Стоматологиялық қабылдауда тамақтану туралы кеңестер
Диетологиялық кеңестер - көп уақыт пен психологиялық жағынан күшті талап ететін ауқымды жұмыс, бірақ барлық жағдайда да айқын нәтижені көрсете бермейді. Тағамдық әдеттерді бұзу - адамға өзіне физикалық және психикалық қолайлы деңгейді қамтамасыз ететін, жүріс-тұрыс стереотипін құрайтын, асыл психологиялық сфераға күшпен кіру болып табылады. Бұл стереотип стоматологтың бөлмесінен тыс жерде қалыптасады және сондықтан бақылауынсыз жүреді.
Скандинавиялық мемлекеттердің қорытындысы бойынша ерте жаста тіс жегісін диетикалық алдын-алудың ең тиімді нұсқаларына үш кеңестен тұратын жиынтық жатады, олырдың біріншісіне алты айлығындағы балалардың ата-аналары үшін, келесілер - бір және екі жастағы балалардың ата-аналары үшін ұйымдастырылады. Осындай ерте кеңестерді жүргізу диеталық бақылауы жоқ балалар тобымен салыстырғанда, 60-85% жегінің редукциясына әкеледі, ал ол кезде балаларға екі жасқа дейін кеңестерді кейінге қалдыру - тек 30%-ке редукция байқалады.
Жоғары жастағы науқастарға диеталық кеңестерді беру қызығушылық танытқан адамдар үшін тиімді болып келеді, бірақ олардың тістерін сілекей де, гигиенаны сақтау да, фторидтерді қолдану да тіс жегісінен қорғай алмайды.
Тамақтанудың рационы мен режимін анықтау науқастар мен ата-аналарды сұрастыру барысында жүргізеді. Алты айлықтан бастап, екі жасқа дейінгі жастағы балалардың тамақтану рационын талқылағанда, жасына сәйкес педиатрлардың ұсынымдарына тірелу керек. Осы кезде стоматолог басты көңілді, анасына баланың жиі бөлшектенген тамақты қабылдаудан бас тарту, баланың шектеусіз жемістерді қабылдаудан, күні бойы шайнайтын тәтті тағамдардан, түнгі уақытта емшектен қоректендіруден (өте маңызды!), тәтті шайлардан және бөтелкеден компот беруден бас тарту сияқты ерте жастағы тіс жегісінің дамуына негізгі жағдайларды болдыртпау маңыздылығын түсіндіруіне бөледі.
Балалардың диеталық әдеттерін талқылау үшін сұрақтар деңгейінде өтетін қарапайым сұхбаттасу түрінде өтеді: «Сен кәмпиттерді жақсы көресін бе?», «Сен сүтті немесе коланы көбірек жақсы көресін бе?» Бірақ әдетте бұндай сұрақтарға жауаптар нақты болмайды. Ең нәтижелі нақты қойған сұрақтар болып келеді. «Сен шайды қантпен немесе қантсыз ішесің бе?», «Сен шайды күніне неше рет ішесің?», «Сен бүгін (кеше) неше рет шай іштің?», «Сен бүгін мектепте үзілісте не жедің?», «Түскі ас пен кешкі ас арасында сен тамақ ауыз тиесін бе?; Бүгін не ауыз тидің?», «Кеше кешке тісті тазартқаннан кейін не істедің?», «Анаң ұйықтар алдында саған тәтті тағамдар береді ме?». Балалар ата-аналарымен, жасөспірімдермен және ересек науқастармен сөйлегенде бірегей күшпен өнімдердің атаулары мен оларды қолдану уақытын атап көрсетумен күні бойының тамақтануы туралы есебін құру ұсынылады. Мұндай есептер науқастың тағамдық әдеттері туралы тек жалпы мағлұмат береді, өйткені талқыланатын күн мағлұматы үнемі қайталанбауы мүмкін. Одан да нақты мәліметті алу үшін 3-7 күннің тамақтануы туралы мағлұматы керек, яғни үйдің тағамдық күнделігі:
Тағамды қабылдау | Тағам уақыты | Тағамдар | Саны |
Таңғы ас | 7.00 | Батон Май Қайнатпа Шай Қант | 1 тілім 1 шай қасық 2 шай қасық 1 стакан 2 шай қасық |
Тістерге күтім | - | ||
Арасында тағамдану | 10.00 | Шоколадка | 0.5 плиткалар |
Тістерге күтім | - | ||
Түскі ас | 15.00 | Борщ Ботқа Котлета Нан Компот Алма | 1 тарелка 1тарелка 1 дана 2 бөлігі 1 стакан 1 дана |
Тістерге күтім | - | ||
және т.б. |
Келесі келгенде дәрігермен науқас бірге күнделікті бағалап, қызыл түспен көмірсутек құрамды тағамдарды бөледі. Сөйлесудің психологиялық маңызды болуы үшін науқасқа кестеге келесі мәліметтерді кіргізуді сұраймыз .
Көмісутекті тамақ | Қабылдау уақыты | Қабылдау саны | |
Бірінші күні | Екінші күні | ||
Сусындар | Негізгі тамақпен бірге | ххх | Хххх |
Арасында тағамдану ретінде | х | - | |
Қатты тағам | Негізгі тамақпен бірге | хх | Ххххх |
Арасында тағамдану ретінде | ххх | Ххх |
Жүргізілген талдау негізінде науқастың рационына үйлесімді гигиеналық жүктемесін талқылайды (әрбір тамақ жеген сайын тістерді тазартумен қатар жүреді ме), тістердің саулығын сақтау үшін түзілген тұжырымдама маңыздылығы туралы нәтижелер жасайды. Содан кейін осыған негізделіп, қоректену рационы мен тәртібін дұрыстау нұсқалары ғылыми дәлелі ұсынылады.