Лекция. Көшбасшылықтың саяси психологиясы
1. Көшбасшылықтың феномені
2. Көшбасшылықтың ерте теориялары
Көшбасшылық феномені саяси психологияның ерекше мәселесі ретінде. Көшбасшылық феномені биліктің «адами өлшемі» мәселесі.Саяси көшбасшылықтың ерте теориялары. «Батырлар» теориялары және «белгілер» теориялары. Орта теориясы. Тұлғалық-жағдайлық теориялар. Өзара әрекеттесу-күту теориялары. «Гуманистік» теориялар. Алмасу теориялары. Мотивациялық теориялар. Жалпы типалогиялар және көшбасшылық типтері.
Көшбасшылықтың саяси-психологиялық типалогиясы. Д. Рисманның саяси типтерінің типологиясы.
«Макиавелистік тұлға» теориясы. Дж. Барбердің президенттердің типологиясы. Д. М. Бернстың типологиясы; «трансформациялық» және «трансәрекетті» көшбасшылық. Саяси көшбасшылықтың стильдері және топтағы психологиялық климат (авторитарлы, демократиялық және еркін). Д. Катцтың төрт ауыспалысы арқылы көшбасшылықтың зерттелуі М. Германның жалпылаған конструкциялары («жарқын киімдегі сыбызғышы», «саудагер», «бағынышты», «өртсөндіруші»). А. Вилдавскийдің мәдениеттік теориясы. В. Д. Джоунстың типологиясы.
Көшбасшылық феномені – бұл саяси психологиядағы өте бір ерекше нәрсе. Біріншіден, бұл ең жарқын және сондықтан ең көрінетін проблемалардың бірі. Жалпы алғанда, саяси ғылым үшін – өзі зерттелмейтін, саясаттың дәл сол «адами факторында» осы биліктің нақты көрінісі.
Бұл нақты көріністің екі мағынасы бар. Бір жағынан, бұл саяси-психологиялық өлшемдегі билік – бұл билейтін адамның өзіне бағындыра білу қабілеті, яғни, көшбасшының, саяси институттың немесе режимнің кейбір потенциясы. Басқа жағынан, билік, дәл сол саяси-психологиялық өлшемде – бұл «төменгілердің» «жоғарылардағыларға» бағынуға дайын болуы. Осылай көшбасшылықтың феноменін бір медалінің екі жағы пайда болады: «жоғарыдағылардың» қабілеті және «төмендегілердің» дайын болуы және осы компоненттердің әрқайсысының «өзіндік» салмағы көптеген жағдайларға, нақты айтқанда, әрбір жеке жағдайға байланысты. Көшбасшылық феноменінің зерттелуі аталған компоненттерді біріктіріп және өзара әсерлесуде қарастыруға мүмкіндік береді.
Екіншіден, көшбасшылық феномені – саяси психологияның ең белсенді зерттелетін мәселесі. Дәл мұнда теориялық жалпылаудың зерттеулерінің, концепцияларының және мүмкіндіктерінің негізгі массиві жинақталған. Дәл мұнда мәселенің тарихына тұрақты назар пайдалы және өнімді,бұрын жүргізілген зерттеулерге тереңдетілген жол жүріс пайдалы. Көшбасшылық феноменін зерттеуде, саяси психологияның басқа бөлімдеріне қарағанда, алдын ала жалған концепцияларды жеке ысырып тастап, қысқаша қосып және жалпылап бар жетістіктерді қосып, шығаратындай «соңғы талдау» әлі де жоқ.
Үшіншіден, бұл саяси психологтар үшін ең өнімді және рақымды мәселе. Онымен айналысу кең топтың қызығушылығын қамтамасыз етеді және бір сәтте, саясаткерлердің өзінің жағынан сұранысты тудырады. Яғни, бір сәтте сирек қосылысты туғызады – және, беділікті және ақшаны. Айтылғанның бәрі де жоғары назарды аударадыбұл берілген ғылымдағы мәселеге де, берілген кітапқа да көрінеді.
Шынайы анализдің жоқтығы мен таза бейнеленуі себебінен, көшбасшылық феноменінің зерттелуінің тарих алдысын өткеріп тастайық. Оның саяси-психологиялық анализінің мүмкіндіктерінің негізгі жазба тарихының ең жоғары жетістігі болып табылады. Бірақ Х1Х ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басына дейін көшбасшылыққа қарастырылған әдіс-тәсілдер тек жинақы, тар бейнелеу сипатта болды. Анализ ХХ ғасырдың жетістігіне айналды. Түрлі теориялар мен теоретиктер толығымен, нақтылап көшбасшылықтың табиғатын түсіндіруге тырысты және осы феноменнің табылуына байланысты факторларды анықтауға тырысты. Жалпыланған түрде осындай теориялардың бірнеше тобын бөлуге болады.
