Жиырмасыншы жылдардаҒы проза 2 страница

Әдебиеттің күрделі мәселелері біржақты қарастырылып, тап мүддесі ғана көзделді. Сондай көзқарастың бірі - «ұлтшыл жазушылар» деген түсінік дәл осы кезде пайда болды. Ахмет, Міржақып, Мағжан сияқты революцияға дейін-ақ ұлт-азаттық қозғалысына басшы болған, өзінің ісімен де, шығармашылық қызметімен де халықтың сүйіспеншілігіне беленген қаламгерлер «ұлтшылдар» деген атақ алды. Қазан төңкерісінен кейін ғана қоғам қызметіне араласқан, азаматтық қалыптасуы соғыс коммунизмі кезінде өткен жас коммунистер ездерінің кеше ғана үлгі тұтып, ұстаз көріп жүрген адамдарына оп-оңай-ақ «ұлтшыл» деген айдар таға салды. Әрине, бүған сол заманның салқыны үлкен себеп болды. Өкімет басына Сталин келген соң, елдегі жағдай бірте-бірте өзгеріп, қайраткерлерді жікке бөлу, оларды оңшылдар мен солшылдарға айыру сияқты неше түрлі науқандар жүргізіліп жатты. Қазақстандағы басшылар да Орталыққа құлай еліктеп,олармен пікірлес әдебиетшілер де азғана қазақ оқығандарын түрлі-түрлі жікке бөле бастады.

1924 жылдан бастап Ахмет, Міржақып, Мағжан секілді «байшыл-ұлтшыл» жазушыларды қудалау қалыпты жағдайға айналды. Осы жылдың қысында Орынборда ақынның «жанашырлары» Мағжанның сыртынан «әдеби сот» ашты. Негізгі баяндаманы Сәбит Мұқанов жасап, оның өлең-жырларының «зияндылығын» дәлелдеуге тырысты.

Сол жылдың желтоқсан айында Мәскеуде оқитын қазақ студенттерінің жиыны болып, онда Мағжан шығармашылығы талқыланды. Шығып сөйлеушілердің көпшілігі оның өлең-жырларының идеялық тұрғыдан жат сарында екенін айтқанменен, Мағжанды жақтап сөйлеушілер де болды. Мысалға, Жәкен Сәрсенбайұлы деген жас жігіт: «Мағжанның өлеңін тексеріп сын беретін болсақ, көбінше әдебиет жағынан сынауымыз керек қой. Ақын болса да өзінін. заманымен ақын. Абай өз заманының ақыны болды. Қазақтың азып-тоза бастағанын көріп қамықты, күйінді. Байлардың тұрмысын жырлады. Ол да өз заманының ақыны еді. Байрон өленінің көбінде феодализмді жоқтайды. Оны да заманы жоқтатқан. Біз Маркс жолымен сынасақ, Мағжанды да өз заманы ақын қылып, заманның ыңғайымен кетіп отыр деуіміз керек. Мағжанды мінегенде тегіс міней алмаймыз, мінейтін жерін мінеуіміз керек. Рас, оның түпкі идеясы коммуниске қосылмайды, бірақ пайдалысын пайдаланып, пайдасызын алып тастауымыз керек»1 деді. Алайда, бұл сияқты пікірлер жиналыстың қаулысына енбеді. Онда Мағжанның «ескілікті аңсайтыны, ұлтшылдықты жырлайтыны, өзімшілдігі, түрікшілдігі» туралы айтылды. Міне, осындай біржақтылық жиырмасыншы жылдарда Мағжан шығармашылығы туралы жазылған еңбектерде өз жалғасын тапты.

