Туденттік жастың психологиялық сипаттамасы.
«Студент»термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.
Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:
1) психологиялық жағы – психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер).
2) әлеуметтік жағы – студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;
3) биологиялық жағы – жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді
Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.
Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады.
Сыртқы көріністің құлпыра түсуімен қатар жүретін үздіксіз жоғарылап келе жатқан шығармашылық мүмкіншіліктер, интеллектуалдық және физикалық күштің дамуы, олардың өздерінде күштің жоғарылауы «мәңгілік» жалғаса береді, барлық ең жақсы өмір әлі алда, ойдағанның бәріне жеңіл жетуге болады деген сағымды жасыруға әкеліп соқтырады.
Бұл жастағы адамгершіліктің дамуының өзіне тән сипаты - мінез-құлықтың саналы мотивтерінің күшейе түсуі. Өздеріне жетіспеген – мақсатқа талпыну, батылдылық, табандылық, дербестілік, ынталану, өзін-өзі ұстай алу сияқты қасиеттер нығая бастайды. Моральдық проблемаларға мүдделері күшейе түседі (мақсаттар, өмір салты, қарыздар болу, махаббат, адалдық және т.б.) .
Өзін-өзі сыйлау деңгейі төмен жастар ерекше жәбірленгіш және өзін-өзі бағалауының жанды деріне тисе, сезімтал келеді. Сынды, күлкіні, ескертулерді басқалардан ауырлау көтереді. Оларды көбінесе айналасындағы адамдардың жаман пікірлері алаңдатады. Жұмысы дұрыс жүрмесе немесе өзінен бір кемістік тапса, оны өте ауырсынады.
Соның салдарынан олардың көбі ұялшақ, психикалық оқшаулануға, шындықтан арман әлеміне кетуге бейімірек, бірақ, ол еріксіз кету.
Тұлғаның өзін-өзі сыйлау деңгейі неғұрлым төмен болса, оның жалғыздықтан қайғыратынына күмән жоқ. Жоғары оқу орнына түсу фактісі жастардың өз күштеріне және қабілеттеріне сенімін, толыққанды және қызықты өмір сүруге үмітін арттырады. В.Т.Лисовскийдің зерттеу нәтижесінде келтірген деректерінде, тек іргелі жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 64%-і ғана өздерінің негізгі бейімділіктеріне және мүдделеріне болашақ мамандықтары толық сәйкес келеді деп шешкен. Көбінесе, студенттердің көңіл-күйлерінде өзгерістер байқалады – оқудың бастапқы айларындағы шаттықтан оқу орнының жұмыс кестесін, оқыту жүйесін, жеке оқытушыларды бағалаудан дейін сенбестік туа бастайды.
Жоғары оқу орнында оқытатын мамандықты игеруге қажетті қабілетті анықтау үшін, алдын ала профессиграмма құру керек. Профессиграмма адам психикасына қоятын талаптарына сәйкес үш деңгейге бөлінеді: 1) абсолютті қажетті; 2) біршама қажеттігі; 3) тілекке сәйкес. Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, студенттік шақ адамның негізгі әлеуметтік потенциалы даму үшін сенситивті кезең болып табылады. Жоғары білім адамның психикасына, оның тұлғалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Жоғары оқу орнында оқыған кезде, барлық қолайлы жағдай жасалса, студенттерде психиканың барлық деңгейінің дамуы қарқынды жүреді. Ол адамның ақыл-ойының бағытын анықтайды, яғни тұлғаның кәсіби бағыттылығын сипаттайтын ойлау жүйесін қалыптастырады.
Жоғары оқу орнында табысты оқу үшін жалпы интеллектуалды дамудың жоғары деңгейі, жеке алғанда, қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау, зейін, эрудициялық мүмкіншілігі, танымалдық мүдделердің кеңдігі, логикалық операцияларды белгілі шеңберде игеру деңгейі және т.б. болуы керек. Жоғары оқу орындарында гуманитарлық мамандықтарды табысты игеру үшін, адамда айқын вербалды типтегі интеллект, орташа есеппен, вербалды емес типтен 16 шартты өлшем артық болуы керек. Гуманитарлық мамандар танымдық мүдделердің кеңдігімен, эрудициялығымен, тілді толық меңгеруімен, бай сөз қорымен болуы, оны дұрыс қолдана білуі, нақты және абстракті түсініктердің арақатынасын дәл белгілеу және тұтас алғанда жоғары дамыған абстракті ойлаумен сипатталады. Гуманитарлық профильдегі мамандар, бейнелеп айтқанда, «сөз әлемінде» өмір сүреді, ал техникалық және жаратылыстану профиліндегі мамандар заттың пәндік және нақты әлеміне жиі жүгінеді. Жаратылыстану факультетіне түсетін жастарда, ең алдымен, жоғары дамыған логикалық және абстрактілі ойлау, өздерінің ойлау үдерістерін ерікті басқару қабілеті болуы, яғни өзін қызықтырған объектіде зейінін тез және айқын шоғырландырып, одан басқалардың бәрінен көңілін аудара алуы керек. Соңғысы тек зейінін шоғырландырудың жоғарғы деңгейінде ғана мүмкін болады. Оларда пайымдаудың қаталдығы мен логикалығы мінсіз болуы қажетті.
