлық қызмет түрінен үйде ғана айналысатындығын дәлеледеді. Олардың 3,6%-ы ғана достарымен клубта кездеседі, 3,7%-ы бау-бақша шаруашылығы клубында ұшырасады. Бос уақытын кіммен бірге өткізеді деген мәселе бойынша мынадай мәліметтер алынды: отбасы мүшелерімен — 62%, жалғыз өзі – 34,9%, туыстарымен – 31,1%, әріптестерімен бірге — 31%, жастық шақтағы достарымен – 29,2%, көршілеріменен – 26,2%. Егде адамдар кейде бірнеше нұсқаны да айтатын. Қай жастағы адамдар мен бос уақытын өткізеді? Деген мәселе бойынша мынандай мәліметтер алынды: 27,6% — орта жастағы адамдармен; 25,6% — құрдастарымен; 19,4% — достарымен; 8% — жасөспірімдермен.
Зерттеуде егде жастағы адамдар ұнататын қызмет түрлері айқындалды: «Сізге келесі қызмет түрлері қаншалықты дәрежеде маңызды?» — деген сауал қойылды.
Соның нәтижесінде маңызды қызмет түрлері бұл отбасында болу, немерелерді тәрбиелеу, одан кейінгі орында теледидар көру, радио тыңдау, өз білімін жетілдіру, қоғмадық қызмет, театр, кинотеатрға бару. Сөйтіп,отбасы қарым-қатынасымен кейінгі орынға бұқаралық ақпарат құралдары екендігі айқындалды. Коллекция жинау, көркемөнерпаздылықпен шұғылдану, әдебиет және өнермен айналысу маңызды немесе маңызы аз деп танылды.
Анкета жүргізу барысында, демалыстың білімге жас ерекшелігіне жиналысына тәуелді екенідігі анықталды.
Бастауыш білімге ие егде жастағы адамдар демалудың пассив формаларын қалайды, яғни теледидар көру, радио тыңдау, отбасында болу, үй шаруашылығымен айналысуды ұнатады. «Сіз клубта немен айналысқандығын қалар едіңіз?» — деген сауалға респонденттер былай деп жауап берді: жай ғана демалу – 3,02%; теледидар көру – 2,01%; таныстарымен кездесу – 7,4%.
Толық емес орта білімге ие егде адамдар демалудың пассив формаларымен бірге өнер және әдебиетті сүюші клубын, «денсалық», декаративті қолданбалы шығармашылық клубын атады. Олар мәдени-ағарту қызметтеріне қатысуды қалайды: құрдастарымен қарым-қатынас жасау – 3,09%; пайда болу тәжірибиесін үйрету – 1,4%; қызықты ортаны іздеу – 2,7%; сүйікті ісімен айналысу — 2,2%.
Орта білімге ие егде адамдар демалыс ісінде өте белсенді болып келеді. Олар дене тәрбиесі, өз білімін жетілдіру қызмет түрлерін қалайды. Олар да мәдени-ағарту жұмысына, яғни өздеріне пайдалы болу, өз тәжірибесі мен білімін тарату, сүйікті ісімен айналысу, құрдастарымен қарым-қатынас жасау сияқты түрлері де іске асады. Бұл адамдар еңбек және соғыс ардагерлері кеңесіне, қиын балалармен жұмыс істеуге көмек көрсете алады.
Орта арнайы білімге ие адамдардың жағдайы тіптен басқаша. Олар достары ортасында болуы, дене тәрбиесімен айналысу, қоғамдық жұмыспен шығылдану және өз білімін жетілдірумен айналысуды қалайды.
Жоғары білімді егде адамдар бірінші орына мынадай қызмет түрлерін қояды: өз білімін жетілдіру, қоғамдық жұмыс. Мәдени-ағарту жұмысында мынадай нақты көмек ұсынады – лекция оқу, сұхбат жасау, хабар жіберу, кеңес беру. Олар жастармен, жасөспірімдермен, балалармен жұмыс жүргізуге дайын. Түрлі әдеби музыкалық кештер ұйымдастыруда қалайды. Егде жастағы адамдардың демалыс типтерін анықтауда бос уақытта немен айналысуын, олардың өмір салтын көрсететіндігін ескеріледі.
