Мінез-құлық психотерапиясының негізгі әдістері

Реципроктық (қосарланған) тежелу әдісі – астарында негізсіз мазасыздану мен қорқыныш жатқан невроздарды емдеу кезінде қолданылған. Әдістің мақсаты – науқасқа қорқынышын басуды үйрету.

1919 ж. В.М.Бехтерев мінез-құлық терапиясына ұқсас әдістерді қолданғанын айта кеткен жөн.

Вольпе мінез-құлық терапиясында кең тараған әдістердің бірі – жүйелі десенсибилизация әдісін ойлап тапқан. Ә д і с т і ң м а қ с а т ы – қорқыныш нысаны мен қорқынышты тежейтін босаңсу арасындағы шартты байланыстың пайда болуы.

Біліктер тренингі топтары. Олардың мақсаты – келушіге әлеуметтік өзара әрекетті жақсартуға, өзіне сенімділігінің артуына, отбасындағы, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартуға, қарым-қатынастағы эмоцияны бақылауға қажетті дағдыларды игеруіне жағдай жасау.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

1. И.П.Павлов пен В.М.Бехтеревтің ілімі мен эксперименттерін неліктен бихевиоризмнің шығу тегіне жатқызуға болады?

2. Невроздарды түсіндіруде Павловтың шартты рефлекс жайындағы ілімін қалай қолдануға болады?

3. Қазіргі заман психотерапиясында қандай әдістер мен тәсілдер қолданылады?

ТАҚЫРЫП 2

ПСИХОАНАЛИЗ ПСИХОТЕРАПИЯСЫ

Сабақтың мақсаты:

Психоанализдің пайда болуы мен даму тарихы жайында теориялық және практикалық мағлұматтар беру әрі тәжірибеде қолдану біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Жоспар

1. Психоанализдің мақсаты

2. Психоанализдің негізгі компоненттері

1 сұрақ. Классикалық психоанализ Эгоның Идті жеңуіне, Эгоны күшейтуге, оның Супер-Эгоға тәуелділігін жоюға бағытталған. Психоанализдің мақсаты – бейсананы саналы ету және сол арқылы адамғв психологиялық мәселелерін шешуге және мінез-құлқын өзгертуге көмектесу.

Классикалық психоанализдің көзқарасы бойынша, адам мен оның ауруларының табиғатын анықтаушы психикалық феномендер – ол интрапсихикалық күштердің өзара әрекеті мен күресінің нәтижесі болып табылады. З. Фрейдтің пікірі бойынша, инстинктивтік талаптар мен оларға қарсы тұрудың арасындағы интрапсихикалық конфликтінің нәтижесінде адам ауруға шалдығады.

Ид пен Эгоның арасындағы невротикалық конфликт невроздың себебі болып табылады. Невротикалық конфликт – ол Идтің босаңсуға ұмтылуы мен босаңсуға қарсы және оны санаға жібермеуші Эгоның қорғауы арасындағы бейсаналық конфликт. Конфликт инстинктивтік қозуларды күшейтеді, соның нәтижесінде Эго басылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда, невроздың белгісі ретіндегі еріктен тыс «босаңсу» жүзеге асуы мүмкін.

Невроздардың қалыптасуында сыртқы психологиялық жарақаттаушы факторлардың да алатын орны аз емес. Алайда, олардың әсері Ид пен Эгоның ішкі невротикалық конфликтісіне алып келеді.

Невротикалық конфликтіде Супер-эго Эгоның да, Идтің же жағында болуы мүмкін. Және де Эгоның өзін кінәлі сезінуіне осы Супер-эго мәжбүрлейді.

Невротикалық конфликтінің патогендік әсері - Эгоның қабылданбайтын инстинктивтік қозуларды сана мен моторикаға жібермеу үшін күш-қуат жұмсағандығынан болады. Бұл ең соңында Эгоның жұқаруына алып келеді. Нәтижесінде инстинктивтік қозулар невротикалық белгілер түрінде санаға және мінез-құлыққа «өтіп кетеді». Эго Идтің тыйым салынған және қауіпті түрткілерімен күрес барысында түрлі қорғаныс тетіктеріне жүгінеді, олар болса тек инстинктивтік қысымдар мезгілімен босаңсып отырғанда ғана тиімді болады.