«Қаhармандар» теориялары және «белгілер» теориялары
Салыстырмалы кеш «қахармандық, батырлық» теория өкілдері (Т. Карлайл, Е. Е. Дженнингс, Дж. Дауд және т.б.) батырларды (олардың ойынша, тарих – бұл «батырлардың», «ұлы адамдардың» жасаған туындысы) «мұра бойынша берілетін» қаситтердің бөлінуі және олардың «топты» қызықтыра алатынына негіз қойып қарастырды. «Батырлық» теориядан кейін туындаған «белгілер» теориясы көшбасшының, әрекеттің ерекше типі ретінде, қандай қасиеттерге ие болу керек деген сұраққа жауап беруге тырысты. Осы теория жақтастары (Л. Л. Бернард, В. В. Винхам, О. Тэд, С. Е. Килбоурн және т.б.) адамды көшбасшы қылатын – белгілі психологиялық сипаттар және қабілеттер («белгілер»). Көшбасшы факторлардың қатары призмасынан құрастырылды. Біріншіден, «қабілеттер» – ақыл-ой, вербалдылык және т.б.. Екіншіден, «жетістіктер» – білім және спорт. Үшіншіден, «жауапкершілік» – байланыс, ұмтылыс, табандылық, қалау және т.б.. Төртіншіден, «қатысу» – белсенділік, кооперация, және т.б.. Бесіншіден, «дәреже» – әлеуметтік-экономикалық жағдай, танымалдылық. Ақырында, алтыншыдан, тұлғаның «жағдайлы белгілері». Көшбасшыға осы әрекет ету шегінде қажетті негізгі қасиеттерді атап өтейік: 1) істі аяқтауға деген өте күшті ұмтылыс және жауапкершілікке көзқарас; 2) мақсатқа жетудегі энергия мен табандылық; мәселелерді шешудегі қауіпке назар аудармау және алуан түрлілік; 3) алғыр ойлау; 4) өз-өзіне сену; 5) айналадағыларға әсер ету қабілеті, әлеуметтік қатынастарды құрылымдау қасиеті; 6) «өзіне» әрекеттер мен шешімдердің барлық нәтижелерін алу тілегі; 7) фрустация мен топ ыдырауына қарсы тұру қабілеті.
Сонымен қатар, «батырлар» және «белгілер» теориялары көшбасшыға қажетті қабілеттер қатарын және жоқтастарын көбейтуде. Белгілі дәрежеде, бұл бұрынғы, бейнелік тәсілдердің инерциясы. Феноменнің ғылыми зерттелуі одан әрі жүргізілді.
Қоршаған ортаның теориялары.
Орта теорияларының негізгі жағдайы келесідей айтады: Көшбасшылық орта функциясы, яғни, белгілі уақыт, орын және жағдайларға соның және жағдайларға, соның ішінде, мәдени де, байланысты. Бұл теория, толығымен адамдардың жеке айырмашылықтарына назар салған жоқ, оларға орта талаптарын жапсырды.Мысалы, Е. С. Богардус бойынша, топтағы көшбасшылық түрі топ табиғаты мен оған шешуге қажетті мәселелерден тұрады.
В. Е. Хоккинг көшбасшылық – топ көшбасшы ұсынған бағдарламаға сәйкес бағытталып қозғалысы келетін жағдайда ғана көшбасшыға берілетін топ функциясы.
Х. С. Персое екі гипотеза ұсынды:
1) Әрбір жағдай көшбасшының өзіне де, оның қабілеттеріне анықтайды
2) Жеке ұлға қабілетінтерін: олар жағдаймен көшбасшылық қасиеттер деп анықталады, және алдыңғы көшбасшылық жағдайлармен нәтижесі болады.
Өз кезінде Дж. Шнейдер таңғалып, англиядағы әскери көшбасшылар соны ел қатысқан әскери қақтығыстар сонына тура пропорционалды болған.
Тұлғалық-жағдайлық теориялар.
Теориялықтардың осы тобы алдыңғы екеуінің қосындысы болып табылады оның шегінде бір сәтте көшбасшының психологиялық үрдісі өтетін жағдайлар да қарастырылады. С. М. Казенің ойынша көшбасшылық үш фактормен өндірілетін тұлғалық қасиеттерімен, жақтастар тобымен және жағдаймен (мысалы, топ шешетін мәселесімен).
Р. М. Стогдия және С. М. Шартл көшбасшылықты «дәреже», «өзара әрекеттесу», «сана-сезім », «әрекет», яғни, осы терминдер арқылы ұйымдасқан топтың басқа мүшелеріне қарай сипаттары. Осылайша, осы теория шегінде көшбасшылық алдымен адамдардың қатынастары жүйесі ретінде қарастырылады, тұлғаның жекеленген сипаттамаса ретінде қарастырылмайды.
Х. Герт және С. В. Миллез есептеуінше, көшбасшылық феноменін түсіну үшін көшбасшының белгілері және мақсаттары, оның қоғамдық дәрежесі, жақтастарының мақсаттары, көшбасшылық рөлдің белгілері және институционалдық контекст сияқты факторларға назар аудару қажет.
Осылайша, осы топтың теориясының түрлі нұсқаларында шектесулер мен қиыншылықтарды жеңуге тырысып, алдыңғы тәсілдерің артықшылығын кеңейтуге тырысты.
Өзара әрекеттесу - күту теориясы.