Кейбір әлеуметтік күштер (В.А.Грушин) былай деп атап көрсетті: егде адамдардың отбасы міндетін бірнеше ұлғайту және сақтап қалу қажет. Егде адамдардың үй шарушалығын жүргізе отырып, олар өз денсаулығын, демалысын шағым етеді. В.А.Грушин түрлі жас ерекшеліктерді топтар арасында бос уақыт үшін күрес өту деп есептейді. Әлеуметтанушылар олардың отбасындағы мынадай міндеттерін атап өтеді: немерлеріне қарап, оларды тәрбиелей отырып, жас жұбайларға көмек көрсету, үй шаруашылығымен отбасы бюджетін жүргізу, жас жұбайлардың қоғамдық, өндірістік жұмыстарына белснеді араласыуныа мүмкіндік беру, дау-жанжалдың алдын алу. Сонымен қатар, В.Д.Шапиронның зерттеу мәліметтері бойынша егде адамдар отбасында жеке мақсатты, мазмұнды және пайдалы жұмысты сақталуын қамтиды.
Мәселені теориялық жағынан зерттеу түрлі сауалдар жүргізу, бақылау, көркейту және тағы басқа әлеуметтік педагогикалық әдістер көмегімен жеке өзіндік зерттеу жүргізу іске асырылып оған 675 респондент қамтылды. Сауалнама жүргізудің мақсаты егде адамдардың демалысын ұйымдастыру мәселесінің кейбір жақтарын анықтау болып табылады. Атап айтқанда, бос уақытты бағдарлаушы туралы, осы уақыт көлеміне деген көзқарас, әлеуметтік күнделік ретінде демалысты бағалау, объективті және субъективті мүмкіндіктерге баға беру. Егде жастағы адамдарға мынадай сауалдар қойылды: «Сіздің сүйікті шаруаңыз қандай?», «Бос уақытты кіммен бірге өткізесіз?», «Бос уақытыңызда үйде отырасыз ба, әлде клуб, не болмаса белгілі бір мәдени мекемесінде боласыз ба?».
Егде адамдардың ұжымдық демалу формаларын зерттеу оның өте аз жағдайда орын алатындығын көрсетті. Олардың 3,3% ғана түрлі үйірмелер мен секцияларға, мәдени-ағарту қызметіне қатысады. Мүлдем демалыстың кең тараған түрі өзге елдермен қарым-қатынас жасау, қонақ күту және қонаққа бару — 78% ; кинотеатрға бару — 68,9%; түрлі қатысымдарға бару — 4,9%.
Л.Д. Гордон, Э.В.Клопов «Человек после работы. Социальные проблемы быта в не рабочего времени» атты монографиясында егде адамдардың достарымен көшеде жиі кездесетіндігін атап көрсетеді. Бұл әрекет ерекше назар аударуды қажет етеді.
Қарттық кезеңде достықтың ролі ұлғая түседі. Жақын туыстарынан айырылған егде адамдарда достарымен қарым-қатынас жасау қажеттілігі өрши түседі. Егер зейнеткерлікке шыққан адам демалысты қалай өткізуді ұйымдастырмаса, отбасында оны дұрыс қолданбаса, онда адамның қызығу шеңбері тарыла түседі.
Егде адамдардың рухани құндылық қажеттілігіне әсер ететін маңызды факторларының бірі зейнеткерлікке шығу алдында тиісті қажеттіліктердің қалыптасуы болып табылады.
Сөйтіп, зейнеткерлікке шыққан соң демалыс уақытының елеулі түрде ұлғаюы салдарынан оны пайдалану сапасы төмен деңгейде қалуда. Бос уақытта белсенді түрде өткізу факторлары арасында демалу біліктілігінің өте төмен деңгейде екендігі атап өткен жөн. Егде адамдар немерелері жағдайын өз мойнына алады, осы арқылы эмойиялық қажеттілікті қанағантандырады. Олар зейнеткерлікке шыққанға дейін атқармаған ісін осы арқылы, яғни өскелең ұрпақ тәрбиесі арқылы атқарады. Мұның өзі көп күш пен уақытты қажет етеді.
Демалыстың ең дамыған түрі – кітап оқу. Әсіресе әйел адамдар ерлерге қарағанда (газетті есепке алғанда) кітапты көп оқиды. Ерлер газетті көп оқиды, теледидар алдыңда 2 сағаттан көп отырады.
Еркін қарым-қатынас жасауға, талпынудың күшеюі еңбек етудің азаюымен ғана байланысты ғана емес, қарттықтың әлеуметтік психологиялық табиғатына да тиісті. Рухани қажеттілік пен байланысты уақытты шағымдау мәселелер болып табылады, көркем әдебиет, газет оқу.
Газет оқу кітап оқуға қарағанда көбірек орын олады. Өйткені егде адамдар күнделікті қоғамдық-саяси оқиғалармен қызығып отырады.
Демалыс сипатына егде адамдардың бұрыңғы әлеуметтік жағдайында әсер етеді. Зейнеткерлікке шыққан әйел және ер жұмысшыларда бос уақытты өткізудің нашар демалған формалары мен пассив демалыс көбірек орын алады. Зейнеткерлікке шыққан бұрынғы қызметкерлерде дене еңбегімен айналысу және қоғамдық пайдасы қызметпен шұғылдану орын алады. Ең белсенді демалушылар ер қызметкерлер, одан кейінгі орында әйел қызметкерлер, соңғы орында әйел жұмысшылар.
Қызметкерлердің мұндай жоғарғы көрсеткіштерге ие болуы бірқатар фактілерімен түсіндіріледі; жоғарғы білім, материалдық жақсы қамтамасыз етілуі, немерелерімен бірге тұрмауы. Аталған факторлар кинотеатр, театр, концерт, мұражай, көрме, лекцияларға қатысуға мүмкіндік береді.
Ер жұмысшылар көбіне домино, карта ойнаумен бос уақытын өткізеді.
Әлеуметтік және экономикалық дамуы түрлі деңгейдегі елдерде тұрғындардың қартаюы бірдей болып келмейді. Бір елдегі тұрғындардың территориялық және этникалық белгілері, өмір деңгейі, әлеуметтік және кәсіби статусы бойынша да қартаюы әр түрлі болып келеді. Батыс елдеріндегі егде адамдардың сана-сезімінің өсуіне егде адамдарды біріктіретін жалпы ұлттық және жергілікті қоғамдық ұйымдардың құрылуы себеп болуда. Мәселен, олар –Америка зейнеткерлері қоғамы, оның құрамында түрлі мәліметтер бойынша 9-15 млн. адам бар; зейнеткерлердің ұлттық одағы (Ұлыбритания); Аға ұрпақтың федералды конгрессі (ГФР); Жасы үлкендер қоғамы (Канада); Егде адамдар істері бойынша кеңестер (Австралия); Егде адамдар клубының Ұлттық федерациясы (Жапония) т.б.
Бұл ұйымдар ауқымғы мәселелерді қарастырады. Өз мүшелерін әлеуметтік сақтандыру, оларға тиісті құқықтар мен жеңілдіктер туралы ақпаратты қамту, егде адамдар демалысын ұйымдастыру және мүдделерін мемлекеттік деңгейде шешу, саяси, әлеуметтік және мәдени акцияларға қатысуға жеңілдік көрсету.
Америка мамандары К.Манич, Э.Пикеортс, Дж. Мачано егде адамдарға арнадған бес өзекті бағдарлманы көрсетеді: кәсіби-техникалық оқу. Мұнда машинада жазу, бухгалтерлік іс уақытша еңбек етуде қажет болады. Мәдени қызметте бүкіл өмір мазмұны байытылыдаы. Бұған өнер және көркем қолөнер қызметтері енеді. Философия, психология және жаратылысы – математика ғылымдарымен айналысу аз таралған. Денсаулыққа байланысты біліммен қарулану қартаю кезінде иенің қажет екендігін көрсетеді. Отбасы білімін беру ең алдымен өзгерген әлеуметтік және отбасы жағдайларына бейімделуді қажет етеді.
