Тірек сөздер: эмоция, логика, экспрессия, комуникативтілік, теория
Тілдің шығуы туралы теориялар. Дыбыска еліктеу теориясы. Әрбір тілдің лексикасында еліктеуіш сөздер болғанмен, қандай тілдің болсын лексикасының негізін олар айқындай алмайды, олар тіпті лексикаға негізгі тірек те, ұйытқы да бола алмайды. Бұл теория тілдің шығуын дыбысқа еліктеуге теліп, тілдің пайда болуының әлеуметтік себебін ескермейді. Дыбыска еліктеу теориясын жақтаушылар тілді қоғамдық құбылыс емес, табиғат құбылысы, «табиғаттың сыйы» деп қарайды. Шындығында тіл қоғамның жемісі, ол қатынас жасау қажеттілігінен туған.
Дыбыска еліктеу теориясымен бірге XVIII-XX ғасырларда кең таралған теориялардың бірі - тілдің шығуының эмоциональды теориясы. Бұл теорияны жақтай келіп, Д.Ж. Руссо (1712-1778) тілдердің шығуы туралы трактатында «кұштарлық дауыстың алғашқы дыбыстарын шығарды», «алғашкы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды» деп жазды. Бұлай деп тұжырымдау тілдің дамуын қате түсінуден болған.
Ж.Ж..Руссоның «эмоциональды теориясы» XIX-XX ғасырларда одағай теориясынакеліп ұласты. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар - одағайлармен білдірген. Одағай теориясы бойынша, әр түрлі эмоцияны білдіретін еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған. Одағай теориясын жақтаушылардың бірі - орыс лингвисі Д. Н. Кудрявский (1887—1920) одағайлар адамның «ен алғашқы сөздері» болды; одағайларда дыбыс, леп, мағына алғашында бір-біріне кірігіп, кейін де одағайлардың сөзге айналу барысында дыбыс пен мағына бір-бірінен ажырасты деп тұжырымдайды.
Бұл теорияның қате екендігі мынада: одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді де, оның негізгі қызметі - коммуникативті қызметін ескермейді. Бұл теория тілдің қоғамдық табиғатына мән бермейді. Тіл-тілдегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды. Тіл-тілде эмоцияны білдіретін сөздерге қарағанда, эмоцияны білдірмейтін сөздер әлдеқайда көп. Мұның өзі түсінкті де. Өйткені тіл эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы - қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқарады. Тіл пайда болғанда да қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде пайда болған.
Тілдің шығуы туралы теориялардың тағы бірі - қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар сөздерді өздері өз ара келісіп таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасаған. Тіл туралы «келісу» үшін ол адамдардың бұрыннан тілі болуы дәлелдеуді керек етпейтін ақиқат екенін ескерсек, тілдің шығуы туралы «қоғамдық шарттасу» теориясының ешбір дәлелсіз екені өзінен-өзі аңғарылады. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің шығуында адамдардың саналы қызметі айрықша қызмет атқарады деп ойлап саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді.
XIX ғасырда тұрпайы материалистер тілдің шығуы туралы еңбек айқайы деп аталатын теорияны (теория трудовых выкриков) ұсынды. Бұл теорияны философ Людвиг Нуаре жасады, оны Карл Бюхер және т. б. жақтады.
Бұл теория бойынша тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған. Тілдің шығуы туралы «еңбек» теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен қатар шығарған айқайынан, ең алдымен, етістік сөздер жасалған деп байымдайды. Бұл теорияның қателігі сол, оның авторлары тілді қатынас құралы ретінде емес, тек қана еңбекті костаушы екінші қатардағы көмекші құрал ретінде қарап, тілдің шығуын осы соңғы позиция тұрғысынан түсіндіреді. Олардың тілдегі алғашқы сөздер етістіктер еді деген көзқарасының да ешбір ғылыми негізі жоқ. Еңбек процесінде шыққан рефлексті айқайлардың тілге тән ешбір белгілері мен қызметтері жоқ. Олар ешбір ұғымды білдіре алмайды және қатынас жасауға қажетті қызмет те атқара алмайды.
