Беру мен шешім қабылдау туралы
1. Осы Заңның 23- бабының 6- тармағында көзделген реттерді қоспағанда , адамды өзінің келісімінсіз немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз психиатриялық куәландыру туралы шешімді мұндай куәландыру үшін осы Заңның 23- бабының 5- тармағында тізіп келтірілген негіздер бар деген мәліметтер көрсетілген арыз бойынша психиатр-дәрігер қабылдайды.
2. Арызды психиатриялық куәландырылуы тиісті адамның заңды өкілі , кез келген медициина мамандықтағы дәрігер мен өзге де азаматтар бере алады. Көрінеу жалған арыз беру қылмыстық жауапқа тартылуға әкеп соғады.
3. Алынған мәліметтер бойынша адам өзіне немесе айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретін жағдайларда нақты адам ауызша немесе жазбаша арыз беруі мүмкін.Психиатр- дәрігер психиатриялық куәландыру туралы дереу шешім қабылдап, ол медициналық құжаттамаға жазумен рәсімделеді де , кейінен адамның заңды өкілімен хабарланады.
4. Адам өзіне немесе айналасындағылыарға тікелей қауіп төндірмейтін жағдайда психиатриялық куәландыру туралы арыз жазбаша түріде берілуге , онда мұндай куәландырудың қажет екенін негіздейтін толық мәліметтер және ол адамның немесе оның заңды өкілінің психиатр-дәрігерге көрінуден бас тартыны туралы деркеткер болуға тиіс.Психиатр-дәрігер шешім қабылдау үшін қажетті қоымша мліметтерді сұратып алуға құқылы.Психиатр-дәрігео арызды осы Заңның 23- бабаының 5- тармағындағы 2) және 3) – тармақшаларда көздеген жағдайлардың болуын дәлелдейтін деректер жоқ екенін анықтап, психиатриялық куәнандырудан дәлелді себеппен жазбаша түрде бас тартады.
Б а п. Амбулаториялық психиатриялық жәрдем түрлері
1. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамға амбулаториялық психиатриялық жәрдем медициналық айғақтарға қарай консультация беру, емдеу немесе диспансерлік бақылау түрінде көрсетіледі.
2. Консультациялық-дәрігерлік жәрдемді психиатр-дәрігер адам өз бетімен өтініш жасағанда оның өтініші немесе келісімі бойынша, ал кәмелетке толмаған адамға оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша көрсетеді.
3. Осы Заңның 27- бабының 1- тармағында көзделген реттерде психикасының бұзылуынан зардап шегуші адамның немесе оның заңды өкілінің келісіміне қаорамастан диспансерлік бақылау белгіленуі мүмкін және ол психиатр-дәрігердің тұрақты тесеріп тұруы арқылы оның оның психикалық денсаулық жағдайын бақылауды , оған қажетті медициналық және әлеуметтік жәрдем көрсетуді көздейді.
Б а п . Диспансерлік бақылау
1. Психикасының бұзылуы тұрақты және созылмалы болып, ауыр, өзгермейтін сипат алған көбіне асқынған ауру көрінісіне ұштасатын адамға диспансерлік бақылау белгіленуі мүмкін.
2. Диспансерлік бақылауды белгілеу қажет екені туралы және оны тоқтату туралы мәселені шешу амбулаториялық психиатриялық жәрдем көрсететін психиатриялық ұйымның әкімшілігі тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы немесе денсаулық сақтау органы тағайындайтын психиатр-дәрігерлер комиссиясы қабылдайды, комиссияда кемінде үш дәрігер болуы керек.
3. Психиатр-дәрігердер комиссиясының дәлелді шешімі медициналық құжаттамаға жазылып рәсімделеді. Диспансерлік бақылауды белгілеу немесе тоқтату туралы шешімге осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша шағым жасалуы мүмкін.
4. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам сауыққан немесе оның психикалық жай-күйі айтарлықтай әрі тұрақты жақсарған жағдайда бұрын белгіленген диспансерлік бақылау тоқтатылады. Диспансерлік бақылау тоқтатылғаннан кейін сол адамның өтініші немесе келісімі бойынша не оның заңды өкілінің өтініші немесе келісімі бойынша психиатриялық жәрдем консультация және емдеу түрінде көрсетіледі. Психикасының бұзылуынан зардап шегуші адам психикалық жай-күйі өзгерген кезде осы Заңның 23-25 –баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша өзінің келісімінсіз немесе заңды өкілінің келісімінсіз куәландырылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда психиатр-дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша диспансерлік бақылау қайта жалғастырылуы мүмкін.