Психопатологиялық синдромдар(делириозды, галлюцинаторлы, психоорганикалық).

Делирий- парейдолия және сценатәр.көру галлюцинациялары, өте айқын қозғалыстық қозу байқалатын сананың жедел пайда болатын күнгірттенуі. Бұл кезде уақытпен орын бойынша бағдарлау бұзылсада, өзіндік тұлғасын бағдарлау сақталады, иллюзиялар, галлюцинациялар көрінеді, науқастын күрт қозуымен, бұл жағдайдан кейін бөліктік амнезиямен көрініс береді. Делирийдің 3 сатысын ажыратамыз 1. Бірінщі сатысы гиперестезиямен, көңіл күйінің өзгеруімен, әр түрлі айқын елестердін жанданыуымен, отыра алмаумен, ұйқы бұз-н көрінеді. Сөйлегенде бұрынғы жайттарды еске алады, сөздері ретсіз, байланыссыз. 2. Екінші сатысында ауру көрген түсімен шындықты ажыратта алмайды. Гиперестезия кенет күшейіп, жарықтан қорқу пайда болады. Ұйқысы беткей, ұйықтар кезде гипнагогиялық галлюцинациялар болады. Айналасындағы шынайы өмірді иллюзия ретінде қабылдайды. 3. Үшінші сатысында шындық өмір түгелдей галлюцинациямен бейнеленеді, сандырақ ойлармен алмасады. Кешке қарай галлюцинаторлы және сандырақтық бұзылыстар күшейеді, қозу ұлғаяды. Таңғы уақытта бұл жағдай сопорозды қысқауақытты ұйқымен алмасады. Жиі осы сатымен делирий аяқталады н/е аса ауыр түрі кәсіптік делирий немесе мусситирлеуші делирийге ауысады. Мусситирлеуші делирий- хаосты, ретсіз қозу, әдетте төсекте, түсініксіз, байланыссыз сөйлеу. Қозу шыңында хореятәрізді гиперкинездер н/е карфология симптомы дамиды- мәнсіз хватательные қозғалыстар н/е киімді,простыняны қыртысын жазғандай сипалау сияқты саусақтардың ұсақ қозғалыстары.

Кәсіптік делирий – галлюцинацияға қарағанда автоматты қозғалыс акт-ң басым болуы. Науқастар өздерінің үйреншікті ісін жасайды, мыс.тігінші жоқ инемен тігіс жасау. Делирий симптоматикалық психоздарда, алкогольді интоксикация кезінде,эпидемиялық энцефалиттің жедел сатысында дамиды.

Галлюциноз – интенсивті көру, есту н/е тактильды галлюцинациялардың ағымымен көрінетін жағдай. Сана күңгірттенусіз. Науқас үрейлі, тынышсыз кейде керісінше тежелген болады. ЖІКТЕЛУІ; 1.ағымына байланысты: жедел- кенет пайда болады, ұзақ емес;айқын аффект, қимылдық қозу; созылмалы-біртипті галлюцинациялар, жиі дауыстар; монотонды аффект. 2. Мазмұнына байланысты: вербальды, Гобек иіс сезу, есту, Ван-Богарт көру, тактильді галлюциноздар болып жіктеледі. Есту галлюцинозы- вербальды болады. Дауыс естігендей, өзара сөйлескендей, дауласқандай, науқасты кінәлағандай болады, онын өміріне қастандық жасағандай дауыстар естиді. Есту галлюцинозы аллкагальды психозда интоксикациялық психозда, нейросифилисте, ми қан тамырларынын зақымдалуында болады. Тактилды галлюцнозда-науқас терісінде, тері астында денесінде, жандіктер құрттар жыбырлап жүргендей, сезінеді. Бұл галлициноз егде жас психозында, ОЖЖ органикалық зақымдалуында кедеседі. Көру галлюцинозы-кенеттен көру қабілетін жоғалтқан адамдарда осы галлициноз формасы жиі кездеседі. Галлюциноз кезінде науқастын орын уақыт жане өзіндік тұлғасына бағдары бұзылмайды,дертті күйзеліс амнезияланбайды, яғни сана күнгірттенуі болмайды. Жедел галлюциноз кезінде науқаста үрей, қорқыныш деңгейі жоғарлайды, сананың аффективті таралуы болады. Галлюцинаторлы синдромдар шизофрения, эпилепсия, симптомдық психоздарда, бас миы органикалық ауруларында кездеседі.

Психоорганикалық синдром – Вальтер – Бюэль синдромы – жалпы психикалық жағдайсыздықпен, дисмнестикалық бұзылыстармен, ойлау төмен-н, аффективті-ерік қасиеттері әлсіреуімен көрінеді. Вальтер – Бюэль триадасы: естің әлсіреуі, түсінудің нашарлауы, аффекттерді ұстай алмау. Негізгі симптомдары:1.әртүрлі аффект-і бұз-р: ашуланшақтық, ыза, ұрысқақтық, эйфория, апатия, алаңғасарлық;2.есте сақтау және назар бұзылуы:пассивтілік, ауыспалы назар, назардың қажуы және шашыраңқы болуы, есте сақтау көлемі төмендеуі;3.мәніне жету және интеллект бұзылыстары:шығармашылық ойлау,жылдамдығының,көлемінің өзгеруі, ақыл-ой еңбегінің және өніміділігінің төмендеуі, әлсіз әлеуметтік адаптация. Психоорганикалық синдром ауырлығының 4 нұсқасы бар: астениялық, эсплозивті, эйфориялық, апатиялық.

Наши рекомендации