Тірек сөздер: графика, символ, алфавит, орфография, кирилица
Қазақ халқы басқа да түркі халықтары сияқты ислам дінінің тарауымен бірге келіп енген араб жазуын ертеректен бастап-ақ қолданған. Бірақ грамматикалық құрылысы жағынан да, дыбыстық жүйесі жағынан да түркі тілдерінен мейлінше басқа болып келетін араб тілі графикасы қазақ тілінің дыбыстарын таңбалауға сай келмейтін. Оқудың, баспаның, жазба тілдің жоқ кезінде, жазуды ат төбеліндей ғана азшылық қолданатын жаппай сауатсыздық заманында, ондай үйлесімсіздіктің бар-жоқтығы белгісіз, елеусіз болғанымен, мектептер ашылып, баспасөздер туа бастаған алғашқы кезден-ақ араб графикасының тіліміздің дыбыстық жүйесіне мүлдем сәйкессіздігі бірден байқалды. Соны байқаған орыс туркологтары болсын, қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин болсын — барлығы да қазақтар үшін араб жазуының қолайсыз екенін өткен ғасырдың екінші жартысында-ақ айтқан болатын.
Біржолата өзгертуді көздемегенмен араб жазуындағы үйлесімсіздіктерді жамап-жасқау арқылы жоюға арналған алғашқы қадам «Дала уалаяты» мен «Айқап» журналы беттерінде де көтерілді. «Айқап» журналы арнайы айтыс та ұйымдастырды. _ 1914 жылы араб жазуын қазақ тіліне сәйкестендіру жолдарын Заяндаған оқу құралы да жазылды. Бірақ олардан тапқан пайда тым елеусіз болды, шешілмеген түйін сол шешілмеген қалпында қала берді. Ал жазу нормасы, емле деген тіпті жүйесіз болатын. Осылардың үстіне бұл графикадағы көптеген таңбалар сөз басында бір түрлі, сез ортасында екінші түрлі, сөз аяғында үшінші түрлі таңбаланатын. Бұл жағдай басқаны айтпағанның өзінде сауатсыздықты жою ісіне мейлінше зиянды болатын. Осы қолайсыздықтарды реттеу мақсатымен "араб графикасын жамап-жасқап дегендей тіліміздің дыбыстық жүйесіне, баспа техникасына үйлестіруге арналған әр түрлі шаралар 20-жылдардың алғашқы жартысыйда да едәуір етек алды. Бұл жұмыс бұрынғыдай бірді-екілі адамдардың ғана тиіп-қашып айтқан пікірі ретінде болмай, әр түрлі кеңестердің, ұйымдардың үкімет қолдауына сүйенген, заңдастырылған әрекеттері түрінде өріс алды. Екінші жағынан, араб әліппесін қанша жендеймін дегенмен күткен нәтижені бере алмайтынын байқағандар сол кезде бүкіл одақ көлемінде сөз болып жатқан түркі халықтарын латын графикасына негізделген жазуға көшіру талабына үн қосып та жатты. Сөйтіп, бір жағынан ғасырлар бойы қолданылып келген араб жазуын жамап-жасқап қолдануға тырысушылық болса, екінші жағынан, латын әліппесіне көшудің дайындықтары кең етек алды. Графика мен емле мәселелеріне байланысты жүргізілген бұл екі түрлі жұмысты қазақ тілі білімінің 20-жылдар ішінде айналысқан негізгі проблем аларынын, ен бастысы деуге болады.
Латын графикасына негізделген жазуға көшу немесе көшпеу жөніндегі айтыстар жай пікірлер таласы, ғылыми айтыс болған жоқ, ол таптар тартысына, идеологиялық тартысқа айналды. Ұлтшылдар, пантүркистер араб жазуынан айрылмауды уағыздады. Ал еңбекші халық мәдениетті, оқу-ағарту істерін ілгері бастыруды тездететін латын жазуын қабылдауды қолдады.
