Интеллектің факторлы модельдері

Интеллект классификациясы субстанционалды, яғни теоретикалық деңгейде.

К.Спирмен интеллектіні жалпы фактор ретінде қарастырды. Яғни интеллектуалды тесттерден бір түрлі орындауда жағымды нәтиже алған зерттелуші басқа тест түрлерінен де оң баға алады. Мысалы: ойлау әрекетіне арналған тестті жетістікті орындаған адам, басқа таным қабілеттерін анықтауға арналған тесттерді жетістікті орындайды. Әртүрлі интеллектуалды тесттреді орындау нәтижелері арасында корреляциялық байланыс бар. Спирменнің моделі интелектің 2 факторлы моделі деп аталды.

G - «ақыл-ой энергиясы» ретінде анықталады

S – «интеллектуалды белсенділік» немесе тест тапсырмаларының спецификасын айқындайды.

Кейіннен интеллект 2факторлы моделі тағы факторлармен толықтырылып Спирмен моделі иерархиялық модельге ауысты. Бұл факторлар механикалық, арифметикалық және лингвистикалық(вербальды) қабілеттіліктер, олар S және G факторлар арасында орналасты.

Л. Терстаун моделі. Л.Терстаун интелект теориясы жалпы интелекттің бар болуын жоққа шығарады. Ол зерттелуші орындаған интеллектің іс-әрекетін анықтауға арналған 60 тестің жауаптарына корреляция жасады. Сөйтіп, бірнеше факторлар тобын анықтады. 7 фактор «біріншілік ақыл-ой қабілеттері» деген атқа ие болды. Олар:

P: қабылдау-көрнекілік образдарда бөлшектеу қабілеттілігі.

N: есептеу- арифметикалық әрекеттерді орындау қабілеттілігі

V: вербальды түсіну-текстер және сөздер мағынасын түсініп, ашу қабілеттілігі

F: үстірт(беглость) сөйлеу- ұсынылған критерий

U: сәйкес жылдам сөз табу(подобрать)

M: ес-мәліметті тез есте сақтап жаңғырту қабілет.

R: логикалық пайымдау- әріп, сандар, фигуралар тізбегінлегі заңдылықты анықтау қабілеттілігі.

Нәтижесінде бір көрсеткіш қолданылуы мүмкін емес, белгілі бір интеллектуалды операция тобына жауап беретін, сәйкес ақыл-ой қабілет профилі қолданылуы тиіс деген қорытынды жасалды. Алайда зерттеулер көрсеткендей анықталған факторлар толықтай тәуелсіз болуы мүмкін еместігін көрсетті. Әрбір көрсеткіш бір-бірімен арақатынаста болады, яғни біртекті G факторы бар екендігін көрсетті.

Дж. Гилфорд моделі. Л.Терстоунның интеллектуалды қабілетінің сан-қыры туралы жұмысы американ психологы Дж.Гилфордтың еңбектерінде жалғасын тапты. Ол интеллектуалды қабілеттердің әртүрлі сипаттау моделін ұсынды. Гилфордтың санқырлы(многомерная) құрлымдық моделі үш критерийге негізделді.

1. Ақыл-ой операцияларын орындау түрі(таным, есте сақтау, баға, конвергенция, дивергенция)

2. Интеллектуалды әрекет материалының мазмұны(объекттік, символикалық, семантикалы қылықтық(поведение))

3. Нәтиженің түрлері(бірлік, класс, қатынас, жүйе, трансформация, пікір)

Сонымен интеллекттің әрбір бағаланатын фактор, бір критериймен байланыста болады.

Гилфордтың классификациялық үлгісінде 120 фактор тіркелді. Гилфорд зетрттемелеріндегі жетістіктерді байланыстыруға болмады, яғни интеллектіні бір қабілеттілік ретінде қарауға болмайды деген тұжырымға келуге болады.

28 тамыз 1959ж («Америка психологы» атты журналда Джой Пол Гилфордтың «Интелекттің үш қыры» атты мақаласы шықты. Мақала Гилфордтың 13 сәуір 1959 ж Стэнфорд университетінде оқыған лекциясының стенограммасы еді. Гилфорд интеллект қасиеттерін классификациялау кезінде жүйелі сипаттама берді.

Теориялық жағынан бұл модель қызықты болды, бірақ практикада қолдану қиындық қалыптастырды. Сондықтан бұл модель теориктер арасынан үлкен қолдау тапты.

рациогналды тәсілін меңгеру болып табылады. Мұндай мәсілдер болашақта жалпыланып, қабілеттің бір бөлігі бола бастайды.

Қиял дамуының бірінші (заттық ортаға сүйену) деңгейі бағдарламаның әр бөлігінде бала әрекетін ұйымдастырудың заттық мәнін алға міндет етіп қояды.Егер бала міндет - мақсатпен мағынасы айқын белгіленген жағдайға кезіксе, онда мұндай ситуация баланың шығармашылық бастамасына және қиялының дамуына кедергі жасайды. Ол міндеттердің шарттары сырттан ұсынылады, ал негіздерімен мақсаты жуық даму аймағының шарттарын түсінуге байланысты.

Осылайша, бірінші денгейдің ойындарымен тапсырмалары оқушылардың шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту үшін ерекше заттық ортаны тудырады, себебі балалар нақтылы заттар мен құбылыстарға тәуелді болады.Осы тенденция қиял дамуының екінші денгейінде де сақталады. Екінші деңгейінде қиялды дамыту нақтылы жағдаймен емес, баланың өз тәжірибесімен анықталады. Сонымен, қиял дамуының екінші кезеңіне кіретін ойындар мен тапсырмалар балаға өзі өткен тәжірибеге (таныс шығармалар және т.б. суреттері, кейіпкерлері) қиялын шарықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, үшінші денгейдің ойындары мен тапсырмалары қиялды, орта буын оқушыларының шығармашылығын дамытудың негізгі көзі болып табылады. Осы ойындарды ойнап, тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бойында ерекше ішкі позиция қалыптасады. Бала ситуациясының ішкі механизмі де осы ішкі позицияда болады.

