Тудент пеноқытушыарасындағықарым-қатынасерекшеліктері.

Жалпы педагогикалық сөздік бойынша субъект – басқа адамдарда және өзінде өзгеруді қамтамасыз ететін, заттық-тәжірибелік белсенділік пен танымды тасымалдаушы. Адамның субъектілігі оның өмір іс-әрекетінде, қарым-қатынасында, өзіндік санасында көрінеді. Бұл жерде сөз болып отырған дәстүрлі «оқытушы-студент», «студент-мұғалім» субъектілер қатынасы өзгеше сипатқа ие болып отыр. Оқытушы мен студенттің қарым-қатынас мәселесі дәл қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық зерттеу нысанына айналуда. Бұл мәселені шешудің басты жолы психологиялық кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының қабырғасында ескерілуі тиіс. Сондықтан студенттің қарым-қатынас дағдылары мен икемділігін қалыптастыру, яғни, студенттің іскерлік психологиялық қарым-қатынас кезіндегі әртүрлі жағдайларға бейімделуі, тез меңгеру қабілеттеріне ие болуы, студенттермен жағымды қарым-қатынас позициясын құруға ұмтылу, мотивациясы мен білімін заманның талабына сай жетілдіру аса маңызды болып табылады. Білім беру үрдісіне қатысатын мүшелердің әрқайсысының өзіндік міндеттері мен құқықтары бар. Оқытушының міндеті – оқыту технологиясын таңдай отырып, студенттердің білімге құштарлығын ояту, өзіндік икемділіктерін ашу, шығармашылықпен айналысуын ұйымдастыру негізінде білім беру сапасын көтеру. Студенттің міндеті – оқу, сабаққа кешікпей келу, тәртіп бұзбау, білім беру үрдісі мен білім мазмұнына қанағаттану құқығы бар. Оқытушының әлеуметтік тұлға бейнесінің қалыптасуы психологиялық қарым-қатынас мәселесіне келіп тіреледі. Жеке адамның әлеуметтенуі өзінің қоғамына тиесілі өзара қатынастар, кәсіби әлеуметтік талаптарға байланысты болады. Демек, қарым-қатынас – студенттің тұлға ретінде жетілуіне пайдасын тигізетін құбылыстардың бірі, яғни, қарым-қатынас арасында өзге тұлғаларды қабылдап, олардың сөйлеу мәдениетіне бейімделеді. Қарым-қатынас барысында жеке адамның қоғамдық рухани және материалдық құндылығы қалыптасады, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсетеді, өзі үздіксіз қарым-қатынаста болатын қоғамға енеді. Коммуникация әрбір адамның әрекет барысындағы субъектісіне айналады, табиғат пен дүниені таниды, олармен қарым-қатынасын дамытады. Қазіргі қоғам өмірінің өзгерістеріне орай қарым-қатынас механизмдері, оны жетілдіру амалдары қызығушылық туғызып, зерттеудің қарқынды саласына айналуда. Адамның барлық қадір-қасиеті басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанынан байқалып тұрады. Оның бағыт-бағдары, білімді меңгеруі, есте сақтауы, эмоциясы мен қызуқандылығы қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Адамның қарым-қатынасына ұлттық ерекшеліктерінің әсері өте үлкен. Олардың психологиялық, педагогикалық алғышарттарын ашу қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Студенттің әлеуметтенуі екі ұстанымға ие: еліктеу және иілімді. Болашақ оқытушының бейнесін қалыптастыру үшін студент кәсіби ортада педагогпен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарға ие болып, психологиялық ерекшеліктерге назар аудару қажеттілігі туындайды. Қарым-қатынасқа қажетті дағды мен икемділікті қалыптастыру үшін әлеуметтік фактор әсер етеді. Сондықтан да психологиялық қарым-қатынасқа әсер ететін жағдайлар мен факторлар бір-бірін толықтырады және байланыстырады.

