Дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипаты

Жануарлар мен адам психикасының ѳзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сѳйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сѳйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жѳнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сѳйлеу нәтиже­сінде әлеуметтік тәжірибесін ѳзгелерге жеткізеді, сѳйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам ѳз миында ғасырлар бойы жинақталған ѳмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, ѳзі ешқашан кездестірмеген құ- былыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқы­лы әр түрлі сезімдік әсерлері жѳнінде ѳзіне-ѳзі есеп беретін деңгейге кѳтеріледі. Жануарлардың қатынас жа­сау тәсілдері мен адамның сѳйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінде. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалық процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кѳреміз.

Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыда­ғы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан кѳрінеді. (5-сурет).

Дамып шығуы және олардың қоғамдық-тарихи сипаты - student2.ru
5-сурет. Маймыл­дың «кұрал» кол- данып жемісті алып жеуі.

Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бенімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақ­ты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қалсетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, кѳрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Ѳзге жағдайларда жануарлар «құралды» кажет боларау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғана белгілі бір мәнге не болады. Олардың заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Әрі кеткеңде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін. Бірақ олар ешқашан біріне-бірі кѳмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.

Адамның жануарлардан басты ерекшелігінің бірі — еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке ѳз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде меңгереді. Әрбір адамның мінез-қүлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, қүралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сѳйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларының жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық ѳзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функңиялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрактылы ойлау дамиды.

Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижееінде болмысты бейнелеу тәсілдері ѳзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Ѳзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасыидағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының ѳзіндік тѳртінші ерекшелігі. Тек адам ға­на басынан кешірген оқиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жанашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиғат әсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық істердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сѳй­тіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.

Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниесінің дамуы био­логиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамның тарихи даму заңдылықтарына бағынады. Адамдардың ѳзара қарым-қатынасы мен ѳмір тәжірибесі оның кѳңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында ѳскен адам баласының жағдайларынан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдың балалары ѳз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып ѳсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада ѳмір сүруі қажет.

Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму, нәтижесі. Психиканың даму .сатыларын талдау нәтижесінде біз саңаның пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тек заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сѳйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында кептеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адам­дар қолға ұқсас алдыңғы аяқтарының кѳмегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топтасып ѳмір сүруі. Сѳйтіп, олар ѳз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі кѳмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамның бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.

Еңбек әрекеті — қоғамдық дамудың алғы шарты жә­не нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арасындағы қоғам­дық қатынастар мен тұрмыс жағдайының күрт ѳзгеруіне, адам тегінің ѳсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт ѳзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге, біріне-бірі бірлесіп кѳмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп «ѳндірістік» қарым-қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттың бірі — еңбек.

Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды. Эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына кѳтеріліп, заттық әрекетінің мәнін шынайы түсінетін болды, сѳйтіп, ақиқат дүниені ѳзгерту дәрежесіне қолы жетті. Еңбек құралдарын жасап, оны қолдану, сақтау әрекеті­нің арқасында адам тіршілік ортасына тәуелді болатын бірсыпыра жағдайлардан қүтылды, ѳзін сол ортаның иесі ретінде сезінетін деңгейге кѳтерілді. Ѳздері жасаған құралдармен әр алуан әрекеттерді жасайтын болды. Бұл — адамдар қауымдастығының жануарлар тобынан ерекшеленетін ең басты сапалық айырмашылықтарының бірі. Жоғарыда аталғандай, жануарлар кездейсоқ заттарды пайдаланса, адам ѳзіне қажетті, тұрақты заттарды пайдаланды. Ѳз қолынан шыққан құралдары оның қимылын, әрекетін дамытып, матерналдық сипат алды. Құрал арқылы бір ұрпақ келесі үрпаққа түрлі қүрал жасау тәсілдерін, іс-қимылын мұра етіп қалдырды. Еңбек әрекетінде адамның зейіні ѳзі жасайтын құралға шоғырланып, ѳзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағытталады. Адамның әрекеті — еңбек. Қоғамның бастапқы даму сатысы деңгейінің тѳмен болуына орай алғашқыда ойлаудың да ѳресіз болғаны анық. Ѳндіріс құ­ралы күрделенген сайын бейнелеу әрекеті де сол шамада болған.

