Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 1 страница

Бейнелi сөздер қатарына халықтық мақал-мәтелдер, нақыл, қанатты сөздер, фразеологиялық тiркестер, идиомдар және метафора, эпитет, теңеу, аллегориялар, сарказм сияқты көптеген көркем сөз құралдары жатады.

Аталы сөздердiң – тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Кiмде-кiм болмасын өзiнiң көпшiлiк алдында айтайын деген немесе қағаз бетiне түсiрейiн деген ойының әрi өткiр шығып, тыңдаушы көкейiне қонымды болу жағын қарастырады. Ендi сол қанатты сөздердiң атқаратын эстетикалық-тәрбиелiк қызметiн бiрнеше тақырыптарға бөлiп талдап көрейiк:

Отан, туған жер және халық туралы

«Отан үшiн отқа түс күймейсiң», «Отан оттан да ыстық», «Отан үшiн жан пида» деген көптеген нақылдарды қайталаған сайын Отанға деген сүйiспеншiлiк, патриоттық сезiм арта түседi. Халық Отанын сатқан опасыздарға, туған жер қадiрiн бiлмейтiндерге «Опасызда отан жоқ», «Кiсi елiнде сұлтан болғанша, Өз елiңде ұлтан бол» деп те айтады. Мұғалiмдер осы айтылған нақылдарды жас жеткіншектің өнегелi сөздерге арналған дәптерiне жаздырып, жаттатқаны мақұл. Отан туралы қанатты сөздердi қай ақын, жазушы қандай шығармасында қалай қолданған, соған дәлелдер келтiру керек. Мысалы, ақын Қ.Аманжолов 1937 жылы жазған «Кызыл әскер маршы» атты өлеңiн:

Ел үшiн,

Жер үшiн,

Отан үшiн жан пида» – деген қанатты сөзбен аяқтаған.

Ерлiк, батырлық жайында

Оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеуде халқымыздың батырлық, ерлiк, жауынгерлiк туралы нақыл сөздерiнiң орны ерекше. Ұстаздар өздерiнiң кезектi дәрісінде халқымыздың ерлiк күрес жолдарын, тарихи жеңiстерiн сөз еткенде тарихи қанатты сөздердi қолданса өте әсерлi болған болар едi. Мысалы, Бауыржан Момышұлы «Әдiссiздiк - әлсiздiк, ептiлiк те ерлiк», «Қарабет болып қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық» деген қанатты сөздерi сол кездердегi майдандық газеттерде, кейiн Бауыржанның өзiнiң айтуымен жазушы Александр Бектiң «Арпалыс» романының әр тарауына эпитет, эпиграф болып барлық елге жайылды.

Бұндай қанатты сөздер «Қобыланды», «Алпамыс» «Ер Тарғын» және тағы басқа батырлар жырында көп кездеседi.

Еңбек, кәсiп жөнiнде

Еңбекке байланысты тақырыпты өтер алдында мұғалiм еңбектiң адам өмiрiнде атқаратын рөлiн айта келiп, жас жеткіншекті еңбек сүйгiштiкке, оны қадiрлеуге тәрбиелейтiн қанатты сөздер айтса, артық болмайды.

«Адамды адам еткен – еңбек» деген Ф.Энгельс айтқан нақылда адамзаттың, адам қоғамының даму заңдарын, адамның ақыл-ой, психологиясын аңғарамыз.

Достық, жолдастық жайында

Достық, жолдастық қарым-қатынас, өз ара сыйласу, құрмет көрсетуге байланысты қанатты сөздерден де оқушылар ғибрат алады. Мысалы, «Платон менiң досым, бiрақ шындық одан да қымбат», яғни «қанша дос болғанмен шындық, әдiлдiк бәрiнен де жоғары тұрады».

Тәлім-тәрбие, үлгі өнеге жайлы

Жас ұрпақтың жеке басын тәрбиелеуде мұғалiмдерге үлкен мiндет жүктеледi. Осы орайда қанатты сөздердiң орны да ерекше. «Тәрбиешi адамның өзi де тәрбиелi болуы керек», - деген болатын К.Маркс.

