Ны өткізу түрі-тренинг.

Әдістемелік ұсыныс: Люминофор ретінде, түрлі-түсті ЭСТ-да, сирек кездесетін – иттрий, эрбит сияқты металдар негізіндегі күрделі құрамалар қолданылады. Люминофор-зарядталған бөлшектермен бомбалаған кезінде жарық шығаратын зат. CRT мониторында бейне тұрғызу үшін электронды зеңбірек қолданылады. Ол метал маскасы немесе торы арасынан әр-түрлі люминофорлық нүктелері бар монитор экранның ішкі бетіне, электрондар ағымын жібереді. Электронды ағым түтікшенің фронталды бөлігі жолында, потенциялдар айырмасы принципі бойынша жұмыс істейтін модулятормен тездеткіш жүйе арқылы жүреді. Нәтижесінде электрондардың бір бөлігі люминофорды жарқыратуға жұмсалатын үлкен энергияға ие болады.

Электрондар люминофор қабатына тап болады, содан кейін электрондар энергиясы жарыққа айналады, яғни, электрондар ағымы люминофор нүктелерін жандырады. Бұл жанған люминофордың нүктелері мониторда көретін бейнелерді тудырады. Түрлі-түсті CRT мониторда, қазіргі кезде шығарылмайтын монохромалық мониторға қолданатын бір зеңбіректің орнына үш электронды зеңбірек қолданылады.

Адамның көздері неше түрлі түстерді тудыратын негізгі түстерден және олардың комбинацияларынан әсер алады: қызыл (Red), жасыл (Green), көк (Blue). Электронды сәулелер түтікшесінің фронталды бөлігін жабатын люминофор қабаты, өте кіші элементтерден тұрады (адам көзі көрмей қалатындай кішкенелік). Бұл люминофорлық элементтер негізгі түстерді қайта көрсетеді, түстері RGB негізгі түстеріне сәйкес келетін әр түрлі түсті бөлшектердің іс жүзінде үш түрі бар (осыдан люминофорлық элементтер тобынан – триада деген аты шыққан). Люминофор жоғарыда айтылғандай үш электрондық зеңбірек шығаратын жылдамдатылған электрондардың әсерінен жарық бере бастайды. Үш зеңбіректің әрқайсысы негізгі түстің біріне сәйкес келеді және электрондар будасын люминофордың әртүрлі бөлшектеріне жібереді. Оның түрліше қанықтылықтағы негізгі түстер жарығын беруі қиыстырылады, соның нәтижесінде қажетті түстегі бейне қалыптасады. Мысалы, егер қызыл, жасыл және көк люминофорлық бөлшектерді белсендірсе, онда олардың қиылысуы ақ түсті қалыптастырады. Электронды сәулелік түтікшені басқару үшін басқарушы электроника қажет, оның сапасы көбінесе монитордың да сапасына әсер етеді. Айта кету керек, әр түрлі өңдірушілер жасайтын басқарушы электроника сапасының айырмашылығы, ұқсас электронды-сәулелік түтікшелі мониторлардың арасындағы айырмашылықты білдіретін белгілердің бірі болып табылады.

Түрлі-түсті көріністерді қалыптастыру тәсілінің негізінде түсті көрудің ең маңызды мынадай қасиеттері жатыр:

1) Түстің көрінуінің үш құрамдастығы. Бұл барлық түстердің үш жарық ағымдарының, мысалы, қызыл, көк және жасыл қосылуы (араласуы) жолымен алынуы мүмкіндігін білдіреді, ол түрлі-түсті теледидарлар мен мониторларда түрлерді аддитивті араластыру әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.

2) Түстің кеңістіктегі орташасын шығару. Егер түрлі-түсті бейнелеуде жақын орналасқан түрлі-түсті бөлшектер болса, онда біз жекелеген бөлшектердің түсін алыстан айыра алмаймыз. Түстердің араласу заңдарына сәйкес бүкіл топ бір түске боялады.

Мұндай көру қасиеті монитордың электронды-сәулелік түтікшесінде қатар жатқан люминофорлық түтікшелердің үш түсінен бір көрінетін элемент түсін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

екция №9.