Классикалық психоанализ мынадай негізгі компоненттерден тұрады:

1) клиенттен қажетті материал жинау;

2) оны талдау;

3) клиентпен бірігу;

4) қосымша психотерапиялық тәсілдер.

2 сұрақ. Клиенттен қажетті материалды жинау мынадай техникалар арқылы жүзеге асады: еркін ассоциациялар, алмастыруды талдау, қарсыласуды талдау, түстерді талдау, жаңсақ әрекеттерді талдау, контр ығыстыруды талдау.

Еркін ассоциациялар. Техниканың мазмұны: психоаналитик клиентке ешқандай қысым көрсетпей, диванда еркін жатуды ұсынады, өзі оның сыртында орындықта отырады. Клинтке көзін жұмуды ұсынбайды, кез келген жақындасудың және басқа да гипнозды еске түсіретін процедуралардың болмауын қадағалайды. Сеанс екі ояу отырған адамның арасындағы әңгіме түрінде өтеді, бірақ оның бірі өзінің ақыл-ой іс-әрекетінен назарын бұрып әкетпес үшін, бұлшықеттеріне немесе түйсіктеріне салмақ түсірмейді.

Психосарапшы клиент екеуінің еш мақсатсыз, жәй ғана сұхбаттасып отырғандай көңіл-күйге түсуін сұрайды. Ол клиентке ынтымақтастығы қажет ересек адам ретінде қарайды.

Ақпарат жинау барысында психосарапшы клиент негұрлым ашық болуы үшін үнсіздікті бұзбайды. Клиент тек, арнайы және өз қалауымен айта алатындарды ғана емес, ойын не келсе, соны айта алады, тіпті ол оған мүлдем маңызды емес болып көрінуі және орындалмауы мүмкін.

Еркін ассоциациялар техникасы мынадай пайымдаулармен негізделуі мүмкін:

- адамның ойлары өзіне маңызды нәрселерге ғана бағытталған;

- психотерапиядағы клиенттің қажеттілігі мен оны емдеудің жүргізілп жатқандығының маңызы оның ассоциацияларын өзіне маңызды мәселеге қарай бағыттайды (қарсыласу болмаған жағдайда);

- қарсыласу клиенттің ассоциацияларының еркін келуіне кедергі келтіреді.

Процедураның алдында, бұл әдістің психотерапия үшін қажет екенін, оның ауырлығы болмайтындығын клиентке ескертіп айту қажет. Егер клиент әңгіменің ортасына келсе немесе қарқынды эмоцияларды сезінсе сеансты тоқтатуға болмайды.

Алмастыруды (немесе трансфер) талдау. Психотерапия үрдісінде психотерапевт пен клиент арасында ерекше қатынас орнайды. Оның астарында мынадй феномен жатыр: клиент бейсаналық деңгейде психотерапевтті өзінің ерте балалық шағындағы маңызды адамымен (мысалы, әкесімен немесе анасымен) тең көреді (идентификация) және сол адамға қатысты болған сезімдерді бастан кешіреді. Әрине, бұл психотерапевттке қатысты сезімдер адекватты емес. Алмастыру бір жағынан, еркін ассоциациялар әдісінің толық жүгезе асуына ықпал етеді, екіншіден – клиенттің психологиялық мәселелерінің шығу тегі туралы ақпараттан тұратындықтан, психосарапшының талдау нысанына айналады.

Жағымды және жағымсыз алмастыру болады. Біріншісі психотерапевтті ұнату, құрметтеу, махаббатпен, екіншісі – ұнатпау, жек көру, жиіркену, ашу-ызамен қатар жүреді.

Психоаналитикалық терапия үрдісінде «алмастырудың неврозы» пайда болуы мүмкін, яғни психотерапияға дейінгі невротикалық конфликтіге тән клиент реакциялары жиынтығының актуализациясы. Бұл құбылыс аурудан сауыға бастауды білдіреді. Психосарапшы клиенттің алмастыру неврозы толық күшінде көрінуіне мүмкіндік береді. Бұл клиенттің психологиялық мәселесін жақсырақ түсінуге жағдай жасайды. Содан соң психосарапшы клиенттің бұл мәселеден құтылуына көмектеседі.