Қанатты сөздердiң патриотизм мен гуманизмге, өнер-ғылымға жетiлу, еңбек сүйгiштiкке тәрбиелеудегi педагогикалық және эстетикалық мәнiнiң күштi екенi байқалады.

Қанатты сөздер тарихшылар мен этнографтарга, заңгерлер мен философтарға өткен мәдениетiмiзден, тарихи оқиғалардан, дәуiрдiң және табиғи құбылыстардың өзгерiп, даму заңдарынан, халықтар тұрмысының этникалық нормаларының, әдет-салттарынан мәлiмет бередi.

ТАРИХИ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДI ТАРИХ САБАҒЫНДА

ОЛДАНУ

Шәкiрттердi мектеп қабырғасында патриот ретiнде қалыптастыру iсiнде тарих пәнiнiң өлшеусiз зор ролi бар екендiгiне ешкiм дауласпайтын шығар (31).

Оқу процесi бiлiмдi меңгеру және iскерлiк пен дағдылар процестерiнен кұралады, бiлiмдi игеру ең жетекшi әрекет болып табылады. Адамның материалдық дүниенi тану процесi нақты пайымдаудан басталады. Түйсiк пен қабылдау процесi бiрнеше рет қайталанған кезде ми сыңарларының қыртысында уақытша байланыс пайда болады. Түйсiктермен қабылдап алынған осы бейнелер елес түрiнде есте сақталады. Сезiну процесiнен кейiн ойлану процесi келедi. Психологтар «не нәрсе жақсы түсiнiктi болса, соның жеңiл игерiлетiнiн және жақсы есте қалатынын» дәлелдейдi (32).

Қанатты сөздердi саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану тәжірибесін сәйкестендiрудiң сәтті формасы жаттығулар түсiнiктемелерi болып табылады.

Оқыту процесi оқытудың мазмұны, әдiстемесi және ұйымдастыру формасының бiртұтастығы болып табылады. Тарих пәнiнiң мұғалiмi жаңа тақырып бойынша әңгiмеге көшпестен бұрын немесе тап сол әңгiме арасында жаңа атауларды, терминдердi, тарихи қиын есiмдердi, сондай-ақ тарихи қанатты сөздердi және олардың шығу, айтылу тарихын тақтаға жаза отырып, түсiндiру әдiстемесiн жиi қолданғаны дұрыс (33).

Экскурсия да демонстрация әдiсiнiң бiр түрi және онымен бiрге оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы болып табылады. Экскурсия кезiнде әр түрлi көптеген әдiстердiң қолданылуы мүмкiн, бiрақ та бұның бәрi демонстрация әдiстемесiмен үйлестiрiледi (34).

Себебi тарихи қанатты сөздер музей залдарында, өлкетану музейлерiнде және мемориалдық музейлерде көптеп кездеседi.

Мұғалiмнiң бiлiмдi ауызша баяндауы әрдайым шәкірттердің оқулықпен немесе өздiгiнше жұмыс iстеуiмен үйлестiрiледi. Кiтаппен тиiмдi жұмыс iстеу үшiн оқушының тиiстi iскерлiгi мен дағдылары болуы тиiс (35).

Оқушыларға тарихи қанатты сөздердi түсiндiргенде сол қанатты сөздер жазылған әдебиеттi, авторын, шығу жылын, шығу баспасын және бетiн көрсеткен мақұл. Мысалы, «Варфоломей түнi» - Парижде 1572 жылғы тамыздың 23-нен 24-не қараған түнi католиктердiң гугеноттарды жаппай қыруы. 30 мыңдай адам өлтiрiлдi. Басқа мағынада алғанда «Варфоломей түнi» деп «адамдарды айуандықпен жаппай қыруды» айтады (36).