Адамзат тілінің пайда болу теориясының бірін К. Маркспен Ф. Энгельсжасады. К. Маркс пен Ф. Энгельс «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде былай деп жазды: «Тіл де, сана сияқты, ертеден келе жатқан нәрсе, тіл дәл айтқанда, басқалар үшін, осының арқасында өзім үшін де өмір сүріп отырған шын практикалық сана болып табылады, сөйтіп, тіл де, сана сияқты, басқа адамдармен қатынас жасау мұқтаждығынан және қажеттілігінен туады». Бұл қағида да біріншіден, тіл мен сананың бір-бірімен тығыз байланыстылығы және бұлардың бір мезетте шыққандығы, екіншіден, тілдің шын практикалық сана болып есептелетіндігі, үшіншіден, тілдің адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттілігінен келіп пайда болғандығы көрсетілген.
Ф. Энгельс қолдың дамуы, оның баска организмге әсері, еңбектің шығуы және оның дамуы, еңбек процесінде қатынас жасаудың қажеттілігі - осылардың барлығы тілдің пайда болуында мақызды роль атқарғандығын айтады.
Қорыта келгенде, алдыңғы екі қолдың жүру-қызметін атқарудан босап, дененің тік тұруға мүмкіндік алуы, еңбек пен қоғам, тіл мен ойлаудың пайда болуы - алғашқы адамдардың адам тәрізді маймылдардан пайда болуының алғы шарттары, міне осылар. Бұларсыз маймылдың адамға айналуы мүмкін болмаған болар еді.
Маймылдың адамға айналу процесі австралопитек деп аталатын адам тәріздес маймылдан басталады. Өте көне заманда өмір сүрген австралопитектің қаңқасы Оңтүстік Африкадан табылған Австралопитектің қазіргі заманғы адам тәріздес маймылдардан айырмашылығы мынада: қаңқасының құрылысына қарағанда, австралопитек төрт аяқтап емес, екі аяғымен жүрген; оның алдыңғы тістері шимпанзенің тістері сияқты үлкен де емес, алға да шығып тұрмайды; көбінесе адам тістеріне ұқсайды. Олар өзін қорғау үшін және аң аулау үшін тас, сойыл сияқты құралдарды пайдаланған; үйір-үйірмен топтасып өмір сүрген. Зерттеушілердің пікірінше, хайуанаттар дүниесіндегі эволюция австралопитекпен аяқталады да, мұнан кейін ежелгі адам - пикентроп пайда болады. Ежелгі адам, негізінен алғанда, даму-дың екі түрлі сатысынан өткен: оның бірі - ежелгі адам немесе неандерлық (бұл сөз Германиядағы Неандер деген ойпаттың атынан алынған). Пикентроптың бас сүйегінің ми орналасқан бөлегінің көлемі- 1400 куб см, неондерлықта 900 куб см (ал адамның бас сүйегінің ми орналасқан бөлегінің көлемі-1400 куб см)1. Неондерлықтар тастан құрал, қару жасай білген. Уақыт озған сайын мұндай құрал, қарулар жетіле түскен. Құрал жасау, аң аулау, тамақ табу бірлесе еңбек етудің, әрекет жасаудың болғандығын аңғартады. Алғашқы адамдардың еңбегі коллективті еңбек, коғамдық еңбек түрінде болды. Бірлесе еңбек ету әрекеті өз ара қатынас жасау қажеттілігін тудырады. Осыдан біртіндеп алғашқы сөздер туады, тіл мен ой пайда болады.
Сонымен, тіл мен ойлаудың шығуын алғашқы адамның пайда болуынан бөліп қарауға болмайды. Тіл адамның маймылдан бөлініп шыққан дәуірінде, еңбектің арқасында және еңбекпен бірге коллективте туды. Қалыптаса бастаған алғашқы адамдарда еңбек процесінде біріне-бірі бірдеңе айту қажеттілігі туды, ал бұл қажеттілік өзіне дыбыстау мүшелерін жасады. Осыдан барып тіл пайда болды. Адамды адам еткен - еңбек. Сол еңбек процесінде және еңбекпен бірге қоғамда тіл де шыкты.