Күрделі ѳндіріс түрлерінің шығуына сәйкес қоғам мүшелерінің құрал-жабдық жасаулары да бірнеше буынға бѳлінеді. Енді қоғам мүшелері әр буынды жеке атқарады. іс-әрекеттердің буындарға тарамдалуы ѳндіріс құралдарының түр-түрін шығаруға жіктеліп, адамдардың сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыратын деңгейге жетті. Мұндай қажеттіліктер адамдардың абстрактылы ойлау әрекетінің дамуына да пайдалы әсерін тигізеді. Осы орайда, К- Маркстің адам табиғатқа эсер ете оты­рып, ѳз табиғатын да дамытады дейтін пікірі — ѳте дұрыс қағида. Адам мен табиғат арасыидағы қатынас ѳн­діріс әрекетімен ұштасады. Енді сол адамдар ѳздерінің зат алмасуды реттеп, оны бақылап отыратын дәрежеге жетеді. Табиғаттан ѳз қажеттерін ѳтейтін заттарды ѳңдіріп, іске жарату процесінде адам ѳзінің бас, қол, аяқ тәрізді дене мүшелерінің де күшін пайдаланып, олардың дамып, жетілуіне пайдалы әсердің барын біледі. Дене мүшелері әр алуан қимылды қозғалыстар үстінде ѳзгерістерге ұшырайды. Еңбектену әрекетінде қолдың аткаратын жаңа қызметтері қалыптасады, ептілігі артып, анатомиялық ѳзгерістерге ұшырайды. Қол мен иықтың, білектің кѳлемі ѳзгеріп, буындар шапшад козғалатын болады. Қол заттарды ұстау органы қызметін атқарумен бірге, адамның таным құралына да айналады. Саусақтардың жетілуі адамның сипап білу сезімдерін жетілдіре түсті. И. М. Сеченев қолдың түрлі қызмет атқаруына аса мән беріп, оны сипап сезінудің нәзік органы деген болатын.

Қол еңбек әрекеті нәтижесінде қалыптасып, түрлі затқа жанасу арқылы әрбір нәрсені нәзік сезіне алатын бол­ды. Сондай-ақ, қол материалдық дене жѳнінде бағалы мағлұматтар да береді. Қол — тек еңбек органы ғана емес, сол еңбектердің жемісі. Оның дамуы адамның бүкіл органдарыныд дамуына да әсер етеді. Қолдың аса күрделі істерді атқаруға бейімделіп, дамып, жетілуі адамды ѳз бойын билеп, тік жүру деңгейіне жеткізді.

Қолмен істелетін сан қилы еңбек әрекеті кѳздің бақылауымен ұштасып, адамның кѳру органыныд дамуына әсерін тигізеді. Қол мен кѳздің бір-біріне сәйкестеніп отыруы адам организмінің бүкіл қимыл-қозғалысын реттеп отырады да, оның танымдық ѳресін кедейтеді. Сѳй­тіп, оның сезіну қызметініц ѳзгеруі бас миының жетіліп, кѳлемінің арта түсуіне қолайлы жағдай тудырады. Бас миында қолдың әрекетін реттейтін орталықтың жасалуы адамның психикасы мен әрекетінің барынша күрделеніп отыруына пайдалы әсерін тигізіп, дүниенің сырын неғүрлым терең танып білуге болмайды. Мұндай жетістіктердің бәрі — адамның еңбек әрекетінід жемісі. Еңбек ету нәтижесінде адамзаттың қоғамдық ѳмірі құрылды, қарым-қатынас жасаудың жоғары формасы — олардың дыбысты тілі жетіліп, адам сана арқылы болмыстың шындығын тепе-тең етіп бейнелей алатын болады. Еңбек процесінде адамның саналы әрекеті қалыптасып, бейне­леу формалары жетіле түсті..

Тарихи даму процесінде екі шешуші фактор — еңбек пен дыбысты тіл арқылы адамзат орасан зор табыстарға жетіп, осы заманғы материалдық және рухани мәдениетті медгерді.

Сана — психика дамуының ең жоғары сатысы. Ол — тек ақыл иесі — адамдарға ғана тән қасиет. тарау.психика дамуын бейнелеу теориясы

Наши рекомендации