ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін. 1 страница

Гормония дисгормония

1:«Харизма» туралы жалпы түсінік( гр. Тарту)– жеке тұлғада оғанбас игізетіндей және оның мүмкіндіктеріне сөзсіз сенетіндей қасиеттер бар деп білу.Х. көбіне айрықша тарихи жағдайларда пайда болады. Харизмалық жетекшінің діни немесе саяси аренадағы қабілеттері тылсым мәнде ұғынылып ,құтқарушы деп табыну шығады . Х. Оған сәйкес әлеуметтік – психологиялық қажетсіну болғанда қалыптасады. Харизма - ( гр.charisma - шапағаттылық, құдай берген дарын) - аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады. Ұғымды әлеуметтік-саяси ғылымға енгізген Э.Трельч (1865- 1923) және М.Вебер (1864-1920). Вебер харизмалық үстемдіктің ерекше түрін анықтап, оны дәстүрлі және заңды үстемдікке қарсы қойды. Оның пікірінше, харизмалық үстемдік - айтқанын екі етпей, бұлтақсыз көнетін, ерікті түрде бағынатын, харизмалық билеушінің таңдаулы екендігіне сенетіндер қолдайтын "көсемнің билігі".[1]

Харизма — жеке тұлғада оған бас игізгендей және оның мүмкіндіктеріне сөзсіз сенетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл феномен топтасу процесінде өз мұраттарын жеке бір адамға түгелдей дарыған деуге бейім шағын және әсіресе үлкен топтарға тән. Харизма көбіне экстремальды тарихи жағдайларда пайда болады. Харизмалық лидерге оның жақтастарының барлық жетістіктері байланыстырылады, тіпті оның көріну кемшіліктері дәріптелуге дейін барады. Харизмалық лидердің діни немесе саяси аренадағы қабілеттері тылсым мәнде ұғынылып, құтқарушы деп табыну шығады. Харизма оған сәйкес әлеуметтік-психологиялық қажетсіну болғанда қалыптасады. Топтық психологияның феномені ретінде Харизма, әдетте, өңінің айналдырылған түрінде қабылданады: барлық назар харизманы жасаушы ізбасарларға аумай, лидерде болады. Харизмаға өтпелі сипат берушілік, оның мұрагерлеріне тарату, иерархиялық тұрғыдан орнықтыру әрекеттері болады.

2:Адамаралық және көпшіліктік қарым-қатынас . Сөйлеу мәдениеті және шешендік өнер.Ойшылдарға сүйене айтсақ, шешендік – кісі көркі, ақылмен билеу өнері. Дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын баурап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін бізге берілген сый. Кез келген нақтылы зат туралы шебер сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу. Біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой тербелісінен туындай келе, білгірліктен кейін тұрады. Сөз бен ойға негізделеді. Биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жөн-жосықтарын жүйрік танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетінен мол хабардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас. Демек, жас тұлғаға қажетті шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдардың жарқындылығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі жандардың, ұлағатты туындылардың тағылым-тәрбиесі, өз дүниетанымының нәтижесі.