Тілдің пайда болуы ойлаудың пайда болуымен, тілдің дамуы ойлаудың дамуымен тығыз байланыста болады.
Тіл мен ойлаудың шығуы және бұл екеуінің байланысы туралы мәселені дәлдеп айқындауда академик И. П. Павловтың екі сигнал жүйесі туралы ілімнің үлкен мәні бар. Бірінші сигнал мен екінші сигнал және олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы И. П. Павлов былай деп жазды: «Егер де айналадағы дүниеден алатын біздің түйсіктеріміз бен елестеулеріміз біз үшін шындық өмірдің бірінші сигналдары, нақтылы сигналдар болып табылатын болса, онда тілдің өзі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын ең алдымен кинэстезикалық тітіркенулер, екінші сигналдар, сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындық өмірден дерексіздену болып табылады және жалпылауға мүмкіндік береді; ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».
Адамдарда сигналдардың бірінші сигнал және екінші сигнал деп аталатын екі түрі де болса, хайуанаттарда бірінші сигнал жүйесі ғана болады. Бірінші сигнал жүйесінің табиғаты мынадай: сырттан болатын алуан түрлі тітіркендіргіштер, мысалы, жыртқыш хайуандардың айбат шегіп әр түрлі дыбыс шығаруы әлсіз хайуанаттардың сезім мүшелеріне әсер етеді, ал әлсіз хайуандар өздерінің сезім мүшелері арқылы сырттан болатын сигналдарды қабылдай отырып, қорғануға, жасырынуға әрекет жасайды. Хайуандарда тіл жоқ, сондықтан оларда тілдік ойлау да (тілдік материалдың негізінде ойлау) болмайды.
Алғашқы адамдар жер шарының әр түрлі территориясында өмір сүрген. Осыған орай, әр түрлі диалектілер мен тілдер болған. Жер шарындағы қазіргі әр түрлі тілдер тарихи дамудың барысында жасалған.
Тілдердің даму заңдылығы.
Адам баласы қоғамы пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Қоғам және оның дамуы тілдің дамуына әсер етпей тұра алмайды. Бірақ әр түрлі қоғамдық құрылыстын. тілдің да-уына әсері бірдей емес.
Қоғам тілдің дамуына әсер етеді, бірақ тілдің дамуы қоғамның даму заңдары бойынша емес, өз дамуының ішкі заңдары бойынша іске асады. Тілдің даму заңдары қоғамның даму заңдарына сәйкеспейді.
Тілдің заңы айрықша қоғамдық құбылыс ретіндегі жалпы тілдің заңына сәйкес келе ме немесе жеке, нақты тілдіқ заңына сәйкес келе ме - міне, осыған қарай тілдің заңын оның жалпы заңдары (общие законы) және жалқы (жеке) заңдары (частные законы) тұрғысынан сөз етуге тура келеді. Жалпы заңдардың қатарына тілдің әр түрлі құрылымдық элементтерінің даму қарқынының біркелкі болмауын жатқызуға болады, Мысалы, тілдің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысының тұрақтылық дәрежесі біркелкі болмайды да, сөздік қүрам қоғамдағы өзгерістерді тікелей көрсетіп, өзгеріске өте-мөте бейім болады, ал грамматикалық құрылыс өте баяу өзгереді. Демек, ол (грамматикалық құрылыс) сөздің, құрамға қарағанда, тілдің анағұрлым тұрақты саласы болып саналады. Бұл - тіл атаулының барлығына бірдей тән, күллісіне ортақ жалпы заң. Осылай бола тұрса да, бұл ортақ заңның әр түрлі нақтылы тілдерде жүзеге асуы, олардың сипаты түрліше болуы мүмкін.
Дәріс №4