Тарихи қанатты сөздердi оқушылардың тез ұғып алуы үшiн әдiстi таңдағанда физиологтар мен психологтардың iс-әрекеттерi (тыңдау, ауызша сөйлеу қызметi, жазу, қолмен практикалық жұмыс iстеу) кезектесiп тұру қажет екенi жөнiндегi кеңестерiн де ескеру керек. Бұл ұсыныстардың негiзiне жоғары нерв қызметi заңдарының және ең алдымен қозу және шаршау, тежеу және зорлану кұбылыстардың түсiндiретiн ирридация, шоғырландыру және өзара индукция зандарының талаптары алынған.

Тарих сабағын өткiзу барысында тарихи қанатты сөздердi оқушыларға есте қалатындай етiп түсiндiрудiң маңызы зор, өйткенi тарих – қоғам дамуы. Ол оқушыларды азаматтыққа, қоғамның даму барысын түсiнуге, өткенге көз жүгiртуге, болашақты барлауға үйретедi. Тарих өзiнiң шығу тарихы жөнiнен өте қызықты тарихи қанатты сөздерге бай. Әрбiр жаңа сабақта – жаңа қанатты сөздер кездесiп отырады. Әрбiр жеткіншектің есте сақтау қабiлетi психологиялық ерекшелiктерiне орай әр түрлi. Мысалы, бiреуi – көргенiн есте сақтайды: бiреуi - естiгенiн, келесiсi – жазғанын, ендi бiреуi өзi оқып алғанын есiнде жақсы сақтайды. Сондықтан шәкірттерге осы жағдайларды ескере отырып, түсiндiрген дұрыс. Осы бағытта В.Шаталовтың тiрек сигналдары методын да қолданған артық болмайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 3-бет

2. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 3-бет

3. Бұл да сонда, 3 бет

4. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 20-бет

5. Словарь латинских крылатых слов, Москва, 1980, 3-бет

6. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 25-бет

7. В.И.Ленин, ш.т.ж..20-том, 287-бет

8. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 4-бет

9. Н.С.Ашукина, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, Москва, 1989, 3-бет

10. С.Максимов, Крылатые слова, Москва, 1954, 3-бет

11. В.И.Ленин, ш.т.ж. 44 том, 156-бет

12. С.Максимов, Крылатые слова, Москва, 1954, 8 бет

13. Бұл да сонда, 12-бет

14. Бұл да сонда, 17-бет

15. Словарь латинских крылатых слов, 5-бет

16. Советский энциклопедический словарь, Москва, 1990, 699-бет

17. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 17-бет

18. Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения, Москва, 1988, 6-бет

19. Бұл да сонда, 9-бет

20. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 46-бет

21. Б.Адамбаев, Халық даналығы, Алматы, 1976, 81-бет

22. Бұл да сонда, 82- бет

23. Бұл да сонда, 91-бет

24. «Қазақстан мектебi» журналы, 1990, N2, 24-бет

25.Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, 1987, 4-бет

26. Советский энциклопедический словарь, Москва, 1990, 759-бет

27. Н.И.Кондаков, Л.А.Кленовская, Крылатые аргументы, Москва, 1989, 3-бет

28. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 3-бет

29. Б.Адамбаев, Халық даналығы, Алматы, 1976, 3-бет

30. Словарь латинских крылатых слов, Москва, 1980, 897-бет

31. Н.Төреқұлов, Нақыл сөздердiң тәрбиелiк мәнi, Алматы, 1971

32. «Қазақстан мектебi» журналы, 1989, N8

33. А.Илина, Педагогика, 236-бет

34. Бұл да сонда, 264-бет

35. Бұл да сонда, 272-бет

36. Бұл да сонда, 289-бет

А

АБЫЛАЙ АСПАС АСУ (БЕЛ) – «тым қиын, өте ауыр жол» деген мағына беретін бейнелі сөз.