Бұл процедура әрине психологиялық сарапшының жеткілікті жұмыс тәжірибесі мен жоғары кәсібилігін қажет етеді.

Психотерапевттің міндеті:

- алмастырудың мазмұнын танып-білу (психотерапевтке жыныстық қызығушылықтың оянуының астарында оны жек көру жатуы мүмкін;

- алмастыру құбылысын түйсіну үшін клиентке көмектесу;

- оның шығу тегін анықтау.

Қарсыласуды талдау. Қарсыласу – ол клиенттің өзінің ішкі әлеміне психотерапевттің қол сұғуынан бейсаналық деңгейде қорғауға ұмтылуы. Қарсыласу адамның күнделікті өмірде қолданатын қорғану реакциялары түрінде көрінуі мүмкін.

Психосарапшының міндеті келушінің неге және неліктен қарсыласатынын ашудан тұрады. Қарсыласудың шығу тегі – үрейден, қоқыныштан, өзін кінәлі сезіуден, ұяттан бейсаналық тұрғыда қашуға ұмтылу.

Эго-синтоникалық қарсыласу және Эгоға таныс емес қарсыласу болады. Бірінші жағдайда адам қарсыласудың барлығын мойындамайды және оны талдауға кедергі келтіреді; екіншісінде – адам қарсыласудың шынайы еместігін сезінеді және оны психо сарапшымен бірге талдауға дайын. Психосарапшының міндеті – клиентті Эго-синтоникалық қарсыласудан Эгоға таныс емес қарсыласуға ауыстыруға көмектесу. Бұл мақсатты шешудің нәтижесінде психтерапевт пен келуші арасында жұмыстық альянс орнайды.

Қарсыласу үндемеу, жабық дене қалпы, жағымсыз эмоциялар, белгілі бір тақырыптарды талқылаудан қашу, психотерапевтпен кездесулерге келмеуден және т.б. көрінеді. Сонымен қоса, жоғарыда аталған психологиялық қорғану тетіктері (ығыстыру, мойындамау, алмастыру және т.б.) қарсыласудың көріну түрлері болуы мүмкін.

Қарсыласу саналы, санаға дейін және бейсаналық болуы мүмкін.

Қарсыласуды талдау ұстанымдары:

- шындықтың қарсыласуға қосқан үлесін мойындау қажет;

- қорғану тетіктеріне клиенттің мінез-құлқының күші ретінде құрметпен және түсіністікпен қарау қажет;

- келуші қарсыласудың жұмысын мойындауы және өз тәжірибесінен өткізуі қажеттігін және тек содан кейін оны талдауға болатындығын есте ұстау керек;

- қарсыласуды талдамас бұрын, қарсыласу фактісінің болғанынан бастау қажет.

Қарсыласуды талдау оның формасынан мазмұнына қарай, санадан – бейсанаға қарай, «беткі қабаттан» - терең түсінуге қарай жылжуы қажет.

Қарсыласуды талдау техникасы мына қадамдардан тұрады:

1) келушінің мінез-құлқынан қарсыласудың белгілі бір түрін анықтау;

2) келушінің өзіне қарсыласудың болғанын көрсету керек;

3) қарсыласумен қатар жүрген көңіл-күй сипатын анықтау;

4) қарсыласу түрткілерін анықтау;

5) қарсыласудың шығу тегін адамның өткен өмірінен іздеу.

Жұмыс барысында келушіге өзінің қарсыласуының болғанын көрсеткен жөн, тек содан кейін талдауға көшу керек. Қарсыласуды талдаудағы асығыстық адамды жаралауы және психотерапевтпен интеллектуалдық бәсекелестікті тудыруы мүмкін. Адам қарсыласқанын тек өзі түсінгенде ғана, неге және неліктен қарсыласқанының жауабын таба алады, тек сонда ғана онымен ынтымақтастықта жұмыс альянсын орнатуға болады.

Түстерді талдау. Психоанализде түстер орындалмаған тілектердің орындалу тәсілі деп қарастырылады. Бұл жерде түстің анық және жасырын мазмұны бөліп көрсетіледі. Анығы – ол түстің мазмұны, ал жасырыны – еркін ассоциация мен түстерді жору кезінде анықталады.

