Күйзеліс және үрей туғызу психологиялық проблема ретінде дәлелдеп, мысал келтіріңіз
Ата-аналар мен педагогтарға арналған кеңестер
Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу.
Ø Балалардың отбасылық және ішкі мәселелерін ашық талқылаңыздар.
Ø Отбасылық жанжалдарға балаларды араластырмаңыздар.
Ø Баланы тыңдай, оның сұрақтарына жауап бере, оның мәселелерін талқылай білу қажет.
Ø Оның өмірінде немқұрайлы емес, шынайы қатысу қажет.
Ø Оған сеніңіз, кездейсоқ еркелігін кешіріңіз.
Ø Балаларыңызға шынайы мақсаттарды қоюға және оларға қол жеткізуге ұмтылуға көмектесіңіз.
Ø Кедергілерді жеңуге міндетті түрде жәрдемдесіңіз.
Ø Баланың үйдегі, мектептегі және даладағы құқықтары мен міндеттерін нақты анықтай біліңіз. Бұл жерде дөрекілік емес, табандылық қажет.
Ø Оны кемшіліктері үшін айыптамаңыз, кінәламаңыз, оны қорқыныш, жалғандық, жауласу әлеміне жолатпаңыз. (Әрекетті сынға алуға болады, бірақ адамды емес!)
Ø Жастардың кез-келген құнды оң бастамаларын сөзбен және іспен қолдаңыз.
Ø Ешқандай жағдайда күш қолданатын жазалауды қолданбаңыз.
Ø Өсіп келе жатқан балаларыңызды жақсы көріңіз, қамқоршыл болыңыз және өте
маңыздысы, олармен әдепті болыңыз.
Ø Бір-біріңізді балаға билік етумен бопсаламаңыз.
Ø Қиын сәтте жанында болатын қамқоршы, жақсы көретін адамға көп нәрсе тәуелді.
Ол потенциалды суициденттің өмірін құтқарып қалуы мүмкін.
ØЕң бастысы, баланың дамуына көмектесіп, әсер ету нәтижесін, өз еңбегіңіздің нәтижесін
ала отырып, өз баларыңызды қалай бар, солайша қабылдауға үйреніңіз. Құрметті ата-
аналар, сіздердің әр қайсысыңыз, балаңыңызда мәселесі қайда (қандай) екеніне ойлансаңыздар.
ØБала тағдырына қызығушылық таныту, сіздің көмектесуге әзірлігіңіз оған эмоционалдық
тірек болады, Сіздің көмегіңізді қабылдай отыра, дұрыс қадам жасағанына көз жеткізеді.
ØӨзіне-өзі қол жұмсау ишараларына жете қарау қажет. Көмек сұрау айғайы, жалғыздық күйзелісіне араласудың бірден-бір мүмкіндігіне ие көмек беруші адамның қарсы әсеріне мұқтаждығына күмән келтіруге болмайды.
ØЖасөспірімнің көңіл күйі түскені және басқа да депрессивті жағдайы байқалса, баланың
бұл жағдайдан шығуына көмектесу үшін дереу шаралар қолдану қажет. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алу өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алуда өте маңызды болып
табылады. Жасөспірімдерде депрессияның алдын алуда ата-аналары маңызды рөлге ие.
ØБаламен сөйлесу, оның жағдайы туралы сұрақтар қою қажет, болашақ туралы әңгімелесу керек, жоспарлар құру қажет. Бұл әңгімелесулер позитивті болу керек. Балаға оптимистік ықпалды «иландыру» қажет, сенім орнатып, оның алға қойған мақсаттарға жетеалатындығын көрсету керек.
ØБаланы «үнемі ризасыз кейпі» және «жылауықтығы» үшін кінәламаңыз, одан да оң жақтары мен оның тұлғасының ресурстарын көрсетіңіз. Оны одан жетістікті, қайырымды, ширақ
басқа балалармен салыстырмаңыз. Бұл салыстырулар жасөспірімнің онсыз да төмен өзіндік
бағалауын түсіреді. Бүгінгі жасөспірімді кешегі жасөспіріммен салыстырып, ертеңгі жасөспірімнің позитивті бейнесіне бағыттауға болады.
ØБаламен бірге жаңа істермен айналысыңыз. Күнде жаңа бір нәрсені біліп, бұрын істемегенді істеңіз. Қалыпты өмірді түрлендіру қажет. Тренажер залына жазылу немесе немесе таңғы жаттығу жасауды әдетке айналдыру,
Балалардағы үрейлік бұзылулар үрейден, қорқудан құтылу
2-3 жасқа дейін балаларда сезімдік ынталандырулардан үрей туады. Одан кейін бөтен адамдардан және ажырап қалудан қорқу болады. 5-жасқа дейін қараңғылықтан, жануарлардан қорқу басым болады. Оны 1-2 жылда шындыққа сай емес (елес, құбыжық) қорқулар алмастырады. Одан 6 жастан бастап ересектік үрей басым болады: өлімнен қорқу, аурудан қорқу, әлеуметтік ортадағы үрей.
