Орындалған жұмысқа есеп беру. Бейнеленген суреттер мен сұрақтарға жауап жазып өткізу қажет.
Бейнеленген суреттер мен сұрақтарға жауап жазып өткізу қажет.
Бақылау сұрақтары.
1. Костюм құрылысы қандай элементтерден құралады.?
2. Симметрия дегеніміз не?
3. Ассиметрия дегеніміз не?
4 Симметрияның қанша түрі бар?
Практикалық жұмыс №8
Пішін элементтерінің шамаластық принциптері (масса, масштабтық, пропорционалдық)
Мақсаты:Адам денесінің пропорциялық қатынастарымен танысып, оқып үйрену, киім моделінің эскизін салғанда киім формасы элементтерінің өлшемдестік қатынастарын анықтау.
Жұмысқа тапсырма.
1.1.1. Теориялық бөлімді оқып шығу.
1.1.2. Мода журналдары мен эскиздердегі киім модельдерін таңдап алып, олардың жеке формаларының бір-біріне қатынасын, яғни өлшемдестігін анықтау. Ол үшін төмендегілерге назар аударыңыз.
а) Таңдап алған киім моделіне сызықтар, аудандар мен жазықтарда қандай өлшемдестік түрі қолданған.
ә) Шолу жасап отырған киім модельдерін мәнерлеу дәрежесіне, форманың пропорциялық жіктелуі қалай әсер етеді?
б) Таңдап алған модельдің формасында басты негізгі бөлік кездеседі ме?
1.1.3. Мода журналындағы модельде басты негізгі бөлік кездеседі ме?
1.1.4. Әйел денесінің пропорционалдық қатынастағы эскизін салыңыз?
1.1.5. арифметикалық, геометриялық пропорционалдық қатынастағы костюм дайындаңыз?
Теориялық бөлім.
Дененің пропорциясы дегеніміз – бұл жеке бөлшекдің өлшемдері, эстетикалық мәнерлері және гармониялық шешімі жүйелі түрде келісілген дене өлшемдерінің және жеке бөлшектерінің проекциялық қатынастары.
Жоғарыда айтылған сияқты киімнің формасы қоғамда арнайы мерзімге байланысты эстетикалық талаптарды модаға сай ескеруі керек.
Адам денесінің формасына қарай киімнің қолданылуының гигиеналық талаптарын анықтау керек. Сонымен қатар, киімнің формасы адамның бойына, өлшеміне, сымбатына, толықтығына, әйелдер мен ерлер және балалар денесі (осанка) кейіптеріне көңіл аудару қажет.
Суретте әйел денесінің жеке бөлшектерінің бойға қатынасы процентпен көрсетілген. Суретші-модельер адам денесінің бөліктерінің бойға қатынасын жақсы білуі керек. Костюмде пропорция өте үлкен роль атқарады: жалпы адамның сыртқы кейпі мен костюмінің денеге үйлесімділігін қарастырады
Костюмді ұйымдастыруда қарапайым арифметикалық және күрделі геометриялық пропорцияларды қолдануға болады.
Арифметикалық пропорция –бүтін сандардың қатынасы негізінде құрылады (модульдік негізде бір шаманың қайталанып отыруы). Тарихқа жүгінетін болсақ, ХХ ғасырдағы модельерлер костюмнің гармониялық пропорциясын шығару үшін жең ұзындығын 3/4, ал сырт киімнің ұзындығын 7/8, юбка тұтас киім ұзындығының 1/3, жейде 2/3 бөлігін құрайды.
Геометриялық пропорцияны түрлі геометриялық фигуралардан құрайды. Жеке элементтердің қатынасы бөлшек сандардың қатынасын сипаттайды, әрі түбірасты сандар қатынасын туғызады. Геометриялық фигуралардың графикалық құрылымы құнды әрі көркем пропорциялар шығаруға әсер етеді. Жеке гоеметриялық пропорцияларға мыналар жатады:
1. Квадрат диоганалының қабырғаларына қатынасы (18-суретте)
а : d = 1 : √2 = 1 : 1,42;
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың биіктігі табанының жартысына қатынасы
а : d = 1 : √3 = 1 : 1,74;
3. геометриялық пропорция, “алтын қима” заңдылығы бойынша бүтінді теңдей емес екі бөлікке бөліп оның үлкен бөлігінің кіші бөлікке қатынасы, ал үлкен бөлікке бүтіннің қатынасы ретінде байқалады
а : d = 1,62 : 1
“Алтын қима” пропорциясы бөлшек сандардың математикалық қатарын құрайды. Ол қатар – 3, 5, 8, 13, 21, 34, 56 және т.с.с. Костюмде форманың барлық қасиеттерін пропорциялы түрде жіктей отырып, оның бөлшектерінің, фактурасы мен сәндік және әшекей элементтерінің көлемінің өзара қатынасын айқындайды
1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:
Альбом, су бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы.