Профилактикалық шаралар

1.науқастар жəне вирустасымалдаушылармен қатынасты шектеу,əсіресе жоғары

респираторлық аурушаңдық мезгілінде

2. бетперде кию жəне ЖРВИ ауруларымен отбасы мүшелерінің қол жууы.

3. бөлмедегі оптималды ауа режимін ұстап тұру

4. шынығулық шараларды жүргізу

Рі қарай жүргізу

1. егер нəресте нашарласа, іше алмаса немесе емшек сора алмаса, қызба пайда болса,

тыныс жиілесе немесе қиындаса (анасына қандай жағдайда жедел арада дəрігерге келуін

түсіндіру) учаскелік дəрігердің 2 күн немесе одан бұрын қайта қарауы

2. Пневмониямен ауырған балалар диспансерлік бақылауда 1 жыл бойы тұрады (тексеруді

1, 3, 6 жəне 12 айдан соң жүргізеді)

11. Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:

1. **Парацетамол 200 мг, 500 мг табл.; 2,4% флаконда, сироп түрінде; 80 мг

суппозитории;

2. **Амоксициллин 500 мг, 1000 мг табл.; 250 мг, 500 мг капсула; 250 мг/5 мл пероралды

суспензия;

3. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл , оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг,

875 мг/125 мг; флаконда 500мл/100мг, 1000мл/200мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік

ендіруге;

4. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг таблетка; 750 мг флаконда, инъекциялық ерітіндіні

дайындауға арналған ұнтақ;

5. *Цефтазидим 500 мг, 1 гр, 2г флаконда иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған

ұнтақ

6. *Азитромицин 125 мг, 500 мг табл.; 250 мг капсула

PDF created with pdfFactory Pro trial version www.pdffactory.com

7. **Амброксол сироп 1мг/5 мл; 30мг/5мл; 7,5мг/мл ерітінді.

8.*Итраконазол ауыз арқылы берілетін ерітінді 150 мл – 10 мг\мл.

Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:

1. *Сальбутамол100 мкг/доза, аэрозоль; 2 мг, 4 мг таблетка; 20 мл небулайзерге арналған

ерітінді;

2. *Кларитромицин 250 мг, 500 мг тал.;

3. **Эритромицин–250 мг, 500 мг табл.; 250 мг/5 мл пероралды суспензия.

12. Ем тиімділігінің индикаторлары:

1. Тыныс жиілігінің қалпына келуі

2. Қызбаның жоғалуы

3. Оң перкуторлық жəне аскультациялық динамика

Диагностика критерилері:

8.1 шағымдар мен анамнез:

жөтел;

Физикалық тексеру

1. жиілеген немесе қиындағын тыныс: 2 айға дейін > минутына 60;

PDF created with pdfFactory Pro trial version www.pdffactory.com

2 айдан-12 айға дейін > минутына 50;

12 айдан 5 жылға дейін > минутына 40;

5 жастан жоғары минутына 28-ден жоғары;

2. кеуде клеткасы төменгі бөлігімен дем тарут;

3. қызба;

4. ыңқылдап дем алу (нəрестелерде);

5. аускультативтік белгілер (əлсізденген немесе бронхиалды тыныс алу, майда көпіршікті

сырылдар, плевра үйкелісі шуылы);

6. қызба;

7. уыттану белгілері;

8.3 лабораторлық зерттеулер:

Қанның жалпы анализі (лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, лейкопения, ЭТЖ

жоғарылауы)

8.4 инструменталдық зерттеулер:

рентгенологиялық көрсеткіштер (өкпедегі «жаңа пайда болған» ошақты-инфильтративті

өзгерістер).

8.5. мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:

- пульмонолог – созылмалы ағымда жəне демікпелік тыныс болған кезде

Дифференциалды диагноз

ДИАГНОЗ немесе

ауру себебі Диагноз пайдасына

Пневмония

- Жөтел жəне жиілеген тыныс:

жасы < 2 ай > 60/мин

жасы 2 – 11 ай > 50/мин

жас 1 – 5 жас > 40/мин

- Көкірек клеткасы төменгі бөлігінің ішке тартылуы

- Қызба

- Аускультациялық белгілер – əлсіздеген тыныс, ылғалды

сырылдар

- Мұрын қанатының кебуі

- Уһілеген тыныс (ерте жастағы нəрестелерде)

Бронхиолит

-< 2 жастағы нəрестенің демікпелік тынысының бірінші

жағдайы

- Бронхиолоитпен аурушаңдықтың мезгілдік арту кезеңіндегі

демікпелік тыныс

- Көкірек клеткасының кеңеюі

- Ұзарған тыныс алу

- Аускультацияда– əлсіздеген тыныс (егер айқын болса өте

күшті – тыныс жолдарының түйілуін алып тастау)

