Ны өткізу түрі- тренниг.

Әдістемелік ұсыныс: Бүгінгі күні ең кең тараған мониторлар – ол CRT (CathodeRaytTube) мониторлары.CRT мониторларының жұмыс принциптерін қарастырайық. CRT немесе ЭСТ-мониторында, сирек кездесетін – иттрий, эрбит сияқты металдар негізіндегі күрделі құрамалар қолданылады.

Люминофор – зарядталған бөлшектермен бомбаланған кезінде жарық шығаратын зат. CRT мониторында бейне туғызу үшін электронды зеңбірек қолданылады. Ол метал маскасы немесе торы арасынан әр түрлі люминофорлық нүктелері бар монитор экранның ішкі бетіне, электрондар ағымын жібереді. Электрон ағымы түтікшенің фронталды бөлігі жолында, потенциалдар айырмасы принципі бойынша жұмыс істейтін, модулятормен тездеткіш арқылы жүреді. Нәтижесінде электрондардың бір бөлігі люминофорды жарқыратуға жұмсалатын үлкен энергияға ие болады. Электрондар люминофор қабатына тап болады, содан кейін электрондар энергиясы жарыққа айналады, яғни электрондар ағымы люминофор нүктелерін жандырады. Бұл жанған люминофордың нүктелері мониторда көретін бейнелерді тудырады. Түрлі-түсті CRT мониторда, қазіргі кезде шығарылмайтын монохромалық мониторға қолданатын бір зеңбіректің орнына үш электронды зеңбірек қолданылады.

Адамның көру қабілетінің екі қасиетінің арқасында электрондық сәуле түтікшелері бар мониторларда бейнелерді қалыптастыру әдістері мүмкін болды:

1) Жарықтық тітіркенуді қабылдаудағы инерттілік, яғни көз торламасында фотохимиялық реакциялардың пайда болуымен тоқтауы, импульс әсерінің басталуымен аяқталуынан кейін бірден пайда болмай, тек сол инерцияны сипаттайтын кідірістен кейін орындалады. Кәдімгідей кездесетін бақылау жағдайында көру сезімінің көбею уақыты 0,1 секунд құрайды. Жарық тітіркенуінің аяқталуынан кейін жарықтың қозудың сақталу уақыты 0,4-1,0 с. құрайды. Көру қабілетінің осындай қабілетінің арқасында, бейненің жолақтан-жолаққа элементтерін бөлшектеп ашып көрсету және бір жартылай кадрден басқаны өндіру мүмкіндіктеріне жеттік (бейненің жолақаралық әдістемесі арқылы пайда болған кезінде), яғни бейне бірін-бірі тез алмастырып отыратын жолақша және кадр түрінде көрінеді.

2) Орын ауыстырудың шектелген рұқсаттық қабілеттігі. Бір қасиетті экран мониторында қозғалыстағы заттарды көрсеткенде есептелінеді. Қозғалыс бірқалыпты болып көрінуі үшін, әр заттың орнының өзгеруі кішігірім «бөліктермен» берілуі тиіс, яғни суреттердегі айырмашылықтар жеткілікті кішкене болу керек (мультипликациядағыдай). Қозғалыс, жеке айырмашылығы аз қозғалыс фазаларын кадрлы көрсету арқылы беріледі.

Лекция №7. Оператордың қателіктері

АБЖ-да оператордың жіберетін барлық қателіктерін үш топқа бөлінеді:

· Әрекеттің орындалу уақытының қателіктері;

· Әрекеттің қателіктері;

· Дәл келмеу түріндегі үлкен қателіктер.

Әрекеттің орындалу уақытының қателіктеріне өз кезегінде және толығымен орындалмаған әрекеттер кіреді. Өз кезегінде орындалмаған әрекеттер оператордың әрекеттерді орындауды кешіктіруі жағдайларында орын алады, ал адам кейін бұл кешігуді толықтыра алмайды. Бұл қателік тобына уақытынан бұрынғы әрекеттердің қателіктері жатады, оператордың тілегі бойынша өз кезегінде бұрыннан күтілген немесе критикалық жағдайдағы әрекетті орындауға мүмкіндік беретін.

Қателіктің екінші тобына мақсаттық координаталарын есептеу кезінде, құралдарының шкалаларының белгілеулеріне қатысты бағалау кезінде, және т.б. пайда болатын қателіктерді жатқызуға болады. Бұл топқа мақсатқа алып келетін қателіктерде жатады. Бұл топтың қателіктерінің барлық түрлерінің бірігуін, олардың пайда болуы оператордың көру қабілетінің шектеулі мүмкіндіктерімен байланыстырылған.