Ел алдында шебер, шешен сөйлеу көп еңбектену, оқып, үйренуді талап етеді. Шешен адамдарда негізінен, сөз көркемдігі ой тасқынынан табиғи түрде туындап жатады. Көркемдік талғам мен шешендік тәсілдерді дұрыс пайдалана білген адам ғана эстетикалық әсер ету күшіне ие бола алады. Сонда шешендік өнерге көп сөйлеп, оны сынатып үйренуге болады ма, әлде оған жазып дайындалған дұрыс па? бұл орайда әйгілі шешен, данагөй Цицерон былай дейді: «Қалам – көркем сөздің ең жақсы жаттықтырушысы. Басқалардан үйренуде ең өнеге тұтарлығына теңесуге ұмтылу керек. Өзің үлгі еткен шешеннің жақсысының бәрін алуға тырыс. Оңайын, көзге түсіп тұрғанын ғана емес, ең маңыздысы – шынайы шеберлігіне жету. Ол еліктеу болып кетпеуі керек. Мықтыға қанша ұқсап тұрсаң да, көшірме түпнұсқадан ылғи да көш төмен болады. Халық алдында сөйлеу үшін сөзіңнің өзіндік «бейнесі», өз мәнері болғаны абзал.... Егер өнердің басқа саласындағы аты мәлім шебер бір ісін кездейсоқ дағдыдағысынан нашар орындап қалған болса, оны ол өзі әдейі жасады ма, не денсаулығына байланысты сөйтіп қалды, дей салады... Ал, егер шешеннен сондай бір осалдық тапсыншы, оны тек ақымақтық деп санайды, ал ақымаққа кешірім болмайды. Өйткені адам көңіл-күйге немесе іші ауырғанға байланысты ақымақ болмайды».Тілдік амалдар – сөз тудыру, сөйлем құрау ережелері. Олар – көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Соның нәтижесінде тіл – жұрттың бәріне бірдей түсінікті қатынас құралы. Сөйлеудің әр коммуникативтік жағдайына сәйкес ыңғайланған стилі болады.Тіл мәдениеті – тіл білімінің әдеби тілінің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейді. Тіл мәдениетінің тілдің басқа салаларынан айырмашылығы оның күнделікті өмірде тілдің қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен жақсы қарым-қатынаста болуы. Тіл мәдениеті қамтитын тілдік норманың 3 түрі:

1. Тілдік норма (лексика, сөз жасамдық, грамматика, дыбысталу нормасы).

2. Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері).

3. Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Сөйлеу мәдениеті орфоэпикалық нормаға негізделген. Күнделікті қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің негізгі қағидалары – сөйлеу әдебі, тыңдай білу әдебі, мәдениет мәйегі ескерілуі тиіс.Сөйлеу әдебі.Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

1. Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану.

2. Қолды сермеуге, қатты күлуге, мәнсіз майысуға, аса қатты сөйлеуге немесе міңгірлеуге болмайды.

3. Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік, білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті жоқ.

4. Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеу керек.Тыңдай білу әдебі.Тыңдай білуде мыналарды басты назарда ұстау керек:Кісімен сөйлескенде оның жүзіне сыпайылықпен назар сап, айтайын деген ойын сабырмен тыңдап, асықпай, сөзінің аяғын күткен дұрыс. Сөйлесіп тұрғанда мән бермеу, теріс айналу, сағатқа қарау, шыдамсыздану әдепсіздікке жатады. Өзгелердің сөзіне рұқсатсыз араласпау керек. Қажет болғанда, “ғапу етіңіз, сөзіңізді бөлемін” деп барып, айту керек. Келіспейтін жағдайда шыдамдылықпен тыңдап, пікіріңді орнықты, дәлелмен сабырлы жеткізе білу керек. Тыңдау екі түрлі болады:1. Үндемей, сөйлеушінің сөзін бөлмей тыңдау.2.Сөзге араласып, өзара ой алмасып отырып тыңдау. Сөйлеуші адамның мінез- құлқы, жасы, жынысы, әлеуметтік жағдайы ескерілуі тиіс.Мәдениет мәйегі.Адамның жан дүниесін тануға деген құлшыныс, ой-сезіміне деген құлықтылық, жүрек түкпіріндегі мұң-сырына ортақтасауға деген бейімділік, қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайрымдылықты қастерлейтін игі дәстүр, балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұту – рухани өміршеңдік, әдептіліктің, мәдениеттің басты көрінісі. Жан баласын жатсынбайтын, өзгелерге түсініспен қарайтын, болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр қасиеті – қазақ мәдениетінің мәйегі. Тіл табыса білу – өнер. Ауызекі сөйлеу және тыңдау мәдениеті. Сөз мәдениеті ауызекі тіл мәдениеті және жазба тіл мәдениеті болып бөлінеді.Ойдың және сөйлеудің дамуы.Әркім өзінің басындағы ойларын басқаға айтып, түсіндіру үшін оған лайықты сөз таба білуге тиісті. Егерде ондай сөз таба алмаса, ол ой иесіне де шала, түсініксіз болып қалады. Яғни, ойдың дамуы сөйлеудің дамуымен өте тығыз байланысты. Адам көп мәдениетті болу үшін үнемі сөйлеу мәдениетін жетілдіріп отырауы керек. Сыртқы сөйлеу ауызша, жазбаша болып бөлінеді. Бұлардан басқа ауызша сөйлеудің мынандай екі түрі бар: 1. Диалогтық сөйлеу.2. Монологтық сөйлеу.Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі.
3:Әлеуметтік әрекеттестік пен қарым – қатынас мәселесі- Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасады.

