CRT(colour reaction time) - түсті реакция уақыты (Уолтер, 1958; Мэйволд, Джейжер, 1978) |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: қышқылда эмальдың еру жылдамдығын зерттеу. Тәсілі: қышқылдың стандартты мөлшерін эмаль апатиттерінен белсенді шығатын, осы қышқылмен еритін иондармен бейтараптау үшін қажет уақытты зерттейді. Қышқыл ортадан бейтарап ортаға өтуін қышқылды-негізгі индикатор көмегімен анықтайды. |
Материал мен құралдар | 1Н тұз қышқылы ерітіндісі. Микропипетка 30 секундта 0,02% кристалл-виалет сулы ерітіндісіне сіңірілген диаметрі 3мм сүзілген қағазды диск, ол қышқылды рН-та сары түске, бейтарап ортада күлгін түске боялады. Секундомер |
Әдістеме | 12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағынан щеткамен тазартады және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне қағаз дискті орнатады, оған микропипетканың көмегімен 1,5 мкл 1Н НCl ерітіндісін тамызады (тест нәтижесінен кейін реминализациялық заттарды жағады!) |
Нәтижені тіркеу | Дисктің сары түстен күлгін түске өзгеру уақытын белгілейді |
Нәтижені интерпретациялау | CRT>60 сек - еруі төмен, тіс жегісі тұрақтылығы жоғары; CRT<60 сек - еруі жоғары, тіс жегісі тұрақтылығы төмен |
ТЭР (эмальды тұрақтылықтың тесті) (Окушко В.Р., 1984) |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: қышқыл әсерінен эмальдың беткей қабаттарының бұзылу дәрежесін анықтау Тәсілі: бояғыш көмегімен стандартты жағдайда стандартты қышқылдың стандартты ерітіндісін қолдану нәтижесінде алынған эмаль ақауын визуальды бағалау. |
Материал мен құралдар | 1Н тұз қышқыл ерітіндісі Микропипетка немесе шыны таяқша 1% метилен көгі ерітіндісі 10 баллдық көк түсінің шкаласы (1:2-100-ден 0,18% дейін стандартты немесе негізгі ерітіндіні араластыру нәтижесінде алынады) |
Әдістеме | 12 тісті сілекейден ажыратады, тіс қағын щеткамен тазалайды және құрғатады. Тістің вестибулярлы беткейіне 1,5-2 мм қышқылды тамызады. 5 секундтан кейін бір қозғалыспен құрғақ тампонмен сүртеді. Бұзылған және сау эмальға 5 секундтқа бояғыш тамызады. Содан кейін сау эмальды құрғақ тампонмен өзінің бірінші түсіне жеткенге дейін сүртеді. |
Нәтижені тіркеу | Эмальдың қышқылмен өңделген бөлігінің боялу қарқындылығын шкаламен салыстырады |
Нәтижені интерпретациялау | Бозғылт түс 1-3 балл (0,18-0,75%) – тіс жегісі тұрақтылығы жоғары; 4-5 балл (1,5-3,1%) – тіс жегісі тұрақтылығы біркелкі; 6-7 балл (6,2-12,5%)- тіс жегісі тұрақтылығы төмен; 8 балл және одан жоғары (25-100%) – тіс жегісі тұрақтылығы өте төмен |
Лазерлік рефлектометрия (Грисимов В.П., 1991) |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: эмаль беткейі кристалл торының тығыздығын анықтау. Тәсіл тұрақты және тұрақсыз эмальдың оптикалық қасиеттерінде айырмашылықтарына негізделген: жақсы минерализацияланған, тығыз эмаль борпылдақ тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда күн сәулесін жақсы жарқыратады, аз сіңіреді |
Материал мен құралдар | Гелий-неондық лазер ЛГН-105 0,63 мкм толқын ұзындығымен. Эмальдың жарқыратқан сәуле түсіретін фотоаппарат. Жарқыраған күн сәулесінің сипаттамаларын өлшегіш |
Әдістеме | Тісті тазартады, құрғатады, лазер сәулесін тіске бағыттайды. Эмальмен жарқыраған сәулені суретке түсіреді. |
Нәтижені тіркеу | Жарқыраған сәуленің бейнесін стандартты шкаламен салыстырады, қайтарылмаған сәуленің бөлігін есептейді. |
Нәтижені интерпретациялау | Диффуздық компоненті 0,24-тен төмен – эмаль тіс жегісіне тұрақты, 0,30-дан жоғары болса – тіс жегісіне тұрақсыз |
Электрометрия(Иванова Г.Г., 1984, Жорова И.А., 1989) |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: тіс эмалі кристалл торының тығыздығын анықтау. Тәсіл тығыз кристаллды құрылымы бар жетілген сау эмаль тұрақты ток үшін диэлектрик болып табылатындығына негізделген. Эмаль құрылымы борпылдақ болған сайын тоқ өткізгіштігі жоғарылай түседі. |