- Əлсіз реакция немесе бронхолиттік заттарға реакцияның

болмауы

Туберкулез

- Созылмалы жөтел (> 30 күн);

- Салмақтың нашар дамуы/қалып қоюы немесе слмақө жоғалту;

- Оң Манту реакциясы;

- Анамнезде туберкулез науқсымен жанасу

- Рентгенологиялық белгілер: біріншілік кешен немесе

милиарлы туберкулез

- Үлкен жастағы балаларда қақырықты зерттеу кезінде

туберкулез микобактерияларының табылуы

- Дірілді өзіне тəн ысқырмалы тыныспен, құсумен, цианоз

PDF created with pdfFactory Pro trial version www.pdffactory.com

Көкжөтел

немесе апноэмен қатар жүретін пароксизмальді жөтел;

- Жөтел ұстамалары арасында өзін-өзі жақсы сезіну;

- Қызбаның болмауы;

- Анамнезінде АКДС вакцинасының болмауы.

Бөгде дене

- Тыныс жолдарының механикалық обструкциясының кнеттен

дамуы (нəресте «түйілді») немесе стридор

- Кейде демікпелік тыныс немесе кеуде клеткасының бір

жағынан патологиялық кеңеюі;

- Перкуторлық дыбыстың күшеюімен жəне аралықтың

ығысуымен ауаның тыныс жолдарында бөгеліп қалуы

- Өкпе коллапсының белгілері: əлсіздеген тыныс жəне

перкуторлық дыбыстың тұйықталуы

- Бронхолиттік заттарға реакцияның болмауы

Плевраның шығуы/

эмпиемасы

- Перкуторлық дыбыстың «тас» тұйықтығы;

- Тыныстық шудың болмауы

Пневмоторакс

- Кенеттен басталу;

- Перкуссия кезінде көкірек клеткасының бір жағындағы

тимпаниялық дыбыс;

- Аралықтың жылжуы

Пневмоцистті

пневмония

- Орталық цианозбен 2-6-айлық нəресте;

- Көкірек клеткасының кеңеюі;

- Жиілеген тыныс;

- «барабан таяқшалары» тəрізді саусақтар;

аускультациялық бұзылыстар болмаған кезде

рентгенограммадағы өзгерістер;

- Бауыр, көкбауыр, лимфа түйіндердің ұлғаюы;

- Ана мен балада оң ВИЧ-тесті

9. Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Жалпы қан анализі (6 параметр);

2. Жалпы зəр анализі.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Педиатрдың қабылдауы.

2. Жалпы қан анализі (6 параметр ).

3. Сыртқы дем алу қыземтін өлшеу.

4. Аллерголог консультациясы.


Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Кеуде клеткасының рентгенографиясы.

2. Бронхоскопия.

3. Бронхография.

4. Кеуде клеткасы ағзаларының компьютерлік томографиясы.

Мейірбике рөлі

Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері:демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінік. Науқас жағдайын бақылауды қамтамасыз ету;

1) Кеуде торының ауруы -

Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:

·Дәрігерге айту

·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу

·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз

·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді беру

·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек

·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.

2) Ентігудеп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.

Ентігудің 3 түрі бар:

- инспирациялық ентігу кезінде - дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.

- экспирациялық ентігу кезінде - дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).

- аралас ентігу кезінде - дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).

·Көмек: Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

Дәрігер келгенше:

·Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз

·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз

·Палатада тыныштық орнатыңыз

·Науқасты тыныштандырыңыз

·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы

·Егерде бронх демікпесі болса қалта ингаляторын қолданыңыз (алупент, сальбутамол, беротек)

·Келесі іс-әрекеттерді дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізіңіз: көк тамырға эуфиллин 2,4, преднизалон, дексаметазон т.б. дәрілерді енгізу керек.

4) Жөтелу - тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.

Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда болады.

Көмек:

Құрғақ жөтел кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді тағайындаймыз.

Ылғалды жөтелкезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру және оны қолдану үйрету.

Қалта түкіргішін қолдану ережелері:

Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.

Іс -әрекеттер кезектілігі:

1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру

2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру

3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼-не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.

4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп тастау керек, ал түберкулез ауруында – опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.

5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).

6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.

5). Қақырықбұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті. Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір формасында тәулік бойында қақырық 1-2 рет ғана бөлінеді. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді. Қақырық көбінесе иіссіз болады.

Цианоз - терілер мен кілегей қабаттардың көк түске боялуы. Ол акроционоз және диффузды цианоз болып екіге бөлінеді.

Наши рекомендации