Ес. Ес жайындағы теориялар

Адам ѳзінің ѳмірде кѳріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс- әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар баста сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, кѳңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қай­та жацғырту делінеді.

Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңарғаны естің мазмұны болып саналады.

Адам ѳзінің, басқалардың ойы мен бастаң кешкен сезім- дерін, іс-әреқеттерін сѳз арқылы қайта жаңғыртады. Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес проңестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның ѳмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Ѳмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында ѳзекті мәселенің бірі болып саналумен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерек­ше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған есте қалдырудың механизмі туралы мәселелер.

Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар- Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әртарапты қызу зерттелгендігін, ол жѳнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін кѳрсе­теді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгін де естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт — биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ, есті бұлармен катар кибернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.

Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттеулер мен көзқарастар кѳптеген бағыт­тарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның бел­сенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бірсыпыра теориялар (бұлар ѳзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай кѳзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндігі анық.

Психологиялық тұрғыдағы кезқарастар тобы — ас­социациялық бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен ѳзекті ұғымы — ассоциациялық бай- ланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Сѳйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде ой кѳрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын әсерлер мынадай үш типке бѳлі­неді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) ѳзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының ѳзара қатынасынан ассоциациялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы:түс (рең) — сары). 2) Ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3) Қарама-қарсылық асссоциациялар (ақ - кара; ұзын- қысқа т.б. Мұндай ассоциациялық принциптерді тұңғыш рет зерт­теп, оларды тұжырымдаған — ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384—322 жж.) Атақты физиолог ғалым И. П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығындағы екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыс­тар деп анықтады. Бұл ілім естің физиологиялық тео­риясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, ѳзінің ізін қалдырады. Бұл ней- рондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулалық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде ес­тің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не ѳзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда бо­лып, күрделілігі жѳнінен түрліше козулар реверберикалық қозғалыста болады. Сѳйтіп, клеткалардың ѳз-ѳзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімді есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулері мұнда әр түрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам-жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.

Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық ѳзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін бе- локты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол — естің қысқа мерзімді физиоло­гиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда хи­миялық ѳзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады. Мұндай жорамалдардьщ шындығын анықтау мақса- тымен сабауқұйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын кѳрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің электрохимиялық реакциялардың биохи­миялық ѳзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын кѳрсетеді. Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтау­дың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклеин дей­тін қышқыл молекулаларының бѳлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Кеген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Ма­шина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізущі жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70-75 км-ге дейінгі кѳргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км- ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі, мағлұматтардың консолида­ция күйіне енбегендіктен, жүргізуші есінде сақталмағандығы. Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткалар­да тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын кѳбейтіп, ұзак уакыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК ѳте ѳзгергіш, оның ѳзіндік ѳзгеруі 10'5- Ю20-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін баска руда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін



Адамның ес проце­сі — ѳте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоға- рыдан тѳмен қарай дамып, бүтіннен бѳлшекке, организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түр­лі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін то- лықтырып отырады.

Естің түрлері

Ес. Ес жайындағы теориялар - student2.ru Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен кѳріністері де әрқилы. Ес­тің бѳлінуі адамның түрлі ерекшеліктеріне сәй­кес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту есі мен кѳру есі психикалық қасиеттер ретінде кѳрінеді. Іс- әрекет сипаттарына орай, ес мынадай үш түрге негізделіп бѳлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына бай­ланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі- кѳрнекілік және сѳздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс- әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз ес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативтік ес. Естің кейбір түр­лері арнайы аспап-мнемометр аркылы ѳлшенеді (34-сурет).

  34-сурет. Есті ѳлшеу аспа- бы — мнемометр.
Қимыл-қозғалыс есі деге­німіз— ойын, спорт, еңбек, оқу әрекеттеріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы: коньки тебу, машинада жазу, ѳлең- сѳздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Ѳз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға кѳніл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртуы, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.

Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Ѳйткені, оның басынан ѳткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыскырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-кѳрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын кѳрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат кѳрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-кѳрнекілік ес - кѳру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып та бѳлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен кѳру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) ѳте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, кѳркем ѳнер кә- сібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі ѳте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде этитикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды кѳз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бѳлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі бо­лып саналады. Сѳздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар аркы­лы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сѳзбен байланысты. Естің бұл түрінің сѳздік- мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді кажет кезінде біз сѳз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сѳздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рѳл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сѳз тіркестерін, мазмұндарды сѳзбе-сѳз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сѳздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оку материалдарын есте сақтауында жетекщі мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруыиа, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қа- лыптасады.

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бѳлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймай- ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғыр ту, еске түсіру еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру, жаттап алу үшін мне- моникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып та- былады, Еріксіз естің орасан зор орын алатынын Әр адам ѳз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адамға қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып,. жемісті болуының ѳзіндік сипаттары бар. Олар — естің кѳлемі, тездігі, дәлдігі, ұзақтығы, даярлығы (№ 2 сызба).

Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың ес­те берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адам­ның кѳз алдына елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ, мұндай процестер -тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабыл­данған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірне­ше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі — әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрсе­лердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелулерін тудырып, түпкілікті еске айналуды қиындатады.

Кѳркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң кѳрініс» деп те айтыла береді. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес (түрлі амал-тәсілдер есі) деген атпен белгілі.

Ес түрлерінің ѳзара байланысы. Ес түрлерінің бөліну принципі адамдардың іс-әрекет сипатына орай жүргізі­леді де, олар ѳзара тығыз ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, сѳздік-мағыналық ес мағыналы болуымен бірге еріксіз не ерікті де болады. Сондай-ақ, ол қысқа мерзімді не түпкілікті болуы да мүмкін. Осы қысқа мерзімді ес пен түпкілікті ес жалпы есте қалдырудың екі түрлі басқышы болып есептеледі. Қысқа мерзім­ді ес сыртқы мағлұматтарды еткізуші кѳпір тәрізді. Онсыз түпкілікті еске хабарлар келіп түспес еді. Барлық ес қысқа мерзімді ес процесінен басталады. Естің күрделі әрі адам емірінде алатын орнының ерекше екендігін мына № 1 сызбадан кѳруге болады.

Ес. Ес жайындағы теориялар - student2.ru

Естің жалпы сипаты

Ес — күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден түрады. Олардың негізгілері: есте қалды- ру, қайта жаңғырту, ұмыту.

Есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материатдарды, олардың мәнін есте бұ- рынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Есте қалдыру процесі талғамалы. Ѳйткені, біз санамызға бұ- рын Әсер еткен нәрселер мен. құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан ѳмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз. Есте қалдыру арнайы есте қалдыру, еріксіз есте қалдыру болып екіге бѳлінеді. Еріксіз есте қалдыруда адам алдына арнайы мақсат қоймайды. Ал ар­найы есте қалдыру үшін мынадай шарттар қажет: 1) ар­найы мақсат қою, оны меңгеруге ұмтылу; 2) есте қалдырудың қоғамдық, тәжірибелік мәнінің адам қажетіне байланысты болуы; 3) есте қалдыруды жоспарлап, оқылған материалдардың жемісі мен оның ішінен еске түсерлік түйінді мәселелердің ізін, мәнін білу; 4) сол мән-мағыналарды түсіну үшін оларды ойлау процесімен ұштастыруы.

Наши рекомендации