Жұмыс орны динамикалық компонент ретінде

Ғылыми әдебиеттерде еңбек бірлігінің бірі - жұмыс орнына көп мән берімейді.1970-1990 жылдары ол тіпті еңбек психологиясының ғылыми жүйесінде қолданылмады да. Бұл құрылым түсінігінің пәнге енуі келесіден көрінеді:

· адамның еңбек субьектісі ретіндегі әлеуметтік жеке міндеттері мен эргатикалық потенциал ролінің өсуінің тарихи нәтижесінде;

· XX-шы ғасыр шегінде адамның еңбек субьектісі ретіндегі мағынасы кеңеюі нәтижесінде;

· XX-шы ғасырдың екінші жартысында еңбек субьектісінің коллективтегі ролі (жұмыс сменасы, экипаждар, бригадалар), жұмысшылардың тұлғааралық қатынасы мен функционалдық құрылымы, еңбек қызметі реттелуінің мүмкіндіктері өте маңызды болды.

Жұмыс орнының ерекшеліктері басқа еңбек бірліктерімен - профессия және еңбек орны салыстырылады:

1) нақты өндіріс өнімі мен шарттардың жоғарғы динамикалық технологиясы;

2) таңдалған уақыт интервалының нақты жұмыс орындағы субьектінің қызметтік міндеттерінің жоғарғы динамикалығы (өзгергіштік, икемдік);

3) шектелген еңбек іс-әрекетінің спецификасы мен операциялары, еңбектегі жоғарғы квалификациаланған субьектінің міндеттік қызметтері;

4) табысты ұйымдастырылған факторлердің еңбек субьектісіне маңызды көрінуі (корпоративтік мәдениет, жетекшілік стилі, қызметтік иерархияның деңгейі, ұйымдардың даму стадиялары, психологиялық климат, топтық нормалар, іс-әрекеттің индивидуалды мінезі, серіктестіктің индивидуалды ерекшеліктері);

5) сырқты орта фактілерінің әсері (тарихи кезеңдер, аймақтардың мәдениеті, елдің әлеуметтік-экономикалық жақтары, демократиялық институттардың дамуы, жұмыс күшінің нарығы, жұмыссыздық деңгейі, мамандықтың артықшылығы);

6) субьектінің индивидуалды ерекшеліктерінің жоғарғы маңыздылығы (білім алу мен профессионализм деңгейі, еңбек мотивациясы, тұлғаның ерекшеліктері);

7) еңбек субьектісінің колективтік маңыздылығының өсуі, жұмыс тобының қарым-қатынас ерекшеліктері;

8) еңбек шарты мен құралдарының кең бейімделу мүмкіндіктері;

9) еңбек шарты мен құралдырына субьектінің бейімделу формасы мен дербес қалыптасу мүмкіндіктері (іс-әректтің индивидуалды стилінің қалыптасуы, жұмыс тобында қызметтерді реттеу ).

Жұмыс және еңбек орны астарында міндеттелген және шектелеген арнайы шарттар түсінігі жатыр. Жұмыс орны - бұл нақты физикалық, әлеуметтік, психологиялық, этикалық және құқықтық факторлармен анықталатын, субьектінің еңбек іс-әрекетіндегі шынайы кеңістігі. Профессия іс-әрекеттегі әлеуметтік ортаның бірлігі ретінде заңдылықтарды (құқықтарға, міндеттерге, әлеуметтік жеңілдіктерге сәйкес) құрастыруда көрінеді.