ператорлар қызметінің уақыттық сипаттамалары. Көздің ақпаратты қабылдауы. Пайдаланушының жалпылама сенсомоторлы сипаттамалары.

Жарқыраған объектіні көздің қабылдауы адам-операторында көздің бастапқы тітіркенуі мен оның үзілуіне қатысты біраз іркіледі, бұл көз талдағышының қызметін бірнеше ерекшеліктерін шарттандырады. Бұл ерекшеліктер бірлік жарық сигналдарын қабылдауда, олардың кезектелуі кезінде де көрініс табады. Көздің уақыттық сипаттамаларын білу сигналдардың экспозиция уақытын айқын таңдауға мүмкіндік береді. Ол сигналдарды ең кіші ажырату және сигналдарды кезекпен келуінің уақыттық аралықтарын қамтамасыз етеді. Көз қабылдауының негізгі уақыттық сипаттамалары 1 – кестеде келтірілген.

Жоғарда қарастырылған сипаттамалармен қатар пайдаланушының тиімді жұмысында терезеде бейнеленетін ақпараттың мағыналық мазмұнын беру әдісі маңызды роль атқарады.

Көздің уақыттық сипаттамалары

Сипаттама Сандық мәні Бақылау шарттары
Жылтыңдаудағы субъективті қабылданатын жарық   Жылтыңдау жиілігі(Гц) 8..10 16..20 24..28
Жылтыңдауды бөлек қабылдаудың шекті жиілігі, Гц   Объектінің жарықтылығы 0,1
Анықтау жылдамдығы <3   <30   <7   <60 Қарапайым конфигурациялы объектілер үшін Сол, бірақ нашар бақылау шарттарында Адамға таныс бейнелер(әріп, сан) үшін Сол, бірақ кедергі шарттарында

Бұл әдіс таңбалы жүйелердің 4 түрінің ішінен біреуін қолдануға негізделеді:

- әріпті;

- пиктографиялық;

- сандық;

- геометриялық.

Таңбалы жүйені таңдағанда ескеру керек:

- белгілердің оңай анықталуы мен декодталуы;

- пайдаланушының қатесіз жұмыстың қажетті ұзақтығы, соның ішінде депрессия жағдайында да;

- жүйенің кедергіге төзімділігінің деңгейі;

- пайдаланушының оперативті және ұзақ уақытты жадысында әліпби таңбалы жүйенің есте сақталу ұзақтығы.

Таңбалы жүйенің интегралды сипаттамасы ретінде кодтың жеделділік коэффициентін Кжед қолдануға болады. Ол символды (белгіні) анықтау уақытының оны декодтау уақытына қатынасын көрсетеді. Жоғарыда аталған таңбалы жүйелер үшін бұл көрсеткіштің мәндері 1 – кестеде келтірілген.

Таңбалы жүйе Кжед мәні
Әріптік (бір сөз үшін) 0,9
Пиктографиялық (пиктограмма үшін) 0,8
Сандық (төрт разрядтан жоғары емес, бір сан үшін) 0,6
Геометриялық (бір фигура үшін) 0,6

Жоғарыда келтірілген деректерден қорытынды жасауға болады: шекті жағдайларда үш разрядқа дейінгі сандарды экранда мәтіндік түрде (яғни сөздермен) беру орынды. Сонымен қатар объектінің негізгі қасиеттерін немесе қажетті іс-әрекеттерді баяндау пиктограмма түрінде көрсету тиімді. Мысалы, «хабарды адресатқа жіберу» сөз тіркесін сәйкес пиктограммамен ауыстырған ыңғайлы. Тәжірибе жүзінде дәлелденген, объектінің ең маңызды сипаттамалары оның контурымен кодталуы (айқындалуы) қажет, ал ішкі детальдарымен – қосымша, жанама. Мұнда объектінің кейбір сипаттамалары үшін таңдалған, белгі пішіні айқындалған көрсеткіштері бар жүйе, таңбалы жүйенің барлық әліпбиінде қолданылуы тиіс.

Пиктограмманың геометриялық контурының, тану тиімділігіне әсерінің сандық бағалануы 2 – кестеде келтірілген.