Қазіргі оқу орындарында оқытушылардың рөлі артып, оның студенттерге психологиялық және педагогикалық әсер ету арқылы кеңейді. Оқытушы білім мен ақпараттың бағыттаушысы болып қана қоймай, педагог, психолог, психотерапевт болуы керек. Бұған оның педагогикалық қызметінің жетістігі мен беделі тәуелді. Оқытушының беделі – оқу-тәрбиелеу процесінің жетістігіне әсер ететін ұжымдастар мен студенттер және өзара қатынас барысында білінетін, ұйымдағы оның кәсіби, психологиялық, тұлғалық сипаттамасы. Оқытушының беделі - оның білімділігіне, адамгершілігіне байланысты болып келеді. Қазіргі таңда студенттерге оқытушының жеке тұлғасы, оның ашық, қайталанбас дербестігі тәрбиеленуші және психотерапевт ретіндегі беделі әсер етеді.

8-БИЛЕТ

1. ЖОО-да психологиялық қызметтің рөлі

Жоғары оқу орны психологиялық қызметінің қалыптасу тарихы кеңестік уақытта басталды. Осындай қызмет алғаш рет 1977 жылы Қазан мемлекеттік университетінде (ҚМУ) Н.М.Пейсаховтың жетекшілігімен педагогика және психология кафедрасының базасында ұйымдастырылған болатын. Оның мақсаты мен міндеттері оқу іс-әрекетінің барлық психологиялық деңгейлеріндегі өзін-өзі басқару мен өзін-өзі бақылауға қажеттілік пен дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға бағытталды. Атап айтқанда, 1) оқытушы мен студенттер және студенттердің тұлғааралық өзара қарым-қатынасы; 2) мінез-құлық (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының дербес және ұжымдық мінез-құлқы); іс-әрекет (оқу іс-әрекеті және оның психологиялық мәселелері; 4) психикалық қалыптар (оқу үдерісінің барлық қатысушыларының әрбірінің). Осы деңгейлер Қазан мемлекеттік университетіндегі психологиялық қызметтің нақты мазмұны мен формаларын анықтайды[3]. Бұл Кеңес Одағында психологиялық қызметтердің қалыптасуының ұзақ үрдісінің алғашқы қадамы болатын. Өткен ғасырдың 70-ші-80-ші жылдары кеңестік мемлекеттерде бастамашылдық негізінде алғашқы психологиялық қызметтер пайда бола бастады. Бірақ білім берудегі практикалық психологиясының теориялық-әдіснамалық және ұйымдастырушылық аспектілерінің жетілдірілмеуі және практикалық психологияның тұрақсыз жағдайы олардың қызмет жасауы мен дамуын тежеді.Жоғары оқу орындарының психологиялық қызметін ұйымдастыру мен дамытуға ықпал жасаған факторларға білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың тәжірибесін жинақтау, оның практикалық ұйымдастырылуын ғылыми негіздеу (К.А.Абульханова-Славская, М.Р.Битянова, Л.Ф.Бурлачук, Ю.З.Гильбух, К.М.Гуревич, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, Е.А.Климова, К.К.Обозов, Р.В.Овчарова, В.Г.Панок, А.М.Прихожан Н.И.Рейнвальд және т.б.) жатады.Мысалы, кеңес ғалымы Н.М.Пейсаховтың еңбектерінде жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті жүзеге асырудың психологиялық зерттеулер, қолданбалы функциясы және психологиялық білімдерді насихаттау сияқты үш аспектісі қарастырылады. Психологиялық қызмет зерттеулерінде жоғары білікті мамандар даярлауда қоғамның жаңа талаптары мен оқу-тәрбие процесін басқарудың қажеттілігін ескеру қажет. Мұнда студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеті, студентердың кәсіби ынтасы мен қызығушылығын туғызу, білім беру процесінің субъектілері арасындағы қарым-қатынас және оқу-тәрбие процесіне байланысты басқа да зерттеулер жүргізіледі. Ал психологиялық қызметтің қолданбалы функциясы психологиялық зерттеулермен тығыз байланысты. Аталған бөлімде шетел жоғары оқу орындарында психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы және дамуының негізгі кезеңдері қарастырылады. Әдебиеттер және өзге де дереккөздер (интернет ресурстар) негізінде Ұлыбритания, Канада, Ресей және т.б. елдердің жоғары оқу орындарының психологиялық қызметтерінің мақсаты, құрылымы, мазмұнына талдау жүргізіледі. Көптеген елдерде психологиялық қолдау қызметінің болуы жоғары оқу орнының құрылымы болып табылады. Кейбірелдерде (Ұлыбритания, Канада) мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетіліп, кәсіби және материалдық-техникалық ресурстармен толық қамтамасыз етілген. Шетелдегі және Ресейдегі психологиялық қызметтердің түрлі нұсқалары бар. Психологиялық қызметтің құрылымы мен штаттық бірлігі де алуан түрлі және көптеген факторларға байланысты болады. Бірақ шетел және Ресей психологиялық қызметінің негізгі бағыттары, формалары мен әдістері ұқсас болып келеді. Психологиялық қызметтер негізгі бағыт ретінде психологиялық ағарту, психологиялық сауықтыру, психологиялық түзету, психологиялық кеңес беру сияқты дәстүрлі бағыттарды қолданады.Э.Ф. Зеер атап ӛткендей, психологиялық сүйемелдеу дегеніміз тұлғаның кәсіптік қалыптасуын игеру, қалыптастыру, дамыту және түзету. Кәсіби қалыптасуда, психологиялық сүйемелдеудің ең басты тапсырмаларының бірі тек тұлғаға уақытында кӛмек кӛрсетіп, қолдау емес, осы үдерістің қиыншылықтарын ӛздігінен жеңіп шығуға, ӛзінің қалыптасуына жауаппен қарауға үйрету, тұлғаның кәсіптік ӛмірде толық субъект болып қалыптасуына кӛмектесу болып табылады.Психологиялық сүйемелдеу – бұл бір реттік шара немесе акция емес. Бұл – психологиялық қызметтің жүйелі ұйымдастырылатын және тұрақты орындалатын жұмысы.