Үрейді жеке бұзылу деп қарастыруға болады. 2-6 жаста қорқыныш пен үрей қалыпты жағдай. 6-12 жастағылардың 50%-ында қорқу мен үрейдің жеті түрі кездеседі. Сол себептен олар қорқынышты қалыпты деп қарастырады. Бірақ сонда да балалардың жалғыз ұйықтаудан қорыққан 9%-ы, қараңғылықтан қорыққан 6%-ы психологқа барды.
«Жалғыз қалудан қорқу» кішкентай балаларға тән, өйткені олар үнемі қамқорлықта. Олар анасынан бөлектенуге, адасып қалудан, жалғыз қалудан қорқады. Ата-анасынан қалып, мектепке бару керек болғанда «мектеп үрейі» басталады. Бұл — мектепке барудан бас тарту, бас ауруының басталуы, жүрек айнуы, құсу сияқты белгілері сезіледі. Кейбір жағдайларда жылауықтынып, ашуланшақтық мінездері байқалады. Бұл бұзылулар мектепке дейінгі жастан 18 жасқа дейін дамиды. Қорқыныштар жастық және жүйкелік болып бөлінеді.
Жастық кездегі қорқыныш – эмоционалды сезімтал балаларда, олардың психикалық және тұлғалық дамуының бейнеленуі ретінде белгіленеді. Олар келесі жайттардың әсерінен пайда болады:
•ата-анасында қорқыныштардың болуы;
•балалармен қарым-қатынаста үрейдің пайда болуы;
•баласын қауіптен сақтандыруға тырысудың мөлшерден көп болуы;
•құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуден оқшаулануы;
•ата-ананың біреуі жағынан көп тыйым салуы немесе анасының ұлына (әкесінің қызына) толық еркіндік беруі;
•жанұядағы барлық ересектердің жіберетін қателері;
•ер балалардың әкелерімен рөлдік теңдігінің болмауы;
•шошу сияқты жарақат және т.б.с.с.
Балалар жанұяда әкесінің мінезіне қарағанда, анасының мінезі басым болса көп жағдайларда сескенеді. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-анасы арасындағы тартыстарға өте сезімтал келеді. Ата-аналарының жанжалдасқандарын көрген жағдайда, олардың қорқыныштары үдейеді. Әсіресе, 5-6 жастағы балалар өздеріндегі қорқыныштың пайда болуын ата-аналарының ұрыс-тартыстарынан кейін пайда болғанын сездіреді. Ата-ананың тартыстарына бала жастан жас қосқан сайын аса сезімталдықпен қарайды. Жеті жастағы үрейлі балалар саны толық емес отбасы балаларында көп кездеседі, бұл ата-аналарының ажырасуларына ерекше сезімталдықпен қараудың белгісі. Жанұяда жалғыз өскен бала, ата-анасының қамқорлығы мен үрейінің эпицентрі, үрейлену пен қорқыныш сезіміне бейім келеді. Балаларда абыржу сезімдерінің пайда болуы ата-аналарының жасына тікелей байланысты. Өмір сүйгіш, жас ата-аналардың балаларында үрейлік пен абыржу аз кездеседі. Ал орта жастағы (30-35 жас) ата-аналардың балалары үрейлі болып келеді. Қорыта айтқанда, ата-анасының қорқыныш сезімдері балаларға тез берілетінін ескеру керек.
Жүйкелік қорқыныштар – әсіресе, эмоциялы белсенділік пен күштенумен сипатталады. Бұл қорқыныштар созылмалы және тұрақты болып келеді және тұлғаның, мінездің қалыптасуына жағымсыз әсер етеді. Жүйкелік қорқыныштар – ұзақ және шешуге келмейтін уайымдардың нәтежесі болуы мүмкін. Осындай қорқыныштар сезімтал, ата-анасымен қарым-қатынасқа түсуде қиындықтар көретін және өздері жөніндегі елестері жанұядағы тартыстар мен эмоционалды уайымдармен бұрмаланған балаларда болады. Бұл балалар ересектерге қауіпсіздік, бедел және махаббат көзі ретінде сене алмайды.
6 — жастан бала мектепке барады. Оқушының әлеуметтік көзқарасы борыш, міндет, жауапкершілік сезімдерін арттырады. Мектепке бару сәтінде балаларда қорқыныштардың азаюы байқалады. Бастауыш мектеп жасы – бұл әлеуметтік қорқыныштардың жойылатын кезі. Мектепке бару бала үшін өте үлкен сынақ. Жанұя, қоршаған орта, жаңа талаптар, жаңа заттарға дағдылану – зейінді шоғырландыру, мұғалімді зейін салып тыңдау, сұрақтарына дұрыс жауап бере алу. Ал ойнап, бос жүгіруге деген ынталарын бәсеңдету керек. Мұның бәрі баланың қолынан келсе, ол дұрыс та қалыпты дамиды, өзінің күшіне сенімді болады. Ал егерде қолынан келмесе, оқуға деген қызығушылығы тез кетіп, қажетті жетістіктерге қол жеткізе алмайды.