Тергеу бөлімінің бастығы тергуеші ретінде тергеу бырысындакриминалистикалық тактиканы қолдану түсінігі
Криминалистикалық тактика деп, ғылыми ережелер жүйесiне негiзделе отырып жасалған алдын-ала тергеу мен соттық тергеудi ұйымдастыру және жоспарлау талаптарын, соттық зерттеулер жүргiзетiн адамдардың мiнез-құлқын және процессуалдық iс-әрекеттердi (бiрiншiден, тергеулiк) жүргiзу тәсiлдерiн айтамыз.{32}
Тактикалық тәсiлдер, нұсқаулар және комбинациялар криминалистикалық тактика негiзi болып саналады.
Криминалистикалық тәсiл дегенiмiз заңға қайшы келмейтiн, белгiлi ситуациялық жағдайда, қылмыстың алдын-ала тергеуге қажет дәлелдемелердi жинау, зерттеу, баға беру және iске асыру мақсатындағы тергеу әрекеттерiнiң нәтижелiгiн арттыру үшiн тергеушiнiң қолданатын арнайы әдiс-тәсiлдерi мен қолайлы мiнез-құлқы.
Тактикалық тәсiлдердiң екi түрiн ажыратуға болады:
- әрекеттiк, яғни қандай да бiр қимылдарды iске асыру барысындағы тәсiлдер;
- бағыттық, яғни тергеудi жүргiзушi тұлғаның нақтылы мiнез-құлықтық бет алысты таңдап iске асыру тәсiлi.
Тактикалық тәсiлдердi қолдану шарттары:
- заңға қайшы келмеу — рұқсат беретiн заңдар, қағидалар және ережелер жүйесiне сай келу, аталмыш тәсiлдердi (нұсқаулар, комбинациялар) тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi, сотпен iске асыру тәртiбi, мақсаты және мазмұны; рұқсаттылық, яғни сипаты, мазмұны және мақсаттылығы бойынша заңға толығымен сәйкес болу керек; ғылыми негiзделген; тәжiрибемен дәлелденген, яғни қолданылған күш, құрал және жiберiлген уақыттың бекер болмауы; қолайлы, яғни әрбiр тергеушi, жедел iздестiру қызметкерi және соттардың пайдалану мүмкiндiгi бар.
Тактикалық-криминалистiк нұсқаулар дегенiмiз ол, тергеу жүргiзу немесе сот өндiрiсiндегi тактикалық тәсiлдердi таңдап қолдануға қатысты, ғылыми негiзделген және мақұлданған тәжiрибелiк кеңес.
Тактикалық комбинация деп тергеулiк ситуациясымен себептелген және нақтылы тергеу мiндетiн шешу мақсатын iске асыруды көздеген, тактикалық тәсiлдер немесе тергеулiк әрекеттердiң ұштасуын айтады.
Бiр ғана тергеу әрекетi шенберiндегi тактикалық тәсiлдердiң ұштасуын қарапайым тактикалық комбинация дейдi. {33}
Нақтылы iстi тергеу барысындағы тергеу әрекеттерiнiң ұштасуы, күрделi тактикалық комбинация болып саналады. Күрделi тактикалық комбинацияға бiртектес не әртүрлi тергеулiк әрекеттер, сондай-ақ қамсыздандыру сипатындағы, ұйымдық-техникалық шаралар ене алады.
Оперативтiк-тактикалық комбинация дегенiмiз ол, бiртұтас тактикалық оймен қамтылған, тергеушi тапсырмасы бойынша тергеу әрекетiмен қатар жүргiзiлетiн жедел iздестiру шаралары. Мұндай шаралар мақсаты ретiнде, комбинация құрылымына енетiн нәтижелiк, талпынушылық және қауiпсiздiк, ал қажет болғанда нақтылы мезетке дейiнгi құпиялылық жағдайын қалыптастыру болып саналады. Бiртұтас оперативтiк-тактикалық комбинация құрылымында, жедел iздестiру шараларының тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында тергеу әрекеттерi де жүргiзiлуi мүмкiн. Мұндай әрекеттер тергеушiнiң жедел iздестiру қызметкерлерiмен өзара әрекеттесу жолымен iске асырылады.