Темір жолдар тартыла,

Абылай аспас белдерден,

Аса соға, шарқ ұра,

Сонау Сібір-Түркістан (І.Жансүгіров).

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ – қазақтың басын қосу деген мағына беретін бейнелі сөз.

«...Абылайдың ақ туының астына алаш азаматан топтап, үш жүздің баласының басын біріктіріп жатқан көрінеді» (Ә.Нұрпейісов).не

«АБЫРОЙДАН БАСҚАНЫҢ БӘРIН ЖОҒАЛТТЫҚ» - француз королi I Франциска (1494--1547) 1525 жылы Павия түбiнде V Карл әскерлерiнен ойсырата жеңiлген соң, анасына бiр-ақ сөйлемнен тұратын: «Абыройдан басқаның бәрiн жоғалттық»,-деп хат жолдаған екен.

АБЫЛХАЯТ СУЫ - Құраннан алынған қанатты сөз. Адамды өлмес ететiн ғажайып қасиетi бар су.

«Айтқан сөздiң шәрбаты,

Абылхаят суындай…».

«АВГИЙДIҢ АТ-ҚОРАЛАРЫ» - грек мифологиясы бойынша Элида патшасы Авгийдiң көп жылдардан берi ат-қорасы тазаланбаған болатын. Оны небәрi бiр-ақ күнде Геракл өзен суын ат-қора iшiмен жүргiзу арқылы тазалапты. Бұл аңыз сициялиялық тарихшы Диодордың еңбегiнде айтылған.

«Авгийдiң ат-қоралары» деген бейнелi сөз «өте лас үй» туралы айтқанда қолданылады.

АВРОРА - рим мифологиясы бойынша таң шапағының құдайы осылай аталған.

Әдеби тiлде таң шапағын бейнелеп, соған теңестiредi.

«АВТОКӨЛІК ТАҢСЫҚ ЕМЕС, ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРАЛЫ ҒАНА» – И.Ильф пен Е.Петровтың «Алтын баспақ» (1931) романынан алынған бейнелі сөз.

АҒАШ АТҚА МІНГІЗУ – біреуді мазақтағанда, кемсіткенде қолданылатын сөз. Кейде «ағаш атқа теріс мінгізу» деп те айтылады.

«Осы жерде ұры еместі ұры ғып, құтыртып талай саққа, ағаш атқа мінгізіп жатқан кез ғой, - деді Жарасбай» (М.Әуезов, Қараш-қараш).

«АҒЫЛШЫН, НЕМIС, ФРАНЦУЗ ТIЛДЕРIН - НАШАР; ИТАЛЬЯН ТIЛIН МҮЛДЕМ НАШАР БIЛЕМIН» - бiр анкетадағы: «Қандай тiлдер бiлесiз?»,-деген сұраққа В.И.Ленин осылай жауап берген.

Владимир Ильич 1920 жылы Коминтерннiң II Конгресiнде сөз сөйлеп, Германия Коммунистiк партиясы басшылығының және итальяндық Серратидың ұстаған бағытын сынады. Әңгiме герман Компартиясы туралы болған кезде ол немiсше сөйлеп, Серратидi сынаған кезде ол бiрден француз тiлiне көшкен. Оның осы тiлдердi соншалықты еркiн меңгергендiгiне шетелдiк қонақтар бас шайқап, қайран қалысты.

АДАМ АТА –ХАУА АНА – алғашқы ер және әйел адам, «ата-баба, атам заманғы» деген мағына беретін сөз.

АДАМНАН БЕРГІ УАҚЫТТА (Адамовы веки(времена) –«адам» ежелгі еврей тілінде тұлға дегенді білдіреді, ең алғаш пайда болған тұлға, Құдай оны әлемді жаратқаннан соң алты күннен кейін пайда болдырған. «Өте ерте заманда» дегенді бейнелеп айтқанда қолданамыз.

АЗУЫ АЛТЫ ҚАРЫС – беделді, күшті адамды айтқан кезде қолданылатын бейнелі сөз.

«Азуы алты қарыс Малкарға қаршадай сені қарсы қойған» (Ғ.Мұстафин, Дауылдан кейін).

«АДАМ АЯҚТЫЛАР» - ежелгi Грецияда құл иеленушiлер құлдарды «адам деп» есептемедi, оларды – «адам аяқтылар» деп атады.

АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ - М.Горькийдiң 1902 жылы жазылған «Адамның туы» атты әңгiмесiнен алынған қанатты сөзге айналған сөйлем.

«АДАМ ЖАНЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛЕРI» - 1936 жылы 26 қазанда М.Горький Үйiнде И.В.Сталин жазушылармен кездестi. Сол күнi сөйлеген сөзiнде ол жазушыларды «адам жанының инженерлерi» деп атады. Бұл сөз кеңес дәуірінде ұзақ жылдар бойы мақтаныш сезiммен айтылды.

«АДАМДАР, ҚЫРАҒЫРАҚ БОЛЫҢДАР» - 1943 жылы 25 тамызда Берлинде нацистiк сот жазушы, чех елiнiң патриоты Ю.Фучиктi өлiм жазасына кестi.

Түрмеде жатқан Фучик «Дар алдындағы сөз» атты кiтабын жазып бітірдi. Жазушыға қағаз бен қарындаш тауып берген түрме қызметшiсi А.Колинский кiтаптың жазылған беттерiн түрмеден алып шығып, Фучиктiң сенiмдi адамдарының үйiне жинады.

Бұл кiтап 1946 жылы Парижде Ю.Фучиктiң жұбайының араласуымен жарыққа шықты. Кiтаптың соңғы бөлiмi қазiр қанатты сөзге айналып кеткен мына сөйлеммен аяқталады: «Адамдар, сүйемiн Сiздердi. Қырағырақ болыңдар!».

«АЗАМАТ, ЖҮНЖIМЕ, ЖҮРМЕ БОС» - С.Сейфуллиннiң (1894-1938) «Жас қазақ марсельезасы» атты өлеңiнен алынған бейнелi сөз.

Азамат, жүнжiме, жүрме бос,

Қол ұстас, бiрiгiп тiзе қос.

Ту ұстап дұшпанға барайық,

Теңдiктiң ұранын салайық,

Күн туды бiз теңдiк алайық.

АЗАП ЖОЛЫНДА - ХІІ ғасырда жазылған ежелгi славян мұраларының бiрi осылай аталады. Бұл сөздi адамның басына бiрiнен соң бiрi келетiн ауыр күндердi түсiндiру үшiн, яғни «жығылған үстiне жұдырық» болған ретте айтылады.

Бұл ұғым А.Толстойдың «Азапты жолда» атты романы жарыққа шыққан соң бейнелi сөз ретiнде кең тарады. Романда Кеңес Одағындағы Азамат соғысы кезiнде халықтың басына түскен ауыртпалықтар әңгiме болады.

«АЗЫҚТАНДЫРУШЫ АНА» («Питающая мать» - Alma mater) - әрбiр бiлiм нәрiмен сусындаған адам өзi оқыған бiлiм ордасын «альма матер» деп атаған. Ол туралы ең алғаш рет А.Герценнiң «Былое и Думы» атты романында кездеседi.

АҚ КИIЗГЕ КӨТЕРУ – «хан қылып, басшы қылып сайлау» деген мағынада қолданылатын қанатты сөз.

«Қос қолы қызыл қанға боялғанға қарамай, 17 жасар Әбiлхайырды азулы тiлектестерi 1727 жылы Дештi Қыпшаққа хан етiп, ақ киiзге көтердi» (I.Есенберлин, Алмас қылыш).

АҚҚУДЫҢ СОҢҒЫ ӘНI – «өз талантының қырын соңғы рет көрсетуi» деген ұғымды беретiн қанатты сөз.

Шығу тарихы: «аққулар өлер алдында ән салады-мыс» деген ұғымнан шықса керек.