Араб жазуын тастап, латын графикасына негізделген алфавитті алу ең алғаш Азербайжанда көтерілді. 1922 жылы Бакуде жаңа түркі алфавиті комитеті құрылды. 1924 жылы Азербайжан Орталық Атқару Комитеті латын алфавитін міндетті мемлекеттік алфавит деп жариялады. 1926 жылы Бакуде Бүкілодақтық түркологиялық съезд өткізілді. Бұл съезд өзінің қаулысында түркі тілдес халықтарға араб жазуын тастап, латын графикасына непзделген жаңа әліппені қабылдауды міндеттеді.
Жаңа әліппеге көшу жұмыстарына бір орталықтан басшылық ету үшін Бакуде ұйымдастырылған жаңа алфавит комитеті 1926 жылы СССР Орталық Атқару Комитеті жанындағы Бүкілодақтық жаңа алфавит Орталық комитеті болып қайта құрылды. Бұл комитеттің ең көрнекті лингвист ғалымдардан қуралған ғы-лыми советі болды. Комитет жер-жердегі жаңа алфавитті қабылдау жұмыстарына тікелей басшылық етті, жаңа әліппе жобаларын жасап, талқылап, қабылдап отырды. Комитет «Культура и письменность востока», «Революция и письменность» дейтін журналдар шығарып, оның беттерінде жаңа алфавитке байланысты әр түрлі айтыс мақалалар жарияланып тұрды. Жана алфавит комитеттері жер-жерде ұйымдастырылды. Олардың зрқайсысы латын графикасына негізделген жазуды өз тілдеріне қалай үйлестіріп қолдану мәселелерімен шұғылданды. Орталық комитет олардың алдына жаңа әліппенің түркі тілдерінде, мүмкіндігінше, бір ізді болуын кездеуді міндеттеді. Түркі республикаларының біразына қарағанда жаңа әліппеге көшу жұмысы Қазақстанда едәуір баяу дамыды. Латын алфавитіне негіздел-ген жазуды қабылдау мәселесі 1924 жылы болған қазақ білімпаздарының съезінде көтерілгенімен, 1926 жылдың аяғына дейін ол айтарлықтай өріс ала алмады. Оған, ең алдымен, сол кездегі басқару орындарының біразына орналасып алған ұлтшыл арабшылар кінәлы еді. Олар араб жазуынан айрылмаудың, жаңаны жуытпаудың барлық шарасын істеп арпалысып бақты. Олардың бұл керітартпа әрекеттері Бүкілодақтық жана алфавит комитетінің 1928 жылы болған 2-пленумының қаулысында да аталып көрсетілді.
Латын әліппесіне негізделген жаңа жазуға көшу жұмыстарына басшылық ету мақсатымен 1927 жылдың басында Республикалық жаңа алфавит орталық комитеті құрылды. Бұл комитеттің республикадағы барлық округтерде құрылған бөлімшелері болды. Олар жаңа әліппенің тиімділігі туралы халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олардың жұмыстарына жергілікті партия, совет органдары басшылық етті. Республикада мерзімді баспасөздер беттерінде арабшылдар мен латыншылдардың (ол кезде осылай аталатын) айтыстары қызу жүріп жатты. Басында азшылық, әлсіз болғанмен, келе-келе партия мен үкіметтің қолдауы арқасында латыншылдар үстемдік алды да, арабшылдар аренадан ығыстырылды. Олар ығыстырылғаннан кейінгі айтыстар жаңа әліппе керек пе, жоқ па деген мәселе төңірегінде емес, жаңа әліппені қандай құрамда аламыз, қандай әріптер керек, қандайлар керек емес, емле ережесінің принципі қандай болу керек, басқа тілдерден, әсіресе орыс тілінен енген сөздерді қалай жазамыз, бас әріп керек пе, жоқ па, дыбыстарды қалай жіктесе дұрыс болады деген тәріздес мәселелер төңірегінде болды.