Біздің пікірімізше, интеллектінің дамуының негізі – интеллектуалды және креативті даму ерекшеліктері мен олардың өзара байланысы мен өзара тәуелдігі, шығармашылық таным сипаттамалары эксперименталды зерттелінуі керек.

Шығармашылық дамудың көрсеткіші ретінде қазақ мектеп оқушыларының интеллекттерінің даму жағдайын экспериментті зерттеу сипатталынған. Қазақ мектептеріндегі оқушылардың интеллектуалды дамуының диагностикалық нәтижелері қарастырылып, мектеп мұғалімдеріне дарынды, қабілетті баланы қалай түсінетіндіктерін анықтау мақсатындаанкеталар, сұрақнамалар жүргізу арқылы «творчестволы қабілетті бала» моделін жасап алынса, одан әрі жұмыс жасауға жеңіл болады.

Интеллектуалдылықты диагностикалау туралы сұрақ үнемі тұрады. Адамда шығармашылық қабілет бар екенін қалай бағалауға болады? Интеллект қабілетінің көрінуін анықтау үшін тапсырмаларды шешу жеткілікті, ал творчествоны қалай бағалау керек? Шығармашылық қабілет диагностикасының интеллект тестінен айырмашылығы баршылық.

Шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерді диагностикалауға бағытталған тестілік тапсырмаларды осыған ұқсас өзгешеліктердің болуы – шығармашылық қабілетті көрсетуге арналған идеалды жағдайлар төмендегілерден тұрады деген ойға итермелейді: шектелмеген уақыт ішінде қойылған мәселе бойынша жұмыс істей отырып, зерттелінуші міндетті өзі қояды, шешу тәсілін өзі таңдайды, осының негізінде зерттелінуші тек субъективті емес, сондай-ақ объективті жаңа бірнеше өнімді тудыра алады.

Тесттердің көпшілігі баланың креативтілігінің дамуына әсер етеді, бірақ мұнымен бірге ірі қиыншылық болады, онда баланың жауабын бағалау өте қиын.

Креативтілік пен интеллектінің өзара байланысы туралы мәселе, креативтіліктің өз алдына фактор ретінде бөліне бастаған кезден бастап қойыла бастады. Гилфорд шығармашылық дарындылық дивергентті ойлау мен ақыл-ойды біртұтастылыққа бағыттайды. Гилфорд өзінің көптеген еңбектерінде ақыл-ой мен креативтіліктің өзара байланысын ашып көрсетуге тырысады. Оның айтуы бойынша интеллект нәтижелі дұрыс түсінуді және жаңа материалды меңгеруді анықтайды, ал дивергентті ойлау шығармашылық өнімді анықтайды.

Гилфорд креативтіліктің 4 негізгі факторын бөліп шығарады:

1) Сонылығы – қашықтағы ассоциацияларды, ерекшелікті жауаптарды жасай білу қабілеттігі. Тестілер:

1) бір мәтін беріледі, тексерілуші оған барынша көп ат қою керек.

2) бірнеше болжамдық жағдаят суреттеледі, тексерілуші оның аяқталатынын баяндауға тиісті.

2) Семантикалық иілмелілігі – объектінің функциясын бөліп және оны жаңадан қолдануға ұсыну қабілеттілігі. Тестілер:

1) 5 объект беріледі, бірақ оның біреуімен ғана қойылған міндетті шешуге болады. Мысалы, тапсырма «От жағу» объектілері: а) қаламсап; б) қағаз; в) қалта сағаты; г) лампочка; д) шарик. Жауабы: қалта сағаты, себебі оның әйнегі арқылы қойылған мақсатты орындауға болады.

2) екі объект беріледі, екеуін қосып пайдалы үшінші объект жасау керек.

3) Бейнелілік адаптивтік иілмелілік – стимулдық формаларын өзгертіп, онда жаңа мүмкіндіктерді көру қабілеті.

Тест: спичкамен орындалатын жаттығулар, тапсырмалар. Онда бірнеше спичканың орнын өзгерту арқылы берілген формадағы конфигурация алынады.

4) Семантикалық спонтандық иілмелік – салыстырмалы шексіз жағдайда әртүрлі идеяларды жасау қабілеті. Тестілер:

1. әдеттегі заттардың (мысалы, кірпіш) барынша көп қолдануының мүмкіншіліктерін атау;

2. айтылған класқа қатысты тексерілуші барынша көп объектіні атау керек.

Гильфордтың тестілері қысқа (2-10 мин. есептеген) және үлкен топтарда да қолдануға болады.

Потенциалды интеллект-бұл туа пайда болған қабілеттіліктердің жиынтығы.Адам қоршаған ортаға бейімделу мәселесін шешу үшін, мәліметті өңдеу мен икемді және тез қабылдау үшін пвйдаланады. Кэттелдің «ағымды» интеллектісі Спирменнің «жалпы ақыл-ой энергия» факторына ұқсас[18]. Алынған білімдер (компьютерді пайдалану, фигура ауданының формулалары және т.б.)кейін пайдалану үшін сақталады. Адам қаншалықты білім мен тәжірибесі алса,соншалықты оның потенциалды интеллектісінің қоры қалыптасады.

Кристалды интеллект пайда болған мәселелер мен тапсырмаларды шешу кезінде қалыптасады және бір қабілет екіншісінің көмегімен дамиды,сонымен бірге нақты дағдыларды меңгеруді талап етеді.Бұл үйренгенді түсіну ғана емес,сонымен бірге проблемалық ситуациялар туындаған кезде білімді пайдалана алу мен жағдайға байланысты білімді шебер қолдана алу қабілеттілігі.