Материал мен құралдар | Белсенді және пассивті электроды бар 0,11х106 А, бөле алатын гальванометр ауыз қуысы кіреберісінде орналасады. Электродтарда 3 вольт ток болады. Эмаль және белсенді электрод арасында электр өткізгішті кантактты қамтамасыз ететін 10% NaCl электролит ерітіндісі |
Әдістеме | Зерттелетін беткейді тазартады, кептіреді, сілекейден ажыратады. Белсенді электрод капиллярын электролитпен толтырады. |
Нәтижені тіркеу | Гальванометр көмегімен тұрақты токтың күшін және эмальға өтуін анықтайды. |
Нәтижені интерпретациялау | Эмальдың электр өткізгіштігі 3-5мА дейін және одан жоғары болуы оның аяқталмаған минерализациясын, сәйкес төмен тіс жегісіне тұрақтылықты немесе эмальдың жегіленген деминерализациясын дәлелдейді |
Эмальдың күлінде калций мен фосфордың санын анықтау |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: эмальдың құрамында Са мен Р-дың сандық құрамын in vitro эмальдың химиялық сандық талдауы әдістерімен анықтау |
Материал мен құралдар | Муфельді пеш. Сандық талдау үшін реактивтер жиынтығы. Лабораториялық ыдыс |
Әдістеме | Эмальды пештің ішінде t=5000 қыздырады. Алынған 10 мг күлді 0,5мл концентрацияланған HCL ерітіндісіне араластырады, химиялық талдау үшін дистиллденген су құяды |
Нәтижені тіркеу | Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық анализді алады |
Нәтижені интерпретациялау | Нәтиже салыстыру аспектісінде ақпаратты |
Эмаль биопсиясы(эмальдың өмірлік еруін анықтау); (Леонтьев В.К., Дистель В.А., 1974) |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: эмальдың (Ca, P) минералды құрамының сандық талдауы, соның ішінде қышқылмен реакцияға түсетін апатиттердің бөлігі. Тәсіл негізделеді: тіс жегісіне тұрақсыз эмальға қарағанда кальцийге қаныққан эмаль бұл элементтің ионын қышқыл бейтараптауына көп мөлшерде бөледі. |
Материал мен құралдар | Қышқыл тұзды буферлі ерітіндіні (97мл 1H және 50мл KCl) араластырады және 200 мл дистелденген сумен толтырады, қоймалжың болу үшін 1:1 глицерин қосады. Буферлі ерітіндіні аппликациялау және эмальдың қышқылды биоаптат аспирациялау үшін микрошприц. |
Әдістеме | Тісті сілекейден ажырату, тазарту, құрғату. Тіс беткейіне 1мкл буферлі ерітіндісін тамызады. 1 мин өткеннен кейін барлығын микрошприцпен жинайды. Бұл биоптатты 1мл дистелденген сумен пробиркаға ауыстырады. Химиялық талдау алу үшін. |
Нәтижені тіркеу | Нәтижені комплексонометриялық, фотоколориметриялық, спектрофотометриялық әдіс арқылы сандық талдауды алады. |
Нәтижені интерпритациялау | Бұл әдіс эмаль қалпын анықтауға көмектеседі. Сондықтан минерализациялау алдын-алуы үшін кариесогенді факторының дамуында қауіп төніп тұрған адамдар арасында жүргізеді. |
Спектрометрия |
Логикалық негіздеме | Мақсаты: спектральды талдау көмегімен жұлынған тістер эмалінің минералды құрамын нақты сандық анықтау |
Материал мен құралдар | Эмаль үлгісін дайындау үшін алмазды диск. 10% формалин. Спектрометрі бар сканерлік электронды микроскоп, құрамында көмірсуы бар желім |
Әдістеме | Жұлынған тістерді дистиллденген сумен шаяды, формалинге бекітеді, вестибуло-оральды бағытта кеседі, майсыздандырады, жұмыс үстеліне ток өткізгіш желіммен жабыстырады, вакуумды постқа ауыстырады. Бұл жерде үлгілерге көмірлі пленканы себеді, ток өткізгіш қабатты алу үшін себеді. |
Нәтижені тіркеу | Эмальда кальцийдің, фосфордың, темірдің, көмірсудың, натрийдің, кремнийдің, хлордың, хромның, фтордың, магнийдің, алюминийдің, мырыштың, титанның сандық құрамын зерттейді |
Нәтижені интерпритациялау | Нәтижелер салыстыру аспектісінде ақпаратты |