Таңбалы жүйені құру кезінде, симметриялы символдарды адам оңай қабылдайтынын және қысқа және ұзақ уақытты жадыда, есте сақталатынын ескеру қажет.Белгілердің ажырату көрсеткіштері ретінде бір алфавит шеңберінде келесілерді қолдану дұрыс болмауы мүмкін:

- белгідегі элемент саны;

- белгінің геометриялық өлшемдері (ең кемінде екі нұсқадан аса);

- белгілердің «позитив - негатив» және «тура – айна кескіні» принципі бойынша ажыратылуы.

2 – кесте. Белгінің геометриялық күрделілігінің оны декодтауға әсері

Көрсеткіш Көрсеткіштің мәні
  Қарапайым белгілер Орташа күрделілікті белгілер Күрделі белгілер
Ең кіші экспозиция уақыты, с 0,03 0,03 0,05
Экспозиция кезінде декодтаудың орташа уақыты 0,03 с 3,06 2,55 2,76
Дұрыс декодтау ықтималдығы 0,80 0,97 0,98  

Жоғарыда аталған тағы бір фактор – терезеде бірдей кескінделетін интерактивті элементтердің саны. Әрине, олармен тиімді жұмыс істеуге пайдаланушының көру сипатамалары мен қолданылатын таңбалы жүйе сапасы әсер етеді. Соған қарамастан керекті элементті таңдауда пайдаланушының тағы бір сипаттамасы әсер етеді – ол сенсомоторлы сипаттама. Мысал ретінде 3 – кестеде, терезеде көрсетілген сандарға байланысты қажетті элементтің қатесіздік Рв пен таңдау уақыттың Тв орташаланған мәндері келтірілген.

3 – кесте. Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпыланған

көрсеткіштері

Экрандағы интерактивті элементтердің саны (белсенді терезе) Рв   Тв, с  
0,999 1,5
0,997 3,0
0,995 4,0
0,97 5,0
0,94 7,0
0,92 10,0

Жоғарыда келтірілген сандық көрсеткіштер орташаланған болып табылады. Шынайы өмірде оларға бірде-бір адам сәйкес келе алмайды. Бұған қарамастан олар кейбір пайдаланушы топтары (санаттар) үшін ақиқат болып табылады. Әрбір осындай топ адамдары басқа топтан кейбір факторлар арқылы ерекшеленуі мүмкін: физиологиялық параметрлері бойынша, компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша, нақты қосымшалармен жұмыс істеу тәжірибесімен және т. б. Осыған орай интерактивті қосымшаны құру барысында, ең бірінші, ол арналған мүмкін пайдаланушылардың санатын анықтау (ең болмағанда жуықтап) қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Адам-операторының көруінің уақыттық сипаттамалары қандай?

2. Таңбалы жүйенің кодтық жеделділік коэффициенті дегеніміз не?

3. Белгінің геометриялық күрделілігі оның декодталуына қалай әсер етеді?

4. Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпылама көрсеткіштері қандай?

екция №10.

дам талдағыштарының негізгі сипаттамалары. Талдағыштардың әсер қабылдау шектері. Талдағыштардың уақыттық сипаттамалары. Оператордың психофизиологиялық сипаттамасын сандық бағалау әдістері.

Оператор қызметі үшін ең маңызды – көз талдағышы болып табылады, одан кейін есту және тактилді (сезіну) талдағыштары болады. Басқа талдағыштардың оператор қызметіне аса маңызды әсер етпейді.

Кез келген талдағыштың негізгі сипаттамалары шектер болып табылады – абсолютті (жоғарғы және төменгі), дифференциалды және жеделділік. Әрбір шектің мағынасы сигналдың энергетикалық (интенсивті), кеңістік (өлшем) және уақыттық (әсер ету ұзақтығы) сипаттамаларына қатысты енгізілуі керек.

Әрең сезілетін әсер тигізетін, тітіркендіргіштің минималды шамасы төменгі абсолютті сезіну табалдырығы, ал максималды мүмкін шамасы жоғарғы абсолютті сезіну табалдырығы деп аталады (бұл ұғым тек энергетикалық сипаттамалар үшін қолданылады). Шамалары төменгі табалдырықтан аз сигналдар адамдармен қабылданбайды. Ал сигналдардың интенсивтілігінің жоғарғы табалдырықтан артуы адамдарға кері әсер етеді (дыбыстардың қатты естілу, өте жарық болып кетуі). Жоғарғы және төменгі табалдырықтардың арасындағы аралық-талдағыштың сезімталдық диапозоны деп аталады.