Батыс елдерінде төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзіне-өзі немесе біріне-бірі көмек беру топтары пайда болды. Кәсіби қызметкерлер басқаратын дәстүрлі әлеуметтік қызметтен мұның ерекшелігі – егде адамдардың өз бетінше ұйым құруы. Олардың мақсаты қиын жағдайда бір-біріне түрлі дәрежеде көмек көрсету. АҚШ, Канада және бірқатар Батыс елдерінде мұндай ұйымдар әсіресе, пансионаттарда, қонақ үйлерде, жатақханаларда бірге өмір сүріп жатқан, қарттар арасында әрекет етеді.
Соңғы жылдарда жоғарғы оқу орындарында егде адамдардың көптеп талаптануы орын алады. Мұндай егде адамдар зейнеткерлік кезеңде білім алады. Олар мансабын жоғралатуды мақсат тұтпайды. Олар өз өмірлерін рухани байытқысы келеді, мұның өзі құнды қызмет болып табылады.
Қартаюшылардың білім жүйесі қызметіне қажеттілігінің арызына байланысты көптеген елдердің оқу орындарында жаңа «оқушылар» контингенті қалыптасуда. Мәселен, АҚШ-та әрбір үшінші университет қарт адамдар үшін арнайы оқу курстары мен бағдарламаларын түзген. Кейбір мәліметтер бойынша 80 жылдың басында колледждерде 1,6 миллионнан астам қарттар білім алған.
Барлық жалпы алғанда егде адамдар қоғамдық санада қабылданған кәрілік стереотипін мойындайды. Адамның өзіндік «мені» қарттықтың стереотпті образының жағымсыз қасиеттерін ендірмейді. Егде адамдардың уақытша перспективасы өзгеріп отырады. Егде адамдар өзінің жеке, ішкі мәселелрімен қалып қоймайды. Әлем тағдыры оларды жастарға қарағнада көбірек ойландырады. Өткенге көз салу аса қарт адамдарға тән, басқалары болашақ туралы әңгімелейді және ойлайды. Жас ұлғаюына байланысты уақытша перспектива да қысқара түседі [44].
Балалар санасы сияқты егде адмдарда да жақын болашақ алыс болашаққа үстем орын алады. Жеке өмір перспективаларыда қысқара түседі. Егде адамдар менжастардың уақыт образын салыстыру, біржағынан алғнада өмірдің тез өтуін көрсетсе, екінші жағынан алғанда, түрлі уақиғалардың аз болуымен сипатталады. Көп жағдайда олар өткен өмірлерін еске алады.
Алғашықлар үлкен оптимизмге, болшаққа сенімді. Көп жағдайда егде адамдар өмірдің осы кезеңін қайраткерлікті кезең деп біледі. Олар өмірге сеніммен қарсы, көбіне тығыз уақиға ортасында жүргенді қалайды. Қоғамға, қоршаған ортаға пайдалы болғысы келеді.
В.В.Вересаев жасөспірім шағында қартаюдан қатты қорқатын, кейінен мұнығң бәрі бекер екендігін, тәжірибе арқылы жиналған ақылдылық оның орнын толтырғандығын жазды. Жасөспірім шағындағы қорқынышымды еске аламын, жан-дүниемді аса бөтен қиналыс билеп алған, тәнімді қорқыныш асыр салады, өзімді-өзім түсінбеймін, өмір ағысына қосылып кетудің өзі қиын…, ал қазір жанымның қақпағы ашылғандай, оны жаралау оңай емес. Қолымда сенмді компас бардай. Рухани көздерім ашылғандай, жанымды өмірге деген нақтылық, сүйіспеншілік билейді [15, 75б.].