Адамның іс-әрекеті қашанда қоғамдық әлеуметтік тарихи мәнге ие. Саналылық, мақсаткерлік, жоспар мен жүйе, ойға алған істен нәтиже шығару адам іс-әрекетінің басты белгілері. Кісінің сана-сезімі артқан сайын, оның іс-әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отыр. Іс-әрекет пен сана бір-бірімен тығыз байланысты, бұл екеуінің бірлігі сақталған жерде әр түрлі жан құбылыстары ойдағыдай дамып, қиюласып жатады.

Адамның жан қуаттарының дамып жетілуі, ойдағыдай өмір сүруі үшін бірлесіп тірлік етудің де маңызы зор. Әркім жалғыз жүріп мақсат-мұратына жете алмайды. Басқалармен бірлесе әрекеттесіп өмір сүру-табиғи қажеттілік. Адам түрлі топ, ұжымдар арасында ғана қоян-қолтық араласа жүріп, өз мүмкіндігін көрсете алады.Адамдар тобы-олардың қажет мұқтаждықтарын өтеу жолындағы өзара бірлесуі. Топтың түрлері де сан алуан. Соның бірі-нақты, реалды топтар. Бұл ортақ мақсатты көздеген, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде аралас-құралас жүретін адамдар бірлестігі. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контоктылы, формалары (ресми түрде арнаулы бұйрық, жарлық арқылы құралған), формасыз (дос- жарандар, отбасы т.б.) жасанды ,табиғи, шартты (тек қағаз жүзінде көрсетілген) және референттік болып бөлінеді. Қазақта мынадай сөз бар: «Ақиқат маңдайыңа тимей санаңа сіңбейді» деген сөз бар. Тарихи тұрғыдан талдайтын болсақ ақиқат маңдайымызға тиді. Кейбір адамдар бұрынғы саяси басқаруды қатаң әдістерге оралуға үндеп жатады, бірақ жұдырықтың ығытымен тәртіп орнату тарихи тұрғыдан мүлде кері нәтижелер береді.

Адам зердесі әрдайым аса талғампаз және белгілі-бір дәрежеде өзімшіл категория болады десек қате айтпаған болар едік. Қазіргі адамдардың көбісі бұрынғы тегін білім алу мен денсаулық сақтауды, тұрақты бір жерде жұмыс жасап, жалақысын алып, сол жерде зейнеткерлікке дейін отыруға болатын орнықты және жайлы жұмысы болғанын аңсайды. Бірақта бұл жерде біздің бәрімізге де мынадай ой еске түспейді: егер сіз жоғары білікті маман болсаңыз,сіздің білім-білігіңіз бен қабілетіңіз сол тұста, қаншалықты әділ бағаланатын еді немесе, сіздің еңбегіңіз, тіпті өзіңіз жұмыс істейтін, ұйымыңыз жалпы біреуге керек пе еді?- деген. Бірақ өткенді марапаттауға, теңгермешілікті әлеуметтік әділеттіліктің жоғары көрінісі ретінде аңсауға бейіл адамдар бар. Бұл психологиялық тұрғыдан ұғынықты да түсінікті, яғни уақыт қайтып келер болса, шіркін өткенді қайтып орнату тіпті мүмкін емес, біз ұлтымыздың өткен тарихына, өміріне үңіле отырып, жастардың сана - сезімді қалыптасу барысында қандай кемшіліктер, бұрмалаушылықтар, болғандығын ескере отырып, жіберілген қателіктерді орындамауға тырысуымыз керек.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

1.Анастази А. Психологическое тестирование. Т1,2 М,2000

2.Основы психодиагностики /Под ред. Шмелева Д, 1996

3.Сыромятников И.В Психодиагностика .М 2005. 248 270 б.

4.Сопчик Л.Н. Методы психологической диагностики М,1990

5.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.М, 1995

6.Диагностика психологического развития /под ред. Шванцары. Прага 1998

7.Бодалев А.А., Столин В.В. Практикум по психодиагностике.,М.,1988. .

8. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики. М 2003. 1,2,3 к.

Дәріс №11

Тақырыбы:Тұлғалық сапалар психодиагностикасы

Жоспар:

1. Жеке тұлғалық сауалнамалар

2. Сауалнамалардың түрлері.

3. Жеке тұлғалық сауалнамалардың өзіндік ерекшеліктері

4. Сауалнамалардың сұрақ формалары мен нəтижелерді өңдеу.

Жеке тұлғалық сауалнамалар субъективті диагностикалық ыңғайдың классикалық үлгісі болып табылады. Сауал – жеке тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенімді тəсіл. Соңғы 10 жылдықта сауалнамалар əлем бойынша диагностикалық зерттеуде үлкен таралымға ие. Ресей психологиясы тарихында жеке тұлғалық сауалнаманың қалыптасуы əртүрлі кезеңнен өтеді. 1950 жылдары олар ғылыми қоғам жүйесінде тұлғалық зерттеу үшін маңызсыз болды. 1960 жылдар соңында басқа да психодиагностикалық əдістемелер секілді Б.В. Зейгарниктің айтуы бойынша сауалнама академиясы кезеңі басталды. 1970 жылдардың басына таман сауалнамалар əлем бойынша үлкен танымалға ие болды. Жеке тұлғалық сауалнамалар белгілі бір сұрақтар жүйесінен құралады. Осы сұрақтарға зерттелуші берілген нұсқаулар бойынша жауап беруі тиіс. Кейбір сауалнамалар 20 тапсырмадан тұрса, кейбіреулер бірн

еше жүзге дейін созылады. Сауалнама түрлері:

1.Типологиялық сауалнамалар

2.Мотивтер сауалнамасы

3.Қызығушылықтар сауалнамасы

4.Құндылықтар сауалнамасы

5.Бекітуші сауалнамалар

6.Факторлық сауалнамалар

7.Эмпирикалық сауалнамалар

8.Типологиялық сауалнамалар (Айзенк сауалнамасы)

9.Мотивтер сауалнамасы (А. Эдвардс сауалнамасы)

10.Қызығушылықтар сауалнамсы (Г.Кюдер сауалнамасы)

