АкадемиялыҚ тӘртіп
Академиялық принциптерге сәйкес студент оқытушыға ғана емес жалпы бір- біріне деген құрмет және шыдамдылық пен түсіністік және жауапкершілікте болу талап етіледі. Сабақ барысында ұялы телефон сөндірулі немес дыбыссыз режмимде болу керек
Бір біріне көшіру немес қайта өңдеп әкелуге жол берілмейді. Бақылау жұмысы барысында көшіруге, кеңесуге болмайды. Тек топтық форматтағы жұмыстарда кеңесіп шешуге рұхсат етіледі Аталған талаптар орындалмаған жағдайда «F» бағасы немесе «КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ, Жоғары Экономика Мектебінің тәртіп комитетінде қаралады.
Өздік жұмыстарды тапсыру мерзімі шектеулі болғандықтан оқу жүктемелерін орындау барысында жұмысты рационалды ұйымдастырған дұрыс. Әр тақырып бойынша өтілген ақпаратты меңгеру қажет. Курстың спецификасы нақты анықтамаларды есте сақтаудан гөрі кеңес берудің түрлі концепциялар принциперін жоғары дәрежеде түсінуге негізделеді. Топтық талдаулар мен кейс шешімдері барысында әр студенттің практикалық сабақтарда білімі мен ептілігін белсенді байқата білуі. Осы білім мен ептілік негізінде студент курсты сәтті аяқтап, пән бойынша экзамен тапсыра алады.
Слайд – презентацияны бағалау өлшемдері:
Негізгі өлшемдер | Бағалау | Баллдық жиынтық |
Құрылымы | - мазмұнына сәйкес слайд саны және қорғау ұзақтығы (10 слайдтан төмен болмау) –слайдтың сыртқы беті (+слайд әдебиеттері ) және слайд бойынша қорытынды | |
Безендірілуі | - жақсы сападағы иллюстрация, мәтіннің аз болуы, жекіл оқылуы –көрнекілік ақпараттарды қолдану (кесте, сызба, кескін ж.т.б.) -слайдтың тақырыпқа сәйкес безендірілуі | |
Мазмұны | - зерттеудің негізгі кезеңдері көрсетілген –тақырыпқа байланысты түсінікті, толық ақпарат –орфографиялық сауаттылық | |
Қорғау барысы | –мазмұнын еркін меңгерген, материалды анық әрі сауатты жеткізе алады –қойылған сұрақтар мен ескертулерге нақты, сенімді жауап бере алады –регламентті сақтауы (5-7 минут) |
Баяндама, рефераттарды бағалау өлшемдері :
Негізгі өлшемдер | Бағалау | Баллдық жиынтық |
Баяндама сапасы | -көрнекі материалдармен қамтылған ; - құрылымы нақты; - жұмыс барысы анық түсіндіріледі; | |
Қойылған сұрақтарға жауап сапасы | - сұрақтарға толық жауап бере алуы; | |
Ғылыми аппараттың болуы | - арнайы аппаратты меңгеруі; - жалпы ғылыми және арнайы терминдерді қолдануы; - базалық аппараты меңгеруі. | |
Қорытындының нақтылығы | - жұмысты толық сипаттай алады; - қорытындылар дәлелді және анық. |
Пікір алмасу және кейстерді шешуді бағалау өлшемдері:
Негізгі өлшемдер | Бағалау | Баллдық жиынтық |
белсенділігі | - пікір алмасуға белсенді қатысады; - студенттердің жауабын толықтырады,сұрақтар қоюда белсенді | |
Сұрақты терең талдауы | - мәселе бойынша нақты көзқарасы бар; - өзінің көзқарасын түрлі жағынан түсіндіре алады; Түсіндіру барысында дәріс матреиалдарымен бірге әдебиеттерді де негізге алады | |
Қойылған сұрақтарға берген жауаптар сапасы | - сұрақтарға жауап бере алады; - жауабы толық,анық,жан- жақты | |
Қорытынды | - қойылған мәселеге сәйкес; - анық және дәлелді. |
Психодиагностикалық қорытындыны бағалау өлшемі:
Негізгі өлшемдер | Бағалау | Баллдық жиынтық |
Қорытындыға сәйкестігі | - тыңдаушылардың қажеттілігі,қызығушылығы және дайындық деңгейіне сәйкестігі; - диагностикалық зерттеу мақсатының болуы; | |