2.Кредиттік оқыту жүйесінде студенттерге қойылатын талаптар

Қазіргі кезде еліміздің көптеген жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі эксперименттік режимде жүргізілуде. Әр оқу орны шетел және еліміздегі ЖООьтәжірибелерін зерттеп, оқу пәндері мен бағдарламалары

бойынша кредиттерді анықтағанда өз «шарттарын» қолданады.

Айталық, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де кредиттік жүйеге өту кезең бойынша жүргізілді:

1) кредиттік жүйені ендіру тәжірибесін зерттеу;

2) басқарушы кадрлар мен профессорлық-оқытушылар құрамын даярлау;

3) кредиттік жүйеге сай келетін оқу-әдістемелік және техникалық қамтамаларды әзірлеу;

4) 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалавриаттың жекелей бағыттары бойынша эксперимент түрінде енгізу (мысалы: 2004 жылы – экономика факультеті, 2005 жылы – заң және педагогика факультеті өтті);

5) кредиттік оқыту технологиясы бойынша бакалаврларды даярлау нәтижесін зерттеу, талдау, қорытындылау және басқа факультеттерде қолдану туралы шешім шығару (2006 жылы басқа факультеттер өтті) [46].

Кредитік жүйеге ауысуға байланысты кездескен кемшіліктер мен қиындықтарға қарамастан Қазақстанның ЖОО-дағы реформалау үрдісін, университеттік білім берудің ұлттық және әлемдік дамуының бағыттарын зерттеу барысында мынандай оң беталыстар айқындалды:

– қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени жағдайлар үздіксіз білім берудің өзіндік құндылық идеясын, студенттердің және оқытушылардың ұдайы өз білімін жетілдіруін талап етеді;

– білім беру мазмұнының таңдамалы және көпдеңгейлі болуы;

– қоғам сұранысы мен әлемдік білім жүйесіне ену талаптарына сәйкес жаңа мамандықтардың, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;