11.Құндылықтар сауалнамасы (Д.Супер сауалнамасы)

12.Бекітуші сауалнамалар (А.Терстоун сауалнамасы)

13.Факторлық сауалнамалар (Кеттелдің 16 факторлық сауалнамасы)

14.Эмпирикалық сауалнамалар (ММРІ сауалнамасы)

Əркім ең алғаш жеке тұлғалық сауалнамамен таныса отырып, оның ақпараты мен сауалнаманың нəтижесімен жауаптардың шындыққа сəйкес келетіндігі жайлы ойланады. Зерттелуші сұрақтарға əділ жауап бермеуі мүмкін. Соның кесірінен өзі жəне өзінің мінез құлқы туралы

қате көзқарас қалыптастыруы мүмкін. Егер зерттелуші шындықпен жауап бермейтін болса, сауалнаманы диагностикалық бағытта қолданудың маңызы болмайды.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші адаммен қарым-қатыасқа түсуді қажетсінеді. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағыдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді.Əлеуметтiк қатынастар субъектi əрi əлеуметтiк мəндi қасиеттердiң иегерi ретiнде

əрбiр адам - жеке адам болып сипатталады."Жеке адам" түсiнiгiмен қатар бiздiң олданымымызда "адам", "дара адам","даралық" терминдерi бiрге жүр. Бұл түсiнiктердiң əрқайсысы өз ерекшелiктерiмен ажыратылады, бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Осылардың iшiнде ең жалпыланған, көп қасиеттердiң бiрiгуiн - "адам" түсiнiгi қамтиды. Адам - өмiр дамуының ең жоғарғы деңгейiнiң көрiнiсi, қоғамдық еңбек барысының жемiсi əрi табиғат пен əлеуметтiк болмыс тұтастығын аңдататын тiршiлiк иесi. Алайда, адам əлеуметтiк-тектiк мəнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретiнде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесiнен бөлектенбейдi. Дара адам - "homo sapiens" тектiлердiң өкiлi, адамдық даму нышандарының иесi - нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи жəне əлеуметтiк қабылдаған қайталанбас ерекшелiктерi мен қасиеттерi. "Жеке адам" түсiнiгiне байланысты ең алдымен адам-ның қоғамдық мəндi сапалары еленедi. Адамның əлеуметтiк мəнi оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрiнiс бередi. Əрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшем-дерi əрқилы келедi. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психологиялық типiн анықтап отырады. Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекшi деңгейi қажеттiк - себеп аймағы- жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзiне қатынасынан жəне қоғамдық əрi еңбектiк мiндеттерiнен туындайды. Сонымен бiрге, жеке адам үшiн мəндi құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкiндiктерiн iске асыру қабiлетi де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегiнде адамның iс-əрекеттiк икемдiлiгiне, оның қабiлетi, бiлiмi жəне ептiлiгiне, көңiл-күй, ерiктiк жəне ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады. Адам өмiрге дайын қабiлет, мiнез жəне қызығула-рымен келмейдi, бұлардың бəрi белгiлi табиғи негiзде адамның өмiр барысында қалыптасады. Адам тəнiнiң негiзi, яғни генотипi оның анатомиялық-физологиялық ерекшелiктерiн, жүйке жүйесiнiң қозғалысын белгiлейдi. Биологиялық құрылым иесi-адам өткен əулеттердiң бiлiм, салт, заттай жəне рухани мəдениетi күйiнде топталған өмiр тəжiрибесiн игерумен ғана жеке адамдəрежесiне көтерiледi., Жеке адам дамуы - өз мүмкiндiктерiн үздiксiз кеңiтiп, қажеттiлiктерiн арттырыпьбарумен байланысты. Осы даму деңгейi нақты адамға тəн болған қарым-қатынастар аймағы-мен өлшенедi. Даму дəрежесi мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделiктi тiршiлiк күйбеңiнен аспайды. Ал даму деңгейi жоғары болған Адам өзiнiң рухи мəртебелiгiмен, қоғамдық мəндi құндылық-тарымен ерекшеленедi. Əрбiр дара адам өзiнiң қоғамдағы өмiрлiк əдептерiн реттеумен күнделiктi тiршiлiк роблемаларын шешiп бередi. Бiрдей қиыншылық, кедергiлердiң шешiмiн əр адам өз əдiс, тəсiлдерiмен табуы мүмкiн. Осыдан, жеке адамды танып, бiлу үшiн сол адамның алдында тұрған өмiрлiк мiндеттерiн, оларды iске асыру жолдары мен өмiр барысында ұстанған принциптерiн жете бiлу қажет. Қоғамдық қатынастарға араласып жəне оларды бас-шылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Əрқандай дара тұлға өз дербестiгi мен ерекшелiгiне ие. Жеке адамның дербестiгiоның ең жоғары психи-калық сапасы - рухани дүниесiмен ұштасады. Рухани дүние дегенiмiз адам мəнiнiң ең биiк көрiнiсi, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсiне бiлуi, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетiлгендiгi - бұл жоғары дəрежедегi саналық жетiлу, iзгi мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бiрге, жаман ниеттер мен мезеттiк шен-шекпеннен, жалған белсендiлiк пен өтiрiк-өсектен өзiн аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбiне қоғамдық салтқа тəуелдi. Қоғамның даму дəрежесi неғұрлым төмен болса, ел iшiнде баршаны бiрдей теңестiру принципi өрiс алады да, ондай қоғам мүшелерiнiң көбi құлдық бағыну күйiнен арыла алмайды. Дербестiгiнен айырылып, өз бетiнше ой жүгiртпеген адам, өзiн тұлғалық дамыту ниетiнен ажырап қалады.

Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрiсiне, əртүрлi əлеуметтiк өмiр аймағында қызмет ете алу қабiлетiне байланысты келедi. Шығармашыл тұлға тiкелей қоршаған əлеумет шеңберiнде қалып қоймай, өзiн ауқымды қоғам аймағы негiзiнде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзi жасаған қауымның, тiптi бүкiл қоғамның болашақ өркениетi көрiнiп, ол өз дəуiрiнiң сапалық деңгейiнен көш iлгерi жүредi.

