Дәріханалардан босатылу шарттары

Cаудалық атауы

Этил спирті

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

90%, 70% ерітінді, 50 мл

Рамы

1 л препараттың құрамында 90% 70%

белсенді зат – 96,2% этил спирті 935.6 мл 727.7 мл

қосымша зат - тазартылған су 74.7 мл 299.1 мл

Сипаттамасы

Спиртке тән иісі, күйдіргіш дәмі бар түссіз мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да антисептиктер және зарарсыздандырғыш препараттар

ATХ коды D08AX08

Фармакологиялық қасиеттері

Этанолдың жергілікті, рефлекторлық әсері тітіркендіргіштік, тұтқырлық және антисептикалық қасиетіне байланысты. Концентрацияланған этил спирті (70% және 90%) ерітіндісінің тері жабындыларына әсерінен кейін тіндер ақуыздары денатурациясына байланысты тұтқырлайтын әсері туындайды. Спирттің теріні иіткіш әсері оның сезімталдығы мен тер бөлінуін азайтып, ауыруын басуға және қышынуын тоқтатуға ықпал етеді.

Антисептикалық әсері микробтық жасушалардың цитоплазмалық және жарғақшалық ақуыздары денатурациясына байланысты. Бактериялық флораның этанолға сезімталдығы басымырақ болып келеді. Препараттың бактерицидтік әсері үшін 70% концентрация тиімдірек болып табылады. Концентрациясы жоғары болған сайын спирттің тін құрылымдарына иіткіш (тұтқырлық) әсері оның диффузиясын қиындатады, және антисептикалық әсердің тереңдеуі төмендейді.

Қолданылуы

- қолды, хирургиялық құралдарды, операция жасалатын аумақты тазалап-өңдеуде

- төсек тартып жатқан науқастарда ойылулардың алдын алуда, сүртінуде, компрестерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқы сүртінулер үшін : мақта тампондар, сүрткілердің көмегімен теріге жағады.

Компресс жасайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- теріні, шырышты қабықтар мен тыныс алу жолдарының тітіркенуі және күйіктері

Олдануға болмайтын жағдайлар

- этанолға жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ішке қабылдағанда орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттар әсерін арттырады.

Айрықша нұсқаулар

Компресс жасау үшін (күйдіріп алмас үшін) этанолды 1 : 1 (70 %, 90 %) арақатынасында сумен сұйылту керек.

Хирургиялық құралдарды стерилизациялау үшін сұйылтылмаған 95% спирт пайдаланылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен қолдану керек.

Педиатрияда қолдану

Компресс жасау үшін балаларға сұйылтып қолданылуы мүмкін - 1:4 (спирт және су) - 90 % ерітінді үшін, 1:3 (спирт және су) - 70 % ерітінді үшін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Ішке қабылдағанда жедел уыттанудың дамуы мүмкін.

Симптомдары: тахикардия, метаболизмдік ацидоз, өкпенің ісінуі, гипокальциемия, гипогликемия, құрысулар, орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуі. Өлім тыныс алу орталығының салдануы нәтижесінде болуы мүмкін.

Емі: аналептиктер енгізген дұрыс емес, оттегіні қоса отырып, өкпені жасанды желдету жүргізіледі, жүрек гликозидтері, АӨФ тежегіштері тағайындалады. Егер бүйрек қызметі сақталып, жүрек жеткіліксіздігі және өкпенің ісіну белгілері орын алмаса, қарқынды диурез қолданылуы мүмкін. Гипогликемия мен кетозды түзету глюкоза енгізу арқылы жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан бақылау сақинасы бар бұрандалы металл қалпақшамен тығындалған бұрандалы мойны бар шынымассадан жасалған құтыда.