Тактикалық шешiм деп тергеулiк ситуацияға, тергеу процесiнiң жолына және нәтижесiне тактикалық ықпал жасау мақсатын таңдау және аталмыш мақсатқа жету әдiс-құралдарын анықтауды айтады. Тактикалық шешiмдi iске асырудың негiзгi құралдары ретiнде, тактикалық тәсiлдер және тактикалық комбинациялар жүредi.
Тактикалық шешiм үш бөлiктен тұрады: 1) ақпараттық; 2) ұйымдастырушылық; 3) операциондық.
Тактикалық шешiмнiң ақпараттық бөлiгi тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беруден тұрады: ешiмiн талап ететiн, процессуалдық мiндеттер;
- қарсы тұрушы күштердiң ойлары; тергеумүмкiндiктерi;
- болжамалы ақпар.
Тактикалық шешiмнiң ұйымдастырушылық бөлiгi мынадай тұжырымдарды өзiне жинақтаған: функциялар тарату; өзара әрекеттесу бағыты мен нысандары; қолданыстағы күш-құралдарды iске асыру ретi;
- қосымша мүмкiндiктер; қажеттi ұйымдық-техникалық шаралар жүргiзу.
Тактикалық шешiмнiң операциондық бөлiгi, ол: тактикалық ықпал ету мақсатын; мақсатқа жету тәсiлдерi мен жағдайларын; тактикалық шешiмдi iске асырудың болжамалы нәтижелерiн анықтау.Тактикалық шешiм мақсаттары: тергеулiк ситуацияны жағымды жаққа ауыстыру; шыңайы тергеулiк ситуацияны тиiмдi пайдалану; тергеуге қарсы тұрушы тұлғалар үстiнен тактикалық билiк орнату; бастапқы тергеу кезеңiндегi тұтқиылдық факторын зерттеу; тергеудi алға басу әдiстемесiмен қамтамасыз ету.
Тактикалық шешiмге қойылатын талаптар: заңдылық; өнегелiлiк;- уақыттылық; негiздiлiк; шынайылық.
Процессуалдық әрекет тактикасы деп процессуалдық әрекеттердi дайындау, iске асыру, бекiту және нәтижелерiне баға беруде қолданылатын тактикалық тәсiлдер жүйесiн айтады. Оның құрылымы төмендегiдей сатылардан тұрады:
Жүргiзуге дайындық; жүргiзу; жолы мен нәтижелерiн бекiту;
Алынған нәтижелерге баға беру және оның нақтылы қылмыстық iс бойынша делелдемелiк ақпарат жүйесiндегi маңызы мен алатын орны.
Осы сатыларды iске асырудағы тактикалық тәсiлдер, оның алдына қойылған мiндеттердi шешумен қамтамасыз етiледi.
Процессуалдық әрекеттi жүргiзуге дайындық мыналардан тұрады:
- мiндеттер түсiндiрiледi және құрастырылады;жүргiзу мезгiлi және оған қатысушылар шеңберiне, криминалистикалық әдiс-тәсiлдердi пайдалануға, оперативтiк мүмкiндiктердi пайдалану шегi мен нысандарын анықтауға, жұртшылық және маман көмегiне байланысты мәселелер шешiледi.
Процессуалдық әрекеттi жүргiзу жоспарында, оның мiндеттерi, жүргiзу орны мен уақыты, қажеттi күштердi қатыстыру, олардың қарым-қатынастары көрсетiледi, сонымен қатар мұнда:
- процессуалдық әрекет жүргiзiлiп тұлғалар және объектiлер жайлы ақпарат; жүргiзу кезiнде қажет болатын дәлелдемелер; осы дәлелдемелер мен оперативтiк мәлiметтердi пайдалану тәсiлдерi; процессуалдық әрекеттi жүргiзуге бағытталған тактикалық тәсiлдер оларды ситуацияның өрбуiне байланысты пайдалану тәртiбi бойынша шоғырланған.
Процессуалдық әрекеттi жүргiзу.