«АҚ ПАТША» - қазақтың бай шонжарлары орыс мемлекетiнiң патшасын «ақ патша» деп атады. Өйткенi өздерi патшадан шен-шекпен, құрметтi атақтар алды.

«Ақ патшаның» айтканын орындау үшiн болыстар, ауыл старшындары мен феодалдық-патриархаттық жоғарғы топ әскерге шақыру жасындағы жастардың тiзiмiн жасауға кiрiстi (Қазақ ССР тарихы, 3-том, 461-бет).

АҚ САРБАЗ – Жихан Желтоқсанның осы аттас кітабының аты. Адам, материя, Ғарыш заңдары, адамзат қоғамының дамуы Ақ Сарбаздан, яғни қазақ халқынан бастау алады деген ой айтылады. Эволюциялық дамудың 7 циклі Ақ Сарбазбен басталып, Ақ Сарбазбен аяқталады. Ол әлемдік Зұлымдықты жеңуші, ғарыш құрылысшысы, Жаңа әлемді ашушы, Жалғыз құдайға сенуші, Құтқарушының таңдап алған шәкірті және барлық ер азаматтың Бастауы. Қазақ жігітттері – Ақ Сарбаз (Ақ Сарбаз, Алматы, «Жазушы», 1993 жыл).

Нағыз жігіт деген атқа лайық жанды осылай атаймыз.

АҚ СҰҢҚАР – қазақ нағыз жігітті осылай атаған.

Жылама, Мағыш, жылама,

Алладан өлім тілеме,

Қолдан ұшқан ақ сұңқар,

Қайтып келіп қонбайды (Абай).

«АҚ СҮЙЕК ЖҰМЫСШЫЛАР» – монополияның артық пайдасының есебiнен жоғары еңбек ақы алатын, сөйтiп, капиталистiк елдердегi жұмысшылардың негiзгi құрамынан бөлiнiп қалған жұмысшы табының бiр бөлегi. Олар өз қимылдарымен жұмысшы қозғалысының дамуына кедергi жасап, оңшыл социалистердiң тiрегi болып табылады.

АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚА КӨЛ СҰЛАМА (1723-1725) - қазақ халқының тарихында жоңғар басқыншылары шабуыл жасаған жылдар ұмытылмастай iз қалдырды. Осы бiр шұбырындылыққа ұшыраған қайғы қасiреттi, ауыр жылдардан қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» сөзiнiң тарихы былай жазылған: «ХІІІ ғасырдың 20-жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы қазақ халқының тарихында осылай аталып кеттi».

«Ел еру болса, шаңырағына жоқшылық кеп шеру тартады. Көші қан болса, әке-шешең, қатын-балаң ақтабан шұбырындыға ұшырайды» (М.Әуезов, Абай жолы).

«АҚ ТАСПЕН АЙШЫҚТАЙТЫН КҮН» - ежелгi римдiктерде бақытты күндi «ақ таспен айшықтайтын» салт болған.

«АҚ ТАСТЫ ҚАЛА» – Мәскеу қаласының iргесi 1147 жылы қаланды. Қала бекiнiсiн жақсарту үшiн ХІV ғасырдан бастап Кремльдiң қабырғасын ағаштың орнына ақ тастан салуға бұйырды. Содан Мәскеудi «ақ тасты» қала деп атап кеттi.

АҚ ТҮЙЕНІҢ ҚАРНЫ ЖАРЫЛУ – қуанышты жағдайды, мерекені, жеңісті білдіретін қанатты сөз.

«Мен алдымен барып сүйінші сұрайын. Бүгін ақ түйенің қарны жарылады ғой, амандық болса» («Мәдениет және тұрмыс» журналы).

АҚ ТЕРРОР - 1815 жылы Францияда Бурбондар билiгi қайта орнап жатқан кезде, елде «ақ террор» басталды. «Ақ террор» бойынша революционерлер мен бонапартистер тұтқындалды.