Психоанализде түстердің жұмысы және түстерді жору деген түсініктер бар.

Түстердің жұмысы – бұл түстің жасырын мағынасының айқын мағынаға айналуы. Жору – керісінше, түс көрудің жасырын мағынасына жетуге ұмтылу.

Түс көру жұмысында белгілі бір заңдылықтар бар. Олардың ішіндегі маңыздылары – түс көрудің қоюлануы, түс көрудің ығысуы және ойлардың регрессивті түрде көрінетін бейнелерге айналуы.

Түс көрудің қоюлануы – жасырын түс көруге қарағанда, айқын түс көрудің ақпараты аз болады, себебі соңғысының қысқаша мазмұны соған ауысады.

Түс көрудің ығысуы – ол «тыйым салу» жұмысының нәтижесі, яғни түстің шынайы мағынасы ым-ишаралармен, белгілермен алмастырылады.

Ойлардың регрессивті түрде көрінетін бейнелерге айналуы – ол ойлардың бейне түрінде безендірілуі.

Түстерді жорығанда мына ережелерді сақтаған жөн:

- түстің сыртқы мазмұнына мән бермеу, себебі ол біз іздеген бейсанаға сәйкес келмейді;

- көрген түстер бөлшектерге бөлініп, әрқайсысы жеке зерттелінуі қажет;

- келушіден көрген түстің әрбір бөлшегін ойға алғаш келген сөздермен түсіндіруін сұраңыз, яғни еркін ассоциациялар әдісі қолданылады;

- түс көруді талдаған кезде, оның жасырын бейсаналық мағынасы өзі ашылғанға дейін зерттеуші шыдамды болуы қажет;

- келушінің басына келген ешбір ойын, тіпті ол мәнсіз және оның ар-ұят түсінігіне сәйкес болмаса да, жасырып қалмауын сұрау қажет.

Түстерді талдау кезінлегі психотерапевттің міндеті – келушінің көрген түстерінің әрбір бөлшегін еркін ассоциациялауы арқылы оларды «алмастыратын» түсініктерді тудыру, содан соң түстердің жасырын мағынасын ашуға тырысу.

Түстерді таладу барысында психотерапевт келушінің қарсыласуына тап болады. Алайда, психоанализ тұрғысынан, келуші басқысы келген ойлар, нақ маңызды ойлар болып табылады.

З.Фрейд түс көрудің жасырын мағынасын ашудың кілтін аңыздардан, тіл білімінен іздеу қажет және кез келген адамның көрген түстерін жоруға жарамды деп санайды. Соның ішінде З.Фрейд сексуалдық (жыныстық) мағынасы бар символдарды бөліп көрсеткен. Мысалы, ұзын, жоғары қарап тұрған заттар – май шамдар, ағаштар, бағандар және т.с.с. – еркектің жыныс мүшесін, ал іші ойық – ыдыстар, қоржындар, үңгірлер және т.с.с. – әйелдің жыныс мүшесін білдіреді деп санаған.

Психотерапияның бастапқы кезеңінде келушінің көрген түсінің «күндізгіден қалғанына» мән беріледі. Осылайша, психотерапевт түс көрудің шынайы өмірдегі сергек кезіндегі тәжірибемен байланысты екенін келушінің санасына жеткізеді. Келуші түстерді тани және олардың мағынасын ұға бастайды. Мұндай алғашқы түсінік клеушіні түстердің бейсаналық мағынасына терең үңілуге жол ашады.

Жаңсақ әрекеттерді талдау. Жаңсақ әрекеттерге байқаусызда айтып қалған (сөз алмасу), қате жазылған, жөнделген, байқаусызда естіп қалған әрекеттер жатады. Оларға белгілі бір деңгейде тілектерді, есімдерді, атауларды, көңіл-күйлерді ұмыту, заттарды жасыру, адасу және т.б. жатқызуға болады. Жаңсақ әрекеттер кездейсоқ емес, мағына мен тілектерді көруге болатын психикалық актілер ретінде қарастырылады. Ол психикалық актілер қарама-қайшы тілектердің бір мезеттегі әрекеті кезінде пайда болады. Бір тілегін адам сезінеді, ал екіншісін сезінбейді. Жаңсақ әрекеттер сәтінде адамға неғұрлым жақын (бірақ оны өзі мойындамайды) бейсаналық тілек «жеңеді».

