Дәріс. Н. Пезешкянның позитивті психотерапиясы

Позитивті психотерапия әдісінің өзін 1968 жылы ираннан шыққан неміс, профессор Носсрат Пезешкян жасаған. Позитивті психотерапия әдісі адамға гуманисттік көзқараспен қарайтын трансмәдени, психодинамикалық психотерапиялық әдістерге жатады.

Әдістің атауы латын тіліндегі positum — «орны бар», «берілген», «фактілік» деген сөзден шыққан. Позитивті психотерапия тұрғысынан адамзат табиғатының маңызды берілгендерінің бірі, оның туа берілген («базалық қабілеттер»), және тұлға дамуы үрдісінде қалыптасқан («өзекті қабілеттер») қабілеттері болып табылады.

Позитивті психотерапия кросс-мәдени әдіс болып табылады; онда бір жағынан Шығыстың философиялық және интуитивті даналығы, екінші жағынан Батыстың рационалды жүйелілігі мен ғылымилығы интеграцияланған. Позитивті психотерапия 20-дан астам мәдениеттердің трансмәдени зерттеулеріне негізделген және адамға деген жаңа әдіс пен бағыт болып табылады.

Ол негізінен мына мақсаттарға талпынады:

· емдеу (психотерапевттік аспект),

· тәрбиелеу мен профилактика (педагогикалық аспект),

· мәдениет аралық сананың дамуы (трансмәдени-әлеуметтік аспект),

· әртүрлі психотерапиялық бағыттардың өзара әрекеттестігі мен интеграциясы (пән аралық аспект).

Позитивті психотерапияның үш ұстанымы

1. Үміт ұстанымына адамның қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрудегі позитивті ыңғай сәйкес келеді.

2. Баланс ұстанымына тұлға психодинамикасын мазмұндық дифференциалды талдау сәйкес келеді, оның нәтижесі адамның бірінші және екінші өзекті қабілеттерін үйлесімді ету болып табылады.

3. Өзіндік көмек ұстанымына тұлғаны әйлесімді ету, бейімдеу және дамыту жобасы ретінде пайдаланылатын 5 қадамдық метамодель сәйкес келеді – басында, психотерапия үрдісінің өзінде, және одан кейін адамның өзіне және өзінің айналасындағыларға: өз жұбына, өз отбасына, өз ұйымына, өз қауымдастығына және т.б. өзіндік көмек көрсету үрдісінде.

Позитивті психотерапияның артықшылығы

Конфликтге бағытталған терапия (симптомға бағытталғанға қарағанда),

· Қысқа мерзімдік (25-40 сеанс),

· Мәселелерге әмбебап қолдану,

· Ұлтаралық,

· Адамды бүтін жүйе ретінде қарастырады,

· Құрал ретінде метафораларды, аңыздарды пайдалану,

· Клиентке белсенді рөл беріледі,

· Болашаққа баытталған,

· Терапевттердің мәселелерімен жұмыс жасайды.

Дәріс. Транстық әдістер

Транс – бұл сананың өзгерген күйі, ол үлкен жартышарлар қыртысы белсенділігінің төмендеуімен және қыртыстағы тежелу үрдістерінің басым болуымен шарттанған, және зейіннің ішкі фокусымен сипатталады (зейіннің ішке қарай – өз ойларына, реакцияларына, сезімдеріне, естеліктеріне, фантазияларына бағытталуы). Осылайша, терең транста сыртқы тітіркендіргіштерге сезімталдықтың төмендеуі (анальгезия, анестезия құбылысы), рефлекстердің баяулауы орын алуы мүмкін. Транс күйінде сананың бейсаналылықпен байланысы «күшейеді» (табиғи психофизиологиялық үрдістердің есебінен), психологиялық қорғаныстардың (психиканың саналы бөлігіне жататын) белсенділіктері төмендейді. Адамның сезімдері мен қажеттіліктеріне жол ашылады.

Гипноз – бұл басқа адамның (әдетте, дәрігердің, бақсының, емшінің және т.б.) көмегімен қол жеткізілген терең транс күйі.

Транстардың тереңдіктері әртүрлі болады. Сонымен, гипноз – бұл салыстырмалы терең транс. Сонымен қатар, жеңіл транс күйі біздің әрқайсымызда табиғи жолмен жиі туындайды. Мысалы, қатты шаршағанда өз-өзіне кету, реактивтілік төмендеген, бір нүктеге қадалған, ал ойлар өшіп қалған сияқты болатын күйлер пайда болуы мүмкін. Бұл психика үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу үшін және күйіп кетуден сақтану үшін, табиғи жолмен туындайтын транс күйі.

Трансқа жетудың түрлі тәсілдері:

1. Вербалды емес ретке келтіру және жетектеу жолымен Клиенттің әсерленуінің темпін ары қарайғы баяулату мақсатымен кеңес беруші мен Клиенттің сөйлеу ритмі мен тыныс алуларын синхронизациялау жолымен Клиентті жетектеу.

2. Сөздік ретке келтіру және босаңсуға байланысты реакциялардың бар не жоқ екендігі туралы болжамдарды қоса отырып, бақыланып отырған қозғалыстық және вегетативті реакцияларды бейнелеу арқылы Клиентті жетектеу.

3. Әдетте трансқа енген адамда байқалатын реакцияларды (физиологияның сәйкес өзгерістерін) бейнелеу.

4. Саналы мен бейсаналының диссоциациясы (Клиенттің санасы мен бейсанасына бағытталғандарды белгілі-бір ретпен алмастырып отыру).

5. Сенсорлық артық салмақ (Клиентті ақпаратты саналы өңдеу мүмкіндігінен артық жылдамдықпен бірнеше / барлық сенсорлық репрезентациялық жүйелерді (сезім мүшелерін) белсенді араластыру).

6. Нақты сол Клиентке тән табиғи транстық күйлерді пайдалану (сәйкес контекстіні және сенсорлық қатарды бейнелеу Клиентті трансқа енгізуге көмектеседі). Тәсіл Клиентпен алдын-ала оның транстық тәжірибесі туралы әңгімелесуді талап етеді.

7. Клиенттің транстық тәжірибесін айқындау (трансқа ену жағдайын бірнеше сыртқы стимулмен – кресломен, кеңес берушінің қол тигізуімен және т.б. байланыстыру). Бұл тәсілді Клиентпен ұзақ (бірнеше сессия) жұмыс жасауда пайдаланған тиімді болуы мүмкін.

Наши рекомендации