Дж. С. Хаманса және Дж. К. Хемфилдтың көзқарастарына сәйкес, көшбасшылық теориясы үш негізгі ауыспалыны қарастыруы керек әрекет, өзара әрекеттесу және көңіл-күйлер. Бұл келесіні меңзейді біріккен әрекетте өзара әрекеттесу мен қатысудың күшеюі топтық талаптарға үлкен нақтылықты енгізуімен байланысты. Осы теориядағы көшбасшы өзара әрекеттесудің бастаушысы болып саналады.
Мысалы, Р. Стогдиллдың «күтулердің күшеюі» теориясы келесі негіздемеге тірелді: Өзара әрекеттесу үрдісі кезінде топ мүшелерінде, әрбірінің сәйкес ретпен әрекет ететіндігініндегі күтуінің күшеюі байқалады. Тұлға рөлі өзара күтумен сәйкес келсе, негіздемеге тірелді:Өзара әрекеттесу үрдісі кезінде топ мүшелерінде, әрбірінің сәйкес ретпен әрекет ететіндігіндегі күтуінің күшеюі байқалады. Жеке тұлға рөлі өзара күтумен, және егер, оның әрекеттері топ күтуімен сәйкес келсе, онда оған топқа «қатыстырады» көшбасшылық күш – қуат адамның әрекет пен өзара әрекеттесу және күтуді нақтылауына байланысты.
«Гуманистік» теориялар
«Гуманистік» деген атқа ие болған теориялар тобы, іс басына нәтижелі ұйымдастыруды дамытуды қойды. Осы теория өкілдерінің пікірінше адам өз табиғаты бойынша «мотивацияланған» жануар, ал ұйымдастыру өз табиғаиы бойынша әрқашан құрылымды және бақыланады.
Д. Мак Грегор ұйымдасқан көшбасшылықтың екі теориясын құрастырды. Біріншіден, бұл Х (икс) теориясы деп аталатын теория, ол жеке тұлғалар әдетте белсенді емес, ұйымның ажеттілігіне қарсы тұрады, және, белсенді емес, ұйымның қажеттілігіне қарсы тұрады, және, осыдан оларды бағыттап, мақсат қою керек. Екіншіден ол Ү (игрек) теориясын ұсынды, бұл адамдар мотивацияға ие және жауапкершілікке тырысады, сондықтан олардың бір сәтте өз мақсаттарн іске асырсын деп ұйымдастыру және бағыттау қажет деп саналды.
С. Аргирис ұйым мен жеке тұлға арасындағы қақтығысқа назар салған. Оның ойынша, ұйым табиғаты мүшелер рөлінің құрылымдалуын және олармен өзінің міндеттерін орындаруын қадағалауды анықтайды. Адам табиғатына алдын ала ұшқыр ойлау және жауапкершіліктің көрінуі арқылы өз-өзін дамыту тән. Нәтижелі көшбасшылық бұны ескертіп және осы қасиеттерге тірелуі қажет.
Р. Ликерт есептеуінше, көшбасшылық-бұл салыстырмалы үрдіс, және көшбасшы бағыныштыларының сенімін ақтап, құндылықтары мен тұлғааралық бейімдеріне назар салуы қажет. Көшбасшы бағыныштыларына ұйымдасқан үрдіс пайдаға бағытталғанын түсіндіріп, айтуы қажет, өйткені, бұл жауапкершілікті және алғыр ойлы шешемді қабылдау үшін бостандықты қамтамасыз етеді.
Осы теория шегінде, Р. Р. Блойк және Дж. С. Маутен көшбасшылықты сызбалық түрде бейнелей алды: обциссалардың осі бойынша – жеке тұлғаларға мейіріммен қатнасу, ординаталардың осі бойынша – нәтиже туралы қамқорлық. Осы екі коэффициенте жоғары болса, соғырлұм ұйымдағы сенім мен сыйлау қатынастары жақсы дамыған.
Ал жалпы алғанда, осы теориялардың шартты «гуманисттілігін белгілеп, бұл алдыңғы кейіпкерлерге қарағанда, алға қадам болды.Одан әрі бізге әлі де көшбасшылықтың гуманистік түсіндірмелі не әлі де қайту қажеттілігі туады, бірақ біраз кештеу.
Ауысу теориясы
Осы теорияның өкілдері (Дж. С. Хоманс, Дж. С. Марч, Х. А. Сайман. Х. Х. Келли, және т.б.) қоғамдық қатынастар ерекше формалы ауысуды бенелейді. Деген тұжырымнан шыққан, мұның үрдісі кезінде топ мүшелері белгілі үлесін қосып, кейбір «табысын» алады. Өзара әрекеттесу барлық қатысушылар осындай ауысуды немесе ауыстыруды өзарапайдалы деп санағанша, жалғаса береді. Т. О. Джакобс алмастыру теориясының өз нұсқасын құрастырды: топ көшбасшыға дәрежемен сыйластықты береді,ал есесіне, оның мақсатқа жетуінің ерекше қабілеттеріне алмастырады. Алмастыру үрдісі күрделі ұйымдастырылған, ол құрамына «нешелеу» және «күрделі» төлемдердің көрп деген жүйелерін кірістіріледі.