Тақырып. Кеңестік психологиядағы тұлға теорияларының жалпы постулаттары.
Жоспар: Тұлғаның кеңестік концепциялары
Тұлғаның кеңестік концепциялары егер вариациялары болса онда келесі жалпы теориялық пункттерде қосылады:
1. Тұлғада биологиялық айналдырылған формада әлеуметтік ретінде өмір сүреді. Табиғи (органикалық) сипаттамалар тұлға құрылымында оның әлеуметтік шарттанған элементтері сапасында болады.
2. Тұлғаның белсенділігі ситуацияға алғашқы берілген шектеулерді түсіруге әкеледі. Мақсатқа жету жолындағы кедергілер мен шектеулер оларды жеңуге бағытталған ерекше іс-әрекетті оятады.
3. Тұлға деген ол индивидтің социумда алған жүйелік сапасы. Өзіндік ұйымдасудың осы арнайы формасы туа берілген индивидтік қасиеттердің үстінде орналасады.
4. Тұлға орнықты тұлғааралық байланыстар жүйесінде ғана түсінікті болады. Кеңестік психологияның базалық жағдайларының негізінде (А.Н.Леонтьев) бұл байланыстар бірлескен іс-әрекеттің мағынасымен, мазмұнымен, құндылықтарымен жанамаланады.
5. Максимализация постулаты: тұлға индивидтің максималды персонализацияға ұмтылуынан туады (А.В.Петровский) Осы постулаттан теориялық гипотезалар туындайды:
а) индивидуалдылығын белгілеу жоспарында құндылықтары бар индивид қабылдаған кез келген бастан кешірулер қажеттілікті персонализацияға маңыздандырады және басқаның мәнділігін іздеумен анықталады онда индивид идеалды түсініктерді алуы мүмкін;
b) индивид қарым-қатынастың кез келген ситуациясында өзінің индивидуалдылығын таратуға және анықтауға ұмтылады, осы нақты жағдайда персонализация мүмкін болады. Оны жүзеге асырудың мүмкін болмауы өзінде жаңа мүмкіндіктерді іздеуге апарады немесе заттық іс-әрекетте өзін табуға апарады;
с) қарым-қатынастың екі немесе одан да көп серіктестерінен субъект максималды адекватты персонализацияны қамтамасыз ететін адамды дұрыс көреді. Соған ұқсас ұзақ персонализацияны қамтамасыз ететін адамды артық көру табылады.
6. Тұлға дамуының индивид аралық қатынастар жүйесінде туындаған қайнар көздері қажеттілік пен персонализацияның арасындағы қайшылық ретінде өмір сүреді.
7. Тұлға онтогенездің сатыларында иерархиялық орналасқан топтарда қалыптасады. Тұлға дамуының сипаты ол қосылған топтың даму деңгейімен сипатталады.
Көптеген әр түрлі тұлға теориялары бар оларда тұлға мәселесі әртүрлі қарастырылады. Мысалы психоаналитикалық теория дамуды қоғамдағы өмірге адамның биологиялық табиғатының адаптациясы ретінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру тәсілдері мен қорғаныс механизмдерін жасау деп түсінеді.
Қырлар теориясы тұлғаның барлық қырлары өмірде қалыптасады, ал олардың туындау процесі, өзгеруі мен тұрақтануы биологиялық емес заңдарға бағынады деген тұлғаның дамуы туралы түсініктерге сүйенеді.
Әлеуметтік үйрену теориясы тұлғаның дамуы адамдардың тұлғааралық өзара әрекет тәсілін қалыптастыру ретінде түсінеді. Гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «Меннің» қалыптасуы процесі ретінде талдайды.
Алайда тұлғаның даму мәселесін қарастырған позициялар мен теориялардан басқа интеграцияланған, тұлғаны тұтастық ретінде қарастыратын әртүрлі теориялар мен ықпалдар тұрғысынан анықтайтын бағыт та бар. Осындай ықпалдың аясында бірнеше концепциялар қалыптасты, олар негізгі назарды даму барысында тұлғаның жан жақты өзара байланысқан өзгерулері деп бекітеді.
Осындай даму туралы осы бағытты ұстаған теориялардың бірі американдық психолог Э.Эриксонның концепциясы, яғни эпигенетикалық принцип: адам туғанынан өмірінің соңына дейін міндетті түрде өзінің тұлғалық дамуында өтетін сатылардың генетикалық негізін алдын ала анықтады. Э.Эриксон адам өз өмірінде басынан сегіз психологиялық дағдарысты өткізеді деп көрсетті:
1. Сену-сенбеу дағдарысы (өмірдің бірінші жылы)
2. Ұялуға қарсы автономия (2-3 жас айналасы)
3.Кінә сезіміне қарсы бастамашылдықтың көрінуі (шамамен 4-6 жас аралығы)
4. Өзін толық қанды сезінбеу комплексіне қарсы еңбексүйгіштік (7-12 дейін)
5.Конформизм, сұр индивидуалдылыққа қарсы жеке бастық өзіндік анықталу (12-18 жас).
6.Жасқа байланысты психологиялық изоляцияға қарсы көпшілдік және интим (20 жас шамасы).
7. «Өзіне кетуге» қарсы жаңа ұрпақты тәрбиелеу қамқорлығы (30-60 жас аралығы).
8. Өкіну сезіміне қарсы өміріне қанағаттану (60 жастан жоғары).
Э.Эриксонның концепциясында тұлғаның анықтамасы сатылардың алмасуы арқылы түсініледі, әрбір сатыда адамның ішкі әлемінде сапалы өзгерулер, қоршаған адамдармен қатынас радикалды өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде тұлға дамудың сол сатысына тән жаңа сапаларды игереді. Оның пікірінше тұлғалық қырлар алдыңғы даму негізінде пайда болады.
Тұлға ретінде дамып және қалыптасып адам тек жағымды сапаларды ғана емес кемшіліктерді де меңгереді. Бір теорияда әрі жағымды әрі жағымсыз өзгерулердің үйлесу варианттарын келтіру мүмкін емес. Сондықтанда Э.Эриксон өзінің концепциясында тек тұлғаның екі даму сызығын көрсетті: нормалды және аномалды. Әрине олар дәл сондай болып таза күйде өмірде кездеспейді, алайда нақты көрсетілген ол жағдайлардан аралық варианттарды адамның тұлғалық дамуында көруге болады.
| І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті | СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым | |||
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ | |||||
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыруларының картасы | Ф.4.09-33 | ||||
28.05.2015ж. |