Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал

Дыбыстың сипаттамалары

Толық мақаласы: Дыбыстың сипаттамалары

3)Радиожурналистикадағы режиссура қызметін сарптаңыз

Режиссер. Радиотуынды негізінен журналистік мәтіннен және музыкадан қүралады. Тыңдаушының қабілетін әспеттеу, солардың сұранысына орай хабарлар жасау арқылы, аудиорейтинг жинау журналистің міндеті болса, оны көркемдеп, әсірелеп жеткізу дикторга жүктеледі немесе әртістер шақырылады. Тыңдаушы адаммен емес, сөзбен бетпе-бет келеді. Телевизиялық хабарларда сюжет негізгі рөл атқарады да, сөз қосымша міндет өтейді. Ал, радиода бүкіл әрекет, құбылыс, оқиға тек сөзбен өрбіп, тыңдарманның көз алдына бүкіл көрініс тек баяндаумен елестетіледі. Міне, сондықтан да радиожурналистердің шеберлігіне қосымша режиссураның қажет болатындығы осыдан келіп шығады. Таспаға жазылған материалдың басты компоненттері дауыс, оқиғаның дыбыстық бейнесі, музыка, шу, т.б. көркемдік элементтерді біріктіріп, үйлестіріп отыратын бірден-бір маман — режиссер. Режиссерлік қызмет қаншалықты қиын болғанымен — соншалықты елеусіз қалып жатады. Эфирлік өнім әуе толқынынан өткен соң «хабардың режиссері-бәленбай» деген бір ауыз сөзбен тиянақтала салады, ал атқарылған істің жауапкершілігі, ауқымдылығы өте үлкен екендігі байқала бермейді.

Радиодағы хабарлар жанры жағынан әр түрлі болған сайын режиссер еңбегі де күрделене түседі. Бұрынырақтарда радиода жиі кездесетін радиокомпозиция, радиоочерк, радиофельетон, т.б. сияқты жанрлардың, көркем әдеби хабарлардың, радиодраматургияның азайып кеткендігі де радиорежиссерлерінің жұмысын бір жақты, бір сарынды бағытқа ауыстырып жібергендей.

Жақсы режиссер оператор, жөндеуші, топмейстер, дыбыс рсжиссері сияқты көмекшілері бола тұра бар жұмысты өзі атқара береді. Ол алдымен, жұмысты бастамас бұрын хабардың мәтінімен танысады. Сонан соң күллі көркемдеуші элементтерді дайындайды, музыканың естілу уақытын да сол белгілейді. Кез келген жерден музыканы үзіп тастауға болмайды, белгілі бір жеріне дейін ойнатып, сонан соң біртіндеп барып хабардың жабылу процесіне сай аяқтау қажет. Эстетикалық талғам, тыңдаушыға жетер әсер басты талап болуы тиіс.

Тікелей эфирде режиссерден жинақылық, шапшаңдық талап етіледі. Дер кезінде қажетті шуларды, музыкаларды жіберу, фонограмманы қосу т.б. әрекеттер ашық эфирде тез орындалуы тиіс. Кейде шақырылған адамдар келмей қалады, кешігеді, ондайда хабар жоспары өзгереді. Ендігі жерде режиссердің жедел шешімі керек. Әрине, режиссер көмекшісінің, оператордың жәрдемдері кажет. Хабардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету де соның міндеті. Кейде жүргізуші сөйлеп тұрады, ал радиодан естілмейді. Сондықтан, студия мен апараттық бөлме арасын байланыстыратын микрофоннан басқа наушниктер де қолданылады.

Конец формы

4)Дыбыс өлшемі, деңгейі, көлемі дегенге анықтама беріңіз

Дыбысталған сөз – басты бейнелеуші құрал

Радиожурналистика – дыбыстық коммуникация. Оның ерекшелігі дыбыстың табиғатымен, мүмкіндіктерімен және оны адамның психологиялық тұрғыдан қабылдауымен тікелей байланысты. Материалдың логикалық мазмұны, әдеби мәтін үзінділерінің ішкі тұтастығы, дәлелдер, пікірлер және дәйектерді келтіру жүйесі дыбысталған сөздің (ауызекі тілдің) заңдылықтары негізінде құрылуы тиіс.

Радиохабардың тиімділігі мен әсерлілігі хабарды ұйымдастыру барысында бейнелеу құралдарын жүйелі әрі сауатты түрде қолданумен тікелей байланысты. БАҚ-тың ықпалды әрі кең таралған қолайлы түрі – радио табиғатында тыңдаушылармен бейнелік немесе образдық қарым-қатынас жасауға негізделген, яғни дыбыс арқылы адамның елестету қабілетінің жұмыс белсенділігін арттырады.

Дыбыстық образ дегеніміз дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөз, музыка, шулар). Адамның мінезі, тұрмыс-тіршілігі немесе хабарда әңгіме арқауы болатын нысаналар, өмірлік құбылыстар туралы дұрыс мазмұнда, әрі әсерлі етіп баяндау, яғни солардың бейнесін сөз арқылы сомдап, тыңдаушының көз алдына келтіру.

Радиохабардың өзіндік құралдарының ерекше табиғаты, олардың атқаратын қызметі және шығармашылық жұмыс барысында алар орнын дұрыс бағаламау үлкен келеңсіздіктерге апарып соғады. Радиожурналист сапалы, сауатты, тартымды хабар жасауы үшін, әрі өзінің шығармашылық мақсатына толық жетуі үшін бейнелеуші құралдарды өз идеясына бағындырып, өз орнымен тиімді түрде жүйелі етіп пайдалана білуі қажет. Бір сөзбен айтсақ сөз, шу, музыка – радиожурналистің негізгі құралдары.

Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа бөлінеді:

Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын дыбыстық материалдар жатады: сөз, музыка, шулар (шынайы, өмірлік, студиялық) және студиядан тыс жазылған деректі жазбалар – бұлар табиғи немесе пішінтудырушы бейнелеуші құралдар;

Екіншісі – өзгеріске ұшырайтын, өзіңе қолайлы, әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық қажеттілігіне тәуелді техникалық немесе стильқалыптастырушы бейнелеуші құралдар, яғни монтаж және дыбысқұрастырудың техникалық тәсілдері.

5)Радиоарналардың хабар тарату аумағына байланысты бөлінуін сипаттаңыз.

Наши рекомендации