Іс әрекеттілігі | - әрекетті қорытындылауға бағдарлануы; - бағдарламаға сәйкес мысалы, емделу типі, мамандық таңдау сияқты мәселеге ұсыныстары; | |
Нақтылығы | - нақты бір индивидтің қасиеттерін көрсете білу, зерттеу нәтижесі бойынша төмен немесе орташа көрсеткішті шығару; - қорытынды нақты бір адам бойынша; | |
Мазмұны | - қорытындылау мазмұнында жасалған интерпретация бойынша түйіні; - тестік жазбалар және басқа да көрнекі қосымшалар бойынша түсіндіру жұмысы; | |
Индивид әрекетін және жалпы жүйені бағалау сипатының айқындығы | -индивид көрсеткіштері қандай нормалармен салыстырылады, бағалау өлшемді- бағдарланған немесе қалыпты- бағдарланғанын көрсету. |
Есеп беруді бағалау өлшемі:
Негізгі өлшемдер | Бағалау | Баллдық жиынтық |
Теориялық бөлім сапасы | - тақырыпты өңдеу тереңдігі (анализ сапасы); - сұрақты өңдеу толықтығы (ұсынылған тақырып бойынша зерттеулер саны); | |
Практикалық бөлім сапасы | - мысалдардың болуы; - өзінің эмпирикалық ақпаратының болуы; | |
Қорытынды | - жұмыс мазмұнының толық сәйкес болуы; - нақты және дәлелді болуы |
Топтармен талдам жұмыстарының бағалауы төмендегідей:
№ р/с | Негізгі өлшемдер | Баллдық жиынтық |
| Нақтылығы (себеп- салдарлық байланысы), аргументтер нақтылығы | Max |
| Айқындылығы (себеп- салдарлық байланысы) түйінді аргументтер айқындығы | Max |
| Субьективті ой пікірлерден нақтылы фактілерді ажырата білу, негізгі түйінді жіктей білуі | Max |
| Термин сөздерді қолдана білу ептілігі | Max |
| Пікір – талас жүргізе алу ептілігі | Max |
| Айқын,анық көрсететін фактілерді қолдана білу | Max |
| Клиенттің жағымды психологиялық бейнесін қалыптастырудағы шешім жолдары үшін проблеманы нақты көре білуі | Мах |
ТОПТЫҚ ТАЛДАМДАҒЫ ЖАЛПЫ БАҒА : | 100 балл | |
Айыптық баллдар ( пікір алмасуда ережелерді бұзу, теориялық деңгейін дұрыс көрсете алмау, клиенттік шешімдер ролін талдаудағы мінез көрсеткіштері ж.т.б.) | - 10 балл |
10. КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ *
Контактілі сабақ | Сағат көлемі | Контактілі сабақ | Сағат көлемі |
Тақырып 1. Тұлға психологиясына кіріспе 1.Тұлға психологиясы компоненттері 2. Тұлға психологиясын бағалау өлшемдері 3.Адам табиғатына байланысты негізгі ұғымдар. Кіріспе сабақта тұлға мәселесінің өзекті мәселелері анықталып, жалпы алғанда пәнге сипаттама беріледі. | 2 сағат 1 апта | Тақырып 2. Тұлға психологиясын бағалау және зерттеу 1.Анамнез әдісі 2. Корреляциялық әдіс 3.Эксперимент әдісі 4.Бағалау әдісінің типтері Мәселелі дәріс (студенттер дәріс мазмұнымен алдын- ала танысып, пікір алмасуға дайын болу керек) | 2 сағат 2 апта |
Тақырып 3. Тұлға психологиясының өзекті мәселелері 1.Тұлғадағы биологиялық пен әлеуметтіліктің өзара байланысы 2. Психологиядағы тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесі 3. Тұлғаның құрылымы.Тұлға және индивид. 5. Тұлғаның индивидуалды қасиеттерін зерттеудің стратегиясы мультимедиялы көрнекіліктер бойынша талдам) | 2 сағат 3 апта | Тақырып 4. Тұлғадағы мотив, мотивация және іс әрекет. 1.Мотив ұғымы, оның түрлері 2.Тұлғадағы мотивтерді қалыптастыру сатылары. 3.Тұлғаның мотивациялық сферасы. (өзекті дәріс) | 2 сағат 4 апта |
Тақырып 5. Тұлғаның бағыттылығы. 1.Бағыттылық құрылымы. 2. Ішкі бағдарланулар мен тенденциялар 3.Қажеттіліктер, қызығулар,идеалдар (мультимедиялы көрнекіліктер бойынша талдам) | 2 сағат 5 апта | Тақырып 6. Тұлғаның әлеуметтенуі 1.Тұлғаның өзіндік санасы. 2.Субьектілік және тұлға белсенділік субьектісі ретінде 3.Тұлғаны психологиялық қорғау 4. Тұлғаның бұзылуы Топпен жұмыс –түйсіктің бір түрінен ғылыми ізденіс жұмысын қорғау) | 2 сағат 6-7 апта |