Жеке адамның өз дербестiгiне ие болуы оның тұйық əлеуметтiк топқа бағынышты еместiгiн көрсетумен бiрге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенiнiң дəлелi.

Жеке адамның дамуы, яғни оның əлеуметтiк ұнамды қасиеттерiнiң қалыптасуы белгiлi қоғамдық қолдау мен əлеуметтiк қажетсiнудi керек етедi.

Дара адамның жеке адам санатына көтерiлуi үшiн маңызды факторлар:

идентификация,яғни дара адамның өзiн басқа адамдармен теңестiре, қоғам талабынасай болу ниетiмен қалыптасып бару процесi; персонализация- дара адамның өз басының басқа адамдар өмiрiнде қадiрi барын түсiне бiлуi, сонымен бiрге, нақты əлеуметтiк топта өзiнiң кiсiлiк мүмкiндiктерiн iске асыра алуы. Басқа əлеумет мүшелерiмен жеке адам өз "Менi" негiзiнде қатынас түзедi. Ғылымда"жеке адамдық рефлексия" деп аталған бұл "Мен" ұғымы өзi iшiнде əр адамның өз жөнiндегi танымын, өз мүмкiндiктерiн жəне өз қадiрiн сезе бiлу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзiне өзi берген бағысының астам не төмен болуынан сол адамның iшкi жан арпалыстары келiп шығады. Адам өмiрi нақты тарихи-əлеуметтiк аймақта жүрiп жатады. Дүниелiқ жағдаяттар өндiру ерекшелiгi, тұтыну аймағы, əлеуметтiк қатынастар адамның тұрмыс салтын анықтап, оның тұрақты қылық əрекеттерiн белгiлейдi. Əрқандай жеке адам өзiнiң өмiрлiк салтын, жеке қүндылық бағыттарына орай тiршiлiк жағдайларын өзгер-тудiң, қайта құрудың жалпыланған, тұрақты тəсiлдер жүйесiн түзiп барады. Осыдан адамның тұрмыс, тiршiлiк салты оның жалпы өмiр сүру, қоғамдағы өз орнын иелеудiң бағдарына айналады. Əлеуметтiк құнды салт-бағыттан адамның жоғары инабатты, жасампаздық өмiрi, рухани-этикалық, рухани-эстетикалық дүниетанымы туындайды. Адам өмiрi, осыдан, бiр мезеттiк ықпалдар билiгiнде қалып қоймай, iшкi заңды-лықты ниет-себептер жүйесiн арқау етедi, өзiнiң əлеуметтiк мəндi, мағыналы мұраттарын барластыра, саналы бағытта жасау мүмкiндiгiн алады.

Тұрмыс-салт бағыты тұрақтанбаған адам күнделiктi күйбеңнен аса алмайды, осыдан мүмкiндiктерiн толық жүзеге асыра алмай, өмiршеңдiгi кемидi, рухани-адамгершiлiк талаптары тарылады. Жеке адамдағы барша өмiрлiк күйзелiс - ауытқулар оның өзiндiк "Менiн" танымаудан, объективтi мəндi жеке басының құнды тараптарын сезiне алмаудан келiп шығады. Жеке адам болмысының ең айқын көрсеткiшi - оның өз психикалық жағдайын басқара алу жəне əрекет-қылықтарын қоғам қалыптастырған өлшемдерге икемдестiре бiлу дəрежесi. Жеке адам тұрақты қасиеттер жиынтығымен дара-ланады, тұлғаның барша ерекшелiктерi оның тума, нəсiлдiк жəне əлеуметтiк-мəдени сапаларының бiрлiгiнен қалыптасады.