Талдағыштың көмегімен адамдар сигналдарды тек сезіп қана қоймай, оларды ажырата да алады. Ажырату сипаттамасы үшін дифференциалдық деңгей (латынның differential – ажырату) деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғым тітіркендіргіштің арасындағы немесе тек бір тітіркендіргіштің екі жағдайының арасындағы минималды өзгеруін білдіреді. Тәжірибе жүзінде табалдырықтың дифференциалдық шамасы, тітіркендіргіштің бастапқы шамасына пропорционал болатындығы дәлелденген:

ны өткізу түрі-тренинг. - student2.ru

Мұндағы, J-сигналдың (тітіркендіргіштің) бастапқы шамасы, dJ дифференциалдық табалдырықтың шамасы, к-тұрақты шамасы, көру талдағыштары үшін 0,01-ге тең, ал есту және сезу талдағыштары үшін сәйкесінше 0,10 және 0,30-ге тең. Сигнал шамасы және оның тигізетін әсерінің шамасы арасындағы тәуелділік:

ны өткізу түрі-тренинг. - student2.ru

Мұнда, S-сезіну шамасы, к және С-тұрақтылар.

Бұл тәуелділік негізгі психофизикалық заңы немесе Вебер-Фехнер заңы деп аталады. Бұл заңға байланысты, сезінудің интенсивтілігі тітіркендіргіш күштің логарифміне тура пропорционал. Бұл заң талдағыштың сезімталдық диапозонының тек орта бөлігіне қолданылады. Талдағыштың негізгі сипаттамасының бірі оның сезімталдылығы болып табылады. Сезімталдықтың жоғарғы және төменгі абсолюттік табалдырығы болып бөлінеді. Абсолюттік сезімталдықтың табалдырығы мына формуламен анықталады:

G=1/J,

Мұнда, J-тітіркендіргіштің интенсивтілігінің шамасы, ол төменгі абсолюттік сезімтал табалдырығына сәйкес келеді.

Абсолюттік сезімтал табалдырығынан басқа талдағыштың дифференциалдық сезімтал табалдырығы да бар.

Көрудің талдағыш сипаттамаларына жарық диапазоны, контраст, көру өткірлігі жатады. Контраст шамасы екі айқын жарық деңгейінің қатынасына тең. Контраст табалдырығы және талдағыштың контраст сезімталдығы ажыратылады. Көру өткірлігінің шамасы екі нүктенің аз аралығымен анықталады.

Талдағыштың уақыттық сипаттамаларына мыналар жатады:

- реакцияның латентті периоды;

- сезінудің инерция уақыты;

- дағдарыстың жарып-сөну жиілігі;

- бейімделу уақыты.

Қарастырылып отырған сипаттамалар және талдағыштың құрылымы сигнал-тітіркендіргіштің операторға бағытталған келесі орақ талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді:

- сигналдардың интенсивтілігі талдағыштың сезімтал диапазонына орташа мәніне сәйкес келуі керек;

- оператордың сигнал өзгерістерін бақылап отыруы үшін, яғни оларды интенсивтілігі, ұзақтығы, кеңістікте орналасуы бойынша салыстыру, бақылау үшін сигналдар арасындағы өзгерістерді қамтамасыз етуі керек;

- маңызды және жауапты сигналдарды сенсорлық сезімталдығы жоғары рецепторлық беттің аймағына орналастыру керек.

Техникалық жабдықтарда оператор жылдамдығы, оның тұйықталған контур арқылы өтетін ақпараттың келесі қосылған техникалық жабдықтарына өту уақытымен анықталады. Сонымен қатар адам-оператормен реттеу циклының ұзақтығымен бағаланады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Адам-оператор талдағыштарының сезу табалдырығының сандық бағалары қалай анықталады?
  2. Адам-оператор талдағыштарының уақыттық сипаттамалары қандай?
  3. Адам-оператордың жылдамдығы қалай анықталады?
  4. Оператордың қалпына келуі қалай анықталады?
  5. Оператордың дайындығының коэффициенті қалай анықталады?

Наши рекомендации