Мүгедектердің құқықтары

Мүгедектерге арналған мамандандырылған мекемелердің мониторингі көрсеткеніндей Уәкілдің алдыңғы жылдық есептері мен “Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері” арнаулы баяндамасында көрсетілген көптеген проблемалар 2005 жылы шешімін таппаған.
Бұрынғыша мүгедектер арбасы паркін толықтыру проблемасы өзекті болып отыр, үй-жайды жабдықтау кезінде мүгедектердің маңызды мұқтаждықтарына жеткілікті назар аударылмайды. Осыған байланысты, мүгедектерге арналған жаңа буындағы қозғалу құралдарын сатып алу және “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының мемлекеттiк стандарттарға сәйкес елдi мекендердi жобалау, салу және оларда құрылыс жүргізу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерiлетiн және қайта салынатын аумақтар мен басқа елдi мекендердi абаттандыру кезiнде мүгедектердiң тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндiрiстiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кiрiп-шығуын қамтамасыз ету туралы 25-бабын іске асыру бойынша іс-шаралар қабылдау қажет.
Мүгедектерді еңбекпен қамту және жұмыспен қамту мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді, өйткені еңбекпен қамту мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға кірігуін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады. Мүгедектерді, әсіресе жас адамдарды кәсіби оқыту жағдайын жақсартқан жөн.
Мамандандырылған мекеме қызметкерлерінің тарапынан қарамағындағылармен дөрекі қатынасының алдын алу үшін мекеме персоналдары үшін оқыту семинарларын өткізген жөн деп санаймыз. Бұл ретте, мамандандырылған мекемелердің штатын білікті мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор олардың әлеуметтік қорғалу деңгейі болып табылатынын ескеру қажет.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған мекемелерді қаржыландыруды арттыру бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл қарамағындағыларды аяқ киіммен және киім-кешекпен қамтамасыз етуді, кітапхана қорын толықтыруды жақсартуға мүмкіндік береді. Интернат үйлеріндегі кітапханаларда құқық қорғау әдебиеттерінің болуы мүгедектердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.
Мүгедектердің интернат үйлерде тұру жағдайын жақсарту мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың мүгедектер құқықтарын қорғау мониторингін қолдау, осындай ҮМҰ-ды дамытуға, олардың халықаралық қорлармен және ұйымдармен байланыстарын дамытуға ықпал еткен жөн.

Пенитенциарлық мекемелердегі адамдардың құқықтары

Сотталғандар мен қамауға алынған адамдарға қатысты азаптау барлық әлемдік қоғамдастық үшін өзекті проблема болып отыр. 2005 жылы 6-8 желтоқсанда Нью-Йоркте (АҚШ) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өткізілген Адам құқықтарының халықаралық күні азаптауға қарсы күреске арналды. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары Луиза Арбур баяндамасында азаптау проблемасын 2005 жылы Адам құқықтарының халықаралық күнінің тақырыбы ретінде белгілеуге негіз болғаны кейбір мемлекеттердің адам құқықтары саласындағы халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне соңғы кезде байқалып отырған бейімділігі деп атап өтті.
Осыған байланысты, Қазақстанның мемлекеттік органдарына Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция сынды республика қол қойған халықаралық құжаттарды тыңдап қана қоймай, БҰҰның сотталғандармен қарым қатынастың ең төменгі стандартты ережелерінде бекітілген БҰҰ-ға қатысушы мемлекеттер үшін ортақ халықаралық стандарттарды сақтауға барлық күш-жігерін салу қажет. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенция нормаларының сақталуы туралы кезекті баяндама беру керектігін ескере отырып, БҰҰ азаптауларға қарсы комитетінің ұсынымдарына ерекше назар аудару қажет.
Қазақстанның Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiне қарсы конвенцияның орындалуы туралы бірінші есебі 2001 жылы қорғалған болатын. Келесі есеп 4 жылдан кейін, яғни 2005 жылы қорғалуға тиіс. Алайда, елдің есебі жыл бойы дайындалған жоқ. Есеп беруді бұлайша кешіктіру мемлекет беделін, азаптауды болдырмау саласындағы жасалған бастаманың маңыздылығын едәуір түсіреді. Қазақстанның басқа да барлық құқық қорғау шарттары бойынша есептілігі белгіленген мерзімді сақтай отырып жасалады. Осыған байланысты, Қазақстанның екінші мерзімді есеп дайындауы бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет.
Қылмыстық атқару саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, пенитенциарлы мекемелердегі қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта дайындау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті қызметінің басым бағыттарының бірі болуға тиіс.
Пенитенциарлық мекемелер қызметін заңды реттеу саласындағы проблемалар шешуді талап етеді. “Әділет органдары туралы” 2002 жылғы 18 наурыздағы № 304 ҚР Заңы ҚР Әділет министрлігінің қарауындағы қылмыстық атқару жүйесі қызметінің бірқатар мәселелерін реттемейді. Қазақстанның ғылыми қоғамдастығында соңғы бірнеше жыл ішінде “Қазақстан Республикасындағы қылмыстық атқару жүйесі туралы” арнайы заң қабылдау қажеттігі туралы мәселе белсенді талқылануда, онда қылмыстық атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, пенитенциарлық жүйеде өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайы реттелетін болады. Заңды қабылдау мемлекеттік орган ретінде қылмыстық атқару жүйесі қызметінің тиімділігін арттыруға, практикада сотталғандарды тәрбиелеудің озық, ғылыми негізделген әдісін кең қолдануға, қылмыстық жазаларды атқару жүйесін қолданудың оң нәтижелерін ұлғайтуға, қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты жақсартуға және пенитенциарлық рецидивтерді төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ҚР Қылмыстық атқару кодексінің бас бостандығынан айыруға сотталғандарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету нормасын қамтитын 95-бабының қолданыстағы редакциясына өзгерістер енгізу қажет. Осы баптың 4-тармағы жалақы алатын сотталғандар мен зейнетақы және жәрдемақы алатын сотталғандар, арнаулы тамақ пен арнаулы киiмнiң құнын қоспағанда, тамақтың, заттай мүлiктiң және коммуналдық-тұрмыстық қызметтiң құнын өтейдi деп бекітеді. Біздің көзқарасымызша, осы норма ұстау бюджет қаражаты есебінен төленетін сотталғандарға қатысты кемсітушілік болып табылады және бұған қоса сотталғандарды еңбекке уәждемелеуге және оларды түзетуге теріс әсер етеді.
Уәкіл болған мекемелердің мониторингі нәтижесінде Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару жүйесінің барлық мекемелеріндегі сотталғандарға қол жетімді білікті заңды және психологиялық көмек көрсету жүйесін құру қажеттігі айқындалды. Бұл сотталғандармен жұмыс жүргізудің дербес бағдарламаларына көшуге, жеке-психологиялық факторларды зерделеуге, сотталғандардың криминалдық-адамгершілік ауытқуын жоюға мүмкіндік береді.
Сотталғандардың көбін алдағы болашағы мазалайды, өйткені олардың көпшілігі босатылғаннан кейін жұмыссыздар қатарын толықтырады. Адамның қоғамнан оқшау жағдайда ұзақ болуы жеке адамның санасы мен психологиясын өзгертеді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар көбіне әлеуметтік байланыстары жоғалған, тұрғылықты жерлері, тіршілікке қаражаты жоқ, еңбекке қабілеті мен кәсіпшілігі жоғалған, сондай-ақ күнделікті еңбегімен өмір сүруге табыс таба білмейтін болады. осыған байланысты, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту жүйесін әзірлеп, оның әрекет ету тетіктерін енгізу қажет.

Наши рекомендации