Адамды əрекетке келтiрушi күш-қажетсiну. Болмысты бейнелеудiң жоғары формаларына ие адамды əрекетке келтiрушi нысандар - саналы түзiлген бейне не елес, ой не түсiнiк, идея немесе iзгi мұрат күйiнде өрнектелуi мүмкiн. Психологияда мотив түсiнiгiне келесiдей анықтама берiледi: мотив - бұл Адам санасында қаланып, оны белгiлi бiр қажеттiлiктi қанатағаттандыру үшiн əрекетке итермелеушi себеп күш. Ал кең мəнiнде мотив - шындыққа сай заңдылық ретiнде ықпал жасап, объектив қажеттiлiк түрiнде көрiнетiн болмыс. Ал мотивтiк əрекет қылық пен iс-əрекеттi психикалық реттеудiң ерекше түрi (Р. Г. Агеева). Қорыта айтқанда, адамның əрқандай қылық - əрекетi оның мотивтiк себеп күштерiне байланысты. Сонымен, адамның қалаған iс-əрекетiнiң негiзiнде оны осы iс-əрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бiрақ адамда туындаушы жəне оны iс-əрекетке ойыстырушы қандай да бiр мотив көзделген нақты əрекетпен шектелмейдi, оның нəтижесiне жетумен адам келесi əрекетке ұмтылады, iс-əрекет барысында мотив өзгеруi мүмкiн жəне керiсiнше, бiр тұрақты мотив аясында бiрнеше əрекет бiрiн-бiрi ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған iс-əрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив iс-əрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуiлдейдi, осыған байланысты əрекет нəтижесi де əртүрлi болады. Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құра-мы iс-əрекеттiң бiр бөлiгi емес, жеке адамның мотивтiк-қажетсiну аймағыдеп аталатын күрделi жүйенiң ажыратылмас бiрлiгi. Мотивтiк-қажетсiну аймағы жеке адамның өмiр бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткiлерiнiң жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмiрлiк жағдай-ларға байланысты түрленiп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер бiршама тұрақты, басымдау келiп, адам өмiрiнiң бағыт-бағдар өзегiне айналады. Мотивтердiң қайдан жəне қалай пайда болатыны жөнiндегi мəселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А.Маслоу мотивтердiң негiзiн бiрiнен бiрi деңгейi бойынша жоғарылай түскен қажетсiнулер тобы деп бiледi, олар биологиялыққажетсiну, қорғанысқажетсiнуi, сыйластық, абырой қажеттiгiмен ең жоғары қажетсiнулер: өз мүмкiндiк-терiн ашып, оларды жүзеге асыра. Бiрақ А. Маслоу талдауын-дағы дара Адам əлеуметтiк қатынастар жүйесiнен тыс, қоғаммен байланысы жоқ. Оқшауланған тұлға. Қоғам, ғалым пiкiрiнше, дара адам дамушы мекен, қоршаған орта ғана. Б. Ф. Ломов, басқа да орыс психологтарының пайым-даулары нақты, əрекетшең дара адамның қоғамдық қатынас-тар жүйесiне қосылып, сол жүйенiң оның санасында бейнелеуiне негiзделедi. Б. Ф. Ломов мотивтiк-қажетсiну аймағы мəнiн (құрамы, құрылымы, қозғалысы) жəне сол аймақтың дамуын түсiну үшiн жеке адамның басқа тұлғалармен ара байланыс, қатынастарын қарастыруды қажет деп санайды. Адамның мотивтiк аймағының басқа факторлардан тəуелдiлiгiн зерттеуде сол тəуелдiлiктiң тiкелей ғана емес, жанама байланысты болатынын, көп өлшемдi жəне сипатты екенiн бiрде ұмытпау лазым. Дара адам өз даму барысында басқа қоғам мүшелерiмен болған тiкелей байланыс шеңберiнен шығу мүмкiндiгiне ие, осыдан оның қажетсiну аймағы қоғамдық өмiрдiң күштi ықпалымен өрiстей бастайды (саяси пiкiр, саясат, этика жəне т.б.). Адамның қажетсiну талаптары қоғамдық құрылымдардың əсерiмен де дамиды. Мұндай құрылымдардың ең қарапайым түрi - нақты тұлға мүшесi болған адамдар қауымдастығы. Адам қажетсiнуi көп жағдайда осы қауымның жетегiнде болады. Ал нақты адам бiр қауымдастық шеңберiнде қалып қоймайды, өмiр бойы қауымдастықтар тобы сан қилы ауысып не өзгерiстерге келiп отырады. Осыдан адамның мотив-қажеттiктерi оның iшкi жан-дүниелiк əрекеттерiнiң нəтижесi ғана емес, ол əртүрлi адамдар бiрлестiгiмен байланысты дамып баратын жүйе. Сонымен, бiр деңгейдегi қажетсiнулерден өзгесiне көшу-адамның өзiндiк даму заңдылықтарынан болмай, оның басқа адамдармен байланыс, қатынастыранан, тұтастай қоғамға араласуынан болатын процесс екенiн ұмытпау керек.

Адамның көптеген мотивтерiнде өзi араласқан əртүрлi қауымдастықтарға тəн қажетсiнулер бейнеленуi мүмкiн. Осыдан, мотив өте күрделi де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзiнiң рухани күштерiн (жеке адам мақсаттары, мұраттары, қажетсiнулерi, өмiрлiк бағыт-бағдар жəне т.б.) көп жағдайда сезе бермейдi. Егер олай болғанда, адам мүлтiксiз өзiндiк санаға ие болумен, өзi жөнiнде шексiз хабардар болып, өзiне өзi нақ баға бере алған болар едi. Ал, шынына келсек, нақты адам өзi жөнiнде өзгелерден кемдеу бiледi, басқалардың ол турасында бағасы шындыққа сəйкестеу келедi. Əлбетте, əрбiр адам дəл мезеттегi нақты əрекеттерiнiң тiкелей мақсатын айқын сезедi, өз өмiрiнiң бүгi-жiгiн одан артық ешкiм де бiлмейдi. Ал таңданғандай жəйт: адам өзiнiң қандайда бiр қылық, əрекеттерiнiң дəл себептерiн көбiне анықтап бере алмайды, не айқын бiлмейдi Адам əрекетi, қылықтары түрткiлерiнiң көбi оның өзi сезiп бiлмеген ықпалдар жетегiнде жүредi. Саналық негiзге ие болмаған ықпалдардың бiрi - психикалық көрсетпе - талаптар. Көрсетпе - талаптар психологияда жеке адамның қандай да қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн болған əрекетке өзi сезiнбеген дайындық, бейiмдiлiк қалпын танытады. Көрсетпе талап, қорытындылап айтқанда, - объектi белгiлi бiр күйде қабыл-дауға, түсiнуге, мəнiн аңғаруға күнi бұрын дайын болып, бейiмдiлiк танытып, сол саналық дайындықты өткен тəжiрибемен ұштастыра əрекетке кiрiсуге негiз.

Тұрақтанған психикалық көрсетпелер жеке адамның əрекет қылықтарын айқындап отырады. Мұндай көптеген көрсетпе-талаптардың мəнiн құрайтын сипат - алдын ала шешiмiн дайындап қою - адамның жеке тəжiрибесiнен алынған асығысты, толық пайымдалмаған қорытындылардың немесе белгiлi қоғамдық топта қабылданған сiңiрлi пiкiр - ой стандарттарына бағынышты болудың нəтижесi. Қоғамдық өмiрдiң əрқилы жағдайларына байланысты көрсетпе-талаптар ұнамды да ұнамсыз болып, сенiмсипатын алуы мүмкiн. Көрсетпе талаптар құрылымы үш бөлiктентұратыны зерттелген: когнитивтiк бiрлiк- адамның бiлiп, қабылдайтын затының бейнесi; көңiл-күй – бағалау бiрлiгi- объектiде болған адамның ұнатуы мен жек көруi; əрекет-қылық бiрлiгi- iс объектi бағытында қандай да əрекет етуге дайын болу, ерiктiк күштердi iске қосу. Мұндай мотивтер қатарына, сондай-ақ, дерексiзденген ықпал ниет ретiнде құмарлық такiредi.