«Ақ террор» ұғымы контрреволюциялық қозғалысқа қатысқан адамдарды түсiндiрген кезде қолданылады.

«АҚШАДА ИIС БОЛМАЙДЫ» (лат.Non olet) - император Веспасиан қоғамдық туалеттердi ақылы пайдалануды енгiзiп, онан салық алып тұрғанына қынжылған өз баласы Титиге: «Ақшада иiс болмайды», - деп жауап берген екен.

Бұл қанатты сөз көлденең табыс табу туралы сөз болғанда қолданылады.

АҚШАЛЫ ҚАПШЫҚ – Мәскеу княздығын 1325-1340 жылдары князь Иван басқарды. Алтын Орда пайдасына орыс жерлерiнен алым-салық жинауға құқық алды. Оған тәуелдi болған басқа князьдар оны «Калита», яғни «Ақшалы қапшық» деп атады.

«АҚЫЛДЫҒА ОСЫ ЖЕТЕРЛIК» – бұл ой рим жазушысы Тит Плавтка (б.э.д. 254-184) тиiстi сөз.

Қолданылу мағынасы: «осымен сөзiмдi аяқтаймын, ақылдыға айтпаса да түсiнiктi».

«АҚЫН БОЛЫП ТУАДЫ, ШЕШЕН БОЛЫП ҚАЛЫПТАСАДЫ» - Цицерон б.э.д. 61 жылы грек ақыны Архийдiң азаматтығын қорғау кезiнде айтқан қанатты сөзi.

Мағынасы: ақындық талант тек қана туа пайда болатын болса, ал шешендiкке өзiңдi жаттығулар арқылы жеткiзуге болады.

«АҚЫРЗАМАН» - дiни уағыз бойынша «ақырзаман» болғанда жердiң астан-кестенi шығып, күнәсiздер - жұмаққа, күнәлілер тозаққа баратын шақ деп түсiндiрiледi. Адамдар өз өмiрiндегi келеңсiз жайларды «ақырзаман» деген осы шығар» деп бейнелейдi.

АҚЫРЕТ КҮНІ – «өлетін мезгіл», «ақырзаман» деген ұғым беретін бейнелі сөз.

«АҚ ЭМИГРАЦИЯ» - 1789 жылы Париж Коммунасы қала билiгiн өз қолдарына алғаннан кейiн, дворяндарды қуғынға түсiрдi. Үрейлерi ұшқан олар шетелге қашып жатты. Сөйтiп Францияда «ақ эмиграция» басталды. Оның неге «ақ» аталатынына келетiн болсақ, Бурбондар әулетiнiң гербiнде ақшыл лола гүлдiң бейнесi болды.

«Ақ эмиграция» Ресейде 1920 жылы болды. Оның нәтижесiнде 3 миллион контрреволюционерлер шетелге кетуге мәжбүр болды.

АЛА АУЫЗ БОЛУ – «ауызбіршіліктің болмауы, өзді-өзімен жаугершілік жағдайда болу» деген ұғымды беретін бейнелі сөз.

«Қонтайшы ордасында да ала ауыздық бар екенін ол білетін» (І.Есенберлин, Жанталас).

АЛА ҚАРҒА (Белая ворона) - рим ақыны Ювеналдың (I ғасыр) сатирасынан алынған қанатты сөз. «Ерекше, сирек кездесетiн адам» деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз. «Жақсы» не «жаман адам» деген мағынада да бiрдей қолданыла бередi.

АЛАПЕС – негізінен тері ауруының бір түрі. Халық арасында жұртты алалайтын, әділеттен тайған адамды да алапес дейді: «Ой, Алапес, сен жұртты өйтіп алалама, - деді Шарымхан Күлкешек» (Б.Қыдырбекұлы).

АЛАСАПЫРАН ЗАМАН – «жаугершілік, дүрбелең» уақыт деген мағына беретін сөз.

Наши рекомендации