Әр құтыға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

Құтылар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге қораптық немесе гофрланған картоннан жасалған қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

8 °С-ден 18 °С-ге дейінгі температурада, оттан алыс, жақсы тығындалған ыдыста сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Негізгі бөлім:

І Алкоголь – «нерв уы»

ІІ Қу арақтың қасіреті

ІІІ Алкогольден улану зардабы

ІҮ Нәзік жандылардың ғасыр дертіне шалдығуы

Ү Ішімдікке «ЖОҚ» де!

Қорытынды бөлім:

«Ана сүтін айырбастап араққа,

Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?..»

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?

Ішпек түгіл ауызын да шаймаған.

Алла бізге арам деді арақты

Зияны көп болғаннан соң пайдадан..

(Арман Бердалин)

Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай»— деген жалған түсінік қалыптасқан.

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативі бойынша жан басына шаққанда алкогольдік ішімдіктерді 8 литрден көп пайдаланатын елдің генофонды деградацияға ұшырайды. Ал Қазақстанда жан басына шаққанда алкогольдік ішімдікті пайдалану көрсеткіші 12 литрді құрап отыр. Бұл көрсеткіш орыс ұлтының тағдырына алаңдап отырған Ресей еліндегіден 1,5 литрге артық екен. Дүниежүзілік сауда ұйымының тізімінде Ресей 22 -орында тұрса, Қазақстан бұл тізімнің алғашқы ондығына еніп, 8-орыннан көрініп отыр. Ал бірінші орын африкалық Уганда мемлекетінің еншісінде екен.

1915 жылы Пироговтық съезде орыстың атақты дәрігерлері «Арақтың адам денесінде зиянды әсер етпейтін мүшесі жоқ, ол барлық ағзадағы нүктелерге дейін улы әсерін тигізеді» деген пікірге тоқтаған. Арақ ішуге әуестік ерте ме, кеш пе, әйтеуір «алқаштық» ауруға душар етпей қоймайды. Ішкіштік кеселге тап болған маскүнем ата-аналардан туған балалардың денсаулықтарында зор кінәраттардың болатынын көптеген дәрігерлер өз зерттеулерінде дәлелдеп келеді. Мысалы, француз дәрігері Доньсе 10 маскүнемдікке салынған отбасының 57 сәбиіне зерттеу жүргізгенде, олардың 25-і қызыл шақа кездерінде шетінеп кеткен, 5 бала тырысқақ ауруымен ауырады екен. Тағы бесеуінде ауыр ми ісіктері кездессе, 12 баланың он екі мүшесінде кемістік байқалғаны дәлелденген.

Арақ – ректификатталған этил спиртінің сумен қосындысынан тұратын күшті масайтқыш ішімдік. Арақ қара бидайдан, бидайдан, арпадан, т.б. жасалады. Құрамындағы спирт мөлшері 40, 50, 56%.

Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді. Ішімдік жыныс сезімін күшейтеді, жыныс актісінің уақытын созады, адамның жыныстық қызметіне пайдалы әсерін тигізеді деген ұғым бар. Шын мәнінде солай ма? Рас, шамасыздық кейінірек басталады. Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады. Өкінішке орай, белсіздіктің арақтан болатынын не ері, не әйелі біле бермейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсе қызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады. Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Үнемі ішкілікке салынған адамның спермотозоидтары (ұрық клеткалары) азайып, олардың тұлғасы (формасы) өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.

Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады.

Мамандардың пайымдауынша, шөл басу үшін күнделікті бір шөлмек сыра ішу – маскүнемдіктің алғашқы белгісі. Өйткені екі-үш рет сыра ішкен соң адам ағзасы оған тез үйреніп, оны қажет ете бастайды. Яғни адамда психологиялық тәуелділік синдромы пайда болады. Соның нәтижесінде адам «шөл басу үшін ішіп отырмын» деп, психологиялық тұрғыдан соған өз-өзін сендіреді. Ал, шындығында, адамда алкогольдік ішімдікке деген тәуелділік пайда бола бастайды. Одан әрі адам физикалық тәуелділікке бой алдырады. Яғни адам ағзасы енді сыраны қанағат тұтпай, араққа көшеді. Ал одан әрі адамның сырадан араққа өтіп, ертең-ақ маскүнемге айналмасына ешкім де кепілдік бере алмайды. Яғни алкогольдік ішімдік ішіп бастау мен маскүнемдіктің арасы бір-ақ қадам.

