Зіндік сана–сезімнің тұлға дамуындағы мәнін анықтаңыз.

Өзіндік сананың тұлға дамуындағы мәні.

Өзіндік сана—сезім әрбір нәрсенің мән-жайын танып білуге жетелеп, әр қилы әрекеттер жасауға ұмтылдырады, адам іс-әрекет жасай отырып, оның нәтижесін өзі бағалайды, қандай іс-әрекеттермен шұғылдану қажеттігін ойластырады. Өзін-өзі тану – өзіндік сана-сезімнің қызмет ету механизмі ретінде психологиядағы ең қиын және маңызды мәселелердің бірі. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның одан әрі дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті қалыптастырады.

Өзін-өзі тану үдерісінің нәтижесі адамның өзі туралы жан-жақты ұғымдары мен білімінің қалыптасуы болып табылады. Өзін-өзі танудың нысаны –іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі адамның өз тұлғасы.

Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және нысаны ретінде де көрінеді. Психолог ғалымдар өзін-өзі тану өзіндік санадан туындайды деп, өзін-өзі танудың өзара бірлікте қарастырылатын екі негізгі компонентін бөліп көрсетеді: 1) өзін білу және 2) өзіне деген көзқарасы. Ал И.И.Чеснокова өзін-өзі тануды үш компоненттің: өзін-өзі танудың, өзіне эмоциялық-құндылық қатынастың және тұлғаның мінез-құлқын өзі реттеуінің бірлігінде түсінуді ұсынады (1).

Өзіндік сана-сезімнің оянуын баланың ана құрсағындағы даму кезеңімен байланыстыратын түсініктер де бар. Мұнда баланың ана құрсағындағы кезеңімен байланысты түйсінулер басты рөлді атқарады. Олай болса, ана құрсағында физиологиялық дамумен қатар өзіндік сана-сезімнің қалыптасуы да қатар жүреді.

Өзіндік сана «рефлексия» терминімен бірлікте түсіндіріледі. Рефлексия адамның ойлау, өзін-өзі тану әрекеті ретінде адамның жан дүние әлемінің ішкі құрылысы мен ерекшелігін ашады. Тұлғаның өз-өзіне рефлексивті қатынасын өзіндік сана кеңістігінің даралық шеңбері,яғни авторефлексия деп атайды. Адамның өз-өзіне рефлексивті түрде қарай алу қабілеті – тұлғаның адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды интерио-ризациялаудың (сыртқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы) нәтижесі болып табылады [2].

Сөйтіп, өзіндік сана нақты адамдар мен іс әрекеттің нақты субъектілері қатынасатын қоғамдық қатынастар жүйесінде өзін–өзі тануды қалыптастыруға негіз болады.

Өзіндік сана – адамның өзін-өзі объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниемен қатынасын, өзінің істерін, әрекеттерін, ойлары мен сезімдерін, тілектері мен мүдделерін, өзін тұлға деп ұғынуы және бағалауы. Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады. Адамның өзін практикалық және танымдық іс-әрекеттің субъектісі, жеке тұлға (яғни өзінің адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығын, құндылығын, мұратын жөне мінез-құлығын) ретінде ұғынуы жене бағалауы.

Өзін-өзі тану–бұл өзіңді, өзіңнің потенциалды және белсенді қасиеттеріңді, тұлғалық және интеллектуалдық қасиеттеріңді, мінез-құлық сипаттарын, өзінің басқа адамдарға қатынасын тану үдерісі. Өзін-өзі танудың механизмдері, құрылымы, мәні психология ғылымында қарастырылады. Адамның тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің сарқылмас қайнар көзі өзін-өзі тану болып табылады. Сондықтан өзін-өзі тану аса күрделі үдеріс ретінде төмендегідей мәнге ие:

• өзін-өзі тану тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулығын меңгерудің шарты болып табылады;

• өзін-өзі тану – ішкі гармония мен психологиялық жетілуді меңгерудің тәсілі.

• өзін-өзі тану – тұлғаның өзін-өзі дамуының, өзін-өзі жүзеге асыруының бірден бір жолы.

Ғалым Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра отырып оның маңызды қайнар көздерi ретінде қоршаған орта, ата-ана, туған-туыс, достар т.б атап көрсетедi.Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланыс, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiмен анықталатынын айтқан.

Ж. Маралов «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi», - дейді. А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді. Ендеше, өзін өзі тану өзіндік сана арқылы қалыптасатын адамның рухани адамгершілік қасиеттерінің өзара әрекеттестігі деп қорытуға болады.

Наши рекомендации