– барлық мамандықтардың білім беру стандарттарының, типтік оқу бағдарламаларының кредиттік оқыту жүйесіне байланысты жаңаруы;

– барлық оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендердің жаңаруы;

– ақпараттық қоғам жағдайында білім беру үрдісінде аудиториялық жүктеменің қысқаруы, студенттің өздік жұмысының үлесінің артуы;

– студенттің оқуға уәждемесінің артуы және оқытудағы негізгі салмақтың оқытудан білім берудегі студенттің өзіндік әрекеті түріндегі оқуға ауысуы;

– оқытушының рөлінің өзгеруі және СӨЖ маңызы-ның артуына байланысты оқытушы құзіреттілігіне талаптың жоғарылауы;

– оқытуда интерактивті әдістердің, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялардың кеңінен қолдануы;

– пәнаралық байланыстың маңызының артуы.

Кредиттік оқыту жүйесі жинақтамалы болып табылады, бұл жоғары және жоғары оқу орнына кейінгі кәсіптік білім берудің барлық деңгейлері мен сатылары бойынша бұрын жинақталған кредиттердің өспелі түрдегі есебінің

алынуын білдіреді.

Кредиттік оқыту жүйесінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асады. Әрбір пәннің көлемі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарттары мен үлгілік оқу жоспарларының негізінде кредиттермен анықталады. Осыған байланысты, әлемнің жоғары оқу орындарында қолданылып жүрген кредиттік оқыту жүйесінің функциясы тек білім ауқымын кредиттер түрінде есепке алу ғана емес, ол:

– білім сапасын қамтамасыз ету құралы, өйткені, кредит-сағат – студенттің оқу жұмысын өлшеудің негізгі бірлігі және оның нақты білім беру бағдарламасы бойынша оқу жоспарын орындағанының көрсеткіші;

– СӨЖ ұйымдастырудың құралы, өйткені, ол студенттерді семестр бойы оқуға мәжбүрлейді, өз бетінше жұмыс істеуін ынталандырады, әрі оқу курсы бойынша жинаған бағаның 60-80% ағымдық және аралық

бақылаудың нәтижесінен тұрады;

– студенттердің тәртібіне, тәрбиесіне әсер етудің құралы, өйткені, ол студенттерді аудиториялық сабақтарды босатпауға, өздік жұмыстарды уақытында тапсыруға мәжбүрлейді;

– оқыту әдістемесін бағалаудың құралы, өйткені, ол оқытушының оқу үрдісінде түрлі әдістерді, СӨЖ түрлері мен формаларын тиімді және үйлесімді қолдануының нәтижесін көрсетеді;

– сонымен бірге, ол оқу орнына түрлі қаржылық, ұйымдастырушылық, технологиялық проблемаларды шешуге де мол мүмкіндіктер береді.

3. Іс-әрекет психологиясы

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсатқойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Балатамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте заттыигеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түріболады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл-ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті.

Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл-ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкіпсихикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалғаауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады.Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқыәрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді,сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі.

Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндеттіатқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады.

Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекетарасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекеттеқалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекеттіреттеп отырады.

Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін әр түрлі саладажұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көругеболады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы,педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуыкездейсоқ емес.

Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге көмектеседі. Сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады,яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады.

Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. Іс-әрекет түрлері.

Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек.Ойын. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып көрінетінқажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын өте қиын әрі маңызды проблемаболды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мысалы, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауғақажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағыбалалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырларбойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.

Мектепке бару - бала өміріндегі жауапты кезең. Оқи бастаған соң оныңотбасындағы жағдайы өзгереді. Онда мектепке уақытында бару, үйтапсырмаларын орындау, жолдасына көмектесу сияқты көптеген жаңаміндеттер пайда болады.Сөйтіп мектепке барған алғашқы күннен бастапбаланың айналасымен қарым-қатынасы міндеттілік приципімен реттеледі.