Маскүнемдікке бейім келетін ең қиын кезең — жасөспірім кезеңі. Бұл кезеңде жасөспірімдер тіршілігінде бірқатар маңызды өзгерістер болып жатады. Біріншіден, организмнің психо-эндокриндік қайта құрылуы қалыптасады, екіншіден жаңа көзқарас, қажеттіліктер қалыптаса бастайды. Психологиялық қайта құрылу дискамфорттық жағдайлардың пайда болуының себебінен қиын қалыптасады. Жасөспірімдердің мінез-құлқы тұрақсыздықпен, жылдам жәбірленгіш, өкпешілдікпен сипатталады. Осы кезеңде жолдастар тауып, топ құрып жүру қажеттілігі жоғары болады. Сонымен қатар, жасөспірімдер тобында өздерінің бағалайтын бағыт, пікірлері, демалыс уақыттарын өткізу, көптеген қиын жағдайларды шешу тәсілдері қалыптасады. Сондықтан бұл кезеңде топтармен бірге арақ-шарапқа үйрену қауіпі артып, ата-аналары мен педагогтардың ескертпелері оның еркіндігіне, құқығына қарсылық көрсету сияқты қабылданып, көбінесе олардың мінез-құлқына кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, оларды бір жақты тыңдауға мәжбүр ету олардың қарсылығын туғызып, өз бетімен кетуіне әкеліп соғады.

Шынайы өмірдің қиыншылығынан қашу да балаларды алкогольдік топтарға әкелуі мүмкін. Яғни, негізгі іс-әрекеттеріне (оқу-жұмыс) қанағаттанбау, істеген жұмыстардың нәтижесінің шықпауы т.с.с. Осындай жағдайлардан өте маңызды психологиялық механизм жасауға болады: тіршілік түйткілдері мазасыздандырып, күткен жетістіктеріне жете алмаған жасөспірімдер алкогольдік топтарға «ауысу» арқылы қалыптасқан нормалар мен құндылықтарға өзінің қарсылығын көрсетеді. Сонымен қатар, ішімдікке қойылған қарсы талаптарды да бұзады.

Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.

Ішкілікке салыну мынадай дең­гейлерден тұрады: бірінші ке­зеңі, физиологиялық тұрғыдан ішім­дікке тәуелділік пайда бо­ла­ды. Сол тәуелділік ақыр ая­ғын­да маскүнемдікке әкеп соқтырады. Ағзада бір нәрсенің жет­кі­ліксіздігі байқалады, көңіл-күй­дің пәстігі, бас ауруы, бір ыс­тықты, не бір суықты сезінуі байқалады. Интеллектуалды жағынан жа­ды сыр бере бастайды, пси­хикасының күрт өзгеруі сияқ­ты адам бойында ыңғайсыз жағ­дайлар орын ала бастайды. Ақыр соңында маскүнемді үнемі ішім­дікті қайдан және қалай та­бу туралы ой қажайды. Үйдегі бар нәрсені сатып, тапқан 5-10 тең­гесін «араққа» жұмсайды. Ақыл-есін жоғалтқан кезде өзін қа­раудан қалып, отбасы туыс-жа­қын­дарынан айырылып, далада қаң­ғып қалады. Осының бәрі оты­рыс, туған күн, той думан, ме­рекелерде арақты жиілетуден бас­талады…

Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.

Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағанда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзінен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.

Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

Әдетте, ішімдікті ер адам мөл­шерден тыс пай­да­ла­на­ты­ны­на көзіміз үйренген.Темекі, адам­ды мас қылатын алкогольді ішім­діктер сияқты ағзамызға зиян­ды, мүлдем қажеті жоқ ке­рек­сіз заттарды көбінесе ер адам­дар қолданады деген ой қа­лыптасқан. Алайда, бүгінде әйел адамдар да алкогольді ішім­діктерді мөлшерден тыс қа­был­дауды әдетке айналдырған. Әйел нәзік жанды болғандықтан іш­кіш деген сөзді айтудан бұрын оны ойлауға да бара бермейміз.

Қазіргі кезде жас қыздардың ішкілікке бой алдырғандары да бар. Бір­қа­тар бойжеткендер еріндеріне шы­лым қыстырып, алкоголь қа­­былдауды ерекше бір сәнді жағ­дай, керемет дүние деп санайды. Ал, осының бәрі әйел затына жат, өрескел екендігі айтпаса да түсінікті. Соңғы жылдардағы ден­саулық сақтау мекемелері қыз­меткерлерінің пікірінше, ішім­дікке үйір адамдардың жа­сы әдеттегіден 15-20 жылға кем болады екен. Дәрігерлер елі­міз тұрғындардың басым бө­лігі алкоголь ішімдіктерін жиі пайдаланады деп дабыл қа­ғу­да. Статистикалық деректер олар­дың 54,5% жастар, 48% әйел, 37% жас жеткіншек, 7% балалар еке­нін көрсетті. Ең қиыны әйел адам көбінесе ішімдікке тәуелді еке­нін айтуға ұялады. Жақын адам­дар көмегіне жүгінуден бас тартады. Мамандардың ай­­туынша көбіне ішімдіктен «ары­лам, емделем» деп ағынан ақ­та­ры­лушылар көбіне ер адамдар кө­рінеді. Ал нәзік жандылар қан­шалықты ауыр дертке шал­дық­қандарын әлі күнге түсіне ал­май жүр.

Бірақ шын мәнінде ерлерге қа­рағанда әйел адамдарды ем­деу әлдеқайда қиын. Көп жағдайда әйелдер жан күй­зе­лісіне ұшырайды, өмірдегі сәт­сіз­діктеріне емді алкогольден із­дейді. Ағзаға түскен алкоголь аз уақыт аралығында бастағы ми жасушаларына тарайды. Мөл­шерден тыс қабылдаған жағ­дайда ми, жүйке жүйесі, бұл­шық ет, бауыр ауруларына ұшы­ратады. Ойлау, есту қабілеті тө­мен­дейді. Денедегі күллі ағзалар жұ­мысы бұзылады.

Алкоголь ағзада тұрған кез­де тірі клеткалар тез жойылады, ткань жаңармайды. Ішімдік әйел адам­ның жыныстық қызмет ат­қа­ру органдарының жұмысын тоқ­татады. Осының зардабынан әйел бедеулік ауруына ұшырауы ық­тимал. Ал жүкті болған жағ­дай­да ішімдік қолданатын әйел­дердің болашақ сәбилерінің 40-60%-ы ақыл-есі кем болып туы­луы мүмкін. Тұрақты тұтынған кезде ал­коголь әйелдердің бетін дом­бықтырып, оның табиғи әсем­ді­гін жояды. Көз қарашығының оты кетеді, бет үнемі қызарып тұ­рады, шаштың түсуі, керісінше мұрт­тың шығуы байқалады.

Ағзада пайда болатын ау­ру­лар жүрек, қан айналым жү­йе­сі­нің бұзылуына соқтырады. Ең қа­уіптісі – бүйректің жұмысын бұ­зады. Ішімдікті күнделікті ке­мін­де 800 грамнан ішетін адамда ағ­зада ақуыздың жетіспеушілігі бір­те-бірте байқала бастайды. Бұл ауруды емдемеген жағдайда бүй­ректің бір бөлігі өледі.