Жиырмасыншы жылдардағы қазақ поэзиясы туралы айтқанда Мағжан поэзиясы алдымен тұратыны сөзсіз. Ахмет пен Міржақып ғасыр басындағы қазақ поэзиясының негізгі тұлғалары болса, Сұлтанмахмұт пен Бернияз осы кезеңнің соңғы нүктесін қойды. Ал, Мағжан болса, қазақ поэзиясына жаңа бағыт беріп, оған жаңа серпін әкелді. Ақынның 1921 мен 1924 жылдар арасындағы төрт жылдық шығармашылығы қазақ әдебиетіне баға жетпес дүниелер больш қосылды. «Ертегі», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян» поэмалары терең философиялық толғаныстармен қатар шынайы халықтық, патриоттық сезімге толы болатын, сонымен қатар бұлар эстетикалық ләззат беретін нағыз көркем дүниелер еді. Ақынның махаббат, табиғат лирикалары да адам жанын баурап алатын тылсым күйі бар, сезімге әсер ететін сыйқыр сазды шығармалар. Бүл өлеңдерде керкем форма мен көркемдік мазмұн барынша астасып, бір-бірінен ажырамас біртұтас тұлғаға айналады. «Жүлдызды - жүзік, айды алқа қып берейін», «Қөкшетау», «Г-ге», «Айрылғанда», «Жан сөзі» және т.б. лирикалық шығармалар ақын шығармашылығының биік шыңдары.

М.Жұмабаевтын, «Ескі Түркістан», «Алатауда», «Еділдің сағасында» сияқты топтама өлеңдері сол кезеңнің көркем бейнесі ретінде есте қалады. Ал, 1925-1928 жылдар аралығында жазылған «Шын ертек» пен «Өтірік ертек» поэмаларында акын аллегория жанрын таңдап алса, 1927 жылы жарык. көрген «Тоқсанның тобында» қазақ даласындағы жаңа өмірді түсінуге тырысты.

Жиырмасыншы жылдар поэзиясының бұлардан басқа шоқтығы биік дүниелері қатарына Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау», Міржақып Дулатовтың «Бүркіт кегі», Иса Байзақовтың «Қүралай сұлу», Ілияс Жансүгіровтың «Дала», Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмалары кіреді. Сондай-ақ С.Сейфуллин, Б.Майлин, I.Жансүгіров, Ш.Иманбаевалардың әр жылдарда жазған лирикалық өлеңдері де заман келбетін, оның адамдарының бейнелерін жасауда көркемдік биіктерге көтерілді. Сонымен қатар С.Сейфуллин, I.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Мұқанов және т.б. көптеген ақындар . жаңа заманды жаңаша жырлаймыз деп, жалаң үгіт, даңғаза ұранға да ұрынды. Әдебиетке бұлардан кейін келген Өтебай Тұрманжанов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділдә Тәжібаев сынды жас ақындар алдыңғылардың осы бағытын ғана ұстанып, көркемдік қасиеті аз, оның есесіне ұраны, айқайы көп, төңкерісшіл өлеңдер жазуға машықтанды.

Олар тың сарынмен, жаңа екпінмен жазамын деп, орыстың «Смело, товарищи, в ногу» сияқты марш елеңдеріне еліктеді. Сөйтіп қазақтың өлең ырғағы әбден өзгерді. Сәкеннің «Советстан» деген поэмасы, «Бірінші лек», «Комбайн мен трактор», «Қызыл әскер маршы», «Ленин» сияқты өлеңдері осы «жаңалықтың» нышаны еді. Жалпы алғанда Сәкен шығармашылығы осы жылдар ішінде бірте-бірте терең философиялық толғамдардан жалаң үгіт жолына қарай бет алды. Оның 1917 жылы жазған «Асығып тез аттандық», одан кейінгі жылдары дүниеге келген «Қамыққан көңілге», «Жел қайықта» деген өлеңдері көркемдік қуаты мол, терең ойға құрылған төрт аяғын тең басқан дүниелер болатын. Бірақта жиырмасыншы жылдардың ортасынан бастап С.Сейфуллин шығармашылығында күрделі өзгерістер болды. Бұл жалғыз С.Сейфуллин ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетіне тән тенденция еді. Әсіресе, РКБ(б) Орталық Комитетінің 1925 жылғы 18 маусымдағы «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысынан кейін бірыңғай кеңес шындығын дәріптеген, бояма, әсіреқызыл поэзияға жол ашылды. Бұл жолға түспеген Мағжан Жұмабаев сияқты бірде-екілі ғана қаламгерлер болды.