Жаңа әліппеге көшу жұмыстарының барысын Қазақстан Өлкелік партия комитеті мен Қазақстан үкіметі үздіксіз бақылап, басшылық беріп отырды. Бұл мәселе Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюросында бірнеше рет қаралды. Мысалы, Өлкелік партия комитетінің бюросы 1928 жылдың ноябрь айындағы мәжілісінде жана әліппеге көшуге дайындық жұмыстарын арнайы қарап, ол туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыда латын графикасына көшуді қажет еткен себептерді талдай келіп, қазіргі уақыттағы әнгіме түйіні латын графикасына негізделген жаңа әліппені қабылдау я қабылдамауда болып отырған жоқ бұл мәселе жаңа әліппе пайдасына түпкілікті шешіліп болды, ендігі әңгіме соған тезірек және жақсы әзірлікпен көшуге қажетті дайындық жұмыстарын барлық жерде ұйымдасқан түрде қарқынды жүргізуде деп көрсетті. Сонымен бірге, бұл істе орын алып отырған кемшіліктерді атай келіп, соларды тез жоюдық жолдарын көрсетті, барлық партия, совет органдарына жұмыс қарқынын күшейте түсуді міндеттеді.
Осыдан былай қарай, әсіресе 1928 жылдың басынан бастап, жаңа әліппеге көшу дайындығы бұрынғы жылдардағыдан едәуір қарқынды жүргізілді. Дегенмен Одақтық жаңа әліппе комитетінің төрағасы Ағамалы-оғлы айтқанындай, дыбыс санының азы жақсы ма, көбі жақсы ма, жіңішке дауыстыларды аламыз ба, болмаса олардың орнына дәйекше қолданамыз ба, қай дыбысты дауысты, қай дыбысты жарты дауысты дейміз, дыбыстарды қандай принципке сүйеніп жіктейміз, бас әріп керек пе, жоқ па дегендер тәріздес мәселелер теңірегінде кергілесіп жүріп, уақытты созып алды. Сөйтіп, Қазақстан Орталық Атқару Комитетініа «Қазақ жана емлесі туралы декреті» 1929 жылдың 25 июлінде ғана жарияланды.
Осы декрет бойынша бекітілген жаңа әліппедегі дыбыс таңбалары мынадай үлгімен берілген:
Бұл кестеге қарағанда, қабылданған әріптердің тоғызы дауысты дыбыс таңбасы да, жиырмасы — дауыссыз дыбыстар таңбалары. Бұл декретте бас әріп таңбалары алынған жоқ. Қабылданған емле ережелерінде көптеген олқылықтар, шалағайлықтар болды.
Олар:
1. Емленің негізгі принципі — фонетикалық. Сез қалай айтылса, қалай естілсе, солай жазылатын болды.
2. Қысаң дауысты у, и дыбыстары жуан айтылғанда үу, ый болып қосарлы таңбамен таңбаланатын болды.
3. Сөздің екінші, үшінші буындарында еріндік — о, ө, ұ, ү дыбыс таңбалары естілгенмен оларды жазбай, езулік дауыстылар
таңбалары жазылатын болсын делінді (пурылтариат, кемәнес).
4. Сөз соңында о, ө әріптері жазылмайды (динамы, келі,бұйра).
5. Сөз ішінде екі дауысты қатар жазылмаеын (зология, тынатыр).
6. Сез ішінде қатаң дыбыстар мен ұяң дыбыстар таңбасы қатар жазылмайды, ұяң қатаңға айналады (аптанамйя, Бекпалат).
7. Бір-бірімен ма, па, да, ді сияқты дәнекерлер арқылы жалғасатын қос сөздерде сызықша бұл дәнекерлерден бұрын койылсын (қолма қол, өз-ді өзі, кім-де кім т. б.).
Графика мен емледегі бұлар тәріздес шалағайлықтар кеп ұзамай-ақ байқалды. 1930 жылы май айының 6—13-інде Қазақстанда, Жаңа әліппе кіндік комитетінің төртінші пленумы болды. Пленумда Қазақстанда кабылданған жаңа әліппе мен мәмледе кеткен кемшіліктер сөз болды және бас әріпті қолдану туралы ұсыныс енгізілді.