Еңбек. Еңбек жалпы психологиялық емес, әлеуметтік категория. Ол өзініңнегізгі қоғамдық заңдылықтары бойынша психологияның емес, қоғамдықғылымдардың пәні. Еңбек іс-әрекетінің психологиялық жағының ерекшелігі:еңбек өзінің объективтік қоғамдық мәні бойынша, қоғамға пайдалы өнімдіжасауға бағытталған іс-әрекет болып саналады. Адамның қажеттіліктерінқанағаттандыратын барлық заттарды бір адам ғана өндірмейді, сондықтанадамның іс-әрекетінің мотиві болып оның әрекетінің өнімі емес, басқа адамдар іс-әрекетінің өнімі, қоғамдық іс-әрекеттің өнімі саналады. Еңбекте еңбек техникасы ғана емес, адамның еңбекке қатынасы да маңызды болады.

Еңбек дегеніміз - адамдардың материалдық және рухани қажетінқанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет.

илет

1. Студент тұлғасының даму ерекшеліктерінің әлеуметтік сипаты
Студент тұлғасының дамуының ерекшеліктері

«Студент» термині латын сөзінен шыққан, орыс тіліне аударғанда ізденуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді. Студент белгілі бір жастағы адам және тұлға ретінде үш жағынан сипатталады: 1) психологиялық, психологиялық процестердің күйлердің және тұлға сапаларының бірлігі. Психологиялық жақтағы бастысы- психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез, қабілеттер) 2) әлеуметтік, мұнда қоғамдық қарым-қатынастар, сапаларда көрінеді. 3) биологиялық, оған жүйке жүйесінің түрі, анализаторлар құрылымы, шартсыз рефлекстер, инстинкттер, денелік күштер, тері түсі, көз, бой және т.б. кіреді. 1. Студенттік жас, адамның басты әлеуметтік потенциялын дамыту үшін сензитивті кезең ретінде

Студенттік кез – бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекшеқауымдастығы. Бұл әлеуметтік-кәсіби категория ХІ–ХІІ ғғ. алғашқы университеттер пайда болғаннан бері тарихи құрылған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның өзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының, студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады.

Әлеуметтік – психологиялық аспектіде студенттік кезең басқа топтармен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгейімен және танымдық мотивацияның жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Сонымен бірге студенттік шақ – әлеуметтік қауым, яғни ол аса жоғары әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Студенттік кездің осы ерекшелігін есепке алу оқытушының әр студентке педагогикалық қарым-қатынас партнері ретінде, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының негізінде жатыр.

2. Дәріс берудің психологиялық ерекшеліктері

Педагогикалық іс-әрекет, бұрыннан белгілі болғандай, түрлі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін, солардың ішінде ерекше орынды оқыту процесінің негізгі ұйымдастырушы бірлігі - дәріс сабақ алады. Мұнда мұғалім мен шәкірттердің біріккен іс-әрекеті өтеді.

Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен саналуан байланыстарға түседі. Осыған орай, мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапа мен қасиеттер жағынан көрінеді: мұғалім ретінде (жаңа материалды түсіндіру барысында), қызықты әңгімелесуші ретінде (коммуникативті жағдайды, қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырғанда), зерттеуші ретінде (оқушылармен бірге тапсырманы орындаған кезде), орындаушы ретінде (мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында ән айтқанда немесе өлең оқығанда).

Л.Т. Охитина бойынша, сабақтың кең түрдегі түсіндірмесі:

«1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ал оқушы тұлғасына әсер ету үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «өту» үшін емес, ал осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір интеллектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапаларын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

2. Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет шарт өзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түркі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген жағдайларда да сақталып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді.

3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың үйлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.

4. Кез-келген сабақтың орталық компонентті – шәкірттердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс - ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалық -синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктредің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылықтық шешу жүзеге асады.

5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес – сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі және т.б., сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни шәкірттердің даралық–психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» .

Сабақты психологиялық талдау деңгейлері (кезеңдері): Шамалаушы,Ағымдық,Ретроспективті.