Тақырып 7. Тұлғаны ғылыми зерттеудің аспектілері 1.Тұлғаны зерттеудегі теориялар мен ықпалдар 2.Теориялар аясындағы тұлға (өзекті дәріс) | 2 сағат 8 апта | Тақырып 8. Тұлға психологиясындағы психодинамикалық бағыт: Зигмунд Фрейд 1.Зигмунд Фрейд: тұлғаның психодианмикалық теориясы: негізгі тұжырымдары мен принциптері 2.Адам табиғатына байланысты Фрейд тұжырымдары 3. Инстинкт – мінез құлықты қозғаушы күш 4. Тұлға дамуы: мазасыздану табиғаты психосексуальды кезеңде 5.Психодинамикалық тұжырымның эмпирикалық валидтілігі.Қолдану: психоаналитикалық терапия- бейсаналықты зерттеу (баяндама, шағын кейстер) | 2 сағат 9-10 апта |
Тақырып 9. Психодинамикалық бағытты қайта қарау нәтижесі: Альфред Адлер және Карл Густав Юнг 1.Альфред Адлер: тұлғаның индивидуалды теориясы 2.Индивидуалды психологияның негізгі теориялары: тұжырымдары және принциптері 3. Адлердің адам табиғатына байланысты тұжырымы 4.Индивидуалды психологияның эмпирикалық валидтілігі 5.5.Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы: тұжырымдары және принциптері | 3 сағат 11-12 апта | Тақырып 10. Эго-психология және тұлға теориясымен байланысты бағыты: Эрик Эриксон, Эрих Фромм және Карен Хорни 1. Эрик Эриксон: эго – тұлға теориясы 2. Эго-психология: психонализ дамуының нәтижесі 3. Эпигенетикалық принцип 4. Тұлға дамуы: психоәлеуеттік кезеңдер 5. Адам табиғатына байланысты Эриксон тұжырымдамасы 6. Психоәлеуметтік теорияның эмпирикалық валидтілігі концепциясы 7. Эрих Фромм: тұлғаның гуманистік теориясы : негізгі тұжырымдары мен принциптері 8. Карен Хорни: тұлғаның әлеуметтік мәдени теориясы : тұжырымдары мен принциптері (топпен жұмыс) | 2 сағат 13-14 апта |
Тақырып 11. Тұлға теориясының диспозиционалды бағыты: Гордон Олпорт, Рэймонд Кеттел және Ганс Айзенк. 1. Гордон Олпорт: тұлғаның диспозиционалды теориясы: тұлға бітісінің концепциясы 2. Проприум: өзіндік даму Функционалды автономия: өткен ол өтіп кеткен 3. Адам табиғатына байланысты Олпорт тұжырымдары 4. Тұлға бітісі теориясының эмпирикалық валидтілік концепциясы 5. Тұлғаның факторлы анализ ұстанымы,құндылықтарды игеру 6. Рэймонд Кеттел: тұлға бітісінің құрылымдық теориясы 7. Ганс Айзенк: тұлға типтері теориясы: негізгі тұжырыдар мен принциптер (дәріс– пресс -конференция) | 3 сағат 15-16 апта | Тақырып 12. Тұлғаның үйрету- бихевиоральды бағыты: Б.Ф. Скиннер 1.Б.Ф.Скиннер:опернтты үйрену теориясы: психологияға Скиннер ұстанымы 2. Респондентті және и оперантті мінез құлық 3.Адам табиғатына байланысты Скиннер тұжырымы 4.Эмпирикалық валидтілік (топпен жұмыс, слайд - презентация) | 3 сағат 17-18 апта |
Тақырып 13. Тұлға теориясының әлеуметтік- когнитивті бағыты: Альберт Бандура және Джулиан Роттер
| 3 сағат 19-20 апта | Тақырып 14.Тұлға теориясының когнитивті бағыты: Джордж Келли 1. Джордж Келли: тұлғаның когнитивті теориясы және негіздері 2. Конструктивті тұлға теориясы: негізгі тұжырымдар мен принциптер 3. Адам табиғатына байланысты Келли тұжырымдары
| 3 сағат 21-22 апта |
