Тестілеудің басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы

Психодиагностикалық әдістерді әр түрлі негізде жіктейді. Төменде неғұрлым кең тараған жіктелулері: Й. Шванцара бойынша әдістер жіктелуі. Й. Шванцара төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:

-Қолданылған материалдар бойынша: вербальды, вербальды емес, манипуляциялық, «қағаздар мен қарындаштар» тесттері;

-Алынатын көрсеткіштер нәтижелері бойынша: қарапайым және кешендік;

-«Дұрыс» шешімдері бар тесттер және әр түрлі жауаптары мүмкін болатын тесттер;

-Зерттеушілердің психикалық белсенділіктері бойынша:

1. интроспективті (зерттелінушінің өз тұлғалық тәжірибелері, қатынастары туралы хабарлама жасауы): анкеталар, әңгімелесу.

2. экстроспективті (әр түрлі көріністерді бақылау және бағалау);

3. проективті: зерттеуші тұлғаның санасыз көрінетін қасиеттерін (ішкі қақтығыстар, жасырын әуестіліктер) аз құрылымды, көп мәнді стимулдарға әсер етеді;

4. атқарушы: зерттеуші қандай да бір әрекетті (перцепциялық, ой, моторлы) іске асырады, оның сандық және сапалық ерекшеліктері интеллектуалды және тұлғалық қырлардың көрсеткіштері болып табылады.

В.К. Гайда және В.П. Захаров бойынша әдістер жіктелуі. Бұл жіктелулердің авторлары психодиагностикалық әдістерді төмендегі негіз бойынша жіктейді:

- Сапасы бойынша: стандартты, стандартты емес;

- Нақты орны бойынша:

1. жалпы диагностикалық (Р. Кеттел немесе Г. Айзенк сауалнамасы типі бойынша тесттері, жалпы интеллект тесттері);

2. кәсіби жарамдылық тесттері;

3. арнайы қабілеттер тесттері (техникалық, музыкалық, ұшқыштарға арналған тесттер);

4. жетістікке жету тесттері.

Зерттелінушіні операциялайтын материалдар бойынша:

- бланктік;

- пәндік (Коас кубиктері, Векслер жиынтығындағы «күрделі фигуралар»);

- аппаратуралық (зейін ерекшеліктерін зерттеу үшін құралдар).

Зерттелінушілер саны бойынша: индивидуалды және топтық;

Жауап беру формасы бойынша: ауызша және жазбаша;

Жетекші бағдар бойынша: жылдамдыққа арналған тесттер, күштілік тесттері, аралас тесттер. Күштілік тесттерінде тапсырмалар өте ауыр және уақыт шектелмеген. Зерттеушіні сәттіліктер, тапсырмаларды шешу тәсілі қызықтырады.

Тапсырмалардың бірыңғай кезеңдері бойынша: гомогенді және гетерогенді (гомогенді тапсырмалар бір-біріне ұқсас және нақты тұлғалық және интеллектуалды қасиеттерді өлшеуге арналған, гетерогенді тесттердегі тапсырмалар әр түрлі және интеллекттің әр түрлі сипаттарын бағалау үшін қолданады);

Кешенділіктері бойынша: изоляцияланған тесттер және тесттік жинақтар;

Тапсырмаларға жауап беру сипаты бойынша: арнайы жазылған жауаптары бар тесттер, еркін жауаптары бар тесттер.

Психиканы қамту аймағы бойынша: тұлғалық тесттер және интеллектуалды тесттер;

Ақыл-ой әрекеттерінің сипаты бойынша: вербальды, вербальды емес.

А.А. Бодалев және В.В. Столин бойынша әдістер жіктелуі. Төмендегі негізге сүйене отырып, психодиагностикалық әдістерді жіктейді:Таңдалған амалдың негізінде жатқан әдістемелік принциптер сипаты бойынша:

- объективті тесттер (дұрыс жауаптардың болуы мүмкін тесттер, тапсырмалардың дұрыс орындалуы);

- стандартты өзіндік есептер:

- тест-сауалнамалар, ашық сауалнамалар;

- шкалалық техникалар (Ч. Осгудттың семантикалық дифференциалы), субъективті классификация;

- индивидуалды-бағдарланған техникалар (идеографиялық);

- проективті техникалар;

- диалогиялық техникалар (әңгімелесу, интервью, диагностикалық ойындар).

Диагностикалық шараларға психодиагносттың өзінің араласу мөлшері мен оның психодиагностиканың нәтижесіне әсер ету деңгейі: объективті және диалогиялық. Біріншісі, психодиагносттың нәтиже интерпретацияларына, процедурасына, өңделуіне аз қатысуы; екіншісі, үлкен деңгейде әсер етуі. Процедураға араласуы, тәжірибесі, кәсіби дағдылары, экспериментатор тұлғасы да әсер етеді.

Күнделікті практикада өте кең қолданылатын әдіс –бақылау. Бақылау – ғылыми-мақсатқа бағдарланған, зерттелінетін объектінің образын анықтайтын әдіс. Артықшылығы-табиғилық, кемшілігі-белсенсіз, субъективизм элементтерінің кездесуі, психиканың кейбір жасырын бейнелерінің жетіспеушілігі (уайым, ой, мотив). Бақылауды тиімді қолдану жағдайлары:

- Психикалық құбылыс туралы мәліметтерді таза түрінде алу;

- Алғашқы ақпараттардың жинағы;

- Басқа әдістердің, мысалы, анкета көмегімен алынған фактілерді бағалау;

- Ұсыныстарды тексеру.

Бақылау – ғылыми әдіс болып мынандай кезде саналады:

- Егер нақты ғылыми мақсат үшін болса, яғни, ғылыми теория аймағында жүргізіліп, мақсат-бағдарлы, жүйелі жүзеге асырылса;

- Егер жүйелі жоспарланып, қандай да бір жағдай еркіне берілмесе;

- Егер жүйелі түрде жазба жүргізілсе;

- Егер валидтілік пен нақтылық үшін, екінші рет қайталанып, тексерілсе.

Ғылыми бақылау мына кезеңдерді анықтауды талап етеді:

1. Бақылау қандай сұраққа жауап беруі керек?

2. Қандай жағдайда жүргізілу керек?

3. Бұл бақылау қойылған сұраққа жауап бере алатындай категориялармен суреттелген бе? (Валидтілік мәселесі).

4. Бұл категоризация фактілік мінез-құлыққа сәйкес келе ме? Бұл категориялармен жұмыс жасауға бола ма?

5. Әр-түрлі бақылаушылар арасында осы категорияларға сәйкес мінез-құлықты жазғанда бірлік бола ма? ( Объективтілік мәселесі).

6. Егер бақылаушы, екінші қайтара бақылау жүргізсе, сол категорияларды қолдана ма? ( Сенімділік мәселесі).

7. Арнайы қойылған ситуацияларда сол мінез-құлықты қайталап бақылау мүмкін бе?

Бақылаудың кейбір қателіктеріне мыналарды жатқызамыз:

1. Хало-эффект, бақылаушының жағдайларды «ақ-қара түрде» ғана бағалап, әсерлерді жалпылау негізінде жатыр;

2. Эффект «снисхождения» – бақыланатын жағдайлар мен әрекеттерге өте жоғары жағымды баға беру тенденциясы;

3. Орталық тенденция қателігі қабылданатын процесстердің бағасын орташаландыруға талпыныс;

4. Логикалық қажеттілік, мысалы адам интеллектісін сөйлеуіне қарап бағалау;

5. Контраст қателігі – бақылаушының өзіне қарама-қайшы сипаттарын бақыланатын адамдарға белгілеп отыруға құлшынысы.

Бақылаудың жалпы процедурасы мынандай процесстерді қосады:

- Бақылау мақсаты мен міндеттерін анықтау;

- Объектісін, пәнін, ситуациясын таңдау;

- Зерттелінуші объектке аз деңгейде әсер етіп, қажет ақпаратты жинауға көп деңгейде қамтамасыз етілетін – бақылау тәсілін таңдау;

- Бақылаушыны тіркеу тәсілін таңдау;

- Алынған ақпаратты өңдеу және интерпретациялау.

Эксперимент–зерттеушінің зерттелінушінің іс-әрекетіне, қандай да бір психологиялық фактіні анықтау үшін жағдай жасау мақсатымен белсенді араласу. Артықшылығы – бақылаушының белсенді позициясы, қайталау мүмкіншілігі, жүргізу жағдайларының қатал бақылануы. Кемшілігі–жасанды жағдайлар. Эксперимент – табиғи, лабораториялық, қалыптастырушы болып бөлінеді, оқыту мен тәрбиелеу жағдайларында мәнсіз өзгерістермен сипатталады. Мұнда диагностты қызықтырған психологиялық феномен жүретін жағдайды аз деңгейде өзгертуге тырысу керек. Лабораториялық эксперимент – зерттелінетін құбылысты максималды түрде шырмайтын, жағдайдың өте қатаң стандарттылығымен айырықшыланады. Қалыптастырушы эксперимент – педагогикалық практикаға зерттеу нәтижелерін енгізуді, ескеруді, сәйкесінше өзгерісті білдіреді.