Шамалаушы. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Сабақтың психологиялық мақсатын қою (үйренуішілердің оқып отырған пәнге танымдық қызығушылықтарын дамыту; олардың ой белсенділігін ынталандыру; ес көлемін дамыту; жоғары моральдық сапалар мен ұстанымдарды қалыптастыру т.б.).

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың оқу іс-әрекетінің негізгі түрткілерін есепке алу (танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік)

Оқушылардың жас және жеке-психологиялық ерекше-ліктерін есепке алу (ойлау, ес және т.б. танымдық процестер). Сабаққа пәндік әзірлік деңгейін есепке алу

Топтағы тұлға аралық қатынастарды есепке алу.

Ағымдық. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Оқыту мен педагогикалық қарым-қатынастың қойылған мақсаттарының орындалуын үнемі бақылау, белгілеу (фиксация), түзетулер енгізу

Тапсырманы орындаудағы қиналу, іркілу немесе күтпеген жерден оңай жағдайлар туғанда жаңа мақсаттар қою, оқытудың жаңа құрал мен тәсілдерін пайдалану, яғни сабақ барысын қайта құру

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың оқу жұмысы-ның жүру барысын есепке алу (олардың сабақтағы қызығушылықтары, ой бел-сенділігі, материалды меңге-ру сипаты және т.б.)

Ретроспективті. Мұғалімнің өзіне қатысты міндеттері: Өзінің педагогикалық іс-әрекетін бағалау (сәттілік, кемшіліктер, олардың себептері, түзетулер енгізу және жетілдіру жолы).

Мұғалімнің шәкірттерге қатысты міндеттері: Оқушылардың жалпы білім берудегі, тәрбиелеу мен практикалық тұрғыдағы бел-гілі бір салада алға жылжуы, яғни өзткізілген сабақтың шынайы нәтижесі қандай деген сұраққа жауап

Сабақты ұйымдастыру мен оқушылардың ұйымшылдығы.Сабақты ұйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы: а) жұмыстағы шығармашылық көңіл-күй, б) сыныппен психологиялық контакт; 2) мұғалімнің оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ұйымдастыру, б) зейінді ұйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) түсініктерді қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.

3. Студенттердің тұлғасын ЖОО-да қалыптастыру ерекшеліктері

Тұлға - әлеуметтік қатынастарымен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы,

нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс тәуелсіз өмір сүре алмайды., өйткені оның тәні де, жаны да айналадағылармен қарым-қатынас жасау процесінде, әлеуметтік жағдай әсерінде ғана кісілік мән - мағынаға ие болады. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі тұлға емес, себебі онда білім, тәжірибе, іс-әрекет, көзқарас жоқ.

Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (отбасы, мектеп,т.б.) тығыз байланысты. Сондықтан тұлға психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай-ақ оның көзқарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары білімі мен іс-тәжірибесі, икем-бейімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет.

Қазіргі уақытта тұлға – психологиядағы ең көкейкесті мәселелердің бірі

болып отыр. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға жоғары талап қояды.

Студенттік кез – адамның, жалпы тұлғаның қалыптасуының, сан алуан қызығушылықтардың көрінулерінің орталық кезеңі. Бұл спорт рекордтарын орнату, көркемөнер, техникалық және ғылыми жетістіктерге жету, адамның болашақ «қайраткер», кәсіпқор ретінде қарқынды және белсенді әлеуметтену уақыты. Осыны оқытушы оқу іс-әрекеті мен жоғары оқу орнындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру мазмұнынында, проблематикасында және тәсілдерінде есепке алады.

Жоғары оқу орнында оқыту барысында еңбек, кәсіби іс-әрекеттің негізі қалыптасады. «Оқытуда білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгеру енді оқу іс-әрекетінің пәні ретінде болмайды, ал кәсіби іс-әрекет құралы ретінде болады» . Алайда сауалнама нәтижелері, техникалық жоғары оқу орны студенттерінің жартысында жоғары оқу орнын таңдаудағы мамандыққа қызығушылық мотивінің жоқ екенін көрсетеді. Студенттердің үштен бір бөлігінен көбі таңдауларының дұрыстығына сенімсіз немесе болашақ мамандықтарын ұнатпайды .