Тақырып 15. Тұлға теориясының гуманистік бағыты 1. Абрахам Маслоу: тұлғаның гуманистік теориясы: негізгі тұжырымдар және принциптер 2. Мотивация: қажеттіліктер иерархиясы. Дефицитарлы мотивация және өсу мотивациясы 3. Адам табиғатына байланысты Маслоу тұжырымдары 4. Гуманистік теорияның эмпирикалық валидтілігі Қолданылу: өзін-өзі өзектендіруші адамдар сипаты (мультимедиялық көрнекілік ) | 2 сағат 23-24 апта | Тақырып 16. Тұлға теориясының феноменоло-гиялық бағыты: Карл Роджерс 1. Карл Роджерс: тұлға теориясының феноменологиялық бағыты: адам табиғатына Роджерс көзқарасы 2. Өмірдегі жетектеуші мотив: өзектендіру тенденциясы 3. Мен -концепциясы: «сонымен мен кіммін?» 4. Адам табиғатына байланысты Роджерс тұжырымдары 5. \феноменологиялық теорияның эмпирикалық валидтілігі Қолданылу: адамға орталықтандырылған терапия Жазбаша жұмыс | 2 сағат 25-26 апта |
Тақырып 17. Тұлға психологиясы: жаңа бағыттар 1. Негізгі ұстанымдар 2. Тұлға теориясын бағалау 3. Персонология эрасының басталуы 4. Тұлғаны теориялық және эмпирикалық зерттеудегі жаңа жетістіктер. | 2 сағат 27 апта | Тақырып 18. Жеке тұлғаны әлеуметтік болжаудың әдістері 1.Жеке тұлғаны әлеуметтік бағалау мен оның сапалы,эталондық үлгісі 2. Басшының жеке басын және іскерлік қасиеттерін бағалау әдістемелері. 3.Еңбек ұжымын басқару стилін анықтау әдістемесі 4. Басқару тиімділігін бағалау белгісі (топпен жұмыс) (машықтану тапсырмалары және жаттығулар) | 2 сағат 28 апта |
Тақырып 19. Тұлғаралық қатынастар жүйесінде жеке тұлғаны болжау әдістері 1.Анықтауыштардың бақылау тізімі 2. Q- сорттау 3.ф.Фидлердің әдістемесі 3.Т.Лиридің адамдардың қатынастарды болжау әдістемесі (Өзекті мәселелерді талдау) | 2 сағат 29 апта | Тақырып 20. Жеке тұлғаның бағытталуын психологиялық болжау 1.Құндылық бағдарларын танып білу 2.Жеке тұлғаның бағытталуын анықтау 3.К.Томастың мінез құлықты суреттеу тесті 4.16 факторлық жеке тұлғалық сауалнама (топпен жұмыс) | 2 сағат 30 апта |
№ | |||
Өздік жұмыс тақырыптары мен сұрақтары | Сағат көлемі. Тапсыру мерзімі | Тапсыру формасы | |
Тұлға құрылымы. - Адамның өмір сүруінің негізгі формалары. - Индивидтің психофизиологиялық организм ретіндегі түсінігі және оның психология үшін маңызы. - Тұлға психологиясына кіріспе әлеуметтік құрылымы. - Жеке даралық ұғымы ішкі әлемнің полижүйесі. | 3-5 апта 15 сағат | Кестелер мен сызба құрастыру, конспект. | |
Индивидтің құрылымы және тұлға жекелігі. - Адамның жыныстық және жас ерекшелік қасиеттері. - Тұлғаның тарихи мінездемелері. - Тұлға құрылымындағы тарихи уақыт. - Тұлғаның бағытталуы және түрлері. өмірлік философия. | 6-8 апта 15 сағат | Конспект, кестелерді толтыру | |
Жеке даралық пен субъект құрылымы. - Субъект психология пәні. - Адам еңбек, таным, қарым-қатынас субъектісі ретінде. /Б.Г.Ананьев/. - Нышан және қабілет. - Субъект құрылымында интеллект қабілет ретінде. - Қабілет туралы теориялар. - Ф.Гальтон, Егіздер әдісі. - Кеңес психологиясындағы көзқарастар: Б.М.Теплов, В.С.Мерлин. | 9-10 апта 15 сағат | Конспект, баяндама | |
Тұлғаның қызмет атқаруы және дамуы. - Тұлғаның әлеуметтік жүріс-тұрысы туралы түсінік. - З.Фрейд ашқан қорғаныс механизмдері.. - Жауапкершілік психологиясы. - Субъективті қадағалау деңгейі. - К.А.Абульханова-Славская бойынша семантикалық интегралды көзқарас. | 11-12 апта 15 сағат | Конспект, логикалық схема | |
Тұлға психологиясындағы мәнді құрылымдар. - Адамның өміріндегі өзіндік мәннің дамуы. - Б.С.Братусь бойынша мәнді құрылымдар деңгейі. | 13-14 апта 20 сағат | конспект, жазбаша жұмыс |