Жоғарыда айтылғандай, адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың, олардың өзара тілдесе білуінің құпия-сыры мен кілті неде деген мәселенің шешімін табу-қазіргі өмір талабы болып отыр.

Егер әлеуметтік психология ең алдымен, адамзаттың іс-әрекетіндегі заңдылықтарын талдайтын болса, онда ғылым эмпирикалық айғақтармен байланысты болады. Бұл айғақ адамдардың бір-біріне әсері мен қарым-қатынасы болып табылады.

Қарым-қатынас –адамдардың бір-бірімен байланыс жасайтын процесі. Адамдар мен жануарлардың өмірін қарастыра келгенде байланыстың 2 түрін қарастыруға болады: табиғатпен байланыс және тірі табиғатпен байланыс. Қарым-қатынас барлық жоғары тірі ағзаларға тиесілі. Ол адамдар деңгейінде нағыз формасына ие болып, саналанған және сөйлеумен тығыз байланыста болады.

4:Әлеуметтік перцепция туралы түсінік . қарым – қатынастың перцептивті жағы Әлеуметтік перцепция д\з адамдардың бір-бірін тану және түсінуінің бірегей құбылысын түсіндіруге тырысатын күрделі , көп құрамды ұғым. «Әлеуметтік перцепция» ұғымы

· Бақыланатын мінез-құлықты қабылдау процесі

· Қабылданған мінез-құлықты мінез – құлық себептері мен күтілетін салдарлар терминдерінде өңдеу (интерпретайиялау)

· Эмоциялық бағалау

· Өз мінез-құлқын құру стратегиясы.

Тұлғааралық қарым-қатынастың пайда болуы мен табысты іске асырылуы ,егер де оған қатысушылар арасында өзара түсіністік болған жағдайда ғана мүмкін . Адамдардың бір-бірінен ерекшелік мен сезімдерін қалай бейнелейтіні , өзгелерді және солар арқылы өз-өздерін қалай қабылдап , түсінетіндігі көп жағдайда қарым-қатынас процесінің өзін , серіктес арасында орнайтын қатынастарды өзара әрекеттесу иәсілдерін анықтайды . Қарым- қатынас барысында бір адамның басқаны тану және түсіну процесі қарым-қатынастың міндетті құрамдас бөлігі болып табылады . Бұл процесс шартты түрде қарым –қатынастың перцептивті жағы деп

Перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдауы, тануы (түсінуі) , соның негізінде өзара түсіністіктің пайда болып қалыптасуы.

Әлеуметтік перцепция-қарым қатынас үрдісінде бірін бірі өзін өзі түсіну мен тану.әлеуметтік перцепцияның қызметтері