Бұл сатыда көрсетiлген жоспар iске асырылып, онда қойылған мiндеттер шешiледi. Осыған байланысты тергеу процесiндегi тергеулiк әрекеттер бастапқы және келесi болып бөлiнедi. {34}
Бастапқы тергеу әрекеттерi: тергеушiнi тергеу оқиғасына бағдарлау, осы оқиғаның пайда болу механизмi және болатын зардаптары туралы мағұлмат алу; қылмысты iзiн суытпай ашу, қылмыскерге iздеу салып, ұстауға қажеттi мәлiметтердi алу; субъективтiк не объективтiк факторлар әсерiнен бүлiнiске ұшырайтын дәлелдемелердi жинау; тергеулiк болжамдарды құру мақсатынды түпнұсқалы ақпараттарды алу үшiн жүргiзiледi.
Келесi тергеулiк әрекеттер тергеудiң кезеңдерiнде жүргiзiледi және мыналарға бағытталған: бастапқы кезеңде жиналған дәлелдемелердi зерттеуге, баға беруге және қолдануға; дәлелдемелермен әрi қарай жұмыс жасауға; болжамдарды тыңғылықты тексеруге; қылмыс құрамы элементерiн дәлелдеуге; қылмысқа итермелейтiн жағдайлар мен себептердi анықтауға.
Бұл сатының мiндетiне, процессуалдық әрекет мазмұны мен нәтижелерiн дұрыс және толымды көрсетумен қамсыздандыру жатады. Осыған байланысты, заңды нысандардағы техникалық-криминалистiк құралдар мен дәлелдемелiк ақпарды бекiтiп алу тәсiлдерiн тиiмдi пайдалану көзделген. Процессуалдық түрде бекiтiлмеген ақпараттың дәлелдемелiк күшi болмай қалады.
Алынған нәтижелерге баға беру және олардың мазмұнын анықтау.
Процессуалдық әрекет жүргiзу кезiндегi жұмысты және одан алынған нәтижелердi талдаудан өткiзу мыналар үшiн қажет:
- алынған нәтижелердiң дұрыстығын тексеру;
-дәлелдеудегi олардың мағынасы және әрi қарай пайдалану жолы туралы сұрақтарын шешу.
Процессуалдық әрекет жүргiзудiң аталмыш сатысында: жiберiлген қателiктер айқындалады; пайда болуы мүмкiн не пайда болған зардаптар анықталады; осы процессуалдық әрекеттi қайталап жүргiзу қажеттiлiгi шешiледi;жүргiзiлген әрекеттiң жолы мен нәтижелерi көрсетiлген, процессуалдық құжатқа баға берiледi (шыңайылығына, толымдылығына, тәртiбiне, анықтылығына, қажеттi процессуалдық реквизиттердiң бар екендiгiне).
Тергеулiк ситуация және тактикалық шешiм, оларға баға беру және қылмысты әшкерлеуде пайдалану.
Тергеулiк ситуация яғни, тергеудiң белгiлi бiр кезеңiнде айғақты мәлiметтердiң, дәлелдемелердiң көлемiне және ерекшелiгiне, iстiң мән-жайын анықтау мүмкiндiгiне байланысты қалыптасқан жағдай.
Тергеулiк ситуацияны құрастыратын жағдайларды төрт топқа бөлуге болады: ақпараттық сипаттағы факторлар (жасалған қылмыс жағдайлары туралы мағұлматтар; дәлелдемелiк ақпараттар алынған түпнұсқалар; нақтылы тұлғалардың тергеу жағдайы туралы хабардар болуы және т.б.); процессуалдық және тактикалық сипаттағы факторлар (дәлелдемелiк ақпараттарды алу және пайдалану мүмкiндiктерi, тергеу кезiндегi мiндеттердi шешудiң тактикалық ерекшелiктерi); психологиялық сипаттағы факторлар (тергеу оқиғасына қатысы бар тұлғалар мен тергеушiнiң қарым-қатынасы, бұл тұлғалар психологиясы); ұйымдық және материалдық-техникалық сипаттағы факторлар (қажеттi күш-құралдардың бар болуы, оларды пайдалану мүмкiндiктерi).
Тергеулiк ситуацияны кең және тар мағынада қарастырады. Кең мағынада — барлық жағдайлардың жиынтығы, ал тар мағынада — нақтырақ, криминалистикалық ұғымда.
Тергеулiк ситуацияға талдау жасап, баға беру кезiнде ақпараттық факторлар анықтаушы, яғни түпнұсқалы және негiзгi болып саналып, тергеу бойынша нақтылы кезеңде бағыттылықты және келесi қызмет мазмұнын айқындайды.