Қазіргі психология ғылымында еңбек субъектісі индивид пен жеке тұлғаның қасиеттерінің жиынтығы ретінде танылады. Индивидтің жекелей қасиеттері дегенде сыртқы, биологиялық және әлеуметтік орта жағдайларына байланысты адамның дербес даму кезіндегі түрленген қасиеттері туралы айтылады. Сонымен қатар, адамның табиғи қасиеттері оның жеке тұлғалық және еңбек субъектісі ретіндегі қасиеттерін есепке алып, индивид ретіндегі қызмет ететін қасиет-сапаларын зерттеу қажет, осылайша жеке тұлғаның құрылымы индивид құрылымын өзіне қосады екен. Осыдан барып, кәсіби маңызды қасиеттер туралы сөз болғанда, жеке тұлғаның дербес – психологиялық қасиеттері және жеке тұлғаның қатынастары туралы айтады. Жеке тұлғаның сенсорлық, перцептивтік, аттенциялық, психомоторлық, мнемикалық, ойлау, сөйлеу, эмоционалдық, еріктік қасиеттерін дербес-психологиялықдеп атайды. Жеке тұлғаның қатынастарына жататын факторлар мыналар: адамның өз-өзіне деген қатынасы (өзін-өзі бағалауы), өзгелерге, таныстарға және таныс емес адамдарға, достарға, жұмыс бойынша жолдастарына, ата-анасына, отбасының басқа да мүшелеріне т.б. деген қатынасы; еңбекке, өзінің кәсібіне, мамандығына, белгілі бір кәсіби міндеттерге қатынасы, материалды құндылықтар мен қоғамдық меншікке қатынасы, қоғамның идеологиялық құндылықтарына, заңдар мен ережелерге, болашаққа, сәтсіздіктерге, барлық жаңа нәрселерге, алуан түрлі өзгерістерге және т.б. деген қатынасы. Бұндай қатынастар жеке тұлғаның позициясын анықтайды, ол оның статусының субъективті, іскерлік жағын көрсетеді. Жеке тұлғаның қатынастары, мотивтері, бағдарлары мен құндылықтық бағдарлар жүйесі оның кіші топтп, ұжымда және жалпы қоғамда атқаратын рөлдің – қоғамдық функциялардың белгілі бір кешенінде жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаның құрылымдық қасиеттеріне оның темпераменті жатады. Б.Г. Ананьев ойынша, жеке тұлғаның құрылымы дегеніміз – қасиеттердің толықтай құралуы мен белгілі бір ұйымдасуын атайды. Бұның қызмет етуі жеке тұлғаның құрылымының құрамдас бөліктері болып табылатын алуан түрлі қасиеттердің өзара іс-қимылдары арқылы ғана мүмкін. Жеке тұлғаның әр түрлі деңгейлері мен даму жақтарына жататын құрамдас бөліктерді зерттеу олардың арасындағы алуан түрлі өзара байланыстарды зерттеумен міндетті түрде тіркеседі

Еңбек – адамның нағыз адамға айналысуындағы шарттардың бірі. Тек еңбек әрекетінің арқасында ғана адам – саналы адам сатысына көтерілді. Эволюциялық дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, дүниені өзгерту дәрежесіне қол жеткізді. Қарапайым еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекетінің арқасында адам тіршілік ортасына тәкелді болатыны бірсыпыра жағдайлардан құтылады, өзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге көтерілді. өздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетінең басты сапалық айырмашылықтарының бірі.

Жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланады. Құралдар адамның қимылын, әрекетін дамытты. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі ұрпаққа түрлі құрал жасау тәсілдерін, іс – қимылын мұра етіп қалдырды. Адамның әрекеті – еңбек. Қоғамның алғашқы сатысы деңгейінің төмен болуына орай ойлаудың да өресіз болғаныанық. өндіріс құралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын болды. Сондай –ақ -, қол материалдық дене жөнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол тек еңбек органы ғана емес,сол еңбеектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарының дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі адамды өз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді. Қолмен істелетін сан адамды өз бойын билеп, тік жүру бақылауымен ұштасып, адамның көру органыныңдамуына әсерін тигізеді. Қол мен көздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалыстарын реттеп отырады да, оның танымдық өрісін кеңейтеді.

Танымдық сезіну қызметінің өзгеруі бас миының жетіліп, көлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекеттерін реттейтін орталықтың жасауы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғұрлым терең танып білуге баулиды. Еңбек әрекеті нәтижесінде адамзаттың қоғамдық өмірі пайда болды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы жоғары формасы – адамдардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болмыстың шындығын тепе-тең етіп бейнелей формалары жетіле түсті.

Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор – еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті меңгереді. Еңбектің негізгі сипаттамалары:

- мақсатқа бағытталған әрекет;

- еңбектің пәндік сипаты – еңбек табиғатқа әсері;

- еңбектің құралдық сипаты;

- еңбек әрекет ретінде - әрекет формасынан тіршілік формасына айналады, адамның өзін өзгертеді;

- еңбектің қоғамдық сипаты.

Еңбектің екі негізгі формасы бар: «Тірі еңбек» - еңбек әрекеті мен еңбек процесі; «Абстрактілі еңбек». Еңбектің әрекет түрлері мен әртүрлі салаларға қарай тарихи бөлінуі, өндіріс сапасының жоғарылауымен байланысты прогресс жағдайы ретінде қарастырылады.

Дәріс

Наши рекомендации