-өзін өзі тану

-қарым қатынас серігін табу

-түсінісу негізінде өзара іс әрекет ұйымдастыру

-эмоциялық қатынас орнату

5,Әлеуметтік стереотип туралы түсінікӘЛЕУМЕТТІК ТАПТАУРЫН (СТЕРЕОТИП) – жеке тәжірибе мен қоғамда қабылданған түсініктерді жалпылау нәтижесі ретіндегі ақпараттың жетіспеушілігі жағдайында қалыптасатын әлеуметтік объектілердің – топ, адам, оқиға, құбылыс және т.б. – салыстырмалы тұрақты және қарапайым бейнесі. Ә.т. тер- мині американдық журналист У.Липман тарапынан 1922 жылы енгізілген. Ә.т. адамның дүниені бағалауында алатын рөлі зор, себебі ол өзгермелі ақиқатқа жауап қайтару уақытын қысқартып, таным процесін жылдамдатады. Алайда, шектелген ақпарат жағдайында пайда болып, Ә.т. жалған болуы мүмкін және адамдар жөнінде қате білімдер мен пікірлерді қалыптастырып, тұлғааралық өзара әрекеттестікті, қарым-қатынасты бұзады, осылайша консервативтік, реакциялық рөлді ойнайды.

6,Әр жас шамасындағы баланың қарым – қатынасына сипаттама . Баладағы госпитализм құбылысы , себебі. Бала өмірінде екінші жас ерекше маңызды. Баланың жүруді меңгеруі кейіп - кескінді өзгертіп, сенсорлық дамуды тездетуге мүмкіндік туғызады, екінші сигналдық жүйенің қалыптасуы бала өмірінің екінші жылын ерекшелейді.Бала өмірінің екінші жылында сөйлейді, жүре бастайды, заттармен әрекет жасаудың қарапайым тәсілдерін меңгереді. Ол әлі де ересектердің көмегін қажет етеді, бірақ сәбилерге қарағанда, онда талпыныс, ересектерге түсіндіре білуге деген ұмтылыс пайда болады. Екі жас - тіл дамуы өте қарқынды өтетін, тілді үйретуге ерекше сезімталдық байқалатын тіл дамытудағы «сензитивті» кезең. Бала екі жасында ересек адамдардың сөздері мен сөйлемдеріне еліктеп, тілдерін түсіне бастайды. Оның белсенді сөздік қоры өседі, бала тілдің грамматикалық құрылысын меңгереді, сөйлемдерді қолдана бастайды.Лисина қарым –қатынасты 4 түрге бөлген1. Туғанан -1 жасқа дейін .2. 1-3 жас аралығы 3. 4-5 жас аралығы жағдайдан тыс танымдылық. 4. Ата ана мен бала арасындағы жеке тұлғалық қарым қатынас .Госпитализм – жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс үлкендермен қарым-қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды.

7,Баланың сөзінің алғаш қалыптасуы . Автаномды және эгоцентрлі сөйлеу Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді.
Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең. Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi. Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады, дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:
1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;
2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;
3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру;
Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару ( тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты. Баланың өз ойын білдірудегі қолданылатын сөзін "автономды сөйлеу" деп атайды. В.С.Мухина баладағы автаномды сөздердің пайда болуының 3 жағын көрсетеді: 1.Автаномды сөздер баланың анасы мен тәрбиешісінің қарым қатынаста жиі қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан. балаға қолайлы ойдан шығарылған сөздер. 2.Автаномды сөздер- бұл баланың бұрмаланған сөздері. Дыбыс артикуляциясының толық меңгермеген бала сөйлеуде еріксізден көздің дыбыстық тіршілік өзгертіп айтады. 3.Бала автономды сөздерді өздігінен ойлап та қолданады. Эгоцентрлік сөйлеу - мектеп жасына дейнгі баланың ойын үстінде өзімен өзінің сөйлуі. Эгоцентрлік сөйлеу коммуникативті сипатта болғанымен, баланың қасиетіне, талап- тілегіне қызмет етеді. Кей жағдайда мұның құрылымы іштей сөйлеуге ұқсайды. Эгоцентрлік сөйлеуді баланың автономды сөйлеуі деп те атайды. Эгоцентрлік сөз сөйлеу сыртқы, ауызекі сөйлеуге өтудің аралығында тұрған көпір іспеттес психологиялық акт. Мұның сыр- сипатын бала психологиясының белгілі Ж. Пиаже жан- жақты қарастырған.Ж. Пиаженің ойынша, бала ойлауының дамуы – бұл эгоцентризмнен децентрацияға ұласатын ой операцияларының алмасуы. Зерттеуші ол үдерістің үш кезеңін көрсетеді: субъекті мен объектінің теңдестірілуі, өзін жəне қоршаған əлемді ажырата алмаушылық; эгоцентризм – дербес ұстанымы бойынша əлемді тану, пəнге қатысты əртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық; Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу. Пиаженің бала