Рұқсат етілген шектеулерден асатын әрекеттің қателіктері адамның қателіктерінің әр түрлі факторларымен байланысты:

· Ақпаратты бейнелеу құрылғыларының эргономикалық сипаттамаларымен;

· Ұсынылатын ақпарат санымен және оның түсу жылдамдығымен;

· Оператор жағдайымен.

Оператордың жұмыс процесінде жіберетін қателіктерінің үшінші тобына дәл келмеу түріндегі үлкен қателіктер жатады. Бұл қателіктер кезінде бір әрекеттің басқалармен, есепті шешудің бір амалының басқасымен жалғасуының тиімділігі байқалады.

Ереже сияқты, үлкен қателіктер жүйе үшін қарсылықтар болып табылады және жүйені функциялау кемшілігіне алып келеді.

Қателіктердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі оператордың өткізу мүмкіндіктерінің ақпарат түсу жылдамдығы мен оның уақыт бойынша өзгеруіне сәйкес келмеуі болып табылады:

1. Өткізу мүмкіндіктері бойынша ақпарат түсу жылдамдығының артуы оны толығымен және қатесіз қабылдауға мүмкіндік бермейді.

2. Егер ақпарат өте жай түссе, онда іс-әрекет монотонды болады, оператор тез шаршайды және қателіктер саны көбейеді.

3. Оператордың іс-әрекетінің интенсивті және монотонды периодтарының қатарласуы ақпарат түсу жылдамдығының өзгерісі кезінде қателіктердің пайда болуына әкелді.

Психологиялық сипаттағы қателіктер оператордың психологиялық жағдайымен байланысты. Ол саналы түрде қарастырылған алгоритмнің әрекетінің орындалуын басқару есебін шешудің жаңа әдісін іздеу мақсатымен бұза алады немесе бұны еріксіз іске асырады.

Қателіктер оператордың білімінің, тәжірибенің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін.

Жүйелердің және басқару объектілерінің ақпараттық моделдері

Қазіргі АБЖ-де оператор өзінің функцияларын дистанционды атқарады, сондықтан кейбір аралық звеноны құру қажеттілігі туындайды адамға ақпараттың көрінісін қамтамасыз ететін ақпаратты бейнелеу құрылғылары. Басқару объектісі және жүйелердің жағдайы туралы олардан шығарылатын көптеген сигналдар тұтастай оператор үшін жүйенің шынайы жағдайын бейнелеу болып табылады.

Арнайы құрылғылар көмегімен және белгілі бір ережелер жүйесі бойынша ұйымдастырылған БЖ-сі жайлы сыртқы орта параметрлері мен берілгендердің бейнеленуі ақпараттық модель деп аталады. Моделге қосылған ақпарат көлемі және оны ұйымдастыру ережелері басқару есептері мен тәсілдеріне сәйкес келуі керек.

Шынайы уақыттың АБЖ-ның түрлерінің көп түрлілігіне, оларда шешілетін басқару есептеріне және ақпараттың қолданылуына байланысты ақпараттық моделдің әр түрлі түрлерінің көптеген саны бар (суретті қараңыз).

ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru

Ақпарат операторға бір және көп параметрлік индикаторлар көмегімен ұсынылуы мүмкін. Ақпаратты визуалды кодтау тәсіліне байланысты моно және поликодтық ақпараттық модель болып ажыратылады. Монокодтық моделдерді құру кезінде символдардың бір алфавиті қолданылады.

Поликодтық ақпараттық модель бірнеше алфавиттерді қолданады. Ақпараттық модель жағдайының толық бейнеленуіне байланысты интегралдық және бөлшектік ақпараттық модель болып бөлінеді. Ереже сияқты, ақпараттық модельдер жағдайы сапалы түгелсіз бөлшектеуді сипаттайды және басқару иерархиясының жоғарғы деңгейлерінде колданылады. Бөлшектік ақпараттық моделде басқарылмалы процестің сандық сипаттамасы беріледі.

Кеңістікте және уақыт бойынша ақпаратты ұйымдастыру тәсіліне байланысты статикалық және динамикалық моделдерді ажыратуға болады. Динамикалық ақпараттық моделдер ақпараттың тізбектік бейнеленуін рұқсат етеді.

Ақпараттық моделдер көрнекілік дәрежесі бойынша көрнекті, абстрактілі-көрнекті (графикалық) және аралас болып ажыратылады.

екция №8.

Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары

Диалогты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары.

Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары компьютермен байланысқанда өзекті мәселе болып табылады. Біріншіден бұл:

- ақпаратты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі;

- сенсорлық және қысқа уақтылы жады көлемі;

- өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану;

- ұзақ уакытылы жадыдан акпаратты шығара білу;

- моторлық ептілік пен реакция;

- реакция уақыты;

- түстік гамма қабылдау қабіліттілігі және т.б.

Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының бағдарламалық қосымшасымен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі қажет.

Диалогты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің ақпаратты және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Диалогты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек «жоғарыдан» ғана емес, сонымен қатар «төменнен де» шектеулер кояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік.

Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакцияның аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының осы есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60- жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда диалогты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда мәзірден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі.

Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінің әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ретіне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2 секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді.

Әдетте бір мезетте бес-тоғыз зат туралы мәліметтерді есте сақтай алады. Сонымен қатар қысқа мезетті есте сақтау қабілеті уақытпен шектелген: 2секунд ауызша ақпарат және 30 секунд сенсорлық үшін.

Сондықтан адамдар бір мезгілде ақпараттың өлшеміне қарай есте сақтай алмағандықтан, өз қызметін кезеңдерге бөлуге ыңғайланады. Кезекті кезеңнің аяқталуын кідіру деп атаймыз. Кідіру болуға кедергі келтіретін тоқтамдар өте зиянды және жағымсыз, өйткені қысқа мерзімді жады құрамы үнемі жаңаруды талап етеді және ол сыртқы факторлардың әсерінін тез жойылады. Мұндай кідірістер өте қажет және қолайлы. Есептің аяқталуы, жабылу деп аталады. Сол мезетте ақпаратты әрі қарай сақтаудың керегі болмай, адам нақты психологиялық жеңілдейді. Пайдаланушылар өз жұмыстарын тезірек жабуға тырысқандықтан, пайдаланушы аралық ақпаратты уақытылы жойып отыруы үшін диалогты фрагменттерге бөлуі қажет. Пайдаланушылар, көбіне бастаушылар үлкен операцияның көп кіші операцияларын таңдайды. Өйткені олар алдыңғы қадам жұмысының бөлшектерінен көңілін аулап қана қоймай, жақсы басқару мүмкіндігіне ие болады. Зерттеулер нәтижесінде интерактивті жүйе жауабы үшін келесі ұсыныстарды ұсынады:

0,1.....0,2сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, тышқанмен жұмыс);

0,5.....1,0 сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін мәзірден қажетті жауапты таңдау);

1....2 сек – байланыс диалогын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет);

2....4 сек –күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін.

10 секундтан жоғары-мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық процесс ретінде қабылдаса.

Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті «ұмытып», басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет.

Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары. Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттарына жататындар:

- кескінделген обьектінің өзара орналасуы және көлемі;

- түстік палитра;

- пайдаланушы назарын аударатын құрал.

Терезеде обьектілердің ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассиметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауға және өңдеуге әр түрлі қатысады. Жеке жағдайда, сөздерді есте сақтауда сол жақ жарты шар маңызды рөл атқарады, ал образдарды сақтауға оң жағы белсенді. Терезенің оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен –оң жаққа түседі.

Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассиметрия, еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10 сек аспаса, жады ассиметриясын ескерту маңызды роль атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін бағдарлама интерфейсін құруда ескеру қажет.

Тағы бір маңызды мәселе - ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес обьектілердің қысқа мерзімде жадыда сақтаудың шектілігі.

Визуалды элементтерді қабылдау қарапайым процестерден тұрады: іздеу, анықтау, тану және декодтау. Осы процестерді орындау үшін пайдаланушының көру қабілетінің сипаттамасының маңызы зор. Олар:

- түстік қабылдау;

- жазықтылық;

- ашықтылық;

- уақыттылық.

Мұның бәрі экрандағы обьект өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты.

Түсті қабылдау сипаттамасы .

Түстер реңі, жарықтылығы және қашықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м болғандағы түстің спектр бойынша көлеңкелер саны.

Көп жағдайлада түс гаммаларын таңдауда көру арқылы қабылдау сипаттамаларын, яғни ажырату ұшқырлығын ескерген дұрыс.

