Ой процесі мен ойлау әрекеттері

Ойлау процесінде талдау мен біріктіру әрекеттері болады. Талдау дегеніміз – ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп аталады. Талдаудың физиологиялық негізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі – мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстырудың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру – өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді. Салыстыру тәсілі жалпылау әрекетіне қарай ойысады. Мұнда заттардың жалпылық және мәнді белгілері ашып көрсетіледі. Ойлау әрекетінде абстракциялау, нақтылау, жүйелеу тәсілдері де жиі қолданылады. Ондай тәсілдер белгілі мәселелердің түйінін шешуде адамның психологиялық толғаныстарының түр-сипатын бейнелейді.

Ойлану әрекетіндегі әрқилы тәсілдер мен амалдардың бәрі де жеке адамның ниет-тілегіне, мұқтаждығы мен қажеттілігіне тәуелді болып отырады. Ойланудың кез-келген әрекетінің туындауы белгілі бір ынта-ниетке байланысты. Психологияда ойланудағы ниеттің пайда болу себебінің мынадай екі түрі бар: 1.Арнайы танымдық ойлану. Әдетте, бұл белгілі тілек-мақсатқа сәйкес пайда болады. 2.Арнаусыз ой. Ойлаудың бұл түрі сыртқы жағдайдың әсеріне орай туады. Мысалы, оқушының сабаққа дайындалуы жайында ойлануын арнаусыз, әрі оның өміріндегі үйреншікт, дағдылы ой деуге болады.

Ойлау және шиеленісті шешу. Адам белгілі бір мәселенің түйінін шешу барысында түрлі амал-тәсілдер қолданып, алға қойған мақсат-міндетін орындап шығу үшін ойланып, толғанады. Сол мәселені шешудің жолын іздестіреді. Ойланудың бұл түрі міндет-мақсатқа сәйкес жүзеге асады.

Проблемалық ойлау – түрлі мақсат-міндеттерді шешуде шиеленісті жағдайларды сезіп, біліп, олардың мән-мағынасын түсінуде қажет етеді. Сөйтіп, нешетүрлі шиеленісті жайттардың белгілі себептер мен байланысын, олардың құпия сырларын ашып көрсетуді көздейді. Ойлану әрекетінде ең әуелі сол мәселенің өзін анықтау алу – бірінші кезектегі міндет. Екіншіден, мұны анықтауға адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қажет. Үшіншіден, оқу барысында балалар өздігінен ойланып-толғанып, кеселі мәселелерді шешуге әралуан қиындықтарға кездеседі. Оладың бұл кедергілерді жеңуі ойлану әрекетінде жаңалық ашумен бірдей.

§ 5. Ойланудың түрлері және оның

Даралық ерекшеліктері

Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен қимыл-қозғалыс жағдайындағы практикалық іспен ұштасқан, Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екіншіден, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейнесін көрнекі түрде қабылдап отырады. Үшіншіден, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды меңгеруін нәтижесінде пайымдау әрекеттері дамып, ғылыми түсініктері өрістейді.

Ойлаудың даралық ерекешеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет – дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін өздігінен ажыратады, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті- нәрселердің мән-жаын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашып беруге қабілетті болатындығы. Ондай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді. Адам ойлауының дамуына ықпало етудегі бір мақсат – ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін толық пайдалануды жүзеге асыру болып табылады.

§ 6. Ой болжамы арқылы жұмбақ

Мәселелерді шешу

Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гиптотеза дегеніміз – әр түрлі дерекетер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау. Бұл - ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл. Алайда, мұндай шешім ой болжамын анықтау жолындағы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығына жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса, онда ол өзгертіледі не теріске шығарылады. Біріне-бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әр қилы қырлары мен байланыстарын түсіндірегеннен кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кезде позитивистер, эмпириктер т.б. ой болжамдары ғылыми объективтік дүниенің заңдылықтарын қарастыруға міндетті емес, деректерді тек қана нақтылап тіркеп отыру қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, ой болжам тек «жанама» рөл атқарады да, оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттеулердің күрделене түсуі әралуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы. Құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау процесін дамытуға ықпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті – тек ғылыми болса ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән-жайын ұғыны үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психикалық процесс және адамның ақыл-ойының жемісі.

Наши рекомендации