ойлауының эгоцентрлігі жайлы феноменді ашуы оның ең үлкен жаңалығы болды. Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған əлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Бала ойлауының дамуы өзара байланысқан үш бағытта жүзеге асады. Біріншісі – əлемнің объективті жəне субъективті қабылдау түріне ажыратылуы. Екіншісі – субъектінің ақыл-ой ұстанымының шексізденуінен ықтималды ұстанымдардың қатарын реттеуге дейін ақыл-ой ұстанымының дамуы. Үшінші бағыт ойлаудың дамуын жеке заттарды қабылдаудан олардың арасындағы байланыстарды қабылдауға қозғалыс ретінде сипаттайды.

8,Баланың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны Л.И.Ожегов: «Тіл мәдениеті -бұл өзінің ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алу білігі. Дұрыс сөз дегеніміз әдеби тіл нормасы сақталған сөз. Тілдің нормасы – бұл коғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, грамматика, сөз қолдану ережесі. Ойын жеткізуде дәл әдіс таба білу ғана емес, сондай-ақ орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды . Сонымен, тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі. Отбасы жасөспірім үшін әрі тіршілік ету ортасы, әрі тәрбиелік орта болып табылады. Бала өмірінің алғашқы кезінен-ақ басқа әлеуметтік тәрбие әсерлерімен салыстырғанда ата-ананың орны ерекше болады. Баланың алғашқы былдырлаған тілінен жоғары мәдениетті тілін қальштастыруда ата-ананың ролі үлкен. Әр отбасы бала тіліне немқұрайлы қарамай, үлкен мән беріп, жауапкершілігін түсіне отырып әрекет етуі тиіс.Зерттеушілер балалардың сөйлеу тілі даму кезеңдерінің әр түрлі санын бөледі, оларды әр қилы атайды, олардың әр алуан жас шекараларын көрсетеді. Мысалы, А.Н.Гвоздев баланың сөйлеу тілінде әр түрлі сөйлем мүшелерінің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің сан алуан түрлерінің пайда болу реттілігін бақылайды және осының негізінде бірқатар кезеңдерді бөледі.

Г.Л.Розенгард-Пупко бала тілінің дамуында 2 кезең ғана бөлді: дайындық (2 жасқа дейін) және сөйлеу тілінің өзіндік даму кезеңі.

А.Н.Леонтьев бала тілінің дамуында 4 кезеңді белгіледі:

І кезең – дайындық – 1 жасқа дейін;

ІІ кезең – тілді бастапқы меңгеру мектепке дейінгінің алдыңғы кезеңі – 3 жасқа дейін;

ІІІ кезең – мектепке дейінгі кезең – 7 жасқа дейін;

ІV кезең – мектептік – 17 жасқа дейін.

9,Вербальды емес коммуникация құралдары (Н.И.Шевандрин) Коммуникацияның вербалды және вербалды емес деген екi түрi болатыны алдағы тақырыптарда айтылды. Вербалды коммуникация адам өмір қызметтiң кез келген аласында басшылық ететiн сипатын алады. Сөз дұрыс қолдану әр бір мамандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір бөлігі. Вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін қосады. Психологтар ауызша емес сигналдардың оқуы тиiмдi қарым-қатынастың ең маңызды шарты болып табылғанын санайды. Адам 70% мәлiметтерді (визуалды) көру каналы бойынша қабылдайды.

Наши рекомендации