Осы қаулы шыққан жылы құрыла бастаған ҚазАПП (Қазақстанның пролетар жазушылар ассоциациясы) әдебиетті көркемдік әлемінен алыстатып, оны саясаттың үгіт-ұранына айналдыра бастады. Бұл одақ таптық көзқарасқа баса назар аударды да, жалпы-халықтық түсінікті мансұқ етті. Сөйтіп әдебиеттің ауқымьш тарылтты. 1925 жылы Қазақстан басшылығына келген Ф. Голощекиннің көп ұзамай бастаған «Кіші Октябрі» қазақ әдебиетіндегі жағдайды онан әрі қиындатты.

Қазақстанда тап күресінің өршуі, қоғамның бірнеше жікке бөлініп, бірімен-бірі күресуі сияқты саяси жағдай әдебиетке нұқсан келтірді. Жазушылар да бірнеше жікке бөлінді, әдебиеттің тұтастығы бұзылды. Әдеби сында көркемдік мәселелерінен гөрі, саясат мәселелері көбірек қаралды. Осындай жағдайда поэзияда үгіт өлеңдер көбейді. Көптеген ақындар осы жолға бейімделді. Бейімбет Маилин, Ілияс Жансүгіров сияқты бұрыннан қалыптасып үлгірген ақындардың өзі жаңа заманның үтіт-насихатына еріп жүре берді.

1925 жылдан кейінгі Бейімбет Майлин шығармашылығына зер салсақ, ақынның бірте-бірте сөзбен сурет салудан бойын аулақ салып, оқиғаны жалаң баяндауға көшкенін көреміз. Оның жиырмасыншы жылдардың екінші жартысындағы жырлары көбінесе науқандық сипат алған. Әуелде «Қосшы» одағының құрылғанына қуанса, кейіннен байлардың конфискацияға ұшырағанына ырза болады, ақырында колхоздың орнай бастауы да оны қуанышқа бөлейді. Ілияс Жансүгіров те осы тұста заманның уақытша ағымына еріп, жұрттың бәрі жырлап жатқан тақырыпты қоса жырлады. Бұл тұстағы поэзия өмірде болып жатқан құбылыстардың терең мәніне көз жіберіп, жаңа ой-толғамдар айтудың орнына өмірге еніп жатқан жаңалықтарға құр қуанумен ғана болды.

Ілияс Жансүгіров «Жаңа дала» деген өлеңінде:

Мыс толғатып, жез туып,

Қарсақпайлар айғайлап,

Жаппай қуалап коллектив,

Ембілерден май қайнап.

Автомобиль, трактор

Алды қырды, салды ойнақ,

Қазақстан картасын

Темір жолдар шимайлап, -

деп жазды. ҚазАПП-тың жаңа кеңестік құрылысқа тек қана қуанып жазу керек деген нұсқауы осылай орындалды. Ілияс сияқты ірі ақындар осындай бір күндік, науқандық өлеңдер жазып жатқанда, басқа ақындар осы жолды біржола таңдап алған болатын. Сәбит Мұқановтың:

Сүт заводы - шаруаның бұлдысы,

Қысы-жазы бәсін жоймас кұндысы,

Талай завод әлі дағы орнамақ,

Бұл сүт завод - ауылдағы жыл құсы, -

деп жазғаны - жиырмасыншы жылдардағы пролетариат ақындарының жалпы деңгейін көрсетеді. Мағжанды ұлтшыл, түрікшіл деп қазақ әдебиетінен алыстатпақшы болғандар Мағжан поэзиясының орнын басатындай әсерлі жыр, сыршыл өлең тудыра алмады. Оның орнына Ф.Голощекиннің «Кіші Октябрін» аспанға көтеріп, қазақ халқының көптен күткен ұлы арманындай қарсы алды.