Келуші психотерапевттің көмегімен өзінің жаңсақ әрекеттерінің шынайы себептерін түйсінеді.

Қиялдарды талдау. Келуші психотерапевтің көмегімен өзінің түйсінбейтін мәселелерін бейнелейтін ойына келген қиялдарды жазып отырады. Соңына олартүс жору тәрізді талқыланады.

Контралмастыруды (контртрансфер) талдау. Контралмастыру – ол психотерапевттің клушіге эмоционалдық реакциясы. Көбінесе контралмастыру психотерапвет өмірінде болған оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Контртрансфер психотерапияға кедергі келтіруі де, тиімділігінің кепілі де болуы мүмкін. Екіншісі психотерапевт өзінің білінер-білінбес эмоционалдық реакцияларын бақылау арқылы келушінің конфликтісін байқауға қабілетті болғанда мүмкін болады. Содан осң психотерапевт ол сезімдерді өзін өзі талдау арқылы зерттей алады және оларды тек өзінің бейсанасының жаңғырығы ретінде ғана емес, келушінің көңіл-күйіне реакциясы ретінде де қарастыруға болады.

Контртрансфер реакциясының екі түрі бар - сәйкес және қосымша. Біріншісінде психотерапевт келуішінің эмоционалдық көңіл-күйін басынан кешеді, ал екіншісінде – келушінің өмірінде маңызды орын алатын адамның эмоционалдық көңіл-күйін кешеді.

Контртрансферді талдау психотерапевттің мына сәттерді ескеруі қажеттігін білдіреді:

- өзінің қазіргісі мен өткенінің сұрақтарын және олардың психотерапияға тигізетін әсерін ескеру;

- келуші көрсеткен сезімдерді өзіне жақын қабылдамау;

- контртрансферге жауап беру тілегін тежеу;

- контртрансфердің мазмұнын келушінің мәселесін шешуге қолдану;

- қосымша контртрансфер көңіл-күйінен сәйкестіктегі контртрансферге көшудің жолын іздеу.

Келушінің материалын талдау. Келуші өзітуралы жеткілікті ақпарат берген соң, алынған ақпаратты талдау жүзеге асады. Талдау мына техникалардықолдану арқылы жүзеге асады:

Конфронтация - қандай да бір психикалық құбылыстың адамның бойында бар екендігін түйсінуге әкеледі. Егер бұған қол жеткізілсе, онда айқындалуға көшеді.

Айқындалу - клиенттің талданушы психикалық құбылысқа бар назарын аударуына және оны басқа психикалық құбылыстардан бөліп қарастыруына көмектесу.

Интерпретация - мінез-құлықтың осы ерекшелігін және оның пайда болуының көздерін дұрыс түсінуі үшін түйсінбейтін психикалық құбылысты түйсінуіне көмектесу.

Айқындалу мен интерпретация процедуралары өте тығыз байланысты. Екеуі бірінен бірі туындайды.

Түпкілікті өңдеу - бұл техника сарапшының келушінің ішкі өміріне терең ену мүмкіндігінен бастап, келушінің өзін өзі түсінуіне дейінгі, келушінің инсайттан тұлғалық өзгерістеріне дейінгі жол. Бұл техника көп уақытта қажет етеді және бірнеше айларға созылуы мүмкін.

Еңбек альянсы. Психоаналитикалық терапияның тиімділігінің қажетті шартына келуші мен психотерапевт арасында өзара сенімге, келушінің жұмыс жасауға ынтасын арттыратын еңбек альянсының орнатылуы.

Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Зигмунд Фрейд психоанализінің негізгі теориялық және практикалық тамыры неде?
  2. Фрейд психоанализі тұрғысынан бейсана түсінігін сипаттаңыз
  3. Фрейд бойынша тұлға сызбасын және оның негізгі бөліктерінің өзара әрекеттесуін сипаттаңыз
  4. Тұрмыстық психоанализдің кәсіби психоанализден айырмашылығы неде?

ТАҚЫРЫП 3

Наши рекомендации