Жүйке жүйесі әлсіз бол­ған­дық­тан емдеу уақыты ұзаққа со­зылады. Ер адамға қарағанда әйел­дер емделіп болған соң да, ішімдікке бой алдыруын тоқ­татпайды. Өзін-өзі қорғау инс­тин­кті әйел адамда жоғалып ке­теді. Өкінішке орай әйел адам ішім­дікке бой үйрете бастаған бас­тапқы кезеңінде көмекке жү­гінбейді. Ауру дендегесін мас­кү­немдіктен емделу өте қиынға со­ғады.

Теріс жолға түскен адам­дар­дың кейбірі саламатты өмірге қай­та түсуі мүмкін. Ал біздің айт­пағымыз дер кезінде білікті ма­мандар көмегіне жүгінудің пай­дадан өзге зияны жоқ. Әйел адамдардың, болашақ жас ұр­пақ­ты дүниеге әкелетін қыз­дар­дың спиртті ішімдіктерге жо­ламағаны дұрыс.

Емшекте баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Соған қарамастан арақ ішу дәстүріміз ғой деушілер де табылып қалуы мүмкін. Бұдан былай бұл зиянды «дәстүр» халық ұғымынан шығып, кейінгі ұрпақтың сөздік қорында болмауға тиіс. Партия мен үкімет қазір бізден осыны талап етіп отыр.

Е м і. Ауру асқынбай тұрғанда — созылмалы алкоголизмге дейін — әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты — маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары — республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлерде маскүнемдерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.

ССР Одағы мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіодақ комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен» тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.

Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақтағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жазасын ауырлата түседі.