Осы кезеңде Маяковскийше жазу, Демьян Бедныйша жазу керек деген жалған еліктеушілік пайда болды. Қазақ табиғатына кара өлең сипатына жат өлең өлшемдері енді. Осының бәрі қазақ поэзиясындағы көркемдік дәстүрлердің бірте-бірте солғын тартып, партия, шаруашылық органдарының күнделікті науқандық шаралары мен міндеттерінен туындайтын жалаң үгіт пен насихатқа құрылған шығармалардың белең алуына апарып соқты.

Проза саласында да жиырмасыншы жылдардың аяғына қарай осы тенденция жеңе бастады. Бірақ оған дейін М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесі, Ж.Аймауытовтың «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек» әңгімелері, «Қилы заман» романы, С.Сейфуллиннің «Жер қазғандар» повесі, С.Сәдуақасовтың «Күлпаш», «Күміс қоңырау», «Салмақбай-Сағындық» повестері, Б.Майлиннің «Раушан - коммунист», «Күлпаш» әңгімелері, С.Мұқановтың «Адасқандар» романы жазылған еді. Бұл шығармалар қазақ әдебиетіндегі проза жанрының әбден қалыптасқанын керсетеді. Әсіресе, Мағжанның . адам жанының психологиялық қатпарларын шынайы ашып берген, нәрі мол, қуаты күшті, айшықты жазылған «Шолпанның күнәсі» әңгімесі қазақ прозасына жаңа бағыт сілтегендей болып еді. Бірақ жазушылардың көбі ол жолды таңдап алған жоқ. Мұхтар мен Жүсіпбек қана өз шығармаларында «Шолпанның күнәсіндегі» терең психологизмді жалғастыра білді. М.Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Кінәмшіл бойжеткен», «Оқиған азамат» әңгімелері осы бағыттағы шығармалар. Ал Жүсіпбек болса бүл бағытты үлкен эпикалық дєрежеге көтере білді. Оның «Қартқожасы» ауыл кедейінің қоғамдық істерге араласып, ел азаматы қатарына қосылғанын хронология бойынша суреттейтін ұзақ әңгіме сипатында болса, «Ақбілек» шын мәніндегі психологиялық роман дәрежесіне көтерілген туынды. Осындай шығармалар қатарына Б.Майлиннің көптеген әңгімелерін жатқызуға болады.

«Шолпанның күнәсі» - қазақ прозасындағы шоқтығы биік шығармалардың бірі. Оқиғаны баяндау стилі, көркем тіл, тартымды сюжет, шынайы адам бейнелері кейіпкерлердің психологиялық портреттерімен ұштаса келіп оқырманның жан-дүниесін түгел баурап ала білді. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы да қазақ қызының тағдырына құрылған шығарма. М.Жұмабаевтың әңгімесінде Шолпанның әлеуметтік ортасы, қоғамдағы саяси жағдай солғын суреттеледі де, негізінен кейіпкер басындағы, оның жеке өзіне ғана тән оқиғалар баяндалады. Ал «Ақбілекте» қазақ аулының Ресей жеріндегі төңкерістер кезіндегі, ақ пен қызылдың лаңы тұсындағы әлеуметтік-саяси жағдайына баса көңіл бөлінген. Өйткені романның фабуласы қоғамдағы құбылыстарға тікелей байланысты дамиды. «Шолпанның күнәсіндегі» оқиғалардың қай заманда болып жатқаны негізгі идеяға онша әсер ете қоймаса да, «Ақбілектегі» бүкіл сюжет елдегі азамат соғысы тұсында ғана етуге тиіс оқиғаға негізделген.

