Психодиагностиканың кеңес дəуірінде дамуы

Тəжірибиелік психология мен психодиагностиканың ғылыми практикалық пəн ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында жүзеге асты. Олар психофизика, психо- диагностика, психометрика, психотехникамен тығыз байланыста болды. Психодиагностиканың тарихы XIX ғасырда клиникалық даму кезеңінен басталды. Осы кезеңнен бастап психиатрлар мен дəрігерлер жан дүниесі сырқаттанған адамдарды ауруханаларда сырттай бақылау жасай отырып, нақты сипаттамалар береді. Пси- ходиагностикада бақылау, сауалнама, құжаттарға талдау жасау əдістері пайда болды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың ба- сында орыс психологиясы кеңінен дами түсті, психологиялық білім практикалық тұрғыдан қолданылды. Əлемдік білімнің дамуында Рессейдегі психологияның дамуы өзіндік орынға ие болды. Осы кез- де эволюциялық көзқарас 3 бағытта дамыды. 1-кезең – 20 жылдардың басы мен 30 жылдардың ортасы. Бұл кезеңде К. Н. Корнилова, Л. С. Выготский, П. П. Блонның көзқарастары мен белгілі бір əдістемелері ғылыми-əдістемелік тесттердің даму жағдайын қалыптастырды. Революцияға дейін пси- хологтар мен педагогтар көптеген зерттеулері мазмұндық тұрғыда біріктіріліп жүргізілді. Олар П. П. Блон, Г. И. Россолимо, А. П. Не- чаев, А. М. Шуберт еді. Зерттеушілердің көзқарастары мен жалпы қызметі əлеуметтік жағдайларды қамтыған психологиялық тесттерді пайдалану болды. 1910 жылыРесей психологыГ. И. Россолимо өзінің ақыл-ойды дамыту тестін тұлғаны бағалаудың «психологиялық профилдік» əдістемесі жолымен жасады. Бұл əдістеме Ресейде жəне басқа шетелдерде кеңінен тарады. Американың психологиялық ас- социациясы Роберт Эриксонның басқаруымен «Армиялық интел- лект» тестін жасады. Интеллектіні зерттеудің алғашқы топтық бұл 16 тестіне «интеллектуалды (сұрыптап) топтастыру» мазмұнымен 1 млн 727 мың американ солдаттары қатыстырылды. 2-кезең – 30 жылдардың ортасы 50 жылдардың аяғы. Бұл кезеңде əдіснамалық жəне теориялық мазмұндағы есте сақтауға арналған тесттер кеңінен пайдаланылды. Ауқымды теориялық жəне тəжірибелік жұмыстар, психодиагностикалық өлшемдер психологиялық-педагогикалық бағытта ұйымдастырыла бастады. Солардың ішінде, Герхард Витциактың екі іргелі монографиясы «Психодиагностика негіздері», «Преодаление учебной неуспевае- мости» жəне Юрген Гуткенің «Оқытудағы интеллектуалдық диагно- стика ерекшеліктері» еңбектерінің маңызы ерекше болды. Сонымен қатар, К. Гутьяраның «Психикалық қасиеттердің өлшемі», «Оқыту қабілетін диагностикалауға кіріспе» ұжымдық еңбектері жарық көрді. 3-кезең – практикалық психологияда сандық жəне сапалық тест əдістерін қолдану. Көптеген Ресейлік психологтар диагностикалық əдістерді қолдану қажеттегін дəлелдеуге қадам жасады. Олардың алғашқысы болған Б. М. Теплов өзінің «СССР-дағы психологиялық ғылым» атты мақаласында психодиагностикалық зерттеудің маңыздылығын баса көрсетеді. К. К. Платонов зерттеу əдістері бойынша бағалаудың үш түрін ұсынды: механикалық, формальды, құрылымдық. Ковалев пен В. И. Мясищев дифференциалды зерттеулер мен тестілеу əдістерінің қорытындысына дəл жəне анық қол жеткізудің жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, Л. Выготский, Ж. Пиаже, Дж. Брунер балаларға арналған ақыл-ойды дамыту, математикалық-статистикалық сапа- ларды анықтау тестілерін дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңес психологтары С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, А. Б. Ананьев жəне т.б. еңбектері, соның ішінде, іс-əрекет психология- сы ХХ ғасырдағы кеңестік психология ғылымында басты орынға ие болды. Сол кезеңде психология іс-əрекет барысында психикалық бейнелердің пайда болуы, қызметі мен құрылымы туралы ғылым ретінде қарастырды. Л. С. Выготскийдің (1896-1934) жан мəселелерін баяндайтын мəдени-тарихи теориясы ілімнің түрлі аспектілері 1982- 1984 жылдары Мəскеудің «Педагогика» баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мəселелер: 1. Жоғары психикалық функциялардың даму тари хы; 2. Жасөспірім психологиясы; 3. Жалпы психология пробле- малары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл жəне жазбаша тіл), көптілділік мəселелері қарастырылған. Тəуелсіз еліміздегі тіл мəселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары бүгінгі күнгі өзекті мəселе екенін ескерсек, осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мəселелері, соның ішінде көптілділікті балалық шақта қалыптастырудың мүмкіндіктері үнемі зерттеу нысаны болғанына көз жеткізуге болады. Сонымен қатар Л. С. Выготскийдің «Сөйлеу мен ойлау» проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, арақатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар. Л. С. Выготский «Диагностиканы өрістету жəне қиын баланың педалогиялық клиникасы» еңбегінде балалардың ақыл-ойы деңгейін анықтау үшін қолданылған психометриялық сынақтардың ғылыми маңызы жоқ деп тұжырымдады. Мұндай тəсіл арқылы қалыпты мек- теп оқушыларының ақыл-ой дəрежесін зерттеу қате қорытындылар беріп, ақыл-ойы қалыпты дамыған бала мен ақыл-ой дамуында кемістігі бар баланы бір топқа жатқызып шатастырылуы мүмкін деді.Психодиагностикалык əдістемелер ішінде белгілі болып сана- латыны «интеллект тесті», интеллектуалды дамудың жас мөлшерін анықтауға арналған əдістеме. Интеллектіні өлшеу объектісі ретінде жалпы туа пайда болған қабілеттер кез келген тапсырманы дұрыс орындаумен анықталады..

Наши рекомендации