Өмiрлiк бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестiрушi қасиетi ретiнде оның психологиялық қалпын айқындайды. Адамның iс-əрекетiн бағыттаушы əрi оны нақты жағдайларға икемдестiрушi тəуелсiз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адамның бағыт-бағдарыдеп аталады. Бағыт-бағдар əрдайым əлеуметтiк негiзге ие болып, ол тəрбие нəтижесiнде қалыптасады. Бағыт-бағдар - адамның қасиет-терiне айналған көрсетпе-талаптар. Бағыт-бағдар құрамына өзара байланысты, деңгейi жағынан бiрiнен бiрi жоғары бiрнеше формалар кiредi: құмарлық, ниет, ұмтылыс, қызығу, бейiмдiлiк, мұрат, көзқарас, наным. Адам бағыт-бағдарының барша формалары оның iс-əрекетiнiң түрткiлерi есептеледi. Аталған формалардың қысқаша мəнi:

Құмарлық- бағыт-бағдардың ең қарапайым биологиялық формасы;

Ниет- саналы қажетсiну, толық белгiлi затқа құмарлық;

Ұмтылыс- ниетке ерiктiк күш қосылғанда пайда болады;

Қызығу- бағыт-бағдардың қандай да затқа ауысуын-дағы танымдық форма;

Қызығуға ерiктiк күш қосылса, бейiмдiлiкпайда болады;

Көзқарас- қоршаған дүние болмысын философиялық, эстетикалық, этикалық,

жаратылыстану жəне басқа ғылымдар жүйесiнде тану;

Наным- адамды өз танымы, принципi, көзқарас-тарына орай əрекетке

ықпалдаушы мотивтер жүйесi, бағыт-бағдардың ең жоғарғы формасы.

Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тiптi де байланыссыз болуы мүмкiн. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсiнулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгiлi бiр бөлiгiн ғана сипаттап, оның бастау түйiнi, iргетасы ғана iспеттес. Осы iргетас негiзiнде адамның өмiрлiк мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты iс-əрекеттiкжəне өмiрлiкболып ажыратылады. Адам өмiр барысында көптеген, сан қилы iс-əрекеттердi орындауына тура келедi, ал олардың əрбiрi өзiнiң нақты мақсатына ие. Дегенмен, əрбiр дара iс-əрекеттiң мақсаты жеке адам бағыт-бағдарының осы əрекетте көрiнетiн қайсы бiр қырына ғана сəйкес болуы ықтимал. Өмiрлiк мақсатқа келетiн болсақ, ол дара iс-əрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды бiрiктiрушi фактор. Жеке мақсаттардың əрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмiрлiк мақсатының бiршама iске асуын қамтамасыз етедi. Адамның жетiстiк деңгейi өмiрлiк мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегiнiң санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсiну мен сол мақсаттың iске асу жолдарын сезiнуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады. Өз болашағын көрегендiкпен тани бiлуге қажет адам қасиеттерiне кедергi болатын жан күйзелiстерi мен түңiлулер психологияда - фрустрацияделiнедi. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергiлерге кезiккенiнде туындайды. Фрустрациялық жағдай-дың белгiлерi-мақсатқа ерiсудiң қажеттiлiк себебi анық, сонымен бiрге оған жетудiң жолында күштi кедергi бары да көрiнiп тұр. Адам мұндайда фрустрацияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкiн. Ал кейбiр сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келiп, фрустрация өрiстеп, ол адамның мақсат жолындаға əрекетiнiң берекетсiздiкке ұшырауына себепшi болады. Мақсатты əрекет бұзылысының келесi түрлерi (Ф. Е. Василюк) белгiлi а) қозғалысты қозу - мəнсiз қимыл-əрекеттер; б) түңiлiс; в) ашуға берiлiп, əрекет-тен қалу; г) стереотипия-үйреншiктi əрекеттердi ойсыз қайта-лай беру; д) регрессия - өмiрдiң алғашқы кезеңдерiнде игерiлген үлгiлерге елiктей, ойсыз қимылдау (қазақта "балалығына түстi").

Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажет-тiктерi қандайда себептермен орындала бермейдi, оларды қанағаттандырудың мүмкiндiгi болмай қалады. Мұндайда əрекет-қылық психологиялық қорғаныс тетiктерiмен реттелiп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тəн нəрсе, ол арқылы адам қимыл-əрекетiнде кезiгетiн ауытқуларды күнi бұрын сезiп, олардың алдын алып отырады. Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңiл-күй күйзелiстерi жағдайында өзiнiң кiсiлiк дəрежесiн сақтап қалуға жəрдем бередi. Психологиялық қорғаныс қызметi өзiнiң мəн-мағынасы бойынша қарама-қарсы екi тарапты құбылыс: бiр жағынан, ол адамды өзiнiң шын мəнiндегi iшкi жан дүниелiк болмысына сəйкестенуге ойыстырса, екiншi жағынан, адам-ның қоршаған сыртқы əлеуметтiк ортаға деген икемдiлiгiн кемiтедi. (Р. М. Грановская) Психологияда көптен белгiлi бiтпеген iс əсерiдеп аталатын құбылыс бар. Оның мəнi - əрқандай кедергi нақты iстi доғаруға себепшi болады да, адам сол кедергiнi жеңбегенше, əрекетiн əрi жалғастырмайды не кедергiнi жеңу жолдарын iздестiруден бас тартады. Көптеген зерттеушiлердiң пайымдауынша, бiтпеген iс адамды əрдайым қимыл-əрекетке итермелейдi, ал егер iстi орындаудың тiкелей жолы табылмаса, ол сол iске тең болған баламалы басқа əрекетке кiрiседi. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы əрекеттердiң арнайы орайластырылған формасы деп түсiнсе де болады.