Қазақ халқьшың орыс тепкісінің астында көрген зорлық-зомбылықтарын Ж.Аймауытов Ақбілек трагедиясы арқылы шынайы суреттеген. Ресей империясының екі ғасырдай боданы болған қазақ халқының азып-тозған мүшкіл халін айқын көрсету үшін жазушы Ақбілек басындағы трагедиясын шегіне жеткізіп көрсете білген.

Ішкі Ресейдегі қызыл орыстардың тегеурінді екпініне шыдай алмай оңтүстікке қарай жөңкілген ақ орыстар жүрген жерін жалмап, бейбіт халықты тонап, қырып-жойып бара жатты. Кейбір кеудемсоқ офицерлер тіпті шектен шығып қазақтың қыз-келіншегін зорлап, қорлап кетіп отырды. Ақбілек те осындай бір ақ офицерінің күшпен зорлап қосылған уақытша әйеліне айналып еді. Осы оқиғаларды баяңдай отырып, жазушы ұлттық психологияны нанымды суреттейді. Орыстардың қазақтарды менсінбеуі, адам санатына қоспауы, қазаққа деген зорлық-зомбылығын шімірікпестен істей салуы - бір жағынан орыстардың басқыншылық мінез-құлқын, езуші халық ретінде дандайсыған көңіл-күйін көрсетсе, екінші жағынан қазақтардың орысқа дегенде дәрменсіздігін, ынжықтығын, бейшаралығын байқатады. Бірімен-бірі айтысып-қырқысқанда батыл қимылдайтын қазақтар орыстан өктемдік көрсе, ұнжырғасы түсіп, бүгежектеп қалады. Осыны жақсы білетін озбырлар онан сайын құтырына түседі. Жүсіпбек Аймауытов өз романында мәселенің осы жағына баса назар аударған. Автор езуші ұлт пен езілуші ұлттың психологиясын дәл берген.

«Ақбілек» романы - жиырмасыншы жылдарда дүниеге келген ірі шығармалардың бірі. Бүнда өмір шындығы, заман қайшылығы, адамдар тағдыры бір-бірімен астаса келіп, суреттеліп отырған дәуірдің тарихи-психологиялық портреті жасалады. Ақбілек - сол кездегі қазақ қыз-келіншектерінің ғана емес, ғасырлар бойы отарлық тепкіден көз ашпаған қазақ халқының жиынтық бейнесіне айналған. «Шолпанның күнәсі» мен «Ақбілек» қазақ єдебиетінің тарихынан берік орын алады.

Осындай кесек дүниелер туған жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасы біркелкі дамыған жоқ.

«Тап тартыстарының өршуіне» байланысты проза саласында да Қазақстандағы таптар күресін бейнелейтін шығармалар жазуға баса көңіл бөлінді. Осы күнге дейін роман ретінде дәріптеліп келген «Тар жол, тайғақ кешу» С.Сейфуллиннің баспа бетін көрген күнделігі, басынан кешкен оқиғалардың хроникасы еді. Ал С.Мұқанов болса, «Адасқандар» романында жігіт пен қыздың сүйіспеншілік тарихынан тап күресінің «диалектикасын» таппақ болды.

Жиырмасыншы жылдардың соңына қарай, әсіресе, ауылды коллективтендіру кезінде, кертартпа бай мен жаңашыл кедей арасындағы тартысты суреттейтін шығармалар белең алды. Бұлар негізінен алғанда, Ф.Голощекиннің қазақ ауылында «кіші Октябрь» өткізу науқанына арналып жазылған еді. Бұл тақырып бара-бара қазақ прозасынын, негізгі тақырыбына айналды.

Қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры төңкеріс қарсаңында пайда болғанымен, шын мәніндегі әдеби жанр ретінде қалыптасуы жиырмасыншы жылдардың орта шені, яғни Қызылорда қаласында ұлттық театрдық ашылуы.