Республика Статистика агенттігінің дерегіне сүйенсек, Алматы қаласында әр 100 мың әйелдің 211-ден астамы, ер адамдардың 2330-ы арақ-шараптың кесірінен психикасы мен мінез-құлқы бұзылған. Астанада бұл көрсеткіш 90 және 476-ны құрайды. Еліміз бойынша алғанда еселене түседі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының деректері бойынша, психикалық және тәртіптік ауытқулары бар 249 мың адам есепте тұр. Олардың әрбір 12-сі 25-30 жастағылар, отбасын құрып, еңбекке араласып, қоғамның белсенді мүшелері болатын әйелдер. Ұлттық орталық қызметкерлері бұл мәліметтің толық емес екенін мойындайды. Есепке алынбаған араққа әуестердің қатары одан да көп. Айналымда жүрген статистикалық дерекке сүйенсек, республика тұрғындарының 35 пайызы ішімдікке үйір екен. Өкінішке орай, осы дерекке мектеп жасындағы балалар да іліккен. Екінші мәселе – ішімдікке салынушылардың қатарын көбейтуге ынталы компаниялардың бар екендігі. Алкогольсіз, жартылай алкогольді деген жарнамамен дүкендерде, мейрамханалар мен кафелерде самсап тұрған және балалар әуес «кока-кола» секілді сусындарда алкогольге, есірткіге бейімдейтін заттар бар екені әлдеқашан анықталған. Яғни алкогольге бейімдеудің оңтайлы жолын тапқан қаржы-өндірістік топтар әрекет етуде. Арақ-шараптың бағасын өсірукерек дейміз, оларды сататын сауда орындарын балабақшалардан, мектептер мен институттардан қашық болсын дедік, ішімдіктер бейнеқұрал орнатылған дүкендерде ғана сатылсын дедік. Алайда нәтиже ойдағыдай емес. Біздіңше, осы шаралармен бірге әлемдегі кейбір тәжірибелерге ден қойғанымыз жөн. Ресейдің Ростов және Саратов облыстарының думалары жексенбі күндері сыра мен арақ-шарап сатпау туралы шешім шығарды. Тува өлкесі бес жылдан бері ішімдіктен біржола бас тартты. Әлемнің 80 елінде алкоголизм мен маскүнемдіктің алдын алуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Саха, яғни Якутияда қымыз туралы қабылданған заң арақ-шарапты шектеуге бағытталған. Ал алыс шетелдерге назар аударсақ, Норвегияда аптаның соңғы екі күні – сенбі мен жексенбіде және мереке күндерінде сырадан бастап, спиртті ішімдіктердің барлық түрі сатылмайды. Дүкендерден, мейрамханалар мен кафелерден емге таба алмайсыз. Бұл елде осындай жолмен 102 күн, яғни 3 ай арақ-шарапсыз өтеді. Егер жұрттың арақ-шарапты көбіне демалыс және мереке күндері ермек ететінін ескерсек, сол күндерді ішімдіксіз өткізгендердің оны басқа уақытта іздемейтіні белгілі. Мұның соңы арақтан бірте-бірте алыстауға әкеледі. Біз осындай жолмен ел арасында кейінгі кезеңде етек ала бастаған жақсы дәстүр – үйлену және басқа да тойларды арақ-шарапсыз өткізу дәстүрінің кеңінен таралуына ықпал етер едік. Түйіп айтсақ, норвегиялық тәжірибе біз үшін барынша оңтайлы жол болар еді. Қазақстанда аптаның әр сенбі, жексенбісінде, мейрам күндерінде сауда және қоғамдық тамақтану орындарында алкогольді ішімдіктерді сату мен босатуға тыйым салудың жолдарын қарастырсақ. Бұл ұсынысты Қазақстан халқының 80 пайыздан астамын құрап отырған мұсылмандар қауымы қолдар еді. Арақ-шарап сатуды тоқтатсақ, мемлекеттің бюджетіне түсетін кірістен қағыламыз дейтіндер сандалмасын. Жылда мемлекет қалтасына арақ-шараптан түсіп жататын 47 млрд. теңге – қомақты ақша емес. Арақтың кесірінен зардап шегіп жатқандарға қарағанда, 47 млрд. кірісің түкке тұрмайды. Мемлекеттің басты байлығы саналатын адамдардың арақтан тауып жатқан түрлі кеселдері мен апаттардан алатын жарақаттарын емдеп жазуға мемлекет бұл соманы жүз орайтын шығын шығаруда. Соны неге ескермейміз? Адамдар бірін-бірі өлтірудің түп-тамыры арақта. Ислам тарихына үңілсек, арақтан арылудың үш-төрт кезеңі өткен. Араққа тыйым салудың кезеңдері рет-ретімен келіп отырған. Мысалы, Құран кәрімде арақтың пайдасынан зияны көп болғандықтан шектеу қойылғандығы айтылады. Біздің ҚМДБ-ның басшылары мейрамдарды арақ-шарапсыз өткізуге үндеу жариялағаны белгілі. Мемлекеттің басты құндылығы адам болғандықтан, қоғамдағы оған залалын тигізетін кез келген нәрсеге шектеу қойылмаса болмайды. Ойлап қараңыздаршы, қоғамдағы түрлі зардаптар, орын алып жатқан апаттар, баланың ата-анасына қарсы шығуының артында не жатыр десеңіз, жауап – біреу. Ол – арақ! Қазір кей ағаларымыз “халал арақ” туралы айтып жүр. Бұған келісу қиын. Көршілеріміз Ресей, анау Америка арақ ішуге тыйым салуды күшейте бастады. Мысалы, Америка 1930 жылдары арақ ішуді азайтқан кезде бүйрек қабынуының азайғанын байқаған. Және де елінің әл-ауқатының артып, халқының тұрмысының оңала бастағанын сезінген.

Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктіц артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды. Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.

29 қазан — дүиежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап өтіліп жүрген даталы күн барын біреу білсе, біреу білмейді. Елімізде жылда тіркелетін кісі өлімінің 11 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын айтып отырған мамандар адамды ақылынан алжастыратын «әзәзілге» қарсы қоғам болып күресуге шақырады.

Наши рекомендации