Жоғарыда аталған олқылықтарды жөндеуге арналған жамау-жасқаулар, айтыстар тоқтаусыз жүріп жатты. Жаңа әліппені қабылдау кезінде жіберілген шалағайлықтарды Қ. Жұбанов «О проекте казахского алфавита», «К проекту реформы казахского алфавита» дейтін жобаларында қатал сынады. Баспасөз беттерінде, түрлі кеңестерде айтылып келген пікірлерді жинақтай келе Қазақстан Орталық Атқару Қомитеті мен Халық Комиссарлар Советі 1938 жылдың 2-январында «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» деген қаулы қабылдады. Каулыда жоғарыда пункттеп керсетілген кемшіліктерді айта келіп, оларды жою үшін мынадай түзетулер енгізуді ұйғарды.
Олар:
1. Жазуда морфологиялық принцип басшылыққа алынсын. Бұл принцип біріккен сөздерде де, басқа тілден (орыс тілінен) енген сөздерде де қолданылсын. Сондай-ақ, о, ө, ұ, ү, б, д, г таң-баларының алғашқы қабылданған емлелері өзгертіліп, олар қазіргі емлеміздегі жазу принцйтне келтірілді. Қосарлы йу, үу, ұу таңбалары орнына бір ғана у, -ый, -ій, -й орныйа тек алынды. Тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді. Сөйтіп дауыстылар саны 11-ге-(а—ә, ы — і, ұ — ү, е — ө, и, у), дауыссыздар саны 21-ге жеткізілді.
Бұл өзгертудегі емле ережелері толықтай дерлік кейінде орыс графикасына негізделген жазуда да қолданылды. Бұл принцип бірді-екілі өзгеріспен қазіргі жазуымызда да қолданылып жүр. Осы себептен 1938 жылғы қабылданған емлені толығырақ көрсетуді жөн кердік.
Қанша женделді дегенмен орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздерді жазуда әлі де болса кемшіліктер көп болды. Терминдік сездерде кездесетін орыс графикасындағы э, о, я, ю, щ, ц, ч, ъ, ь таңбалары бұл жолы да енгізілмеді. Емледе ала-құлалық туғызатын ережелер, екі ұшты тұжырымдар сақталып қала берді. Бұларға қоса оқыту жұмысында оқушылар латын, орыс, шет тілі әліппелері сияқты бірнеше алфавитті үйренулеріне тура келді. Латын графикасына негізделген жазудағы бұлар тәріздес олқылықтар басқа түркі тілдерінде де болды. Олардан құтылу үшін ол халықтардың біразы орыс графикасына көшіп те алды. Осылардын, бәрі жиналып келгенде қазақтардың да латын әліппесін орыс графикасына негізделген жазумен ауыстыруына еебепші болды. Сөйтіп, XIX ғасырдың 60—70-жылдарынан бастап ауық-ауық сөз болып келген орыс графикасына негізделген жазуды қабылдау мәселесі үстіміздегі ғасырдың 40-жылы іске асты.
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің бесінші сессиясы 1940 жылдың 10 ноябрінде «Қазақ жазбасын латын алфавитінен орыс графикасы негізінде жасалған жаңа алфавитке көшіру туралы заң» қабылдады. Бұл заңда әліппе 41 әріптен құралып, онын 32-сі орыс тіліндегі қалпында алынсын да, қазақ тілінің өзіне тән 9 әрпі олардың соңынан қосылатын болсын делінді. Әліппемен бірге қабылданған емле ережелері түгелдей дерлік 1938 жылы қабылданған орфографиялық принциптерге негізделді.
Әрбір жаңалықтың алғашқы қадамында кездесетін шалыс басып қалушылық, бірді-екілі болса да, бұл жолы да болды. Алфавит тәртібі «мынау орыстікі, мынау қазақтікі» дегендей екіге бөлініп тұрды, 1935 жылғы жобасында К. Жұбанов мейлінше қарсы болған -ый, -ій қосарлы таңбалары бұл жолғы әліппеде де сақталды, сауаттылыққа кесел жасайтын біраз екі үшты ережелер де болды. Бұлар тәріздес олқылықтар 1952 жылдан бастап пікір таластарын туғызды. Бұл олқылықтар жөнделіп, «Қазақ тілі жаңа орфографиясының негізгі ережелері» 1957 жылы бекітілді. Бірақ бұл жолғы өзгерістер бұріінғылар сияқты түбірлі өзгеріс болған жоқ.
Дәріс№6