Сол кездегі қазақ елкесінің Орынбор, Ташкент, Семей сияқты рухани орталықтарында қазақ жастарының әртүрлі драмалық үйірмелері жемісті еңбек етті. Оларда С.Сейфуллиннің, М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, К.Кемеңгеровтың пьесалары қойылып жүрді.

Бірақ бұлардың бәрі де тұрақты қызмет істеген жоқ, белгілі бір оқиғалар, мейрамдар кезінде бірді-екілі спектакль ғана қойылатын. Сондықтан да 1925 жылғы Қазақстан советтерінің V съезі қазақтың мемлекеттік театрын құру туралы арнаулы қаулы қабылдаған болатын. Алғашқы театрды ұйымдастырушылар актер тауып, театрдың құрал-жабдықтарын жинастырумен бірге қазақ драматургиясының қалыптасуына да күш салды. Сол кездегі халық ағарту халық комиссары Смағұл Сәдуақасов қазақ даласының түкпір-түкпірінде жүрген, өнерпаздарды астанаға жинай жүріп, болашақ театр сахнасында қойылатын әдеби туындылардьщ дүниеге келуіне үлкен ықпал жасады. Солардың бірі - 1926 жылы үздік пьесаға жарияланған бәйге еді. С.Сәдуақасовтың «Ұлт театры туралы» деген кітапшасыньщ мұқабасында мынандай жарнама беріліпті:

«Қазақша пьесаға бәйге:

Қазақша тұрмыс ретімен, саясат дүниесінен, ия тарихтан алынып жазылған пьесаға бәйге беріледі.

1) Пьеса жазушылар аты-жөнін бөлек қағазға жазып, басқа конвертке салып жіберсін.

2) Бәйгеге түсетін пьесалар 1926 жыл, апрельдің 15-не дейін ғана қабыл алынады.

3) Берілетін бәйге екеу; ең жақсы пьесаға 1 мың сом, екінші пьесаға 500 сом.

4) Бәйгенің үстіне тиісті қаламақысы беріледі.

5) Бәйгеге ілінбей қалған пьесалардын да жарамдысы басылып, жазушыға каламақы төленеді».

Осы бәйгенің нәтижесінде бірнеше пьеса дүниеге келді. Солардың арасынан бірінші бәйгені жеңіп алған М.Әуезовтің «Қарагөз» және екінші бәйге алған Ж.Аймауытовтың «Шернияз» пьесаларын айрықша атаған жөн.

Қазақ мемлекеттік театры 1926 жылдың 10 қаңтары күні Қошке Кемеңгеровтың «Алтын сақина» пьесасы бойынша қойылған спектакльмен ашылды. Театр тұрақты жұмыс істеуі үшін оған жаңа пьесалар қажет. Міне, осы қажеттілік драматургия жанрының жандануына әсер етті. 1925-1926 жылдардың өзінде-ақ драматург-жазушылар айқындала бастады. Солардың бірі - белгілі режиссер Жұмат Шанин болатын. Ол 1925 жылы «Арқалық батыр» трагедиясын, 1928-1929 жылдары «Торсықбай», «Айдарбек» комедиясын; 1929-1930 жылдары «Шахта», «Үш бажа» драмаларын жазды. Оқу соңында жүрген М.Әуезов жоғарыда бәйге алған «Қарагөз» пьесасынан басқа, «Бәйбіше-тоқал» драмасын дүниеге әкелді. Әртүрлі қуғын-сүргінге, ақыры репрессияға үшырамағанда ол бәлкім тағы да басқа дүниелер жазар ма еді.

Жиырмасыншы жылдарда драматургия саласында өнімді еңбек еткен жазушылардың бірі - Жүсіпбек Аймауытов. Оның қаламынан «Шернияз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Сылаң қыз» және т.б. барлығы жеті пьеса туды. Бұлардың басым көпшілігі кезінде сахнада қойылды. Алайда, Ж.Аймауытов 1929 жылы жалған айыппен тұтқындалғаннан кейін оның аты театр сахнасынан түсті. Ал, жазушы шығармалары 60 жыл бойы (1929-1988) әдебиет тарихына енбей келді.