Студенттің оқу іс-әрекетінің субъекті ретіндегі елеулі көрсеткіші оның осы іс-әрекеттің барлық түрлері мен формаларын орындау ептілігі болады.

№10 билет

1. Студенттер мен оқытушылардың болашақ кәсіби мамандығын ескере отырып, психологиялық кеңес беру.

Психологиялық кеңес беру туралы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді талдай келе психологиялық тәжірибенің бұл қызметі арқылы психикалық дамуы қалыпты жағдайдағы адамдардың өзін-өзі тану, бағалау және дамыту мүмкіндіктерін пайдалана отырып, басқаларменқарым-қатынасын, өзара әрекетін, оған қажетті тұлғалық сапаларын қалыптастыру сияқты адамның өмір сүруі үшін аса қажетті мәселелелерін шешу іске асырылады. Психологиялық кеңесті қабылдай отырып, адам өз бойындағы ерекшеліктері мен потенциалдық мүмкіндіктерін аңғарады. Сондықтан пихологиялық кеңес берудің жастық кезеңдегі (нақтырақ: студенттік) рөлі зор. Дәл осы уақытта болашақ жас маман жаңа, жеке-дара өмір жолын бастаудың көп сырлы тоғысында тұрады. Жалпы алғанда студенттер үшін психологиялық кеңес беруді ұйымдастырудың маңыздылығы мынада:

- бірінші курсқа қабылданған студенттер жаңа оқу жағдайына бейімделу кезеңінен өтуі керек;

- студенттердің ішінде бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижесіне қарай стресстік жағдайдан шыға қоймағандар кездеседі;

- мектеп бітірушілер мамандықты таңдауға қарағанда, мамандыққа қатысты емтихан тапсыратын пәнді таңдауға көбірек мән береді. Соңында пән мен мамандықтың сәйкес келмеуінен туындайтын қиындықтарға тап болады;

- жоғары оқу орындарындағы қазіргі заманғы кредиттік жүйеде оқу ерекшеліктеріне төселудің сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;

- тұлғалық ерекшеліктері мен қажет болатын кәсіби сапалары арасында пайда болатын сәйкессіздіктер студенттің өзіне сенімділігін төмендетіп, оқудағы белсенділігін тежейді;

- жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.

- жоғары мектептегі алып жатқан білімінің техникамен тексерілуі студент пен оқытушы арасындағы адамаралық тікелей қарым-қатынасты шектейді, және т.с.с.

Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің өзектілігін келесі жағдайлар анықтай алады:

- жоғары оқу орындарында психологиялық көмек көрсететін орталықтар жоқ, ал студенттердің әлеуметтік-психологиялық проблемалары көптеп саналады;

- психология пәні барлық мамандықтар бойынша жүргізіледі (студенттер кредиттік оқу жүйесіндегі таңдау бойынша пәндердің ішінен психологияны таңдайтыны жиі кездеседі), дегенмен бұл пәннің студенттерге пайдалы тәжірибелік мүмкіндіктерін қолдану мәселесі негізінен психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістермен шектеліп отыр;

- студенттердің тұлғалық дамуы мен кәсіби даярлығына психологиялық ықпал ету мүмкіндіктері жеткілікті деңгейде емес; қиындықтары жетерлік;

2. Оқытушының ұстанымы және педагогикалық қарым-қатынас стилі

Мұғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада іс-әрекет (мысалы, басқару, өндірістік, педагогикалық) стилі – оны орындаудың түрлі жағдайларында көрінетін тәсілдердің, әдістердің тұрақты жүйесі.