Жаратылыстану мамандықтарының студенттері жоғары парасаттылық және пайымдылықтың тәуелсіздігімен ерекшеленеді. Дегенмен, оларда әлеуметтілік төменгі деңгейде болады, яғни адамдармен ара қатынас икемділігі жеткіліксіз дамыған.
Тұлғаның интроверсияланғандығы студент-математиктің үлгерім деңгейімен жоғарымағналы корреляцияланады. Яғни, интроверсияланғандық - жоғары оқу орындарында табысты оқудың қажетті шарты, және оны жаратылыстану мамандықтарының абитуриенттері үшін арнайы қабілеттердің қатарына қосу дұрыс болар еді. Бұл мамандықтағы студенттерге тән тағы да бір ерекшеліктері – өзін-өзі бағалау пікірлерінің (әсіресе, өздерінің әлеуметтік қасиеттері туралы) негізінен адектватсыздығы айқындалды.
Барлық жоғары оқу орнында, әдетте, бірінші курс студенттерін жоғары оқу орнының жағдайына бейімдеуге көмектесетін шаралар жүйесі арнайы жоспарланады. Осындай шаралардың маңыздыларына:
академиялық топты жинақтау және қалыптастыру бойынша жұмыстар; «студентке арнау» және «мамандыққа кіріспе» курсынан дәріс оқу; топтарда тәжірибелі оқытушылардың сөз сөйлеуі; жоғары оқу орнының тарихы және оның атын шығарған түлектерімен танысу; жатақханаларда оқытушылардың және бірінші курс студенттерінің күшімен кеңес беру пункттерін ұйымдастыру; студенттердің өздік жұмыстарын бақылау, оларға уақытында қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік беретін ай сайынғы аттестацияны енгізу.
Осы факторлардың бәрі студенттік жасқа өте тән (18-25 жас):
- ақыл-ой, адамгершілік жағынан кемелдену;
-сенушілік, қалыптасқан дүниетаным;
-жаңашылдық сезім;
-батылдық, табандылық;
-әуестенуге қабілеттілік;
-оптимизм;
-дербестік;
-турашылдық;
-сыншылдық және өзін-өзі сынаушылық. Ішкі сенімсіздікті тудыратын, ызғарлылық және жүгенсіздікпен қатар жүретін өзін-өзі бағалаудың қарама-қайшылығы;
-оқу орнының оқытушылары мен режиміне скептикалық, сынаушылық, ирониялық қатынас;
-масимализм және сынаушылық, үлкендердің көзқарасына кері қатынас сақталады;
-жақтырмаушылық, екіжүзділік, жәдігөйлік, дөрекілік, айқаймен әсер ету;
-интеллектуалдық және танымдық мүмкіншіліктердің шыңы;
-жауапты шешімдер қабылдау: мамандық таңдау және игеру, өмір салтын таңдау және өмірде өз орнын табу;
-өмірлік жолдасын таңдау, от басын құру, сексуалды аймақтағы белсенділік.
Тұтас алғанда, студент тұлғасының дамуы болашақ жоғары білімді маман ретінде бірқатар бағытта жүреді:
1) идеялық сенімділігі, кәсіби бағыты тұрақтанады, қажетті қабілеттер дамиды;
2) психикалық үдерістер, жағдайлар, тәжірибелер жетілдіріледі, «мамандандырылады»;
3) парыздық борыш сезімі, кәсіби іс-әрекеттерінің табысты болуына жауапкершілік жоғарылайды, студенттің индивидуалдығы рельефті көрінеді;
4) өзінің болашақ мамандығы саласында студент тұлғасының талаптануы жоғарылайды; әлеуметтік және кәсіптік тәжірибені қарқынды табыс ету және қажетті қасиеттердің қалыптасуы негізінде студенттің жалпы кемелденуі және тұлғалық тұрақтануы жоғарылайды;
5) болашақ маман ретінде оған қажетті сапалық, тәжірибелік қалыптасуда студенттің өзін-өзі тәрбиелеудің үлес салмағы жоғарылайды;
6) кәсіптік дербестігі және болашақ практикалық жұмысына дайындығы нығаяды.
Студент тұлғасының психологиялық дамуы – қарама-қайшылықтардың пайда болу және шешілуінің диалектикалық үдерісі, сыртқының ішке өтуі, өздігінен қозғалыс, өзімен белсенді жұмыс жүргізу.
Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, тұлғаның масштабы және интеграциялау деңгейі ретінде дамуы – құрылымасты бөлімдердің (образование подструктур) пайда болуы және оларды күрделендіретін синтез. Басқа жағынан, олармен параллельді психикалық функциялардың (даму, күрделену, психикалық үдерістердің «тармақтануы», жағдайлар, қасиеттер) дифференциациясының жоғарылау үдерісі жүреді.
№ 7 ЕМТИХАН БИЛЕТІ