Сауалнама – зерттелінушінің ауызша-жазбаша берген жауаптарынан ақпарат алу. Сауалнама түрлері: анкета, интервью, әңгімелесу, сұхбат. Анкеталау процесінде респондент жауаптары жазбаша формада алынады. Интервью–қойылған сұрақтарға ауызша жауаптары арқылы ақпарат алу. Әңгімелесу – зерттеушіні қызықтырған сұрақты – екіжақты немесе көпжақты талқылау процесінде алынған ақпарат.

Анкета түрлері әр-түрлі және оларды әр-түрлі негізде жіктеуге болады:

1. Көлемі: тұтас-таңдалынатын.

2. Қарым-қатынас тәсілі: іштей-сырттай.

3. Өткізу процедурасы бойынша: топтық-индивидуалды.

4. Тапсыру тәсілі: пошталық-таралым.

Сауалнамаларды жүргізгенде, оларды құру ережелерін ескерген жөн:

1. Әрбір сұрақ логикалы аяқталуы керек;

2. Аз таралған шетел сөздерін, мағынасы тар терминдерді, екі мағына беретін сөздерді қолданбаған жөн;

3. Өте ұзақ сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ;

4. Егер зерттелінушіге бейтаныс зат немесе осы аумақта ешқандай терминдерді білмейтін болса, алғысөз жасаған дұрыс;

5. Әрбір сұрақ нақты болған дұрыс;

6. Зерттелінушінің ескеру керек барлық жауап нұсқаларын көрсету керек немесе мүлдем көрсетпеу керек;

7. Зерттелінушіде негативті қатынас тудыратын сұрақтар болмауы тиіс.

Зерттеу әдісінің келесі түрі іс-әрекет өнімдерін анализдеу. Мысалы: педагогикалық практикада: шығарма, күнделік, сурет альбомдары, журналдар т.б. Бұл әдісті ұйымдастыру үшін анализдеу категорияларын анықтап алу қажет, мысалы: баға, шығарма тақырыптары, сабақтарды босатуы т.б. Соңынан, элементтердің жиілігі саналып, зерттелінушінің іс-әрекет өніміндегі (ойын, оқу, еңбек) бақылау категорияларына сәйкес, статистикалық анализ нәтижелерінің интерпретациясы жүргізіледі.

Іс-әрекет өнімдерін анализдеу әдісінің жеке бөлімі болып – құжаттарды сапалық-сандық талдау жатады, басқаша айтқанда контент - анализ.Оның негізгі мәні – зерттелінетін нақты бірліктерді жүйелі, сенімді түрде тіркеу, алынған мәліметтерді қорытындылау. Ғылыми әдіс ретінде контент-анализ әлеуметтік ғылымдарда АҚШ-та XIX ғасырдың 20-30 жылдарында кеңінен қолданыла бастады.

Контент-анализді қолданудың негізгі аймақтары, мысалы: әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде:

1. Әр-түрлі хабарламалардың мазмұны арқылы жазған (авторлар, коммуникаторлар) тұлғаның, топтың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

2. Хабарлама мазмұнында бейнеленген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды ( объектісі, хабарламалардың субстанциялары) зерттеу;

3. Хабарлама мазмұны арқылы коммуникацияның әр-түрлі құралдарының (антропологиялық, жазбаша, техникалық) әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

4. Хабарлама мазмұны арқылы реципиенттердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу (адресаттар, аудиториялар);

5. Хабарлама мазмұны арқылы (жауаптарын да ескере отырып), реципиенттерге коммуникация әсер етуінің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін зерттеу;

6. Басқа әдістер арқылы алынған мәліметтерді өңдеу, нақтылау;

7. Психология бойынша ғылыми әдебиеттерді зерттеу (ғалымдардың әр кезеңдегі әр-түрлі мәселелерге қызығушылықтарының эволюциясы).

Модельдеу – зерттейтін құбылыстың моделін құру. Модель – зерттелінушінің қызықтыратын объектісінің көшірмесі немесе қандай да бір аспектісіндегі құбылыс, зерттелінетін объектідегі ең маңызды бөлімінің бөлініп көрсетілуіне арналған. Модельді жасау сандық және сапалық талдау процессін жеңілдетеді. Мысалы: қандай да бір оқу топтарындағы немесе ұжымда өзара әрекет процессін ЭВМ-де модельдей аламыз; диагностталатын параметр моделін тестті жобалау кезінде құруға болады.

Тестілеу – басқа диагностикалық әдістерден айырмашылығы - өлшеу акцентінің болуы (сандық көрініс). Тестілеу процедурасы сауалнама, бақылау және эксперимент түрінде, формасында жүргізілуі мүмкін. Тест – қысқа мерзімді тапсырма, орындау барысында кейбір психикалық функциялар көрсеткіштерін анықтауға болады. Тест – мінез-құлықты объективті, стандартты өлшеу. Отандық және шет елдік әдебиеттерде психологиялық тест ұғымына берілген әр-түрлі анықтамалардың орасан зор бөлігін көруге болады. Төменде бірнешеуі берілген: “Психологиялық тест – ол мінез-құлық таңдауын стандартты және объективті өлшеудің мәні”. Тест – стандартталған, уақытпен шектелген, сандық және сапалық айырмашылықтарды тұрақтауға арналған; Тест ретінде тұлғаның психологиялық қасиеттерін бағалау үшін арналған ерекше құрал. Ол стандартты шаралармен ұсынылатын, мінез-құлықтың жеке типтерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бірлестігінен тұрады. Тестке берілген барлық анықтамалардың жалпы, ортақ тұстары бар:

- Біріншіден, тест – психодиагностикадағы проективті әдістер, стандартты өзіндік есептер, интервью, аппаратуралық әдістер секілді өлшеу әдістерінің бірі.

- Екіншіден, бұл тұлға қасиеттері мен интеллект ерекшеліктерін өлшеу әдісі.

- Үшіншіден, бұл өте жоғары объективтілігімен, сенімділігімен, валидтілігімен сипатталатын өлшеу әдісі.

Стандарттау процессі – тестті жүргізу процедурасы мен орындалу бағасын білдіреді. Ол өзіне мыналарды қосады:

-Қолданылатын материалдарға қатысты нақты нұсқаулар;

- Уақыт шектеулері;

- Зерттелінушіге берілетін ауызша нұсқау;

- Тапсырманы қайталап көрсету;

- Зерттелінушілер тарапынан сұрақтарды талдау тәсілдерін ескеру.

Психологиялық тесттердің объективті бағасы ең алдымен валидтілікпен, сенімділікпен, дәлдігімен анықталады. Бұлар психологиялық зерттеудің сапалық көрсеткіштері болып табылады.

Диагностикалық процедуралардың негізгі жіктелулері. Диагностика әдістеріне әр-түрлі тұрғыларды жалпылай келе, оларды ұйымдастыруда бірнеше процедуралық кезеңдерді бөлуге болады:

1. Зерттеу бағдарламасын өңдеу (мәселе қою, зерттеу пәні мен объектісін анықтау, негізгі ұғымдарды бекіту);

2. Зерттеу объектілерін анықтау;

3. Нақты зерттеу әдістемесін өңдеу;

4. Әдістеменің апробациясы, қайта өңдеу, сенімділігін тексеру;

5. Алғашқы алынған ақпараттарды алынатын мәліметтердің сенімділігі мен дәлдігін бақылай отырып жинау;

6. Алынған мәліметтерді логикалы-санды түрде өңдеу;

7. Нәтижелерді интерпретациялау, қорытынды мен есеп беруге дайындық;

Зерттеу жұмысы туралы есеп төмендегі бөлімдерден тұру керек:

- Кіріспе: жұмыстың алғышарттары, шарттары, қатысушылар көрсетіледі;

- Бағдарламалық бөлім: мәселені зерттеу міндеттері, болжам бойынша әдебиеттерді талдау;

- Объектілері мен әдістері: зерттеу объектілерін, әдістерді, апробация процедураларын суреттеу, алынған мәліметтердің сенімділігін тексеру;

- Нәтижелер: алынған мәліметтерді қойылған болжамдар мен міндеттерге сәйкес талдау;

- Қорытындылар мен ұсыныстар;

- Тұжырым: есеп беру материалдарын қысқаша жалпылау, болашақ жоспары туралы айтып өту;

- Тіркемелер: зерттеу жұмысында қолданылатын құралдарды суреттеу, анкеталар, схемалар.

Дәріс

Наши рекомендации