Бұлардан басқа Б.Майлиннің бір актілі пьесалары («Шаншар молда», «Неке қияр», «Ауыл мектебі» және т.б.), С.Аблановтың, М.Дәулетбаевтың, А.Тоқмағамбетовтың драмалық шығармалары жазылды.

Жиырмасыншы жылдардағы қазақ драматургиясы көп тақырыпты қамтыды және әртүрлі жанрда жазылды. Орта ғасырлардағы қазақ елінің тұрмысы мен кеңес дәуіріндегі ауыл өмірін суреттеген пьесалар ішінде кең тынысты трагедия мен бірнеше көріністен тұратын сықақ-скетчтер де бар болатын. Сондай-ақ бұл пьесалардың көркемдік денгейі де бір қалыпты емес еді. Сол кезде қоғамдық тартыстың заңдылығын дұрыс ашып көрсетпей, идеялық кателік жіберді деп қатты сынға ұшыраған «Қарагөз», заманның аумалы-төкпелі кезіндегі зиялы жанның басындағы трагедияны шынайы бейнелеген «Шернияз», елге қорған бола білген батырдың қарама-қайшылыққа толы ауқымды бейнесін жасаған «Арқалық батыр» пьесалары осы онжылдықтағы үлкен табыстар болатын.

Жиырмасыншы жылдарда сын мен әдебиеттану жанрының жайы жоғарыда айтылды. Бұл жанрлар өзінің даму барысында бір-жақты сипат алып, саясатқа көбірек көніл бөлді. Алайда осындай жалпы бағытқа сай келмейтін, әдебиеттегі шеберлік пен көркемдік мәселелерін қозғайтын дүниелер де жарық көрді. Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері сөздері» (1923) мақаласы және Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) қазақ әдебиеттану ғылымынын, негізін қаласа, Жүсіпбек Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» (1925) мақаласы әдеби-көркем сынның алғашқы қарлығашы болды. Қошке Қемеңгеровтің «Көркем әдебиет туралы» (1926), Смағұл Сәдуақасовтың «Әдебиет әңгімелері» (1927), Екеудің «Көркем әдебиет туралы» (1927) мақалалары осы дәстүрді лайықты жалғастыра білді. Сондай-ақ Бейсембай Кенжебаевтың «Абай», Ыдырыс Мұстанбаевтың «Көркем әдебиет туралы», Шаймерден Тоқжігітовтың «Тоқсанның тобы туралы» мақалаларында авторлар әдеби шығарманы, бәрінен бұрын көркем дүние ретінде қарастыруға ұмтылған. Ал, Ғаббас Тоғжановтың «Мағжанның ақындығы және Жүсіпбектің сыны» (1925), «Әдебиет және сын мәселелері» атты екі кітабы да әдеби шығармалардың керкемдік қасиетінен гөрі оның таптық сипатына көбірек көңіл белді. Ол көркем әдебиетке таптық көзқараспен ғана қарап, оның көркемдік ерекшеліктерін мансұқ етті. Осы жылдардағы С.Мұқанов, Е.Бекенов, Ғ.Мүсірепов, Н.Төреқүлов, М.Дәулетбаев, X.Жүсіпбеков қаламынан туған мақалалар да осы тақылеттес еді.

Жиырмасыншы жылдардың екініші жартысында қазақ әдебиетінің тоқырау кезеңі басталды. Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Мұхтар сынды үлкен жазушылардың әдеби өмірден әдейі аластатылуы, оларды идеялық жау ретінде көрсету - әдебиетімізге орасан зор зиян келтірді. Әдебиетте ұраншылдық, науқаншылдық белең алды. Жаңа заманды дәріптемеген, социализмнің әрбір қадамына қуанбаған адам тап жауы ретінде сыналды. Бұл сияқты жәйттер әсіресе «Кіші Октябрь» кезінде күшейе түсті.

Наши рекомендации