Педагогикалық стиль сипаттамасы, оның өзгешелігін бейнелей отырып, басқару стилін де, өзін-өзі реттеу стилін де, қарым-қатынас стилін де және мұғалімнің когнитивті стилін де қамтиды. Педагогикалық іс-әрекет стилі кем дегенде үш факторлардың әсер етуін айқындайды: а) осы іс-әрекет субъекті – мұғалімнің (оқытушының) даралық-психологиялық ерекшеліктері, ол даралық-типологиялық, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; б) іс-әрекеттің өзінің ерекшеліктері және в) оқушылардың ерекшеліктері (жасы, жынысы, мәртебесі, білім деңгейі және т.б.). Оқушылардың нақты оқу жағдайын ұйымдастыру және олардың оқу іс-әрекеттерін басқаруда субъект-субъекттік өзара әрекеттесумен сипатталатын педагогикалық іс-әрекетте бұл факторлар: а) өзара әрекеттесу сипатымен; б) іс-әрекетті ұйымдастыру сипатымен; в) мұғалімнің пәндік-кәсіби құзырлығымен; г) қарым-қатынас сипатымен де байланыстырылады. Бұл жерде В.А. Кан-Каликке сәйкес, қарым-қатынас стилі деп педагог пеноқушының әлеуметтік–психологиялық өзара әрекетесуінің даралық-типологиялық ерекшеліктері түсініледі.

Педагогикалық іс-әрекет стильдері ең алдымен, жоғарыда қарастырылған жалпы үш түрге бөлінеді: өктемшілдік, демократиялық және либералды-бетімен жіберу, сонымен қатар ол өзіндік «педагогикалық» мазмұнмен толтырылып отырылды. Олардың А.К. Маркова берген сипаттамаларын келтірейік.

Өктемшілдік стиль. Оқушы тең құқықты серіктес емес, педагогикалық әсер ету обьекті ретінде қарастырылады. Мұғалім бір жақты шешім қабылдайды, шешеді, өзі қойған талаптардың орындалуына қатаң бақылау орнатады, қалыптасқан жағдайлар мен шәкірттердің пікірлерін есепке алмай өз құқықтарын пайдаланады, шәкірттерінің алдында өз әрекеттерін негіздемейді. Осының салдарынан шәкірттер белсенділіктерінен айырылады немесе оны тек мұғалімнің жетекші рөлі барысында ғана жүзеге асырады, өзін-өзі төмен бағалайды, бойларында агрессиялылық пайда болады. Өктемшілдік стиль барысында оқушылардың күші білімдер игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мұғалімнің әсер етуінің негізгі әдісі бұйрық, ақыл айту болып табылады.. Жетекшілік етудің осындай стилін ұстанған мұғалімдер басты назарды әдістемелік мәдениетке аударады, педагогикалық ұжымда көбінесе лидер болып келеді.

Демократиялық стиль. Оқушы қарым-қатынастағы тең серіктес, бірігіп білім іздеудегі әріптес ретінде қарастырылады. Мұғалім оқушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды, оқушылардың тек оқу үлгерімін ғана емес, сондай-ақ олардың тұлғалық сапаларын да есепке алады. Әсер ету әдістеріне әрекетке түрткі болу, кеңес, өтініш жатады. Басқарудың демократиялық стилін ұстанған мұғалімдердің оқушылары байыпты қанағаттану, өзін-өзі жоғары бағалау күйін сезінеді. Осы стильдегі мұғалімдер өзінің психологиялық іскеріктеріне көбірек назар аударады. Мұндай мұғалімдер үшін үлкен кәсіби орнықтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақтаушылық-ты, толқуды көрсетеді. Сыныпта ауытқымалы микроклимат, жасырын қақтығыстар байқалады».

Осы стильдердің әрқайсысы, өзара әрекеттесу серігіне деген қатынасты айқындай отырып, оның сипатын анықтайды: бағынудан – серіктестікке және бағытталған әсер етудің болмауына. Осы стильдердің әрқайсысының қарым-қатынастың не монологтық, не диалогтық формаларын ұйғаратыны маңызды.

Наши рекомендации