Жаздыкүн шілде болғанда

Жаздыкүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге Көшіп ауыл қонғанда: Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Құйрығымен шылпылдап, Арасында құлын-тай Айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап. Қыз-келіншек үй тігер, Бұрала басып былқылдап, Ақ білегін сыбанып, Әзілдесіп сыңқылдап. Мал ішінен айналып, Көңiлі жақсы жайланып, Бай да келер ауылға, Аяңшылы жылпылдап. Сабадан қымыз құйдырып, Ортасына қойдырып Жасы үлкендер бір бөлек Әзілдесіп сылқылдап. Жалшы алдаған жас бала Жағалайды шешесін: Ет әпер деп қыңқылдап. Көлеңке қылып басына, Кілем төсеп астына, Салтанатты байлардың Самаурыны бұрқылдап. Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай аңқылдап, Өзгелер басын изейді, Әрине деп мақұлдап. Ақ көйлекті, таяқты Ақсақал шығар бір шеттен: Малыңды әрі қайтар деп, Малшыларға қаңқылдап. Бай байғұсым десін деп, Шақырып қымыз берсін деп, Жарамсақсып, жалпылдап. Шапандарын белденген, Асау мініп теңселген, Жылқышылар кеп тұрса, Таңертеңмен салпылдап. Мылтық атқан, құс салған. Жас бозбала бір бөлек Су жағалап қутыңдап. Қайырып салған көк құсы, Көтеріле бергенде, Қаз сыпырса жарқылдап. Өткен күннің бәрі ұмыт, Қолдан келер қайрат жоқ, Бағанағы байғұс шал Ауылда тұрып күледі, Қошемет қылып қарқылдап.

Жазғытұры (Жазғытұры қалмайды қыстың сызы)

Жазғытұры ќалмайды ќыстың сызы, Масатыдай ќұлпырар жердің жүзі. Жан-жануар, адамзат анталаса, Ата-анадай елжірер күннің көзі.   Жаздың көркі енеді жыл ќұсымен, Жайраңдасып жас күлер ќұрбысымен. Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.   Ќырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, ќұшаќтасып. Шаруа ќуған жастардың мойны босап. Сыбырласып, сырласып, мауќын басып.   Түйе боздап, ќой ќоздап—ќорада шу, Көбелек пен ќұстар да сайда ду-ду. Гүл мен ағаш майысып ќарағанда, Сыбдыр ќағып, бұлаңдап ағады су.   Көл жағалай мамырлап ќу менен ќаз, Жұмыртќа іздеп, жүгіріп балалар мәз. Ұшќыр атпен зырлатып тастағанда, Жарќ-жұрќ, етіп ілінер көк дауылпаз.   Ќұс ќатарлап байлаған ќанжығаға Ќыз бұраңдап жабысып, ќылады наз. Жазға жаќсы киінер ќыз-келіншек, Жер жүзіне өң, берер гүл-бәйшешек.   Ќырда торғай сайраса, сайда бұлбұл, Тастағы үнін ќосар байғыз, көкек. Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер, Диханшылар жер жыртып, егін егер,   Шаруаның біреуі екеу болып, Жаңа төлмен көбейіп дәулет өнер. Безендіріп жер жүзін тәңірім шебер, Мейірбандыќ, дүниеге нұрын төгер.   Анамыздай жер иіп емізгенде Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. Жаз жіберіп, жан берген ќара жерге Рахметіне алланың көңіл сенер.   Мал семірер, аќ, пенен ас көбейер, Адамзаттың көңілі өсіп көтерілер. Ќара тастан басќаның бәрі жадырап, Бір сараңнан басќаның бейлі енер,   Тамашалап ќарасаң тәңірі ісіне, Бойың балќып, ериді іште жігер. Кемпір-шал шуаќ іздеп, бала шулар, Мал мазатсып, ќуанып, аунап-ќунап.   Жыршы ќұстар әуеде өлең айтып, Ќиќу салар көлдегі ќаз бен ќулар. Күн жоќта кісімсінер жұлдыз бен ай, Ол ќайтсін ќара түнде жарќылдамай,   Таң атќан соң шығарын күннің біліп, Өңі ќашар, бола алмас бұрынғыдай. Күн— күйеуі, жер — ќалыңдыќ сағынысты, Ќұмары екеуінің сондай күшті.   Күн ќырындай жүргенде көп ќожандап, Күйеу келді — ай, жұлдыз к.... ќысты. Ай, жұлдызға жылы жел хабар беріп, Жан-жануар ќуанар тойға елеріп.   Азалы аќ көрпесін сілке тастап. Жер күлімдер, өңіне шырай беріп. Күн күйеуін жер көксеп ала ќыстай, Біреуіне біреу ќосылыспай,   Көңілі күн лебіне тойғаннан соң. Жер толыќсып, түрленер тоты ќұстай. Адам тіктеп көре алмас күннің көзін, Сүйіп, жылып тұрады жан лебізін.   Ќызыл арай сары алтын шатырына Күннің кешке кіргенін көрді көзім.

Жалын мен оттан жаралып

Жалын мен оттан жаралып, Жарқылдап Рағит жайды айдар. Жаңбыры жерге таралып, Жасарып шығып гүл жайнар.   Жайына біреу келсе кез, Белгілі жұмыс, сор қайнар. Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар.   Жалын мен оттан жаралған Сөзді ұғатын қайсың бар? Партия жиып, пара алған, Бейілді кедей байсыңдар.   Қулық пенен құбылдан Жалықсаң, жақсы жансыңдар. Түзелмесе шұғылдан, Арсылдар да қалшылдар. Несі өмір, Несі жұрт? Өңшең қырт, Бас қаңғырт!

Наши рекомендации