Адамның қартаюы жанымды (мәселен, үлкен білім жинақтау, жоғары біліктілікке ие болу) және жағымсыз (денсаулық пен күштің нашарлауы, ойлаудың стереотиптілігі) қасиеттерге ие. Өмірде осы екң қасиетте орын алады. Адам өмірінің соңғы кезеңіне орын алған өзгерістер ең алдымен, психолитикалық, жеке мінез-құлық,, қызмет құрылымына байланысты болады. Қазіргі кезде егде адамдар өз алдын жеке қауымды құрайды. Оның құрамына қоғманың түрлі әлеуметтік таптарындағы кілдер енеді. Алайда, зейнеткерлікке, еңбек қызметінен болса да, олар белгілі бір әлеуметтік құрылымна тиісті болудан қалады. әрбір егде адам өзінің жеке қасиет дағдысы мен қажеттілігіне ие индивидиум. Егде жастағы адамдар мәдени білім деңгейі, өмір салты, интеллектілік қабілет, психо-физиологиялық конституциясы, өмір және кәсіби дәрежесін ерекшеленеді. Олар қарымқатынастың, мінез-құлықтың, эмоциялық қасиеттерге ие.
Жас ерекшелігі, денсаулық, өмір салты тұрғысынан алып қарағанда, егде жастағы адамдарды жеке қоғамдық топқа бөлуге болады.
Әлеуметтік әдебиеттерде жас ерекшеліктері елеулі белгіге ие, әлеуметтік жүйеде жас ерекшеліктері кезеңдері бір ізділік маңызға ие. Әлеуметтік жүйеде олардың функциялары ауысып отырады. Л. А. Гардон, Э. В. Клонов сияқты ғалымдар жас ерекшелігі кезеңдерін өмірлік цикл деп атайды. Әрбір кезең ерекше дәуір ретінде, өмір циклының сатысы ретінде қарастырылады. Өмір жолының сатысы деп аталатын атауда қолданылады. Жас ерекшелігі адамның психологиялық дамуы ғана емес, оның биологиялық жетілуі, түрлі толықтырулармен қамтылуы ретінде де қарастырылады. Өйткені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адам қызметінің түрлері және белсенділіктің дәрежелері тән болады [12, 85б.].
«Биологиялық жас ерекшелік,- деп жазады И. С. Кон,- организм қасиеттері оның жүйелерімен қатынаста болады. Әлеуметтік жас ерекшелігі қоғамдық қатынастар жүйесінде индивидттік жағдаймен бірлікте болады. Психологиялық жас ерекшелігі оның ақыл-ойымен, қызметі қатынаста болады». Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды.
О.И.Даниленко атап өткнедей, бұл жағдайда күрделі мір жағдайларын игеру қабеті адамның жан саулығының шамасы болып табылады. Адам ішкі дүниесі мен өмір сүріп отырған орта арасында келісім табуы керек.
Егде жастағы адамдардың өмір салтына таладу жасау кезінде, оның денсаулық жағдайын бағалау мәнін ескере отырып, Т.В.Карсаевская «денсаулық» ұғымының нақтыландыра түседі. Ол денсаулықты еңбекке қабілеттілігі мен қоғмадық белснеділігін сақтап қалу деп атайды.
Егде адамның денсаулығы оның күш-қуаты, оның психологиялық және адамгершілік жағдайымен өлшенеді, осы арқылы егде адам қоғамға пайдалы қызмет атқара алады.
Қазіргі геронтология «адамның табиғи физиологиялық қартаюын, қартаю жайының ұлғаюы менбелсенді ұзақ өмір сүруін» танып отыр.
Егде адамдардың тиімді өмір алты индивидтің биологиялық мүмкіндіктерін барынша қолдану тәсілі, мезгілсіз қартаюы тосқауыл қою. Егде адамдардың күнделікті жүріс-тұрысы материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және құндылық бағдарынан еңбекті демалысты ұйымдаструы, әлеуметтік ортмен өзара қарым-қатынасуы – мұның бәрі оның жеке өмір салтын анықтайды. Егде адам үшін өмір салты – бұл оның ақыл-ой қызметі, эмоциясы мен жүріс-тұрысы, еңбегі мен демалысы, тамақтануы және табиғат пен қарым-қатынасы. И.М.Мечников пікірі бойынша, өмір гармониясы «ортобиозға» тыныштық, психикалық сілкіністің болмауынан болып жатқан оқиғалардан шеттеуі, айналға сезімсіз түрде қарамауы мен қол жеткізілмейді