Фон түсі мен символ түсінің келесідей мүмкін комбинациялары қабылданған (нақты қабылдауының кему ретімен):

Көк – ақ түсте ;

Қара түс – сары түсте;

Жасыл – ақ түсте;

Қара – ақ түсте;

Ак – көк түсте;

Қызыл – сары түсте;

Қызыл – ақ түсте;

Қызыл-сары – қара түсте;

Қара-қара – қошқыл түс;

Қар-сары – ақ түсте;

Қызыл – жасыл түсте;

Жарықтық сипаттамалары, олар жарық шығаратын обьектінің көру аумағының өлшемін, сонымен қатар жылдамдық пен жарықталатын ақпаратты өңдеудің қатесіздігін анықтайды. Жарық шығаратын обьектіні көздің қабылдауы 106...105 кандел/ ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru жарықтық аралығында болуы мүмкін. Жарық шығаратын обьектінің жарықтылығын табу формуласы келесідей: ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru

Мұнда, К – шағылысу дәрежесі (егер К=1…2, оператор ыңғайсыз жағдайда болады; ал К=3...8 – ауыртпалық жағдайда болады); а – жарық шығыратын обьектінің бұрыштық өлшемі (градуспен өлшенеді ). 15* ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru - нен жоғары болатын жарық көруді шағылыстырады.

Пайдаланушының ұзақ уақыт көру жұмысын қамтамасыз ету үшін терезедегі обьектілердің жарығы 64 кд/ ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru аспау керек; мұнда жарықтықтардың ауысуы пайдаланушының көру аумағында 1:100-ден аспау қажет. Күрделі обьектілерді тез ажырату ны өткізу түрі- тренниг. - student2.ru жарығы кезінде болады.

Сонымен қатар қара түстілерге қарағанда ашық түсті обьектілерді қабылдау 3-4 есе төмен екенін ескерту керек; ашық түсті обьектілер карта түсті фонда тез анықталады.

Кеңістіктік сипаттамалар. Бұл сипаттамалар тобы обьектілерді анықтау, ажыратуына әсер етеді.

Тәжірбиелік есептерді шығарған кезде келесі ережелерді ескерту керек:

  1. Обьект туралы негізгі ақпартты оның контурында; күрделілігі жоғарылаған сайын контурды анықтау және ажырату уақыты да жоғарылайды.
  2. Қарапайым контурларды ажыратуға қарағанда күрделі контурларды ажыратқанда қателіксіз жоғары болады.
  3. Обьектілердің пішінін қабылдауда фигура/фон қатынасы маңызды роль атқарады.
  4. Обьектілерінің ең кіші өлшемі берілген контраст пен жарықтық

денгейлеріне тандауы қажет. Бұл параметрлердің мәндерінің азаюы

обьектінің бұрыштық өлшемдерінің көбеюін қажет етеді.

  1. 1,5-1,98 аралығындағы ажырату ықтималдығының артуы үшін жай фигуралар үшін 20-25% ал әріп пен сан типті белгілер үшін екі есе бұрыштық өлшемдері арту қажет.
  2. Фигураның вертикальді және горизонтальді осьтерге қатысты орналасуын ажырату үшін айқындау шамасы 3 есе артуы қажет (қара обьектінің жарық фонда айқындалуы 1 бұрыштық секундқа тең).

Егер экранда қозғалыстағы обьектілер болса, онда бірнеше қосымша факторларды ескерту қажет.

Мысалы, нүктелік обьект 0,25 градус/с жылдамдығымен қозғалатын болса, оның үздіксіз қозғалысы дискретті деп қабылданады, 0,25...4 градус/с жылдамдығымен - үздіксіз, ал 4 градус/с жылдамдығынан артық болса, көрініс тұтас сызыққа біріктіріледі. Сонымен қатар жалған қозғалыстың үш түрі бар екенін ұмытпау қажет:

· әр түрлі обьектілерден екі бірдей сигналдың кезекпен шығарылуы кезінде сигналдың бір жағдайынан екіншіге орын ауыстыруын қабылдау;

· контурлары бірдей екі обьект кезекпен келгенде обьектінің өлшемдері өзгеретін сияқтанады;

· фон түсі немесе обьектінің жарығы өзгергенде обьект өлшемдері өзгеретін сияқтанады.

Бақылау сұрақтары:

1. Оператордың негізгі психофизологиялық сипаттамаларын атаңыз?

2. Жүйенің жауап беру (үндесу) уақыты дегеніміз не?

3. Адамның түсті ақпаратты қабылдау ерекшеліктері қандай?

4. Адамның ақпараттық жарық сипаттамаларын қабылдауы қандай?

5. Ақпараттың кеңістіктік сипаттамаларын адам – операторымен қалай

ескерледі?

Наши рекомендации