Қорғаныс механизiмдерi табысқа жетудiң қалыпты шарттары мүмкiн болмаған кезде немесе адам iстiң түбегейлi бiтпейтiнiн сезген кезде əрекетке келедi. Психологиялық қорғаныстардың түрлерi: жоққа шығару, ығыстыруu1179 ., көшiру, сəйкестендiру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулай жəне т.б.

Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мəнi: адамды қатерлендiрiп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкiн ақпарат еленбейдi, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелiк көрсетпелерiне қайшы келiп, оның өз болмысына, абыройына, өзiндiк бағасына қатер төндiретiндей сеп-түрткiлердiң пайда болуы-нан көрiнетiн қайшылықтар. Бұл қорғаныс əдiсiнде шындық-ты қабылдау көбiне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңiректегi болмысқа сай объектив бағалауды шектейдi, осыдан, əрекет-қылықтағы кейбiр келеңсiздiктер орын алады.

Ығыстыру- iшкi жан күйзелiстерiнен үйлесiмсiз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең əмбебеп əдiсi. Намысқа тию не өкпелеуден болған iстiң төркiнiн басқалардан, кейде тiптi өзiңнен де жасыру үшiн өз əрекет-терiнiң жалған себептерiн алға тартатын жағдай да болады. Шын, бiрақ жағымсыз түрткiлер əлеумет сенгендей, содан бiршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлi, себебi олар жеке бастың эгоистiк мүдделерiн ақтау үшiн қоғамда қабылданған ресми дəлелдердi орынсыз пайдалануға итермелейдi. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны - басқалардың оған iстеген жамандығы емес, ал оның өзiне өзi не төңiрегiндегiлерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жəйттердiң көбi басқаға iстеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшiлiктерiнен болатын мiнез олқылықтары. Өзiне жақпайтын, күйзелiске түсiретiн ақпарат-тарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетiп, əлек болмайды, олар өзiнен өзi естен шығып қалады.

Көшiру- адамның өзгелер қабылдамайтын өз басын-дағы мiнез-қылық кемшiлiктерiн мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа бiреуге өткiзе салудан болатын жаманшылық, өзiнiң ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшiсi етiп, көрсету əрекетi.

Сəйкестендiру- адамның өз қолы жетпейтiн, бiрақ аңсаған, басқа бiреудiң жақсы əдет-қылықтарын иемденуi. Бала-лардың əлеуметтiк тəртiп пен игi этикалық өнегелердi игеруi осы əдiске негiзделген, Мысалы, жас өспiрiм баланың əкесi-нiң əрекеттерiн ойланбастан қайталап, оның мақтау-мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сəйкестендiру қорғанысы адамның өзiнiң əлсiз тараптарын жеңiп, сезiм олқылықтарын толықтыру үшiн үлгi, өнегелерге ойсыз елiктеп, мақсат-мұраттарды ешқандай ниетсiз-ақ арқау етуiнен туындайды.

Жаңалау- адамның iстеген келеңсiз əрекетiн мойнына алса, өз қадiрiнiң жоғалатынын түсiнуден, болған оқиғаға бай-ланысты ниеттерi мен қылықтарын өтiрiк-шынды жанас-тырып дəлелдеуге тырысуы, мүмкiндiктерi кемдiгiнен қолы жетпеген не жетпейтiн заттардың объектив құндылығын өзiн-ше кемiте салып, өз көңiлiн арбауы. Мысалы, баланың жегiсi келiп тамсанып, бiрақ, қанша тырысса да, қолы жетпеген тəттi жүзiмдi "ой, əлi пiспеген, ащы ғой" деп қолын сiлтей салуы.

Ауыстыру- адамның баста өз əлiне қарамай, күрделi iске ұрынып, кейiн бiтпесiн бiлген соң, оған деген əрекетiн оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттiлiктiң орындалмауынан болған күйзелiс бəсеңдейдi, бiрақ iзгi мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бiрақ орындалуы мүмкiн емес мақсатқа бағышталған əрекет iске аспаған жағдайда адам кез-келген мəнсiз қимылға ауыса салады, осыдан көңiл-күйi жеңiл деп, үлкен күйзелiске түспейдi. Кейде ауыстыру əрекеттерiнен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мəндi iстен, болымсыз, фантазиялық кейiпке де түсуi мүмкiн.

Оқшаулау- адамға соққы болатын жəйттердiң сана деңгейiнен шегерiлiп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоция-лар саналы, яғни əдейi оқшауландырылып, болған оқиға мен

одан келетiн əсерлер көңiлге алынбайды, адам бұрын қандай да мəнге ие болған оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын iшi сезiп тұрса да, оларды байқамайтындай кейiп

көрсетедi. Психологиялық қорғаныс əсерi адамға қай жағдайда да өзiнiң iшкi қалыпты көңiл-кейпiн тұрақты сақтауына жəрдем-деседi. Тiптi əлеуметтiк шектеулердi бұзғанның өзiнде де, өз қылығының зиян тарапын кемiте, оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадiрiн тани бiлсе, өзiнiң қандай əрекетте болмасын кемшiлiк, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз əрекеттерi мен мiнезiн өзгертедi, ал өзгерген ұнамды тұлға сапасы оның санасын жаңалып, өмiрлiк серiгiне айналады. Егер адамның өз қадiрiн сақтауына тiрек боларлық ниеттелген қылық пен күнделiктi жүрiс-тұрыс арасындағы сəйкессiздiк туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты iске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешiмi табылмайтын болса, адамның өзiн өзi жетiлдiруi мүмкiн емес.

Қолдануға ұсынылатын әдебиеттер:

Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2-х т./Под ред. А.А.

Выготский Л.С. Лекции по психологии. Спб., 1997

Гальперин П.Я. Введение в психологию М., 2002

Гриншпун И.В. Введение в психологию М., 1997

Годфруа Ж. Что такое психология. В. 2 т. М., 1992

Дәріс №12

Наши рекомендации